ӘЛЕМ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ЭВОЛЮЦИЯСЫ




Презентация қосу
Галактика, Біздің
галактика

ӘЛЕМ ҚҰРЫЛЫСЫ
МЕН ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Құ с жолы – Бізді ң галактика.
Ж ұ лдыздар жина қтары мен
галактикада ғ ы ж ұлдыздар
қ оз ғ алысы.Ж ұ лдызаралы қ тоза ң
мен газ.Аспан сферасында ғы К үн
қ оз ғ алысы. Мегагалактика ж әне
оны ң ұ л ғ аюы.
Үй
І топқа:
тапсырмас
•Күн жүйесіндегі планеталар саны
ы:
•Космогония дегеніміз не?
•Грек сөзінен шыққан «жұлдыз тәрізді» деген
мағынаны білдіретін кіші планеталар
•Айнымалы жұлдыздар дегеніміз не?
•Жұлдыздардың түсі неге тәуелді?
ІІ топқа:
•Барлық шоқжұлдыздар саны
•Космонавтика дегеніміз не?
•Грек сөзінен шыққан «құйрықты
жұлдыз» деген мағынаны
білдіретін аспан денесі?
•Цефеидтер дегеніміз не?
•Қара құрдым дегеніміз не?
ІІІ
топқа
:
•Зодиак жұлдыздарының саны?
•Астрофизика дегеніміз не?
•Өте жарық метеорлар
•Асқын жұлдыздар дегеніміз не?
•Телескоп деген не?
Галактика – жұлдыздар мен жұлдыздардың
шоғырлануы, жұлдызаралық газдар мен тозаңнан және
түнек материясынан құралған алып, гравитациялық-
байланысқан жүйе.
Галактика түрлері. Өткен ғасырдың 20-
жылдары Э.Хаббл галактикаларды пішіні бойынша үш
топқа бөлген.
Жұлдыздары спираль бойымен орналасқан
спиральдық галактикалар;
Эллипсоид пішіндес эллипистік галактикалар;
Белгілі бір пішіні жоқ бұрыс галактикалар.
Біздің галактика спиральдық галактикалар
қатарына жатады.
Галактикалардың барлығы да қозғалыс үстінде
дамиды, өзгереді, өшеді, қайтадан пайда болады.
Қазіргі ғаламат Әлем тығыздығы шексіз үлкен, ал
көлемі шексіз кіші нүктедей ғана.Шамамен жүз
жыл бұрын біздің галактика әлемдегі жалғыз дене
деп есептелді және барлық көрінетін тұмандықтар
біздің галактикаға жатады деп саналады. Бұл оларға
дейінгі қашықтықтарды анықтаудың
қиындықтарына байланысты болды. Қазір
ғарыштағы 20 галактиканың жергілікті шоғырын
және басқа 10 млрд-қа жуық галактиканы білеміз.
Олар топтасып орналасқан және ең сезімтал
құралдардың көмегімен анықтайтын қашыктықта
жан-жаққа таралып, бір-бірінен алшақтап барады.
Оңтүстік жарты шардың түнгі аспанынан бізге ең жақын
"Магеллан бұлттарын" бақылай аламыз. Зер салып қарағанда
бұлт "толқып" тұрған тәрізді.Астрономдар оның толкуын
біздің галактикаға жакын орналасуымен түсіндіреді. Бір кездері
"Магеллан бұлттары" біздің галактикамен соқтығысқан
секілді. "Магеллан бұлттары" Құс жолынан көп кіші. Олар
біздің Галактиканың серігі. Миллиардтаған жылдардан кейін
олардың тағы да бір-біріне жақындауы мүмкін."Магеллан
бұлтынан" сәл әріректе "Андромеда" галактикасы бар. XX
ғасырдың басында оған дейінгі қашықтық анықталып, ол 2 млн
жарық жылына тең болды.
Біздің Галактика, "Магеллан бұлттары", "Андромеда"
жәнө"Үшбұрыш" галактикалары мен бірнеше ергежейлі
эллипстік галактикалар Жергілікті галактикалар тобын
құрайды.
Біздің галактика тәрізді миллиондаған галактикалар бар.
Сыртқы пішініне қарай астрономдар
галактикаларды бірнеше түрге топтайды. Эллипстік
галактикаларды 10 түрге бөліп, мынадай белгілеулер
енгізді: Е0 (сфералық), E10 (қатты майысып, екі
бүйірінен жаншылған, пішіні, құймақ нанға ұқсайды).
Спиральді галактикаларды сыртқы түріне қарай екі
түрге бөлді: жалғастырғышы бар (белгіленуі Sb), жоқ
(белгіленуі S) және ядроларының өлшеміне қарай үш
түрге
•'Sa (ең ірі ядро),
•Sb (орташа ядро),
•Sc (кіші ядро), сол сияқты Sba, Sbb, Sbc деп
бөлінеді. Барлык бұрыс галактикалар бір белгімен 'ir
деп белгіленді.
Құс жолы (немесе бас әріппен Галактика) — құрамына Күн
жүйесі және көптеген жұлдыздар енетін алып аумақты спиральді
галактика. Ол шамамен екі жүз миллиард жұлдыздан, сондай-ақ
жұлдыз шоғыры мен тобынан, газ бен тозаң тұмандықтарынан және
жұлдызаралық кеңістікке таралған жеке атомдар мен
түйіршіктерден құралған. Бұлардың үлкен бөлігінің пішіні линза
тәріздес, оның көлденеңі шамамен 30 кпк, ал қалыңдығы 4 кпк. Кіші
бөлігінің пішіні сфера тәріздес, оның радиусы шамамен 15000 пк.
Құс жолы галактикасының барлық құраушылары кіші симметрия
осінен айналатын, бірыңғай динамикалық жүйе болып байланысқан.
Жердегі бақылаушыға аспандағы мыңдаған жеке жұлдыздар
Құс жолы тәрізді көрінеді. Осыған байланысты біздің галактика Құс
жолы жүйесі деп те аталады. Құрамына Күн енетін галактиканы
басқа галактикалардан ажырату үшін, оны кейде «біздің
галактика» деп те атайды. Кейде Галактика (бас әріппен) деп те
жазылады.
Галактикадағы жұлдыздар қозғалысы. Біздің Галактикада 1
миллиардқа жақын жұлдыздар бар. Ол диск терізді болады.
Галактиканың қалындығы 25 кпс жақын, ал диаметрі он
шақты есе үлкен болады. Біздің Күн Галактика ортасынан оның
радиусының 2/3 бөлігінде орналасқан. Галактика ортасына
жақындай бергенде жұлдыздар орналасуының тығыздығы өсе
береді. Галактика ортасына жақын облыста жұлдыздардың
саны шұғыл өседі. Бұл облысты Галактика ядросы деп атайды.
Кейбір астрономдар бұл облыста үлкен Қара құрдым да болу
мүмкін деп есептейді.
Галактикадағы жұлдыздар әр түрлі бағыттар бойынша
қозғалу мүмкін, бірақ барлығы Галактиканың айналуына
қатысады. Бұл айналудың бірнеше ерекшеліктері болады.
Біріншіден, Галактика ортасынан алшақтай берсек, айналудың
бұрыштық жылдамдығы азая береді. Екіншіден, айналудың
сызықты жылдамдығы алдымен ортасынан алшақтай бергенде
өсі береді, Күннің қашықтығында ол 240 км/с максимал мәнге
жетеді, одан әрі ақырындап азая береді.
Жұлдыздардың жинақтары
Жұлдыздар Галактикада біртексіз таралған. Олардың таралу тығыздығы орта
жазықтыққа жақындағанда және ортасына жақындағанда өседі. Онымен бірге
жұлдыздар жұлдыздардың жинақтары деп аталатын өзара динамикалық
байланысы болатын жұлдыздардың топтарын түзеді. Сыртқы түрі бойынша
жұлдыз жинақтары екіге бөлінеді: шашыраған жинақтар және шар тәрізді
жинақтар.
Шашыраған жұлдыз жинақтарындағы жұлдыздардың саны бірнеше
жүзден аспайды және өлшемдері 2-ден 20 пс дейін болады. Бізді ң Галактикада ғы
бірінше оң мың шашыраған жұлдыздар жинақтары болу мүмкін.
Шар тәрізді жұлдыздар жинақтарында жұлдыздар саны жүздеген
мыңдарға жетуге мүмкін және олар тығыз орналасқан, себебі олардың диаметрі
орташа алғанда 40 пс жұық болады.
Жұлдыздар пайда болуы
Жұлдыздардың пайда болуына екі пікір бар. Көп зерттеушілер жұлдыздар
олардың арасындағы диффузиялық ортадан пайда болады деп есептейді. Егер газ
және тозанмен толтырылған облыста диффузиялық материяның массасы
анықталған кризистік мәннен асып көтсе, бұл көлімдегі материя гравитациялық
күштер әсерінен қысыла бастайды. Мұндай жағдай кездейсөқ флуктуациялар
нәтижесінде пайда болу мүмкін.
Кейбір ғалымдар басқаша ойлайды. Олар жұлдыздар табиғаты белгісіз ты ғыз
денелердің кеңею нәтижесінде пайда болады деп есептейді.
Жұлдызаралық тозаң және газ
Жұлдызаралық орта – біздің Галактика мен басқа
Галактикалардың құрамындағы жұлдыздар арасындағы
кеңістікті толтыратын сиретілген зат, жұлдызаралық газ
және тозаң бөлшектері. Жұлдызаралық ортаның құрамына
бұлардан басқа, ғарыштық сәулелер, жұлдызаралық магнит өрісі
сондай-ақ әр түрлі ұзындықтағы электрмагниттік сәулелер де
енеді. Жұлдызаралық ортаның болатындығы туралы
қорытындыны алғаш рет орыс астрономы В.Я. Струве (1793 –
1864) жасаған (1847). Бірақ оның болатындығы 20 ғасырдың 30-
жылдары дәлелденді (америкалық астроном Р.Трамплер, орыс
астрономы, Б.А. Воронцов-Вельяминов).Жұлдызаралық газ
бейтарап және иондалған атомдар мен молекулалардан құралған.
Оның негізгі массасын сутек (шамамен 90% пен гелий (шамамен
10%), сондай-ақ оттек, көміртек, неон және азот (әрқайсысы
шамамен 0,01%) атомдары құрайды.
Жұлдызаралық газ бен тозаң галактика
жазықтығында өте күшті жинақталып, жұлдызаралық
бұлтты түзеді. Біздің Галактикадағы жұлдызаралық
бұлттың диаметрі 5 – 40 пк, темп-расы 20 – 100К.
Ғарыштық сәулелерді құрайтын бөлшектердің
энергиясы 106 – 1020 эВ. Жұлдызаралық магнит
өрісінің кернеулігі Жердің магнит өрісінің
кернеулігімен салыстырғанда 105 есе аз, бірақ оның
энергиясы ғарыштық сәулелердің энергиясымен
шамалас. Галактикалардағы Жұлдызаралық орта мен
жұлдыздар арасында үнемі зат алмасу процесі жүріп
отырады. Жұлдыздардың түзілуі кезінде
Жұлдызаралық орта негізгі материал болып
есептеледі. Сондықтан Жұлдызаралық ортаны зерттеу
арқылы жұлдыздардың пайда болу механизмі
айқындалады.
Аспан сферасындағы Күн қозғалысы.

Күнді бақылай келе, ғалымдар ерте кезден-ақ
оның жұлдыздар арасында қозғала отырып, бір
жылда аспан сферасының үлкен дөңгелегі бойымен бір
айналым жасайтынын байқаған. Бұл үлкен дөңгелекті
ежелгі гректер эклиптика деп атаған. Ол әлі күнге
дейін астрономияда осы атауын сақтап келеді.
Эклиптика зодиак шоқжулдыздары (гр. зодиакос
куклос - жан-жануарлар дөңгелегі) деп аталатын
12 шоқжұлдыз арқылы өтеді. Олардың саны бір жыл
ішіндегі айлар санына сәйкес келеді, ал осы
шоқжұлдыздардың жиыны 'зодиак белдеуі деп
аталады.
Ерте кезде Күннің жұлдыздар арасындағы көзге түсерлік қозғалысы Күн
бекітілген аспан сферасының жұлдыздар бекітілген сфераға қатысты
қозғалысынан болады-мыс деп түсіндірілді. Алайда мұндай түсіндіру сол
кездегі кейбір философтарды канағаттандырмады. Мәселен,
атақты Пифагордың (б.з.б. V I - V F F . ) оқушылары Күннін жұлдыздар
арасындағы көзге түсерлік қозғалысы Жердің қозғалуы салдарынан болады
деген болжам айтты. Бірақ бұл болжамды (Жердің өз осінен айналатыны
сиякты) ғалымдар құптамады, ал шіркеу оған мүлдем қарсы болды. Сөйтіп,
мың жылдан астам уақыт бойы, Н. Коперникке дейін, ешкім Жердің
қозғалатыны жайында сөз етпеді. Қазіргі кезде Жер өз осін айнала тәуліктік
қозғалыс жасап қана коймай, сонымен қатар Күнді айнала, орбита бойымен
бір жыл ішінде толық бір айналым жасап қозғалатыны туралы толықтай
сенімді дәлелдемелер бар. Сонымен, шын мәнінде, Күннің эклиптика
бойымен жылдық қозғалысы жалған көрініс болып табылады. Ол біз Күнді
бақылаған кезде санақ денесі ретінде тіпті де тыныштықта болмайтын, яғни
өзі де Күнді айнала қозғалатын, Жерді таңдап алғанымыздың салдарынан
болады. Күннің бетінде көптеген коңыр дактар болатыны белгілі. Мінеки,
осы дақтардың өзара орналасуын бақылай отырып, ғалымдар олардың
Күннің шығыс шетінен батыс шетіне қарай ығысатынын анықтаған. Бұдан
шығатын қорытынды: Күн өзінің маңайындағы планеталардың қозғалыс
бағытымен өз осін айнала қозғалады.
Метагалактика және оның ұлғаюы.
Ғаламның қазіргі заманғы астрономиялық бақылаулар тәсілімен қамтылған
бөлігін Метагалактика - деп атайды. Метагалактикада галактикалар аралығы
ғарыш сәулелері өтіп жататын өте сиретілген галактикааралық газдармен
толтырылған, онда гравитациялық және электрмагниттік өрістер, сол сияқты
көрінбейтін зат массалары болуы мүмкін.
Өте шалғайдағы Метагалактикалық, объектілерден жарық бізге миллиардтаған
жыл жүріп жегеді. Сонда да Метагалактиканы «бүкіл Ғаламмен» теңдестірудің
негізі жоқ. Негізінде басқа, әзір бізге белгісіз метагалактикалар бар болуы мүмкін.
Сонымен, біз ұлғаюшы Метагалактикада өмір сүреміз. Бұл құбылыстың өзінше
ерекшеліктері бар. Мысалы, біздің Күн жүйемізге, жұлдыздардың еселі топтарына
немесе тіпті жеке галактикаларға ұқсас жүйелер Метагалактика ұлғаюына
қатыспайды. Демек, Метагалактиканың ұлғаюы тек шоғырлар және
галактикалардың аса шоғырлары, яғни құраушылары галактикалар болатын
жүйелер деңгейінде ғана байқалады.
Метагалакьтканы бүкіл Ғаламмен тең қойып, Метагалактиканың ұлғаюы
Ғаламды табиғаттан тыс, құдай жаратқан деген діни ұғымды дәлелдейді деп
түсіндірмек болады. Бірақ Ғаламда өткен заманда бақыланған үлғаюға себеп
боларлық табиғи процестер белгілі. Ең ықтимал процесс бұл қопарылыстар.
Олардың ауқымы галактикалардың кейбір түрлерін оқыған кезде бізді таңдандырған
болатын. Былайша пайымдауға болады: Метагалактиканың ұлғаюы да орасан зор
температурасы мен тығыздығы бар заттың керемет қопарылысын елестететін
құбылыстан басталған.
«Ыстық Ғалам» гипотезасы. Астрофизиктердің есептеулері
ұлғаю бастала салысымен Метагалактика заты өте жоғары
температурада болып және оның құрамында элементар
бөлшектер (мысалы, нуклондар) мен олардың антибөлшектері
болғанын көрсетеді. Ұлғаю барысында заттың тек
температурасы мен тығыздығы ғана өзгеріп қоймай, сонымен
қатар оған кіретін бөлшектер құрамы да өзгерген, себебі
көпшілік бөлшектер мен антибөлшектер аннигиляцияланып
электрмагнит сәуле шығару кванттарын тудырған. Осы
заманғы Метагалактикада кванттар жұлдыздарды,
ғаламшарларды және диффузиялық материяны құрайтын
атомдардан анағұрлым көп болып шықты. «Ыстық Ғалам» деп
жиі аталатын осы гипотеза бойынша аса тығыз заттың су
тығыздығына жақын затқа айналуына бірнеше минуг қана
жеткілікті. Бірнеше сағаттан соң тығыздық біздің ауамыздың
тығыздығымен салыстырарлықтай болса, қазір миллиардтаған
жылдар өткен соң Метагалактиканың орташа тығыздығын
бағалау 10-28 кг/м3 -дей мәнді көрсетеді.
КӨКПАР ОЙЫНЫ
Әр топқа сұрақтар беріледі. Сұрақтар
саны шектеулі.Дұрыс жауап берген топқа
лақ беріледі. Келесі сұраққа дұрыс жауап
бермесе, лақ жауап берген басқа топқа
беріліп отырады.оңында лақты жеңіп
алған топқа +5 балл қосылады.
АҢШЫЛАР ОЙЫНЫ
Әр топтан 1 оқушы тақтаға шығады.
Олар аңшылар болады. Ал қалған
оқушылар үйректер болады. Ойын шарты
бойынша үйректер аңшыларға сұрақтар
қояды.Көп сұраққа жауап берген аңшы
бағаланады және оның тобына +5 балл
қосылады.
Адасқан әріптер ойыны
ЛКТААКИГА
ДЫЖЛҰЗҒШОРЫЫ
ГГЛАИККТАМАЕА
ҢОАЗТ
ЫЖҰҚСЛО
Сергіту сәті
Оқушыларға түрлі-түсті
қағаздар таратылады.
(қалаған түстерін
таңдайды)
Қызыл- Сары-жылу
белсенділік пен
мен жарықтың
өмірлік күш-
қуаттың түсі.
түсі. Сары түс
Бұл түсті батыл, белсенді, өте
табанды, ерік- көпшіл,
жігерлі адамдар достыққа берік,
ұнатады. еркіндікке
Олар алдынан талпынған
кездескен қандай
адамдар.
кедергіден де
қорықпайды.
Жасыл – Көк түсті
тыныштық пен
ұнататындар –
тұрақтылықтың
түсі. Жұмысқа адамдар
беріле кірісіп, арасындағы
барлық күш жақсы қарым-
жігерін қатынасты ең
жұмсайды. жоғары
Айналасындағыл бағалайды. Олар
арға құрметпен
зұлымдықты,
қарайды.
сатқындықты
ұнатпайтын ақ
тілекті жандар.
Қара түс –
Ақ –
ұстамдылықтың
шаттықтың түсі.
белгісі. Бұл түсті
Ақ түсті
ұнататын адамдар
ұнататындар өте
сыр мінез келеді,
әсершіл және
сезімін сыртқа
қызба келеді, тез
шығара бермейді.
еліктегіш, өзінің
Олар көзге түскенді,
ықпалына жеңіл
көпшіліктің қалың
беріледі.
назарында
болғанды
ұнатпайды.

Ұқсас жұмыстар
Жаңа дәуірдегі ұлттық мемлекет пен ұлттық идея эволюциясы
Ноосфераның пайда болуы мен дамуы
Жердің ішкі құрылымы
Бірінші жұлдыздардың пайда болуы
Алып планеталар
Биологиялық эволюция - қайтымсыз әрекет
Адамның шығу тегі туралы көзқарастар
Жүйелеу Адамның Жүйелеу себептері қатары жүйелеу қатары
Мәдениет туралы түсініктердің тарихи эволюциясы
ДІНДІ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАЙЫРЛЫ ТӘСІЛДЕРІ
Пәндер