Бағалау таксономиясы (Б.Блум)белгілері, сатылары


Slide 1

Бағалау таксономиясы (Б. Блум) белгілері, сатылары

Slide 2

ЖОСПАРЫ:

Блум таксономиясына сипаттама

Бағалау таксономиясының иерархиялық кезеңдері

Блум таксономиясы бойынша бағалаудың жетістіктері

Slide 3

Бенджамин Блум - америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады.

1956 жылы Бенджамин Блумның «Блум таксономиясы» атты кітабы жарық көрді.

Slide 4

Таксономия (грекше. táxis - орналасу, құрылыс, тәртіп және nómos - заң) - биология ғылымынан алынған.

Таксономия - өсу реттілігі бойынша, яғни иерархия бойынша (белгілі бір құрылымдағы бірізділігін, реттілігін) құрастыру мақсатында берілген нысандарды нақты бір өлшемдер мен қағидалар бойынша жіктеу.

Slide 5

Блум таксономиясының мақсаты - оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру.

Slide 6

БАҒАЛАУ

ЖИНАҚТАУ

ТАЛДАУ

ҚОЛДАНУ

ТҮСІНУ

БАҒАЛАУ

Slide 7

Білу

Таным мен ойлаудың де төмен деңгейі. Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.

Қолданылған терминдерді біледі (есте сақтайды және қайталайды) ;

Нақты фактілерді біледі;

Жұмыстың орындалу ретін біледі,

Негізгі ұғымдарды біледі;

Ережелерді, қағидаларды біледі.

Ережелерді, теорияларды формуларды еске түсіру, жазу, атап көрсету, жатқа айту; анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбiн айту.

Slide 8

Түсіну

Таным мен ойлаудың орта деңгейі.

Негзгі идеяларды ұйымдастыру, салыстыру, түсіндіру, сипаттау және бекіту жолымен фактілермен идеяларды түсінетіндегін көрсету.

Оқу материалын түсінген ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады:

Фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсінеді;

Сөзбен келтірілген материалды, схемалар, графиктер, диаграммаларды түрлендіреді;

-Зат есім етістікті саластыр

- Түсiнгенiңiздi өз сөзiңiзбен айтып беріңіз;

- Зерттеуiңiздi таблица жүзiнде көрсетiп, қысқаша мазмұндап берiңiз;

Slide 9

Қолдану

Таным мен ойлаудың орта деңгейі.

Жаңа білімдерді, әдістерді және ережелерді түрлі нұсқада пайдалану. Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді

Ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолданады;

-Заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда қолданады;

Slide 10

Талдау

Таным мен ойлаудың жоғарғы деңгейі.

Дәйектер мен себептерге сәйкес ақпаратты тексеру және жіктеу. Қорытынды жасау және жалпылаудың болғанын растайтын дәлелдерді анықтау.

Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау. Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді.

Slide 11

Жинақтау

Таным мен ойлаудың жоғарғы деңгейі.

Жаңа үлгідегі әртүрлі тәсілдермен элементтерді қиыстыру арқылы ақпараттарды жүйелеу немесе балама шешім ұсыну;

Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.

Slide 12

Бағалау

Таным мен ойлаудың жоғарғы деңгейі.

Пікірмен таныстыру және оны дәлелдеу, ақпарат бойынша қорытынды жасау және жұмыс сапасын бағалау. Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді.

Оқу материалы құрылымының логикасын жазбаша түрде бағалайды;

Ішкі немесе сыртқы критерийлерге сүйеніп, оқу материалының маңыздылығын айқындатады;

Slide 13

Бенджамин Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгісінің мазмұны:

Мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi;

жабық тест тапсырмалары;

қалдырып кеткен белгiлердi қою;

жатқа айту;

анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбiн айту.

Slide 14

С. Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып» тақырыбындағы сабақ мақсатының алгоритмі:

Білу

Өлеңде қандай мәселелер көтерілген? Ақынның өмір сүру мақсаты.

Түсіну

«Адам болу» дегенді қалай түсінесің? Ақынша «адам болуға» қандай қасиеттер кедергі жасайды? Қандай қасиеттер оған жақындатты?

Қолдану

Ақын өлеңінің бүгінгі таңда маңызы бар ма? Өлеңнің өздеріңе әсері арқылы ойларыңды айтасыңдар.

Жүйелеу (талдау)

Қалай ойлайсыңдар, ақын арманына жетті ме? «Адам болу» мақсаты орындалды ма? Ойларыңды ақын өмірі, соңғыға қалдырған мұрасы арқылы дәлелдеңдер.

Жинақтау

«Ақын арманы» немесе өз қалауларың бойынша ат қойып, шағын шығарма-толғау жазыңдар. «Адам болу - мұратым» атты ауызша сұхбат жүргізіп, пікірлесіңдер.

Бағалау


Ұқсас жұмыстар
БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫ КЕСТЕСІ
Критериалды бағалау моделі Ішкі жиынтық бағалау
Оқушы әрекеті
Ғылымда білімді
Блум таксономиясы оқыту нәтижелілігін бағалау әдістемесі ретінде
Ойлау деңгейі Сұрақтар үлгілері
Блум таксономиясының танымдық деңгейлері
Тапсырмалар түрі
Оқыту үрдісінде Блум таксономиясын қолдану жолдары
Блум таксономиясы бойынша сабақта оқушылардың ойлау әрекеттерін дамыту жұмыстарын ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz