Құқық жүйесінің құрылымы, элементтері және құқықтық реттеу әдістері


Slide 1 Slide 2

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2. 1. Құқық нормаларының жуйесі және онын элементтері

2. 2. Құқық жүйесінің элементтері

2. 3. Құқық салалары және олардың институттары

2. 4. Құқықтық реттеу әдісі

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Slide 3

Адам әр түрлі әлеуметтік қатынастарға түседі. Қарым-қатынас нәтижесінде адамдар арасында өзара әрекеттестік қалыптасады, түсіністік пайда болады, қамқорлық жасау және көмек беру жүзеге асады. Қоғамдық қатынастар әлеуметтік нормалар арқылы реттеледі, олардың арасында құқық нормалары ерекше орын иеленеді.

Slide 4

Құқық нормалары заңдар мен нормативті құқықтық актілерде көрініс табады. Жалпы адамзаттық құндылықтар және әділеттілік, ізгілік, теңдік, бостандық идеялары құқықтың негізі болып табылады. Құқық дегеніміз - мемлекет арқылы қамтамасыз етілетін, әділеттілік туралы адамдардың көзқарастарынан көрініс табатын, жалпыға бірдей міндетті нормалардың жиынтығы.

Slide 5

Құқық жүйесі - құқықтық сана сезімнен, құқықтық қатынастар және заң нормаларынан құралатын кұрделі заң ұғымы. Ол ішкі бірлік және тұтастықпен сипатталады, қоғамда жеке адамның еркіндігін және өркениетті тұрмысты қамтамасыз ету үшін қажет.

Slide 6

Құқық нормаларының жүйесі - бұл олардың онда құқықтың нормалары өз ара келісілген, бір-бірінен оқшауланып әрекет етпейтін, бірлікті тұтастық ретінде сипатталатын ішкі құрылысы. Құқықтық нормалар жүйесінің белгілі бір құрылысы бар, оны салыстырмалы түрде автономиялы құрылымдар қоғамдық қатынастардың сапалы түрде біртекті топтарын реттейтін салалар және институттар құрайды. Элементтер мынандай: - бөлек құқықтық нормалар; - құқықтық институттар; - құқықтың тәуелді салалары; - құқық салалалары.

Slide 7

Жеке құқыққа мемлекеттік емес қызметті реттейтін құқықтық нормалар жатады. Олармен реттелетін қатынастар азаматтар араларындағы муліктік, отбасылық, авторлық құқықтық қатынастар, қоғамдық ұйымдар, кооперативтік ұйымдар, өзге бірлестіктермен қтынастар, яғни оларда жеке мүдде көрініс табатын қатынастар. Жеке құқық - бұл оған мемлекет араласпайтын барлық нәрсе. Жеке қатынастар бұл - өзара бағыну емес келісімді қатынастар.

Slide 8

Материалдық құқыққа конституциялық құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, әкімшілік құқық жатады, ал құқықтың іс жүргізушілік салаларының тобын қылмыстық іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу және әкімшілік іс жүргізу құқығы құрайды. Материалдық құқық нормаларының құқықтық реттеу нысанасы болып қоғам өмірінің материалдық жағдайларымен байланысты қоғамдық қатынастар келеді, ал іс жүргізушілік құқық нормалары материалдық құқық нормаларын жүзеге асыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді.

Іс жүргізушілік құқығы нормаларының басты ерекшелігі бұл олардың рәсімділік мінезі.

Slide 9

Құқықтық реттеу әдісі дегеніміз - біртектес қоғамдық қатынастарды сапалы құқықтың реттеуді жүзеге асыруға көмектесетін заңдық тәсілдер.

Құқықтық реттеу әдісі

Slide 10

Құқықтық реттеудің негізгі әдістері

имперактивті

(тегеуірінді түрде) - тыйым салу, міндеттеу және жазалауға негізделген жазбаша өкім әдісі;

диспозитивті - рұқсат етілуге, үйлестіруге, бостандық пен теңдікке негізделген тараптардың тең құқықты әдісі

Сондай-ақ қосымша әдістер де болады:

көтермелейтін - құрметтеуге лайықты іс-өрекет үшін марапаттау әдісі;

ұсынылатын - мемлекет пен қоғам үшін лайықты мінез-құлықты жүзеге асыруға кеңес беру әдісі.

Slide 11

Құқық саласы, бұл - қоғамдық қатынастардың сапалы түрде біртекті тобын өзіне тиесілі ерекше құқықтық реттеу әдісі арқылы реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып келетін құқықтық жүйенің бір бөлігі. Сонымен әрбір құқық саласы өзгелерден айрықша нысанасымен және құқықтық реттеу әдісімен ерекшеленеді

Slide 12

Құқықтық реттеу нысанасы ретінде құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар түсініледі. Құқықтық реттеу әдісі - құқықтық нормалар бұйыруларын қамтамасыз етудің және орындаудың заң тәсілдері. Конституциялық (мемлекеттік) құқық, бұл - жария құқық аймағы. Конституциялық құқықтың басты міндеті - мемлекеттік билікті жүзеге асыруды ұйымдастыру және оны құқықтық заң шегімен шектеу. Әкімшілік құқық та жария құқыққа жатады. Әкімшілік құқық нормалары мемлекеттік басқару аясында қалыптасатын қатынастарды, яғни билік және бағыну қатынастарын реттейді.

Slide 13

Азаматтық құқық, бұл - жеке құқық аймағы. Азаматтық құқық мүліктік және байланысты емес және мүліктілермен байланысты қатынастар да бар. Қылмыстық құқық, бұл - жария құқық аймағы. Қылмыстық құқық - қылмыс жасаумен және қылмыстық жаза шараларын пайдаланумен байланысты қатынастарды реттейді. Іс жургізушілік құқық - жария құқық аймағы. Іс жүргізушілік құқық азаматтық іс жүргізуге және қылмыстық іс жургізуге бөлінеді. Қылмыстық іс жүргізу құқығының нысанасы болып - анықтау, тергеу және сот органдарының қылмыстық істерді қозғау, тергеу және қарау бойынша қызметімен байланысты қатынастар келеді. Азаматтық іс жүргізу құқығы - азаматтық істерді қарау саласындағы қатынастарды реттейді.

Slide 14

1. “ Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған окулық /А. Ибраева, Г. Өлібаева, Қ. Айтхожин. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006.

2. Комаров С. А., Малько А. В. Теория государства и права. Учебник. -М. : Норма, 1999. -448 с.

3. Лазарев В. В., Липень С. В. Теория государства и права: Хрестоматия: В 2-х т. Т. 1. 620 с.

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік құқық: пәні, жүйесі және құқықтық реттеу мен зерттеу әдістері
Құқықтық реттеу механизмінің элементтері, қызметі және түрлері
Инвестициялық құқық: құқықтық реттелу пәні, әдістері және мемлекеттік реттеу механизмдері
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы: пәні, жүйесі, құқықтық реттеу әдістері және әкімшілік құқық бұзушылықтар
Жер қатынастары саласындағы құқық бұзушылықтарды құқықтық реттеу
Құқық жүйесінің құрылымы, деңгейлері және функциялары
Құқықтық сана: түсінігі, құрылымы, құқық нормаларын түсіндіру және нормативтік құқықтық актілердің түрлері
Табиғи ресурстарды құқықтық реттеу: тарихы, әдістері және заңнамалық құрылымы
Құқық нормаларының құрамы, элементтері және құрылу тәсілдері
Бюджеттік құқық: құрылымы, құқықтық реттелуі және жергілікті бюджеттер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz