I тақырыптық блок Жалпы педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері
Презентация қосу
I тақырыптық блок Жалпы педагогиканың
теориялық-әдіснамалық негіздері
1 дәрiс. Педагогиканың әдіснамалық негіздері
Мақсаты: педагогика ғылымының орны, ролi, пәнi мен
мiндеттерi, ғылым және өнер ретiндегi мәні туралы
түсінікті қалыптастыру.
Жоспары:
1.Педагогика – адам тәрбиесі туралы ғылым.
2.Педагогика ғылымының пәні және оның атқаратын қызметі.Негізгі
категориялары
3.Педагогика ғылымының жүйесі және басқа пәндерден байланысы
Негізгі ұғымдар: педагогика, ғылым, тәрбие, бiлiм, оқыту, мақсат,
категориялар, принциптер, тұлға, iс-әрекет, қарым-қатынас, даму,
қалыптасу, педагогикалық бiлiм беру, болашақ маман т.б.
1. Педагогика – адам тәрбиесі туралы
ғылым
Педагогика ұғымы екi мағына бередi. Бiрiншiден - бiлiмнi ң ғылыми аума ғы,
ғылым; екiншiден - өнер, қолөнер, педагогикалық iс-әрекет аума ғы.
Педагогика атауының түп-төркіні гректің "пайдос" - бала және "аго" -
жетектеу деген сөздерінен шыќќан. "Пайдагогос" сөзін тура мағынасында
аударса, "бала жетектеуші" деген ұғымды білдіреді. Яғни, баланы
өмiрге жетектеу, оқыту, оны тәрбиелеу, жан мен тәннiң дамуына ба ғыттау
дегенді білдіреді. Ежелгі Грецияда қожайынның баласын мектепке
жетектеп апарып, алып қайтатын құлды педагог деп ата ған. Ал мектепте
ұстаздық етумен басқа білімдар құлдар айналыс қан.
Мыңдаған жылдар бойына қажетті білім негіздері жиналып қордаланды, е ң
өміршеңі, ең қажеттісі қалып, берік орныққанша талай педагогикалы қ
жүйелер кезектесе өмiрге келiп, уаќыт сынынан өтті, жарамсыздары
тарих сахнасынан кетті. Тәрбие туралы ғылым да дамыды, ол адам
тәрбиесі туралы ғылыми білімдерді жинақтап, жүйелеуді өзіні ң алдына
басты міндет етіп қойды.
Педагогика ғылым ретiнде төмендегi барлық белгiлердi қамтиды. Ол
өзiнiң басқа ғылымдардан айрықшалайтын түсiнiктi аппаратымен де
ерекшеленеді.
• Бiрiншiден, педагогиканың "тұрмыстық" мағынасы айқындалады. Әрбiр адам өзiнi ң балаларын, отбасы
мүшелерiн, ұжым мүшелерін тәрбиелеуде және о қытуда өмiр а ғымында "педагог" ролiнде ойнайды.
• Екiншiден, педагогиканың практикалық ма ғынасын аны қтайды. Педагогика адамзат әрекеттерiнi ң айма ғы,
үлкен ұрпақтың кiшiге берiлген өмiрлiк тәжiрибесiмен байланысты. Б ұл жерде халы қты қ (житейлiк)
педагогиканың педагогикалық шеберлiгiмен ж әне тәрбилеу өнерiмен өзара байланысы туралы айту
жарасымды. Жоғары педагогикалық iс-әрекеттердiң пайда болуын өнер деп атау кездейсо қ емес.
Педагогиканың басқа кез-келген ғылымдардан басты айырмашылы ғы осыда. О қытушы тек қана бiлiмдi алып
жүрушi, тек қана студенттер үшiн ақпараттардың к өзi болу қажет емес, ол әрт үрлi ролдердi ойнаушы – актер:
мұғалiм, тәрбиелеушi, педагогикалық процестiң қатысушысы, жолдас, дос. Педагогикалы қ процесс о қытушы
тарапынан қателiктi жiберткiзбейтiн әрекет, немесе о қытушы қатесi өте қымбат қа т үседi. Педагогиканы ң
өнерге қатыстылығын күнделікті өмірден к өріп ж үрміз сонды қтан, о қытушы студентке тек өзiнi ң к әсiби к үшi
арқылы ғана емес, сонымен қатар, өз тұл ғасыны ң ерекшелiктерi де әсер етедi (мiнездiк қасиетi, iске,
адамдарға, қоғамға және т.б. қатынасы).
• Үшiншiден, педагогика ғылым ретiнде түсiндiрiледi, сонымен қатар, адамтануды ң б өлiгi. Педагогика танымы
қоғамдық және жеке даралық, табиғаттың келеңсiз үйлесiмiндегi адамны ң дамуы мен әсерi т әсiлдерiн
жетiлдiредi. Сондықтан да педагогикалық iлiмдер, теориялар, үлгiлер, болжамдар ж әне ұсынылымдар т ұтас
және жүйелi бiлiмнiң iргесiнде құрылады: олар психология, философия, тарих, әлеуметтану ж әне бас қа да адам
туралы ғылымдарда "жетiледi".
• Төртiншiден, педагогика өзiне оқытумен тәрбиелеудiң теоретикалы қ ж әне практикалы қ аспектiлерiн қоса
отырып, оқыту пәнiн анықтайды.
• Бесiншiден, педагогиканың мағынасы қазiргi заман ғы жалпы м әдени контекстегi гуманитарлы қ бiлiмнi ң
бөлiмiне енедi. Ол адамның педагогикалық мәдениетiнi ң сапасында к өрiнедi.
1.2. Педагогика ғылымының пәні мен атқаратын қызметі.
Негізгі категориялары
• Тәрбие - тарихи ұғым. Ол адамзат қоғамымен бірге пайда болып, оны ң өмір с үруі мен дамуыны ң
ажырамас бөлігіне айналды және қоғам өмір сүріп тұр ғанда ол да өмір с үретін болады. Сонды қтан
да тәрбие - жалпыға ортақ және мәңгілік категория. Көптеген философтар қоғам өмірін басқарып,
реттеп отыратын заңдарға талдау жасай отырып, тәрбие мен қоғамны ң өңдірістік к үштеріні ң даму
деңгейі арасында объективтік байланыс бар екенін дєлелдеді. Т әрбие қо ғам дамуына ы қпал етеді, ал
қоғам тәрбие беруге кең мүмкіндіктер жасайды, оны ң қоғам өміріні ң маңызды саласы ретінде
дамуына жағдай туғызады.
• Адамдар бойында ізгі-құндылық қасиеттерді қалыптастыруға мақсатты бағдарланған, сонымен
қатар сапалы орындалатын педагогикалық процесс. Педагогиканы ң келесі негізгі категориясы -
оќыту. Бұл оқытушылар мен оқушылардың білімді, қабілетті, дағдыларды бой ға сі ңіріп, игеруге,
оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптасыруға, ақыл-ой күштері мен әлуетті мүмкіндіктерін
жетілдіруге, алға қойған мақсаттарға сай өзін-өзі білімдендіру дағдыларын орны қтыруға
бағытталған ұйымдасқан, мақсатты және басқару арқылы жүзеге асырылатын өзара іс-ќимыл жасау
процесі. Оқытып-үйретудің негізін білім, қабілет және дағды құрайды.
• Білім беру – тәрбиенің және оқытып-үйретудің нәтижесі. Тура мағынасында білім беру оќып
үйренген пәндер туралы нақты, түпкілікті түсініктерді, бейнелерді қалыптастыру ж әне олар ар қылы
тәрбиелеу болып табылады. Білім беру - б ұл о қушылар алып, ме ңгеретін білімдерді ң, қабілеттерді ң
және дағдылардың жүйеге келтірілген жиынтығы. XIX ғасырда білім алу адамны ң қалыптасуы
ретінде түсінілді. Қазіргі кезде адамзат баласы жина қтап, зерделеген білім негіздері ұшан-те ңіз,
адам қаншама ұзақ уақыт оқып-үйренсе де, осыншалық білімні ң бәрін бірдей игере алмас еді.
1.3 Педагогика ғылымының жүйесі және басқа
ғылымдармен байланысы
• Педагогикаға бәрiнен жақыны психология. Екеуiнiң арасында бiрнеше байланыс жiптерi бар.
Ең бастысы – осы ғылымдардың пәндерi. Психология заңдардың дамуын, адамның
психикасын оқытса, педагогика тұлғаны дамытудағы басқару заңдылықтарымен жұмыс
жасайды. Тәрбие, ересектер мен балаларға бiлiм беру мақсатты бағыттал ған (ойлау, iс- әрекет)
психикалардың өзгеруi ретiнде болмақ. Ол психологиялық бiлiмдердi меңгермеген
мамандарсыз жүзеге асуы мүмкiн емес. Екiншi байланыс жiбi екi ғылым – о қытуды ң
критерилерi мен көрсеткiштерi және тұлғаны тәрбиелеумен айналысады. Оқушылар бiлiмiнi ң
жылдамдық деңгейi жадыларының өзгеруiмен, бiлiм қорларымен, практикалы қ ма қсатта
бiлiмдерiн оңтайлы қолдана бiлу арқылы тiркелiнедi.
• Философия табиғаттың, қоғамның, таным теориясының (гносиология) жалпы даму за ңдары
туралы бiлiмдi бере отырып, педагогиканың әдіснамалық iргесiн құрады. Әлеуметтану
педагогикаға әлеуметтiк ортадағы тұлғаның қалыптасуы, қоғамдық топтар, әлеуметтiк
қатынастар туралы iлiм бередi.
• Этика мен эстетика өнегелiк және көркемдiк тәрбиенiң негiзiн құра отырып, мораль ж әне
табиғаттық эстетика туралы iлiм бередi. Экономика педагогиканы бiлiм беруге әсер ететiн
өндiрiстiк, экономикалық процесстер туралы iлiммен сусындандырады. Физиология
педагогика мен психологияның жаратылысты ғылыми қоры. Тұлғаны қалыптастыру үшiн
адамның ағзасын, өмiрлiк қамтитын жүйелерiн, жоғары нервтiк әрекеттерiн бiлу қажет.
• Кибернетика, күрделi динамикалық жүйелерiмен бiрге басқару теориясы, педагогиканы ң
дамуында үлкен ролü атқарады яғни, педагогикалық жүйелердi басқару үрдiстерi т ұр ғысынан
талданады. Информатика, жинақтау, ақпараттарды өңдеу туралы ғылым, ол да педагогика
үшiн өте маңызды. Тiптi ақпаратты әдістер мен педагогикадағы технологияларды оқытатын
педагогикалық информатика – атты ғылыми бағыт пайда болды.
2 – дәріс Педагогика ғылымының даму тарихы
Мақсаты: педагогика ғылымының даму ерекшеліктері
мен кезеңдер бойынша педагогикалық ойлардың дамуын
түсіндіру.
Жоспары:
1.Педагогиканың әлемдік деңгейдегі даму ерекшеліктері.
2.Кеңестік дәуірдегі педагогиканың даму ерекшеліктері.
3.Батыс әлеміндегі педагогикалық ойлардың дамуы.
Негізгі ұғымдар: педагогика, ғылым, тәрбие, бiлiм, оқыту,
мақсат, даму, қалыптасу, педагогикалық бiлiм беру, т.б.
1. Педагогиканың әлемдік деңгейдегі даму ерекшеліктері.
• Қандай да бір ғылыми саланың пайда болуы өмірлік қажеттіліктерден туындайды. Қоғамны ң дамуы
адамның тәрбиесі мен білімділігіне байланысты. Демек қоғамның өзі тәрбие тәжірибесін жалпылауды, о қу-
тәрбие мекемелерін жетілдіруді қажет етеді.
• Тәрбиенің еуропалық жүйедегі бесігі ежелгі грек философиясы болып табылады. Демокрит (б.э.д.
460-370 жж.) барлық білімдер саласы, оның ішінде тәрбиеге қатысты жалпылаулар негізінде е ңбектер
жазды. Мұнан соң педагогикалық мәселелер ежелгі грек ойшылдары Сократ (б.э.д 469-399 жж) оны ң
оқушысы Платон (б.э.д. 427-347 жж), Аристотель (б.э.д. 384-322 жж) енбектерінде ададмны ң т әрбиесіне,
оның тұлға ретінде қалыптасуына қатысты ойлар, пікірлер ретінде айтылды.
• ХVІІ ғасырда педагогикалық ойлар озат педагогикалық тәжірибеден алынған мағлұматтар ға
негізделе бастады. Дидактика сөзі ең алғаш рет Еуропада неміс елінде қолдана бастады. Мысалы, неіміс
педагогы Волшьфганг Ратке (1571-1635) білім берудің мазмұндық ұғымын және сәйкес әдіснамасын жасап,
педагогикалық зерттеулер критерийлерін анықтады.
• Ал педагогиканың теориялық идеяларын ғылыми тұжырымдаған чех педагогы Я.А.Коменский
(1592-1670) болды. Оның әлемдік деңгейде танылған «Ұлы дидактика» деген е ңбегінде оқу ж ұмысын
ұйымдастыруға қатысты теориялық мәселелер көтерілді. Оны ң мұнан кейінгі шы ққан «Аналар мектебі»
еңбегінде отбасылық тәрбиеге, балаларды құлықтық тәрбиелеуге қатысты көз қарастары ғылыми
тұжырымдалды.
• Коменскиймен қатар ХVІІІ ғасырларда буржуазиялық педагогика дамуына үлес қосқан қайраткерлер
Джон Локк, Ж.Ж.Руссо, Г.Песталоцци, И.Гербарт.
• Ресейдегі педагог ика ғылымы дамуы да бірнеше кезеңдерден тұрады. Бастауында Симеон Полоцкий,
М.В.Ломоносов, Н.И.Новиков тұрады. Л.Н.Толстой өзінің шаруашылығында бастауыш мектеп ашып,
“Азбука” жазып шығарды. К.Д.Ушинский Ресейде тұтас дидактикалы қ жүйені жасады.
Қоғамдық дамуымен педагогика ғылымы мен практикасы
дамуы арасындағы байланыс сипаты.
• І- дәуір Алғашқы • Біріккен іс-әрекет
қауымды қоғам. Құлдық барысында білім беру
қоғам • Белгілі бір практикалық
• ІІ- дәуір Феодалдық іс-әрекеттерді көрсету.
қоғам. Капиталистік қоғам • Білімдер жиынтығын беру
• ІІІ-дәуір Капиталистік іс-әрекеті
қоғам. Коммунистік • Білімдерді өз бетімен
(кеңестік) меңгеру жолдарын үйрету.
• ІV – дәуір Қазіргі дәуір
2. Кеңестік дәуірдегі педагогиканың даму жағдайлары мен
ерек
шеліктері
• Оқу пәндері құрамы әртүрлі, яғни гуманитарлық,
физика-математикалық табиғи ғылымдарды
қамтыды;
• Тіл мен әдебиетке, математика және
жаратылыстану ғылымдарына көп оқу сағатын
бөлді;
• Дене тәрбиесіне де көп сағат бөлінді.
3.Батыс әлеміндегі педагогикалық ойлар дамуы
• ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында педагогикалы қ ойлар дамуыф
орталығы АҚШ-қа қарай ауысты. Қазіргі қоғам ерекшеліктеріне с әйкес
адамды тәрбиелеудің жалпы принциптері тұжырымдалды, за ңдылы қтары
анықталды, әрбір адамға тес және жеңіл түрде жобаланған ма қсаттар ға қол
жеткізу мүмкіндігін беретін білім берудің тиімді технологиялары жасалып,
енгізілді.
• Американдық педагогика өкілдері Д.Дьюи (1859-1952), пра гматикалық
оқытуды зерттеген Э.Торндайк (1874-1949) қазіргі кездегі белгілі педагог
Б.Спок еңбектері де педагогика ғылымы дамуына маңызды үлес қосты.
• ХХ ғасырдың басында әлемдік педагогикада еркін т әрбиелеу мен бала
тұлғасын дамыту идеялары тарай бастады. Бұл ба ғытта итальян м ұғалім
М.Монтессори (1870-1952) үлкен еңбек сіңірді.
3- дәріс ҚР жалпы орта білім берудің дамуының
негізгі тенденциялары.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының бiлiм
беру жүйелерi мен олардың сабақтастығы
жөнiнде ғылыми бiлiмдер жүйесiн
қалыптастыру.
Жоспары:
1. Халыққа бiлiм берудегi ҚР "Бiлiм туралы" заңының мәнi.
2. Білім беру жүйесінің міндеттері.
3. ҚР үздiксiз бiлiм беруді дамытудың негiзгi факторлары мен негiзгi
қағидалары.
Негiзгi ұғымдар: Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесi, бiлiм беру
стандарттары, әр типтi мектептер, нормативтiк құжаттар, үздiксiз бiлiм
берудiң принциптерi.
1. Халыққа бiлiм берудегi ҚР "Бiлiм туралы" заңының мәнi.
Қазақстан Республикасында үздiксiз бiлiм беру процесi халқымыздың ұлттық дәстүр-
салтына, мәдениетiне, экономикасына және саяси өмiрiне негiзделiп iске асырылады.
Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне орай бiлiм беру мәселелерi жа ңаша ба ғытта
дамуға көштi. Осыған сәйкес ҚР бiлiм беру туралы заң қабылданып, онда бiлiм берудегi
мақсат пен жаңа мiндеттер айқындалып көрсетiлдi.
Заң бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк саясаттың төмендегiдей негiзгi қа ғидаларын
орнатты:
• ҚР азаматтары бiлiм алуға тең құқылы.
• Әрбiр азамат үшiн интеллектуальдық дамуы мен психофизиологиялы қ ж әне жеке
бастарының қажеттiлiгiне сәйкес, бiлiмнiң барлық саласының қол жетерлiк болуы.
• Бiлiмнiң зайырлылығы.
• Жеке тұлғаның бiлiмiнiң және дарынының дамуына жағдай жасау.
• Оқыту мен тәрбиелеудәң бiрлiгi, бiлiм алу жүйесiнiң үздiксiздiгi.
• Бiлiм беру ұйымдарының меншiк түрiне, оқыту мен тәрбиелеу түрiне, ба ғыттарына
байланысты әртүрлi болуы.
• Бiлiм беру ұйымдарының өкiлеттiлiгi және оны басқарудың демократиялы қ ба ғытта
болуы.
• Бiлiм беру iзгiлiктi, әрi дамыту бағытын ұстануы керек.
• Бiлiмнiң ғылыммен, өндiрiспен байланысы.
• Оқушыларды кәсiптiк бағытқа бейiмдеу.
2.Білім беру жүйесінің міндеттері.
Республикамыздың білім беру жүйесі белгіленген заңдар негізінде іске асырылады. Білім беру ұйымдарыны ң
барлық түрі мемлекеттік білім беру стандартын, оқу бағдарламаларын орындауы тиіс. Жалпы ал ғанда білім
беру жүйесінің негізгі мақсаты – білім алушыны жан-жақты дамыта отырып, оны ң ғылыми к өз қарасын,
білім, білік, дағдысын қалыптастыру. Сонымен қатар кәсіби біліктілігін, құндылы қтарын жетілдіру.
Аталмыш мақсатқа сай білім беру жүйесінің төмендегідей міндеттерін атап к өрсеуге болады:
• оқу жоспары мен, бағдарламаларының жүзеге асыруына жағдай жасау;
• білім алушылардың танымдық-шығармашылық, рухани және психо-физиологиялқ мүмкiндiктерiн дамыту,
салауатты өмiр салты мен адамгершiлiктiң негiзiн қалыптастыру, а қыл-ойыны ң дамуына м үмкіндіктер беру;
• өз еліне, отанына деген сүйіспеншілік негізінде мемлекетті, оны ң р әміздерін ж әне халы қты ң д әст үрлерін
құрметтеуге баулу;
• еліміздің саяси-қоғамдық, әлеуметтік-мәдени өміріне саналы көзқарасын қалыптастыру ж әне белсенділігін
арттыру;
• халқымыздың тарихын білу; барлық мәдени іс-шараларға атсалысу; толерантты ққа тәрбиелеу; шет тілдерін
меңгеру;
• бiлiм беру ұйымдарының дербестiгi мен өзiн-өз басқару құқын, сонымен қатар оны демократияландыруды
жетілдіру;
• оқытудың жаңа технологияларын ендiру, бiлiмдi информатизациялау, халы қаралы қ коммуникация ж үйесiне
шығу; коммуникативтік білім беруді дамыту;
• жоғары және орта кәсіби оқу орындарында қоғам сұранысын қанағаттандыратын, б әсекеге қабілетті
мамандарды даярлау, қайта даярлау;
• жұмыссыздарды қайта оқыту мен қайта даярлау;
• бiлiм беру ұйымдарының түрлi кадрларының қарқынды дамуына көмектесу;
3. ҚР үздiксiз бiлiм берудегi бiлiм берудегi дамытудың негiзгi
факторлары мен негiзгi қағидалары
ҚР бiлiм беру жүйесi Заң бойынша бiлiм беру ұйымдарының оқыту бағдарламалары
мен әр деңгейдегi мемлекеттiк бiлiм беру стандарттары, басқару орындары мен олар ға
бағыныщты ұйымдардың өзара байланысы негiзiнде құрылды. Бiлiм беру жүйесiнi ң негiзгi
мiндетi ретiнде бiлiм алу жеке тұлғаның дамуы мен кәсiби қалыптасуы ұлтты қ ж әне
азаматтық құндылықтар, ғылым мен техниканың жетiстiктерi негiзiнде қарастыруға қажеттi
жағдай жасау көзделдi.
Халыққа бiлiм беру iсi нақтылы бiр жүйемен жүргiзiледi.
Бiлiм беру жүйесi мынадай құрылымнан тұрады:
• үйелмендiк тәрбие;
• мектеп жасына дейiнгi тәрбие;
• жалпы орта бiлiм;
• мектептен тыс тәрбие мен оқыту;
• кәсiптiк - техникалық бiлiм;
• орта арнаулы бiлiм;
• жоғары бiлiм;
• арнаулы бiлiм мекемелерi;
• жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм;
• кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау;
• қосымша бiлiм.
4 дәріс Балалардың жас және жеке ерекшеліктері және
оны оқу-тәрбие үрдісінде есепке алу
Мақсаты: - оқушылардың жас мөлшерi мен жеке басына
тән ерекшелiктерi туралы түсiнiк қалыптастыру және
осы ерекшелiктердi оқу-тәрбие процесiнде ескеру.
Жоспары:
1.Бастауыш сынып жасындағы баланың ерекшелiгi және
оның дамуы
2.Жасөспiрiмдiк кезең және оның ерекшелiктерi.
3. Жоғары сынып оқушыларына психологиялық
сипаттама.
Негiзгi ұғымдар: жеке тұлға, баланың дамуы, жас
ерекшелiк, дара ерекшелiк, девиация.
1. Бастауыш сынып жасындағы баланың ерекшелiгi және
оның дамуы.
• Белгiлi бiр жастағы балалардың жас мөлшерi дегенде олардың к өпшiлiгiне тән ерекшелiктер мен сипаттарын
айтамыз. Бұл ерекшелiктердi педагогикалық процесте ескеру қажет және соған сәйкес оқыту мен тәрбие берудiң
тиiстi түрiн, әдiстемесiн және тәсiлдерiн пайдалану керек.
• Мектеп табалдрығын аттаған балада әлеуметтiк өзгерiстер пайда болады. Баланың ең негiзгi iс- әрекетi әлi де ойын,
сурет салу, ойыншықтарды құрастыру болып қала бередi. Баланың құштарлығы өзiн қоршаған әлемдi тануға және
осы әлемнiң құбылысын өзiнше бейнелеуге бағытталған. Бала ойнай жүрiп тәжiрибеден өтедi, себеп-салдарлы қ
байланыстар мен тәуелдiлiктiң себебiн ашуға тырысады. Бала ой қабiлетi жағынан неғұрлым белсендi болса,
соғұрлым сұрақты көп қояды және әртүрлi сұрақтар қояды.
• Мектеп оқушының өсуi мен дамуына қарай оның қоғамдың өмiрге қатысуы да өседi, оны азамат ретiнде жаңа сатыға
көтередi.
• Iшкi және сыртқы күштердiң өзара тығыз әрекетi болған жағдайда ғана жеке адамды қалыптастыру ойдағыдай өтпек.
Балдырған оқушы жан жақты бiлiм алады, осы бiлiм оны мiнез-құлқының толып жат қан фактiлерi туралы ойлауға,
өзiн - өзi жолдастарымен, басқа да адамдармен салыстыра қарауға мәжбүр етедi.
• Я. А. Коменский, Ж.Ж. Руссо сияқты ұлы педагогтар тәрбие беру кезiнде бала таби ғатын, оны ң қабылдау, ойлау
ерекшелiктерiн есепке алып отыруды ұсынған.
• Жеке - даралық ерекшелiктер жас ерекшелiктермен тығыз байланыста болады. Бұлар белгiлi бiр адам ға т ән ж әне оны
басқалардан ажыратып көрсететiн жеке адамның мiнезiнiң, ынта-ықыласын, ақыл-ой қызметiнiң ерекшелiктерi.
• Олардың сыныбы жоғарылаған сайын балаларға берiлетiн оқу материалдары күрделене т үседi. Сонда да бiр
сыныптағы жасы бiрдей балалардың өздерi сол оқу материалдарын жеке ерекшелiктерiне байланысты әрт үрлi
қабылдайды, әртүрлi деңгейде меңгередi. Сонда сыныпта үздiк, орта, нашар үлгерушiлер орын алады.
• Оқушының дамуында белсендi әрекет етудiң маңызы ерекше. Тiршiлiк және iс-әрекеттерi барысында адамның
қарым-қатынас жасау, таным және өзiн-өзi тәрбиелеу белсендiлiгi дамиды.
• Бала белсендiлiгiнiң ең алғашқы формасының бiрi қарым-қатынас жасау белсендiлiгi. Балаларды ң жас
ерекшелiктерiне сәйкес басқа адамдармен қарым-қатынас белсендiлiгiнiң мазмұны өзгерiп отырады. Мысалы,
мектеп жасына дейiнгi балалар ересек адамдардың әрекеттерiне үңiле қарап үйренедi, оларға елiктейдi. Яғни қарым -
қатынас жасау белсендiлiгi жеке адам қасиеттерiнiң қалыптасуына мүмкiндiк туғызады.
2. Жасөспiрiмдiк кезең және оның ерекшелiктерi.
• 11-жастан бастап бала организмiнiң жетiлу процесiнi ң басталуына с әйкес оны ң
бойында физиологиялық, психологиялық және педагогикалы қ, әлеуметтiк
өзгерiстер пайда болады. Педагогикалық т әжiрибеде баланы ң жан-жа қты
дамуы мен мiнез-құлқы жағынан қалыптасуыны ң жас өспiрiмдiк ша ғы 10-15
жас аралығына сәйкес келедi. Бұл кезде баланың бойы тез өседi. Балаларды ң
сабақ үлгерiмi төмендеп, тәртiбi нашарлайды. Бұл кезе ңде бала ға ерекше
тәрбиелiк қамқорлық қажет. Өйткенi, осы кезеңнен бастап бала дамуыны ң
өтпелi кезеңi басталады. Ол алғашқы кезеңi болғандықтан елеусiз, бай қалмай
өтедi.
• Жасөспiрiм шақ пен жастық шақтың арасында ап-ай қын к өрiнiп т ұр ған аралы қ
шек жоқ, ол шартты түрде ғана алынады, тiптi көп жағдайда бiрiмен бiрi
үйлесiмдi болып келедi.14-15 жас пен 16-17 жас аралы ғы кей жа ғдайларда ерте
жастық шақ болып есептеледi, ал кейбiр жағдайларда жас өспiрiмдiк ша қты ң
соңы болып есептеледi.
• Балалықтан есейген шаққа өту сол қоғамның бала мен үлкенге қоятын
нормалары мен талаптарының арасында ғы айырмашылы қты ң болуымен
айқындалады. Жастық шақ ақыл-ой қабiлеттiлiгi артуының ма ңызды кезе ңi.
3. Жоғары сынып оқушыларына психологиялық
сипаттама.
• Жоғары сынып оқушылары "Неге" деген сұраққа үнемi және табанды түрде жауап
iздейдi және берiлген жауаптың жеткiлiктiлiгiне және негiздiлiгiне өз күдiгiн бiлдiрiп
отырады. Жастық шақтағы маңызды психологиялық процесс-өзiндiк ақыл-ойдың және
өзiндiк "Меннiң" бейнесiнiң қалыптасуы болып табылады.
• Мектеп оқушыларының жас және дара ерекшелiктерiн оқу-тәрбие процесiнде ескерiп
отыру олардың дамуында өте маңызды. Мектеп оқушыларын олардың қабiлеттерiне
қарай топтарға бiрiктiруге болады . Балалар типологиясында екi ерекше бағытты атауға
болады:
• -қыз балалар мен ер балалардың даму ерекшелiктерi;
• -дарынды балалар мен психологиялық жағынан қараусыз қалған балалар.
• Қыз блалар мен ер балалардың физиологиялық дамуы әсiресе өтпелi кезеңде қарқынды
жүретiндiктен, тәрбиеде ерекше назар аудару қажет. Ал, дарындылық балалардық оқу
еңбегiнiң барлық сатыларында көрiнiп отырады.
• Жоғары сыныпқа барғанда оқушылар бiршама қалыптасып, көзқарастары мен
дүниетанымы орныққан болады. Онда тәрбие жұмысын жүргiзуде сенiм бiлдiру мен
өзара түсiнiстiк негiзiнде ұйымдастырылған әрекеттер жоғары нәтиже берiп отырады.
• Қорыта келе, бала тәрбиесiнде олардың жас және дара ерекшелiктерiн ескерiп отыру
өте маңызды. Өйткенi, балалардың табиғаты бiрдей болмағандықтан оларға деген
қатынас та бiрдей болмауға тиiстi. Балалар даралығы айқын байқалатын кезең олардың
өтпелi кезеңдерi. Сондықтан бұл кезде балаларға аса ерекше тәрбиелiк қамқорлық
қажет. Осы кезеңде берiлген тәрбие олардың өмiрлiк қалыптасуының негiзiне айналады.
Балалардың жас және дара ерекшелiктерiн ескеру олардың физиологиялық,
психологиялық, дене және әлеуметтiк қалыптасуында да маңызды. Бұл педагогикалық
процестi ұйымдастыруда басқа ғылымдар бiлiмiдерiн пайдаланудың қажеттiгiн
көрсетедi.
5- дәріс Тұтас педагогикалық үдеріс мұғалім іс-әрекетінің
нысаны мен педагогика пәні.
Мақсаты: Педагогикалық үдеріс ұғымы және тұтас педагогикалық
үдерістің құрылымы мен жағдайларын анықтау.
Жоспары:
1. Педагогикалық үдеріс ұғымы. Педагогикалық үдерістің тұтас
құбылыс ретінде қалыптасу тарихы.
2. Тұтас педагогикалық үдерістің құрылымы мен жағдайлары.
3. Педагогикалық үдерістің кезеңдері мен заңдылықтары.
Негізгі ұғымдар: педагогикалық үдеріс, оқыту, білім беру, құбылыс,
үдеріс, өзара әсерлесу.
1. Педагогикалық үдеріс ұғымы. Педагогикалық үдерістің т ұтас
құбылыс ретінде қалыптасу тарихы.
Педагогикалық үдеріс мәне “оқыта отырып тәрбиелеу, тәрбиелеп отырып оқыту”
өрнегіне сәйкес анықталады. Яғни тәрбиеші оқыту отырып та, сыныптан тыс
жұмыстар жасата отырып та, білім беру мен тәрбиелеу міндеттерін ж үзеге асыруы
қажет.
Педагогикалық үдерістің құбылыс ретіндегі бірқатар маңызды белгілері бар.
Педагогикалық үдерістің негізгі белгілері:
- Қос жақты іс-әрекет;
- Өзара байланысты жүреді;
- Мақсатты, мазмұнды ұйымдасқан түрде жүреді;
- Мақсатқа қол жеткізу формалары мен әдістері арқылы сипатталады.
Педагогикалық үдерісте педагог-объект және субъект.
Объект ретінде –тәрбиелік әсерлерге түседі және өзін жетілдіріп отырады.
Субъект ретінде – арнайы педагогикалық білім алады, адам т әрбиесіне қатысты
жауапкершілікті мойынына алады, дүниетанымы, рухани-құлықтық белсенді
қарым-қатынасқа түсу қабілеттелігін дамытады.
2. Тұтас педагогикалық үдерістің құрылымы мен жағдайлары.
Тәрбиешілері мен тәрбиеленушілер іс-әрекеті тұрғысынан қарағанда
анықталатын педагогикалық үдеріс элементтерін өз алдына топтауға
болады. Олар:
- Мақсаттық компонент;
- Мазмұндық компонент;
- Іс-әрекеттік (педагог пен тәрбиеленушілердің өзара әсерлесуі);
- Нәтижелік компонент (қойылған мақсатқа сәйкес қол жеткізген
нәтижелер, тұлға өзгерістері);
Педагогикалық үдеріс белгілі бір заңдылықтар мен принцитерден
тұрады:
Педагогикалық үдеріс заңдылықтары – педагогикалық үдеріс
құбылыстары мен аспектілері арасында объективті өмір с үретін, қайталанып
тұратын, тұрақты, мәнді байланыстар.
Педагогикалық үдерістің жалпы заңдылықтары:
- Тәрбие мен әлеуметтік жүйе байланысты;
- Оқыту мен тәрбие байланысты;
- Тәрбие мен іс-әрекет байланысы;
- Тәрбие мен тұлға белсенділігі байланысы;
- Тәрбие мен қарым-қатынас байланысы.
Педагогикалық принциптер – қойылған мақсатқа қол жеткізу мүмкіндігін
беретін негізгі идеялар, ережелер.
- олардың көмегімен мақсат анық, дәл тұжырымдалады;
- Педагогикалық үдеріс мазмұнын, әдісін, құралдарын, формаларын
анықтау үшін қолданылады;
- Тәрбиелік қатынастардың тиімділігін анықтау мүмкіндігі бар.
Педагогикалық үдеріс принциптері:
- Табиғатпен үйлестіру;
- Ізгілік әрекет ұйымдастыру;
- Тұтастықты жүзеге асыру;
- Демократиялық негізде ұйымдастыру;
- Мәдениетпен үйлестіру;
- Кәсіптік мақсаттылықты жүзеге асыру.
3.Педагогикалық үдерістің кезеңдері мен заңдылықтары.
Педагогикалық үдеріс бірнеше маңызды кезеңдерден тұрады.
- Дайындық кезеңі;
- Негізгі кезең;
- Қорытынды кезең;
Педагогикалық үдерістің ішкі қозғаушы кезеңінде қол жеткізген нәтиже талданады.
Педагогикалық үдерістің ішкі қозғаушы күші қоғам тарапынан қойылатын талаптар мен
оны орындаудағы тәрбиеленушінің нақты мүмкіндіктері арасындағы қарама-
қайшылықтар болып табылады. Бұл қарама-қайшылықтарды шешу педагогикалық
үдерісті дамыту керек болып табылады.
Педагогикалық үдерістің қозғаушы күші-оқушыларғак қойлатын талаптар мен олардың
даму деңгейі арасындағы қарама-қайшылықтар.
Даму деңгейі екіге бөлінеді:
- Актуальды даму деңгейі аймағы – педагог көмегінсіз әрекет жасай білуі күйі.
- Таяу даму деңгейі аймағы – педагог көмегімен жаңа нәрсені меңгеруге қабілеттң күйі.
7- дәріс Тәрбие мақсаты мен оның әлеуметтік негізделуі.
• Мақсаты: студенттерге жеке тұлға қалыптасуының
тәрбие процесінде іске асуы туралы түсіндіру және
оларды жоғары мәдениеттілікке тәрбиелеу, тәрбие
бағыттарын айқындау
• Жоспары:
• 1. Маманның –базалық мәдениеті -жоғары
мәдениеттілікке тәрбиелеу негізі.
• 2. Тәрбиенің негізгі бағыттары.
• Негізгі ұғымдар: базалық мәдениет, жоғары
мәдениеттілік, тәрбие бағыттары
1. Маманның –базалық мәдениеті -жоғары мәдениеттілікке
тәрбиелеу негізі.
Тұлғаның базалық мәдениетін қалыптастырудың қозғаушы
күштері ретінде педагог-психолог мамандар мына жағдайларды
қалыптастырады:
• жаңа мүдделер, талаптар, мазмұндар, ұмтылыстар мен
тұлғаның даму мүмкіншілігінің жеткен деңгейі арасындағы;
• жаңа танымдық практикалық міндеттер мен бұрын қалыптасқан
ойлау тәсілдері арасындағы;
• тұлғаның дамуындағы жеткен деңгей мен оның өмір сүру
қалпы, қоғамдық қатынастар жүйесіндегі оның алатын орны,
істейтін қызметтер арасындағы,
• жақсы жетістіктерге ұмтылыс пен қиындықтарды жеңіп
шығудағы қорқыныш;
• дербестікке ұмтылушылық пен жеке тәжірибенің жеткіліксіздігі
арасындағы қайшылықтар жиынтығы.
Жоғары білімді азаматтардың мәдениеті дегеніміз әрбір жеке
тұлғаның оңтайлы, жоба құруға бағытталған ақыл-ойның жетілуі,
жағымды қарым-қатынасы, азматтық жауапкершілігі, адамгершілік
құндылық қасиеттерінің маман тұлғасынан көрініс беруі.
• Жоғары мәдениеттің құрамдас бөліктеріне:
• адамның рухани-дүниеге көзқарастық бағыттары: қажеттіліктері,
қызығушылықтары, әрекет себептері, құндылық бағдарларының
жоғары шығармашылық еңбекке бағытталуы;
• Қазақстанда әлемдік қауымдастықта өз әлеуеті негізінде
экономикалық даму мен басымдылық жағдайға тұлғаны бағыттайтын
ұлттық қасиет, патриотизм;
• рухани-адамгершілік және материалдық мәдениет құндылықтарын
меңгеру : іргелі ғылымдар саласындағы танымдық м әдениет;
экономикалық, азаматтық, саяси, құқықтық, дене, экологиялық
мәдениет және негізгі өнерлерін жатқызуға болады.
2. Тәрбиенің негізгі бағыттары.
Білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысының бағыттары : рухани-
адамгершілік, қоғамдық-саяси және құқықтық, патриоттық және
ұлтаралық, мәдени-эстеттикалық және этномәдениеттік , парасаттылық,
ақыл-ой, ғылыми зерттеушілік,экологиялық, экономикалық, салауатты
өмірсалты тұрғысында іске асырылады. Оларды қысқаша қарастырып
көрелік.
• Рухани адамгершілік. Рухани-адамгершілік мәдениеті, оның жеке тұлға
ретіндегі табысты түрде өз іс-әрекеттерінде іске асырылатын әлеуметтік
мәні бар қасиеттер жүйесінің жетілуі және дамуынан көрінеді. Мысалы,
ЖОО осы бағытта мақсатты, жоспарлы тұрғыдан мамандардың
адамгершілік бейнесі мен дүниеге көзқарасын қалыптастырады.
• Қоғамдық-саяси және құқықтық. Қоғамдық-саяси және құқықтық
мәдениеті оқушылардың өмірге белсенді көзқарасы, идеялық саяси
көзқарастары мен сенімдерін, Қазақстан Республикасының заңдары мен
заңдық актілерін білуімен сипатталады. Осы мақсатта оқушылармен
қоғамдық өмір туралы, оның дамуы туралы, қазіргі заманның күрделі
мәселелерін түсіндіру, саяси мәдениет қалыптастыруға бағытталған
ісшаралар (дәрістер, әңгімелер, кештер және т.б.)жүргізілуі тиіс.
• Патриоттық және ұлтаралық. Қазақстан Республикасының азаматтарының
жалпыұлттық санасын қалыптастыру, отанға сүйіспеншілігін, мемлекеттік р әмізді, тілді
құрметтеуге, толеранттыққа тәрбиелеу көзеделеді. Тұлғаны тәрбиелеу мен
білімдендіруде маңызды роль атқаратын- құқықтық тәрбие мен білім. Яғни, қоғамның
әрбір азаматының ҚР заңдарын білу және оны сақтауға тәрбиеленуі аса қажет. К өптеген
жеке адамдар өз құқықтары мен заңды білмегендіктен тығырыққа тірелетіні де шындық.
Сол үшінде жастардың бүгінгі күні құқықтық санасын тәрбиелеу өзекті мәселелер
қатарынан орын алуда. В.А. Сухомлинский «қандай да бір құқықтық тәрбие болмасын,
егер ол белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылып, жеке адамнаң мұқтаждығына
негізделсе, екіншіден, ұжымдық жұмыстарға шығармашылықпен қатысса, солғұрлым
алдыңғы буын ағалардың әлеуметтік-құқықтық жетістіктерін, тәжірибелерін қабылдап,
өз мінез-құлықтарына қалыптастырады»- деген ойын айтқан.
• Мәдени-эстетикалық және этномәдениеттік. Бұл бағытта жеке тұлға бойында қажетті
мәдени құндылықтар ақпарат жүйелері, кітапханалар, жетекші мамандар, барлық
саладағы оқытушылар арқылы сіңіріледі. Сондай-ақ маңызды іс-әрекетті оқушылардың
оқудан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырыуы арқылы жүзеге асырылады.
• Парасаттылық. Бұл тәрбиенің мазмұнына адамның бүкіл танымдық қызметтерін
дамыту арқылы парасатты дамыту енеді: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял, сөйлеу
сияқты психикалық процестер; тәрбиешілердің жеке парасаттылық қабілеттерін және
танымдық мүмкіндіктерін дамыту; оқушылардың санасын оның шығармашылық
әлеуетін қалыптастыру.
• Ғылыми-зерттеушілік. Алдымен оқушылар теориялық білімдерін
практикада қолдануға машықтанады. Оқу барысында олар ғылыми
зерттеу жұмыстарын іске асырады. Оларды ғылыми-зерттеу
жұмыстарына баулу арқылы ғылыми-зерттеу мәдениетінің
қалыптасуына жағдай жасалуы тиіс.
• Экологиялық. Экологиялық тәрбие саласында жалпы
ақпараттандыру мен оқушылардың техникалық білім алуымен қатар
қоршаған ортаны қорғауды басқару мен экологиялық саясатты жасау
мен оған белсене қатысу саласындағы түрлі оқуларды іске асыруға
баса көңіл аударылады.
• Экономикалық. Экономикалық тәрбие жүйесі оқушылардың екінші
кезектегі жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесуі. Экономикалық
білім мен тәрбие беру барысында оқушылар қоғамның экономикалы қ
саясатын, өндіріс, айырбас, бөлісу және тұтыну ауқымындағы негізгі
ұғымдарды меңгерулері тиіс. Экономикалық білімдер теориясы қо ғам
өмірінің материалдық негізін түсіндіреді, адам және оның
экономикалық қатынастарын реттейді. Ал, экономикалық тәрбиенің
мақсаты-қоғам сұранысын қанағаттандыратын экономикалық сана
қалыптастыру. Яғни, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы
адамның шешуші ролін ұғынулары, қоғам және тұлғаның мүддесіне
сай қоғамдық өндіріс пен еңбекке жаңаша қатынастарды
қалыптастыруды үйренулері тиіс.
• Салауаттық өмір салты. Жастардың денсаулығының кепілі де
салауаттық өмір салтын ұстануларынан басталады. Қоғамда дені сау
адамды тәрбиелеуде бұл тәрбиенің орны ерекше. Ол белгілі
орындарда, яғни спорт алаңдарында, сауықтыру орындарында іске
асырылады.
• Адамгершілік тәрбиесі. Жастарды адамгершілікке тәрбиелеу
дегеніміз олардың бойында болуға қажетті ізгі қасиеттерді сіңіру. Бұл
ұғымға педагогикалық энциклопедияда: “Адамгершілік-мінез-құлы қ
дағдылары мен әдеттерді қалыптастыру, адамгершілік сезімдерді
дамыту, моральдық сананы мақсатты бағытталған түрде
қалыптастыру” немесе мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді, мінез
білімдерін, моральдық қасиеттерді қалыптастыру процесі” деп
анықтама берілген болса, Қазақ педагогикалық энциклопедия
сөздігінде: “Адамгершілік тәрбиесі-мақсатқа негізделген көзқарасты,
сенімді, парасатты мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді
қалыптастыруға және адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым-
қатынасты дамытуға, жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бөлігі”-
деген анықтама беріледі. Яғни адамгершілік тәрбиесі т әлім-т әрбиені ң
ықпалды әсерімен моральдық сананы қалыптастырудың этикалық
білімділікті, адамгершілік сезімді дамытудың сара жолы болады деген
қортынды жасауға болады
• Имандылық тәрбиесі. Имандылық тәрбиесi бүгiнгi таңда қоғам
қажеттiлiгiнен туындап, өзектi мәселелердiң құрамына енуде.
Имандылық ұғымы ерте кезден бастап қолданыста болған оны көне
жазба мұраларға көз жiберту арқылы дәлелдеуге болады. Анығырақ
айтар болсақ, халқымыздың халық болып қалыптасу кезеңiнен бастау
алады. Бұл ұғым көпшiлiк түсiнiгiнде дiни ұғыммен суреттеледi. Бiра қ
имандылық ұғымы таза дiни ұғымды бiлдiрмейдi. Тұрмыстық өмiрде
иманжүздi, иманды т.б. ұғымдар пайдаланылған және әлi де
пайдалануда. Ендi жеке-жеке талдап көрсек иманжүздi деп, бойында
адамгершiлiк қасиеттер, кеңпейiлдiлiк, жанашырлық, инабаттылық,
iзеттiлiк т.б. да қасиеттерi бар адамдарды жатқызсақ, иманды адам
деп те осы қасиеттердi бойына сiңiрген және оны сенiммен ұштастыра
бiлетiн адамдар тобы жатқызылады. Бұл қасиеттердiң бiрi де таза дiни
ұғымға жатпаса керек. ßғни бұдан имандылық адам бойындағы iзгi
қасиеттердiң жиынтығы деген ой түйiндеуге болады. Бiз әрқашанда
болашақ ұрпақты өзiнiң тарихын, халқын, жерiн бiр сөзбен айтқанда
рухани құндылықтарын сүþге, қорғауға, сақтауға, бағалауға
үйретуiмiз қажет екенi дәлелдеудi керек етпейтiн қағида.
8 – Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбие әдістері,
формалары, құралары.
• Мақсаты: студенттерге қазіргі кездегі тәрбиенің формалары,
құралдары, әдістері туралы білімді игерту және олардың
мазмұнын сипаттау
• Жоспары:
• 1. Тәрбие әдістеріне түсінік
• 2. Тәрбие әдістерінің жіктемесі
• 3. Тәрбие құралдары мен формалары
• Негізгі ұғымдары: әдіс, тәрбие әдісі, тәрбие құралдары, тәрбие
формалары
1. Тәрбие әдістеріне түсінік
Педагогикалық процестегі тәрбиенің қозғаушы күші ретінде формалар мен
әдістердің сыныпта және сыныптан тыс уа қытта қолданылуына байланысты
өз ерекшеліктері бар.
Тәрбие әдістері, әсіресе ынталандыру әдістері, сыныптан тыс ж ұмыспен қоса
оқу-танымдық іс-әрекетті үйымдастыруда да ке ңінен қолданылады ( әрт үрлі
мадақтаулар, жарыстар). Олар оқушыларды ң танымды қ тілек- қалаулары мен
қажеттіліктерінің дамуына әсер етеді. Т әрбие әдістері мен т әсілдері әрдайым
бірін-бірі алмастырып отырады: кей жағдайларда әдіс т әсілге айналады.
Тәрбие әдістері дегеніміз, тәрбие мақсатына және нәтиже алу ға жетуге
байланысы қолданылатын тәсілдер. Мақсатқа әртүрлі жолмен жетуге болады.
Тәрбиенің нә
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz