Әлеуметтану ғылым ретінде. Әлеуметтік білімнің құрылымы




Презентация қосу
Әлеуметтану ғылым ретінде.
Әлеуметтік білімнің құрылымы.
Жоспар:
1) Социология ұғымы мен құрылымы.
2) Социологияның қызметтері.
3) Ғылыми, қолданбалы әлеуметтану.
4) Макро және микро социология.
5)Социологияның функциялары.
«Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің
«Society»- қоғам және гректің logos – ілім,
ұғым деген сөзінен шығады.Социология -
қоғамның пайда болуының, ондағы
әлеуметтік байланыс, қатынастардың,
алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің,
ұйым, мекемелерінің, институттардың,
құбылыстардың, процестердің дамуының
жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Әлеуметтану ұғымын XIX ғасырдың
ортасында атақты француз
әлеуметтанушысы Огюст Конт енгізді.
"Әлеуметтану" сөзін тұнғыш рет Огюст Конт
өзінің "Позитивтік философия курсында" позитивті
философияның бір бөлігін құрайтын ау қымды
әлеуметтік ғылымның атауы ретінде пайдаланды.
Конт бірінші болып осы ғылым элементтерін
көлденең материалдар, идеялар мен әдістер
атаулыдан тазарту қажеттігін айқын көре біліп,
бірінші болып барлық шынында да қажетті
элементтерді бір ұғымға біріктірді.
Платон мен Аристотель саясатты этикадан немесе
саясат ғылымын саясат өнерінен еш қашан
ажыратқан емес. XVIII ғасырда саясат ғылымы
революциялық рухпен біржола біріктіріліп
жіберілді. Конт: барышна қарыздар Юмның
ықпалына қарамастан, оның себептілік ұғымында ғы
ақиқат атаулы әлеуметтік түсіндірмелері әлі едәуір
дәрежеде теологиялық және метафизикалық болып
қала берді.
Ол әлеуметтануды шартты түрде әлеуметтік
статика және әлуметтік динамика деп екіге бөлді.
Бұл мәселе жөніндегі әзірше әлеуметтанушылардың
арсында белгілі бір ортақ пікір әлі қалыптаспаған.
Меніңше, әлеуметтанудың құрылымына, оның таным
білім деңгейлеріне анықтама беру үшін алдымен
«құрылым», «деңгей» деген ұғымдарға анықтама
берген жөн. Құрылым дегеніміз – біртұтас әлеуметтік
құбылыстар мен процестердің элементтері мен
бөліктерінің іштей өзара орналасуын айтамыз.
Қандай да бір ғылым болмасын,оның белгілі бір
құрылымы болады. Бұл құрылым сол ғылымның
қоғамда алдына қойған міндеті мен атқаратын
қызметіне байланысты анықталады. Әлеуметтану
ғылымы да осындай. Оның құрылымы екі үлкен
жағдаймен түсіндіріледі:
Біріншіден, әлеуметтану әлеуметтік өмірді бейнелеу,
түсіндіру, ұғындыру білімдерін қалыптастырып,
әлеуметтік зерттеу теориясын, әдістемесін, әдісін,
талдау тәсілін жасап, қоғамның даму мәселелерін
шешеді. Әлеуметтік өмір туралы әр түрлі деңгейде
теориялық қорытындылар жасалады.
Екіншіден, әлеуметтану қоғамдық және әлеуметтік
құбылыстар мен үдерістерді өзгерту, қайта құру үшін
оларға жоспарлы, әрі тиімді жолдар, құралдар арқылы
ықпал етіп әлеуметтік мәселелерді талдап зерттейді. Бұл
әлеуметтанудың қолданбалы саласын құрайды.
Сонымен, әлеуметтанудың теориялық және қолданбалы
салаларының айырмашылығы олардың зерттейтін
объектісі мен зерттеу әдісі арқылы емес,
Жалпы әлеуметтанудың алдына қойған мақсаты
мен міндеті арқылы ғылыми немесе практикалық
мәселелерді шешуіне байланысты ажыратылады.
Теориялық немесе фундаменталды әлеуметтану
барлық қоғамдық, гуманитарлық ғылымдардың
ілгері дамуына жол ашады. Ол әлеуметтік
зерттеулер арқылы зерттелетін құбылыс пен
үдерістер туралы білімнің онан әрі дамуын,
жетілуін мақсат етеді. Қолданбалы зерттеулер
арқылы теориялық негізгі мәселелерді нақтылап
шешуге тырысады. Бұлардың негізінде бағалы,
құнды кеңес, нұсқаулар, ұсыныстар, болжаулар
жасалады.
Әлеуметтанудың атқаратын қызметтері:
Теориялық-танымдық қызметі - әлеуметтік
болмысты, өмірді жалпы және арнаулы бағыттардың
деңгейінде түсіндіріп, оның дамуын және қандай
қызмет атқаратынын анықтайды. Оның одан әрі даму
заңдарының бағытын,көрінісін белгілеп отырады.
Практикалық (яғни, тәжірибелік) қызметі- нақтылы
құбылыстар пен процестер туралы жаңа мағлұмат,
хабарлар статистикалық талдау, нақты әлеуметтік
әдістерді (яғни, сауалнама, сұрыптау, бақылау,
құжаттарды талдау, тестілеу, т.б.) қолдану арқылы іске
асырылады.
Идиологиялық қызметі- абстрактілі философиялық
әдістер арқылы іске асырылады,идеяға жүгінеді.
Теориялық білім- жан-жақты, әмбебапты, ал,
эмпирикалық – ақиқатты, шындықты белгілеуші білім.
Теориялық білім эмпирикалық білімнің негізіне
сүйенеді, ал, эмпирикалық ғылым теориялық білімнен
біршама басым болғанымен, ғылымның жоғары даму
деңгейін көрсете алмайды. Ғылымның дамуы әр уақытта
теориялық білім деңгейінің эмпирикалық білім
деңгейінен басым болуын қажет етеді.
Теориялық және қолданбалы әлеуметтану- нақтылы
әлеуметтік зерттеулерге сүйене отырып, бір-біріне
қарсы тұрмайды, олар әр уақытта бірлікте болып, бір-
бірінің одан әрі дамуына әсер етеді.
Теориялық әлеуметтану – ол алуан түрлі теория мен
тұжырымдардың жиынтығы. Бұлар қоғамның
әлеуметтік дамуын тұжырымдап, оларға терең, жан-
жақты түсінік береді.
Бұрынғы КСРО-да әлеуметтануды тарихи
материализммен шатастырып келді. Бұл дұрыс емес.
Тарихи материализм- бұл әлеуметтік философия. Ол
қоғамды тек абстрактілі түрде қарап, оны нақтыламады.
Ал, әлеуметтану нақтылы әдістермен қоғамды, оның
дамуын жан-жақты зерттеп, ғылыми теорияны
қалыптастырды. Адам өзінің даму өркениетінде әлеуметтік
дамудың алуан түрлі теориясын ашып тұжырымдады.
Мысалы, XX ғасырдың ортасында әлеуметтік
стратификация (яғни, жіктелу), индустриялы қоғам,
конвергенция, жалпы әлеуметтік теориялардың арнаулы
түрлерін тұжырымдады. Әлеуметтанудың арнаулы
теориялары әлеуметтанудың жеке қоғамдық және
гуманитарлық ғылымдармен тығыз байланыс,
қатынастарының негізінде пайда болды. Әлеуметтануда
бұларды орта деңгейдегі теориялар деп атайды. Қазіргі
уақытта мұндай арнаулы орта деңгейдегі теориялардың
саны 100-ден астам. Бұл теориялардың негізін салушылар
М.Вебер, Э.Дюркгейм, К.Маннгейм, Т.Парсонс. Әсіресе,
американдық әлеуметтанушысы Роберт Мертонның
есімін ілтипатпен айтуға болады.
Макро- және микро социология
1 Макросоциология дегеніміз – (грек. «makros»-үлкен)-социология
ғылымының күрделі әлеуметтік процестерін зерделеуге,ірі
әлеуметтік топтор мен жүйелерді талдауға арналған зерттеу
бағыты, ол әлеуметтік процестер мен қоғамдық өмірді біртұтас
түрде қарастырады.

2 Микросоциология – (грек «mikros»-кіші)- социология
ғылымының кіші әлеуметтік жүйелердегі
құбылыстар мен процестерді талдауға арналған зерттеу бағыты,
әлеуметтік процестер мен қоғамдық өмірді біртұтас
түрде қарастырады. Микросоциология социалдық мінез-
құлықты, жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынасты, іс-
əрекеттер себептерін, топтар, бірлеспелер іс-əрекеттерінің
бағдарларын және.т.б. үйретеді.
Социологияның функциялары.
Социология өз алдына білім тарауы
сипатында ғылымға тəн барлық
функцияларды атқарады: теориялық-
байқау, сын (критика), баяндау, болжау,
өзгерту, мəлімдеме, дүниеге көзқарас
функциялары.
Социологияның баяндау функциясы – бұ л зерттеулерді
аналитикалық жазулар, ə рқ илы ғ ылыми дебаттар,
мақ алалар, кітаптар т.б. тү рінде системаландыру,
баян ету болып есептеледі. Оларда социалдық
объектінің идеал кө рінісін, оның ə рекетін, ө зара
байланыстарын жә не т.б. қ айта жү ктеуге ұ мтылуғ а
орын алады.
Социологияның дүниеге көзқарас функциясы - оның
қ оғ амның социалдық -саяси тұ рмысында объектив
тү рде қ атынасуынан жә не ө з зерттеулері менен
қ оғ амның дамуына жə рдем беруінен келіп шығ ады.
Социологияның дү ниеге кө зқ арас функциясы
адамдарды қ андай да бір нə рсеге сендіре алатұғ ын
нағ ыз дұ рыс тексерілген сан кө рсеткіштерін,
фактілерді қ олдануда сə улеленеді.
Қорытынды
Сонымен, әлеуметтік білімнің құрылымы
деп -қоғамның әлеуметтік жүйесінің
серпінді дамуы, іс-әрекет, қызмет
жүргізілуі туралы әр түрлі жиналған
фактілерді, ақпараттарды, хабар-
мәліметтерді ғылыми дұрыс түсіндіруді
және ғылыми ұғымдардың жиынтығының
реттелуін, тәртіпке келтірілуін айтамыз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

•Садырова М.С., Мәуілшәріп М., Әженов М.С. және т.б. Социология
негіздері. Оқу құралы. Алматы, 2003.

•Аберкромби Н., Хилл., Тернер С. Социологический словарь- пер с анг.
Казань, 1997.

oВолков Ю. Г., Мостовая И.В. Социология в вопросах и ответах:
Учеб.пособие. М., 2007.

•Комозин А.Н., Кравченко А.Н. Популярная социология. М., 2002
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ !!!

Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтану ғылымының қызметтері
Әлеуметтану міндеттері
Социология ғылымы және оның құрылымы
Әлеуметтану ғылым ретінде
Мифология және философия
ФИЛОСОФИЯ ТАҚЫРЫП
ФИЛОСОФИЯ ТАҚЫРЫП. ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ
Әлеуметтану объектісі мен пәні
Қазақ ағартушыларының әлеуметтану көзқарастары
ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫ
Пәндер