Қоғамдық өндірістің нысандары



Қоғамдық өндірістің нысандары.
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
Орындаған: 202- топ.
Тексерген: Смаилова Ж. Б.
Алматы 2015

Мақсаты: Қоғамдық өндірістің нысандарының қалыптасуындағы және дамуындағы рөлін көрсету.
Міндеті: Тындармандарды орындалған жұмыспен таныстыру, қоғамдық өндірістің нысандары туралы ақпарат беру.

Жоспар
1. Қоғамдық шаруашылықтың негізгі нысандары мен үлгілері.
2. Тауар және оның қасиеттері: құны және тұтыну құны. Еңбек құн теориясы.
3. Ақшаның мәні және атқаратын қызметтері.
4. Нарықтың мәні және құрылымы.

Қоғамдық шаруашылықтың негізгі нысандары мен үлгілері.
тауарлы шаруашылық
натуралды шаруашылық
Өндіріс мақсатына байланысты шаруашылықтың екі негізі түрі бар.

Натуралды шаруашылық деп - өнімін сату, айырбастау үшін емес, тек өзінің тұтынуы үшін өндіретін тұйық шаруашылықты айтамыз. Бұл шаруашылыққа тән негізгі белгілер:
экономикалық қатынастар жүйесінің тұйықтығы;
еңбектің универсалдылығы;
өндіру мен тұтыну арасындағы тікелей экономикалық байланыстар.
Өндіргіш күштер мен еңбек қатынастар дамыған сайын қарапайым натуралды шаруашылықты бірте-бірте тауарлы шаруашылық ығыстырып шығарды.

Тауарлы шаруашылық дегеніміз - өндірілген өнім тұтынуы үшін емес, сатылу үшін басқаның қажеттілігін қанағаттандыру үшін шығарылатын экономикалық қатынастыр жүйесі.
Тауарлы шаруашылыққа тән белгілер:
ұйымдастыру - экономикалық қатынастардың ашықтығы;
еңбек бөлінісінің болуы және оның әсерінен тауар айырбасының орын алуы;
өндіріс пен тұтыну арасындағы жанама делдалдық байланыстар.
Тауар шаруашылығының пайда болуы және даму себептеріне қоғамдық еңбек бөлінісі, өндірушілердің экономикалық ерекшеленуі, өнімдерді өндірушілер мен тұтынушылардың рынок арқылы байланыс жасауы, тауарларды сату және сатып алу жатады.

саудамен ғана шұғылданатын әлеуметтік топтың шығуы
ауыл шаруашылығынан қолөнердің бөлініп шығуы
мал шаруашылығынан егіншілердің бөлінуі
Тарихта үш түрлі күрделі қоғамдық еңбек бөлінісі болды.

Тауар және оның қасиеттері
Тауарлы шаруашылықтың нәтижесі - тауар болып табылады. К. Маркстың тұжырымдамасы бойынша тауар - бұл біріншіден, адамның қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыратын; екіншіден, жеке тұтыну үшін емес айырбас үшін өндірілетін зат.

Кез келген тауардың екі қасиеті болады:
тұтыну құны және айырбас құны
Адамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіндігі сол заттың құнын жасайды. Бұл арада май, нан және т. б өнімдер адамдардың тамақтану қажеттілігін қанағаттандырса, ал маталар - киімге деген қажеттілігін қанағаттандырады. Бірақ тұтыну құны басқа заттарда да бар: ауыз су, жеміс ағаштарының өнімі және т. б.
Кез келген тұтыну құны бар зат тауар болмайды екен, оның тауар деп танылуы үшін ол сату үшін өндірілген еңбек өнімі болуы керек. Осы жерден тауардың тағы бір қасиеті - құн шығады. Бұл қасиетті құбылыстың сыртқы көрінісінен көре алмаймыз сандық қатынаста бір тауардың тұтыну құны мен екінші бір тауардың тұтыну құнының өзара айырбасталуы кезінде көреміз.

Тауардың құны оны өндіруге кеткен еңбек шығындарымен анықталады. Және тауардың екі қасиеті еңбектің екі сипаты арқылы жасалады. Олар нақты еңбек және абстрактілі еңбек.
Нақты еңбек - бұл еңбектің нақты әрекеті, яғни еңбектің белгілі бір мақсатты түрде жұмсалуы. Ол тауардың тұтыну құнын жасайды.
Абстрактілі еңбек - бұл тауар айырбасы кезінде көрінетін жалпы адам еңбегі. Ол тауардың айырбас құнын жасайды.

Ақшаның мәні және қызметтері
Ақша - бұл барлық тауарлардың құнын көрсетіп, олардың айырбасында аралық қызмет атқаратын жалпы тауарлық эквивалент.
Ақшаның пайда болуын маркстік және неоклассикалық мектептер айырбас, сауданың даму процестерімен, шаруашылықтың нарықтық формасының нығаюымен байланыстырады
К. Маркстің теориясында ақша бұл ерекше тауар. Ол ақшаның шығуын құн формасының дамуымен байланыстырады.
Құнның ақшалай формасында барлық тауардың эквиваленті алтын болды. Маркстің теориясында ақша рөлін бағалы металдар- алтын мен күміс атқарған. Бұл ХІХ ғасырдың басындағы алтын стандарт жүйесінің болуымен дәлелденеді. Алтынның ақшаның рөлін атқаруының негізгі себептері:
- сақталымдылығы;
- портативтілігі ( шамалы көлемінде жоғарғы құндылықтың болуы) ;
- экономикалық бөлінуі ( алтын құймасы, яғни салмағы жағынан екіге бірдей бөлінген бөліктердің құймасының құны дәл екі есеге азаяды) . Мұндай қасиет мал да, бағалы терілерде де, інжу-маржандарда да жоқ.
- алтынның салыстырмалы түрде табиғаттағы сиректігінде.

Ақша өзара байланысты 5 қызмет атқарады:
дүниежүзілік ақша - дүниежүзілік ақша қызметін халықарлық эк он- омикалық қатынас кезінде атқарады. (алтын, валюта)
құн өлшемі - ақшаның көмегімен барлық, тауарлардың құны көрсетіліп, оның бағасы белгіленеді
төлем құралы - тауарларды несиеге сатқан кезде ақша төлем құралы қызметін атқарады
айналыс құралы - ақша тауар алмасу процесінде аралық қызмет атқарады
қор жинау құралы - өндірушілер және жеке адамдардың ақшаларын банктерде, мемлекеттік қазынада жинақтауы

Ақша
толық құнды емес ақшалар:қағаз ақшалар, биллиондық теңгелер, несие ақшалар
Толық құнды ақшалар: алтын, күміс, асыл металдар

Нарықтың мәні және қызметтері
Нарықтық жүйе меншік үстемдігі, қоғамдық еңбек бөлінісі, ақша арқылы жүзеге асырылатын айырбас қатынасының кеңінен дамуымен сипатталады. Бұл жүйе аз шығын жұмсау арқылы жоғары нәтижеге жетуге негізделеді. Нарықтық экономика - өндірушілер мен тұтынушылар нарық арқылы әрекет ететін шаруашылықты ұйымдастыру нысаны.
Нарық - бұл өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну аясында сату және сатып алу арқылы жүзеге асырылатын ұйымдық - экономикалық қатынастар жүйесі.
Нарықтың мәні оның қызметтерінде толық көрінеді. Нарық өз ара байланысты мынандай маңызды қызметтерді атқарады: реттеу қызметі, делдалдық қызмет, баға белгілеу, ақпараттық қызмет, ынталандырушылық қызметі.

реттеушілік - тауар өндірісінің өзін-өзі реттеу қызметі, яғни не өндіру керек, кім үшін өндіру керек және қалай өндіру керек деген мәселелер шешіледі;
баға белгілеу - өндірушілер мен тұтынушылардың тауар мен қызметке деген сұранысы мен ұсынысының өзара әрекетінің нәтижесінде нарықтық баға қалыптасады;
делдалдық - нарық өндірушілер мен тұтынушылар арасында делдал бола отырып, оларға сауда саттықтың тиімді нұсқасын табуға мүмкіндік береді;
ынталандырушылық - баға төмендеген кезде өндірушілер өнім өндіруді қысқартып, жаңа техника-технология енгізу, еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру арқылы шығындарды азайтуға ұмтылады;
ақпараттық - баға арқылы тауар өндірудің технологиялық дәрежесі мен шығындары, шаруашылық әрекеттің неғұрлым тиімді бағыттары туралы экономикалық ақпарат беріп отырады.

Сонымен қатар нарықтың өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері де бар:
Кемшіліктері:
- өндірістің үйлесімсіз дамуының мүмкін болуы;
- қоғамдық проблемаларды шешпейді;
- қоғамның бай және кедей топтарға бөлінуінің күшеюі;
- баға, тұрақтылығы мен табыстың алынуына кепілдік бермейді;
- іргелі зеттеулерді қамтамасыз етпейді.
Артықшылықтары:
- ресурстарды тиімді орналастыру;
- өзгеретін жағдайларға тез бейімделу және икемділік;
- ҒТП - жетістіктерін шығындарды төмендету мақсатында пайдалану;
- нарықтық процесске қатысушылардың таңдау және әрекет еркіндігі;
- бағаны төмендету мақсатында бәсекенің дамуы;
- әр түрлі қажеттіліктерді қажетті мөлшерде және жоғары сапамен қанағаттандыру қабілеті.

Нарықтың сипаты оның субьектілері мен олардың іс-әрекетін талдаумен байланысты. Нарықтық шаруашылықтың субьектілері: үй шаруашылығы, фирма және мемлекет ретінде қарастырылады:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz