ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ДИДАКТИКАСЫ


Slide 1

Жоғары мектеп дидактикасы

Slide 2

1. Дидактика туралы ұғым.

Дидактика - бұл ежелгі грек сөзі, яғни - үйретуші мұғалім деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.

Дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын, оқыту принциптерін, оқытуды ұйымдастыру әдістерін және формаларын қарастырады. Дидактиканың негізінде жеке пәндерді оқыту ерекшеліктері те зерттелген.

Дидактиканың ғылыми негізін салған чех педагогы Ян Амос Каменский (1592-1670) . Оның «Великая дидактика» кітабының (1632) оқытудың мақсаты, әдістері мен принциптері және сынып сабақ жүйесі баяндалған.

XVII ғ. швейцар педагогы Иоганм Генрих Песталюци (І746-1827) дамытып оқыту приициптерінің жүйесін дәлелдеді, бастауыш білім беру әдістерінін, негізін жасады.

XIX ғ. неміс псдагогы Фридрих Вильгельм Адольф Дистервек (1790 -1966) дамытып оқыту дидактикасын баяндады. Оқыту процесінде әр түрлі ережелерді қолдана білуді атап көрсетті: көрнектілік, еліктіргштік, жігерлілік, оқушылардың дербес ерекшеліктерін есксру, жағынан қашыққа, оңайдан күрделіліке кошу т. б.

К. Д. Ушинский Ресейде орыс дидактикасының дамуына игі әсерін тигізді, ал кеңес өкіметі жылдарында Н. К. Крупска П. П. Блонский, С. Т. Шацкий т. б. үлкен үлес қосты.

Белгілі педагог ғалымдардың Б. П. Есипов, М. А. Данилов Л. В. Заикин, М. Н. Скаткин т. б. оқыту мәселелері жөнінде еңбектері жарияланды. Олар оқыту принциптерінің жүйесін, оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен формаларын дәлелдеді

Slide 3

Педагогика ғылымының «Дидактика» саласында белгілі қазақ педагог ғалымдары, ағарту ісінің кайраткерлері Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабасв, Ахмет Байтұрсынов, Мыржақып Дулатов Жүсіпбек Аймауытов, Шарапи Әльжанов т. б. ол уақыттарында шығармашылықпен еңбектесіп, бір сыпыра үлестерін косты.

Қазақстан ұлы педагогы Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) қазак балаларын оқыту, оларға білім беру жайлы оқыту әдістері мен тәсілдерін зерттеді. Оның ғылыми-әдістемелік анықтамасы бойынша оқыту әдістері бұл балалардың сабаққа, ғылымға, өздігімен білім алуға ынталарын арттыратын, сөзімін оятатын жол.

Ы. Алтынсарин бірнеше оқу құралдарының, солардың ішінде рус тілін қазақтарға үйрету туралы бастауыш құрал кітабының, мектептер үшін оқу жоспарларының, оку пәндер бағдарламалары авторы. Осы оқулықтар мен оқу құжаттарын мектептерге тиымды қолдануды ұйымдастырған алғашқы қазақ педагогы.

Мағжан Жұмабаев ұлы ақын, ағартушы, қысқа өмірінің көбін ұстаздықпен өткерген, жастарды қалай оқытып, өмірге дайындаудың жолын қадала зерттеген педагог. Оның «Педагогика» кітабы ең алғашқы рет 1922 жылы Қызылжар қаласында, одан кейін 1923 жылы Тошкент қаласында («Түркістан баспасоз махкамасы») шығарылды. Мағжан осы кітабында «Дидактика» және әдістеме мәселелерін оқыту мен білім берудің негізі деп карастырған. Оның 1917-1918 жылдары Омбы қаласында курста қазак балаларына, 1919-жылдары Орынборда мұғалімдер курсында, 1928 жылы Бурабйдағы арнайы орта мектепте оқыған дәрістері оқыту процесін жақсартудың негізі болса, ал екіншіден, Мағжан Жұмабаевтың шығармашылық іздену жұмысына ежелгі грек философтары Сокаттың, Аристотельдің, сол кездің атақты педагог психологтары С. Л. Рубинштейннің (1889-1960), А. А. Смирновтың (1894-1975), т. б. ғалымдардың еңбектері игі әсер етті.

Жоғарыда айтылған ғалым-педагогтардың дидактикаға байланысты ой-пікірлері, олардың еңбектерінде қарастырылған.

Slide 4

Шетел, Ресей, Қазақстан педагог-ғалымдарының еңбектері практикалық проблемаларды шешудің сонымен бірге кейбір нақты сұрақтардың жауабын анықтаудың негізі. Мәселен. нені оқыту керек, қалай оқыту керек, не үшін оқыту керек деген дидактика сұрақтарына қазіргі заман талаптарына сәйкес жауап берілуі тиіс. Мысалы: Нені оқыту керек? Оқушыларды кең білім шеңберімен қаруландыру, олардың бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру керек.

Қалай оқыту керек? Тұтас педагогикалық процесте оқыту мен тәрбиенің казіргі кездегі әдістерін тиімді пайдалану. Ол үшін оқыту әдістерін, формаларын жетілдіру және дәлелдеу керек.

Не үшін оқыту керек? Қоғамдық өмірдің барлық саласында оқушьшарды белсенді қатысуға даярлау. Ол үшін мектепте оқытудың мақсатын міндеттерін, принциптері мен заңдылықтарын дәлелдеу және жүзеге асыру.

Дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқьггу, сабақ беру, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі жәнс оның компоненттері, міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі.

Дидактика коптеген проблсмаларды зерітейді. Солардың інінде жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, үздіксіз халыққа білім беру жүйесі. Бұл жерде оқыту тұжырымдамасына сәйкес кейбір көкейтесті мәселелер қарастырылады,

Жалпы және кәсіптік білім беру мазмұнын, оқу жоспарын, бағдарламаларды, оқу құралдарын жетілдіру, жаңарту.

Әрбір пән бойынша сабак берудің сапасын арттыру.

Политехникалық білім, еңбек тәрбиемен оқыту, косіптік бағдар беру.

Жалпы білім беру мазмұнын ізгілендіру және гуманитарландыру.

Slide 5

Жалпы және кәсіптік білім берудің мақсаты - жастарды жан жақты дамытып, өмірге, еңбек іс-әрекетіне жәнс кәсіптік орта жоғары оқу орындарына түсуге даярлау.


Ұқсас жұмыстар
Жоғары мектеп педагогикасы кәсіби мамандарды даярлау туралы ғылым
Жоғары мектеп педагогикасы
Математиканы оқытудың пәні. Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі
ЕРТЕ ОҚЫТУ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Балалар психологиясының даму тарихы,теориялар туралы негізгі түсініктер
Жоғары мектеп педагогикасының мақсаты
Жоғары мектеп педагогикасының қызметтері
Педагогика ғылымның әдіснамасы
Жоғары мектеп педагогикасының жалпы негіздері
Кәсіптік білім беру мақсаттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz