ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЭТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


Slide 1

Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және Әлем тілдер университеті

Факультет:”Экономика және құқық”

Мамандық:”Халықаралық құқық”

Топ:242

Орындаған:Ғайнеденова Айнагүл

Қабылдаған:Аралбаева А. А.

Slide 2

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЭТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Slide 3

ЖОСПАР:

Құқық қорғау органы

Құқық қорғау қызметі және түрлері

Құқық қорғау органдарының жалпы сипаттамасы

Құқық қорғау қызметтерінің адамгершілік сипаты

Құқық қорғау қызметінің негізгі этикасы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиет

Slide 4

Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық салаларында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі. Онсыз қоғамның бірқалапты дамуы, экономиканың, мәдениеттің, игіліктің көтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің артуы мүмкін емес.

Сондықтан мемлекет азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, шаруашылық ұйымдардының, мемлекеттік органдарының, олардың лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін белгілейді. Мемлекет өзі қабылдаған заңдарды барлық адамдардың қатаң сақтауын, заңдардың талаптарын бұзушылардың заңмен жауапқа тартылуын әрдайым қадағалап отырады.

Мемлекеттің мұндай қызметі, яғни заңдар талаптарынан ауытқуларға жол бермеу үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде, шаруашылық және қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың қызметіндегі белгіленген тәртіпті сақтау - бақылау және қадағалау қызметі деп аталады.

Құқық қорғау органы

Slide 5

Қазақстан Республикасында қандай құқық қорғау органдары құрылған. Оған мыналар жатады: полиция органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура, әділет министрлігі, әр алуан мемлекеттік инспекциялар (өрт, санитарлық, қаржы және т. б., сот органдары, адвокатура, нотариаттар, кедендік органдар, ішкі және шекара әскерлері, Президент күзетінің қызметі және т. б.

Құқық қорғау органдары, негізінен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Прокуратураның және Әділет министрлігінің құрамында әрекет етеді.

Құқық қорғау қызметі және түрлері

Slide 6

Құқық қорғау қызметі кез келген тәсілмен ғана емес, ықпал етудің заңдық шараларын қолданудың көмегімен жүзеге асырылады. Олардың қатарына заңмен белгіленетін мемлекеттік мәжбүрлеу және жазалау шараларын жатқызуға болады. Мемлекеттік мәжбүрлеудің төрт түрі белгілі:

1) қылмыстық-құқықтық (қылмыс жасаған жағдайда)

2) азаматтық-құықтық (қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соқтырмайтын мүліктік зиян келтірілген жағдайда) ;

3) әкімшілік-құқықтық (әкімшілікке теріс қылық жасау; мысалы, ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарда алкогольді ішімдіктер ішу) ;

4) тәртіптік (өзінің еңбек ету және басқа міндеттерін атқармау немесе оларға салдыр-салақ қарау) .

Құқық қорғау қызметі

Slide 7

Құқық қорғау органдарының жалпы сипаттамасы

Заң құқық қорғау органдарынан заңның немесе өзге де құқықтық актілердің белгіленген тапсырмаларына ғана сәйкес келетін заң жөнімен ықпал ету шараларын қолдануды талап етеді. Егер заң бойынша суық қаруды сақтау тәртібін бұзғаны үшін айыппұл түріндегі санкция қарастырылған болса, әкімшілік жолымен тұтқынға алуды қолдануға болмайды.

Құқық қорғау қызметі белгілі бір тәртіптің аясында орындалады. Мысалы, қылмыстық, әкімшілік немесе тәртіптік жазалау шараларын қолдану шегін қажетті тексерулер жүргізбей тұрып айқындауға болмайды. Құқық қоргау органдары заңдылықты бұзуға жол бермейді, құқықты қалпына келтіреді, құқық бұзушылықтың жағымсыз зардаптарын жояды. Қылмыстың жасалуына итермелеген себеп пен жағдай және қылмыстылықтың жолын кесу шараларын қабылдау.

Slide 8

қағидаттары

заңдылық

адамның құқықтары мен бостандықтарын басым қамтамасыз ету

барлығының заң алдындағы теңдігі

құқық қорғау органдары қызметкерлерінің этикалық нормаларын сақтау

құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне саяси партияларда болуға тыйым салу

Slide 9

Құқық қорғау қызметтерінің адамгершілік сипаты

Адамгершілік түсінігі зорлыққа қайшы келмейді, керісінше, онымен белгілі бір байланыста болады. Басқаша айтқанда, зорлық, басқа кезкелген əрекет сияқты, адамгершілік сипатта болуы да, болмауы да мүмкін. Бұл бағыт бізге құқыққорғау органдары қызметінің адамгершілік мазмұнын қарастыруға мүмкіндік береді. Құқыққорғау органдарының қызметі туралы нақты білмейтін тұлғалар бұл жұмыстың адамгершілік мазмұны туралы ойланбайды да. Қарапайым, бұл қызметке қатысы жоқ адамның көзқарасы бойынша бұл құрылымдар тек қорқыту жəне зорлау құралдарын ғана қолданады және олардың ойынша, бұл саладағы талаптар - осы құралдарды қолдану қабілетіне қойылатын талаптар. Олар құқыққорғау органдары қызметкерлерінің жұмысында төмендегідей адамгершілік қасиеттердің ерекше роль атқаратынын білмейді де: адалдық, адамдарға деген махаббат, əділеттілік, батылдық, қоғам алдындағы өз əрекеттері үшін жоғары жауаптылық жəне т. б. Қызметкерде аталған қасиеттердің болуы оның кəсібилігінің міндетті өлшемі болып табылады.

Slide 10

Олардың бойында осы қасиеттерді тəрбиелеуге басшылардың, тəрбие жəне кадр апараты қызметкерлерінің, қызметтік ұжымдардың барлық ісəрекеттері бағытталған. Қызметтің бұл жағына талаптарды қоғам да, қызметтік құжаттар да қояды. Құқыққорғау органдары қызметкерлерінің өз əрекеттерінің қаншалықты əділ екендігі жөнінде тұрақты түрде ойлануы заңды да. Мұндай жағдайда өз əрекеттеріне заң тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар, адамгершілік, арұят тұрғысынан да баға бере алған қызметкерді ғана жоғары кəсібилік ерекшелендіреді. Жеке тұлғаның жоғары моральдық қасиеттері ретінде қарастырылатын адам мінезінің түрлері құқыққорғау органдары қызметкерлерінің қызметтік ісəрекеттерінің ажырамас бөлігі, олардың кəсіби шеберлігінің, адамгершілік жəне мəдени даму деңгейінің көрсеткіші болып табылады.

Slide 11

Азаматтар заңды əділетсз, адамгершілік пен адамдыққа қарсы деп тапса, онда оны орындау қарамақайшы, яғни, қоғамды тұрақсыздандыратын нəтижеге алып келеді.

Неге бұл жерде мəселе осылай қойылған? Себебі, ең алдымен, құқыққорғау органдарында заңға қызмет етемін деп ойлап, өз міндеттерін ешбір жүрексіз, заң əріптерінің артынан тірі адамды көрмей орындайтын қызметкерлердің болуы. құқыққорғау органдары қызметкерлерінің басты міндеттернің бірі - өзінің қызметтік борышын орындау, басқаша айтқанда, заң талаптарын орындауда, оның нəтижесі адамгершілік сипатта болатындай жəне əлеуметтік əділеттілік талаптарының өмірге енуіне жағдай жасайтындай қызмет ету.

Slide 12

Сонымен, құқыққорғау органдары қызметкері тұрақты түрде қоғам мен өзінің қызметтік құрылымының адамгершілік тұрғыдан бірбіріне əсер ету саласында қызмет атқарады. Бір жағынан, ол қоғамның əсерін сезінеді, екінші жағынан, ол өзі азаматтарға тəрбиелік əсер етеді: егер оның заң талаптарын орындауы əлеуметтік əділеттілік ісіне қызмет етсе жəне оны адамдар терең адамгершілік сипатта деп сезінсе, оның тəрбиелік əсері оң сипатта болады; ал егер азаматтар бұл əрекеттерді əділетсіз жəне адамгершілікке қарсы деп қабылдаса - кері əсері тиеді. Міне, құқыққорғау органдарындағы тəрбие қызметі осындай негіздерге сүйенген. Оның көптеген аспектілері бар, бірақ, адамгершілік сипаттағы тəрбиелеу - органдардың жəне бөлімдердің басшыларының, тəрбиелеу жəне кадрлық аппарат қызметкерлерінің, қызметтік ұжымдардың тəрбиелік қызметінің аңызды нысаны болып табылады. Адамгершілік сипаттағы тəрбиелеудің құрамына қызметкерлерде патриоттық жəне ұжымшылдық сезімдерін, əлеуметтік əділеттілік, адамдарды сыйлау сезімдерін тəрбиелеу кіреді.

Slide 13

Құқыққорғау органдары қызметкерлерінің қоғам мен мемлекетке қызмет етуінің адамгершілік мəні - адамдарда заңға деген сыйлы қарымқатынасты қалыптастырудың, тəрбиелеудің маңызды факторларының бірі. Халықты құқықтық тəрбиелеуді нығайтудың қаж еттігін құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеудегі ролінің артуымен, мемлекеттікқұқықтық құрылыс саласындағы халықтың белсенділігінің өсуімен байланыстыруға болады. Құқыққорғау органдары қызметекерлері өздеріне тəн арнайы нысандар мен əдістер арқылы азаматтарды қолданыстағы заңнама туралы кеңінен ақпараттандыруды жүргізеді, оларда заңдардың қажеттігі мен əлеуметтік əділеттігі туралы сенімді қалыптастыруды, заң талаптарын саналы түрде орындауын, заңдылық пен құқықтық тəртіпті нығайтуды қамтамасыз етеді.

Slide 14

Құқық қорғау қызметінің этикалық негіздері

Құқық қорғау қызметінің этикасының негізгі қағидаларына келетін болсақ:

Бірінші қағидасы, заңмен жүктелген міндеттерді өз отандастары мен қоғамды ұрлық, зорлық жəне т. б. зиян келтіруші əрекеттерден қорғау арқылы орындауы тиіс. Заңның билігі əрбір демократиялық қоғамның негізінде жатыр. Құқық қорғау қызметкерінің мақсаты жəне жауапкершілікті міндеті - заңды сыйлау жəне оның талаптарын ұстану.

Екінші қағидасы, әрбір құқық қорғау қызметкерінің өз борышын адал, əділ жəне қадір қасиетпен орындауға міндетті. Ол сыбайлас жемқорлықтың кез келген түріне қарсы тұруға жəне оларды болдырмауға күш салуы тиіс. Пара алу мен сыбайлас жемқорлықты болдырмау ерекше маңыздылыққа ие, себебі, құқық қорғау қызметкері сыбайлас жемқорлықты қолдаса, бұл сыбайластық кейіннен қоғамның қалған бөлігіне де таралады.

Slide 15

Үшінші қағидасы, жаппай жазалауға, қинауға жəне гуманизмге қарсы жəне қадір қасиетті төмендететін жазалаудың басқа нысандарына қандай жағдайда болмасын тыйым салынған. Құқық қорғау қызметкері осы сипаттағы шараларды негізге алған кез келген бұйрықты немесе өкімді орындамауға жəне сыйламауға міндетті. Құқық қорғау қызметкері жаппай қырып жою мен осындай қатал сипаттағы басқа да шараларға қатыспауы тиіс. Бұл тыйымның маңыздылығы соншалық, тіпті, осындай шаралар туралы бұйрықты жоғары тұрған инстанциялар берген күннің өзінде құқық қорғау қызметкері оған бағынбауы тиіс.

Төртінші қағидасы, құқық қорғау қызметкері өз бастығының бұйрықтарын орындауға міндетті, алайда, егер ол бұйрықтың заңсыз сипатын білсе не түсінсе, оны орындамауы керек. Бұл бап əрбір өкімнің құқық қорғау қызметкері орындамауға міндетті жақтарын кеңейтеді. Бұл баптың нақты мағынасы, ең алдымен, құқық қорғау қызметкерінің иерархиялық жəне қатаң бағыныстағы ұйымның мүшесі бола тұра, көптеген жағдайларда өз бастығының өкімдерін бұлжытпай орындайтынын ескеріп өткен. Көптеген жағдайларда заңды қорғауға бағытталған бұйрықты жедел түрде орындау қажет болады. Алайда, құқық қорғау қызметкері бұйрықтың заңсыз екенін сезінсе, оны орындамауы керек.

Slide 16

Жетінші қағидасы, заңға қайшы өкімді орындаудан бас тартушы құқық қорғау қызметкері тəртіптік жазаларға немесе сот алдында жауаптылыққа тартылмауы тиіс. Заңғы қайшы бұйрықтан нақты мəні айқын көрінсе, бұл бұйрықты орындаған құқық қорғау қызметкері өз əрекеттері үшін жазаға тартылмауы тиіс.

Сегізінші қағидасы, аңдуды, ұстауды, қорғауды немесе көлікпен тасымалдауды жүзеге асырушы құқық қорғау қызметкері сезікті болмаса да, оларға қатысты нəсілдік тегіне, діни немесе саяси көзқарастарына байланысты қамау қаупі немесе қудалау орын алған тұлғалармен одақтаспауы тиіс. Мұндай жағдайда, ол екі көзқарастың арасынан оңтайлы нəтиже шығаруы тиіс.

Тоғызыншы қағидасы, құқық қорғау қызметкері өз əректтері үшін де, бұйрыққа сəйкес орындаған немесе оны заңға қайшы деп тапса, орындамаған əрекеттері үшін де жауапкершілікте болады. Қарапайым, алайда ерекше мəнге ие ереже бар. Құқық қорғау қызметкері көп жағдайда нұсқауларды жамылып, жауапкершіліктен қашуға тырысады. Бұл ереже əрбір жеке құқық қорғау қызметкерінің жауапкершілігін сипаттайды. Əрине, оның қызметі ауыр, алайда, ол оған күш те береді.

Slide 17

Оныншы қағидасы, өкімдерді беру құзіретінің нақты шектері болуы тиіс. Бұл бастыққа қандай əрекеттер немесе əрекетсіздіктер үшін құқық қорғау қызметкерінің жауапты болатындығын анықтау үшін қажет. Құзіреттерді нақты анықтау - құқық қорғау қызметкерінің өз мүддесі үшін де пайдалы. Бұл бап заңшығарушы мен билік үшін директивтік бағыт бағдар рөлін атқарады, ол жекелеген құқық қорғау қызметкерлеріне бағытталмаған.

Он бірінші қағидасы, заңнама құқық қорғау қызметкерінің əрекеттерінің нəтижесінде болуы мүмкін кезкелген зиянға қарсы заңды кепілдіктер мен құқықтық құралдар жүйесін көздеуі тиіс.


Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметі мен ұйымдастырылуы
Этикалық принциптері
Еңбек құқығының принциптері
Құқық қорғау органдары
Жер қатынастары негізінде туындайтын құқық бұзушылықты реттеу
ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ
Ғылыми зерттеулер этикасының негізгі принциптері
Педагогикалық үрдістің қозғаушы күштері
Саяси себептер
Ұйымдасқан қылмыстылықтың алдын алу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz