Ұйғырлар мен дүнгендердің Қытайдан Жетісуға қоныс аударуы




Презентация қосу
Ұйғырлар мен
дүнгендердің
Қытайдан Жетісуға
қоныс аударуы
• XIX 70-80-
жылдарында ұйғырлар м
ен дүнгендер Қытайдан 
Жетісуға қоныс аудара 
бастады.
• Дүнгендердің Қазақстан аумағына алғашқы
қоныс аударуы 1877 жылдың желтоқсан
айында басталды. Сол жылы Қытай
жазалаушыларынан құтылу үшін қашқан 4
мыңға жуық дүнген Жетісу жеріне жетіп
жығылды. Қоныс аударушы дүнгендердің
алғашқы толқынын Бый Янь Ху басқарды.
Екінші толқын 1884 жылы өтті. Ал
ұйғырлардың Жетісу жеріне қоныс аударуы
1881 жылғы күзде басталып, 1884 жылға
дейін жалғасты. Олардың бір бөлігі
көршілес Қырғызстанға барып жайғасты.
Қоныс аударудың себептері
мен барысы
• Маньчжур-Цин әулетіне қарсы 1862-1877 жылдары
ұйғырлар мен дүнгендер азаттық күреске шықты. Бұл
күреске қырғыз, өзбек, қазақ және торғауыттар да
қатысты. Қоқан әскери басшысы Якуб бек жеңіске жетіп,
Қашғар, Үрімші қалаларының дүнгендік одағы басшылық
еткен ұйғыр мемлекеті (Жетішар) құрылды. Көтеріліс
басылғаннан кейін Жоңғария мен Шығыс Түркістан Цин
империясының жаңадан құрылған провинциясы –
Шыңжан болды. Ұйғыр мен дүнгендерге қысым
күшейтілді. Қоныс аударудың басты себебі осыған
байланысты болды.
• 1881-1884 жылдары ұйғырлар мен
дүнгендердің Жетісу өлкесіне қоныс аударуы
ірі миграциялық құбылыс болды. Алғашқыда
45 мыңнан астам ұйғыр, 5 мыңдай дүнген
Жетісу мен Солтүстік Қырғыз өңіріне
қоныстанды. Қазіргі Алматы облысының
жерінде алты ұйғыр болысы
ұйымдастырылды. Ұйғырлар негізінен егін
шаруашылығына қолайлы Шелек, Талғар,
Үсек, Шарын өзендерінің бойында орналасты.
1897 жылғы санақ бойынша, ұйғырлар –
55999, дүнгендер – 14136 адамға көбейді
• Қоныстанушы әрбір дүнгенге берілген
жер көлемі 3 десятинадан аспады.
Оларға қолмен суландырылатын
жерлер бөліп берілді. Үстем топтар
кедейлердің жерін арзан бағамен сатып
алып, олардың жағдайын тіпті
қиындатты. Верный уезінің Жаркент
болысында ауқатты ұйғыр Вали Ахун
Юлдашев кедей ұйғырлардың 10
мыңнан астам десятина жерін өзіне
жалға пайдалануға алды.
• Ұйғыр халқының музыка өнері, әні
мен биі жөнінде ғалым-саяхатшылар
Ш.Уәлиханов, В.И.Роборовский,
Н.М.Пржевальский секілді Ресей
мәдениетінің белгілі өкілдері терең
ой-пікірлерін айтты. Дүниежүзілік
мәдениет қорына жататын “Он екі
мұқам” деп аталатын Мусса бен
Айса Сайрамидің еңбегі 1905 жылы
Қазан қаласында басылып шықты.
• Мал шаруашылығымен
айналысқандардың басым көпшілігі бай
ұйғырлар еді.Ұйғырлар малды
көлік,жұмыс күші ретінде
пайдаланды.Ұйғырлардың басым
көпшілігі егіншілікпен айналысты.
• Алайда кедей ұйғыр,дүнгендер
шаруашылық құралдары мен жұмыс
көлік күші жетіспеді.Егін
шаруашылығымен жасанды
суландыруға негізделгендіктен
дүнген,ұйғыр еңбекшілеріне суды
пайдалану қиын болды.
Дүнген ақсүйектері
Ұйғырлар мен дүнгендердің
Жетісуға қоныс аударуы
• Әрбір дүнгенге берілген жер көлемі:
• 1881-1884 жылдары Жетісуға қоныс аударған
ұйғырлар саны:
• Кімдер 1862-1877 жылдары азаттық күреске
шықты:
• Қай жылғы санақ бойынша ұйғырлар саны –
55 999, ал дүнгендер – 14 136 болды:
• 1881-1884 жылдар аралығында Жетісуға жер
аударған дүнгендер саны:
• 1862-1877 жылдары ұйғырлар мен дүнгендер
кімдерге қарсы көтеріліске шықты:
• Алматы облысында қанша ұйғыр
болысы ұйымдастырылды:
• 1881-1884 жылдар аралығында
ұйғырлар мен дүнгендердің жер аудару
себебі:
• Қай жылдары ұйғырлар мен дүнгендер
Қазақстанға жер аударды:
• Ұйғырлардың ұлттық музыкалық өнері,
биі жайында жазған саяхатшы ғалым:

Ұқсас жұмыстар
Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы
Қытай мен Патшалы Ресей арасындағы Петербург келісімі
ХІХ-ХХ ғасырлардағы қоңыстандыру саясаты
Оқушыларға орыс демократиялық мәдениетін, қазақтың ұлы ғалымы
ҚАРлұқ мемлекеті (756-940 жж.)
Халықтың өзін - өзі басқаруы негізінде құру
Қоныс аударудың екінші кезеңі
Ұйғыр мемлекеті
Қазақстандағы патша әкімшілігінің қоныс аудару және жер саясаты
Наймандар мемлекеті
Пәндер