Заманауи білім беру


Slide 1

Заманауи білім беру

Slide 2

Білім берудің тарихы қоғам дамуының белгілі бір нақты кезеңімен сабақтасып жататыны белгілі. Себебі, білім берудің мақсаты мен міндеттері қоғамның сұранысымен айқындалады және де қоғам дамуының барысы білім берудің жай-күйінен де байқалады. Осы ретте білім беру мекемелерін оңтайландырудың тиімді жолдарына тоқталғанды жөн санап отырмын.

Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақ-стан-2050» Стратегиясындағы біз, яғни білім беру қызметкерлері басты негізге алатын мәселе - Қазақстандағы білім беру жүйесіне енгізілуі тиіс басымдық-тар мен жаңалықтар. Яғни, біз білім және кәсіби машықтың заманауи білім беру жүйесінің кадр даярлау мен қайта даярлаудағы негізгі бағдары екендігін өзіміздің әріптестеріміз бен білім алушы жаңа буын жастарға терең түсіндіре отырып, оларға жаңа серпілістерді ұғындыруымыз қажет.

Slide 3

Білім және ғылым министрлігінде еліміздің жоғары оқу орындарын оңтай-ландыру мәселесі бойынша көптеген мәселелер көтеріліп, кеңейтілген мәжі-лістер өткізілді. 1991 жылы елімізде 55 жоғары оқу орны болған екен. Тәуел-сіздіктің алғашқы онжылдығында жеке сектор қарқынды дамып, 2001 жылы еліміздегі жоғары оқу орындарының саны 182-ге жеткен. Осылайша, бәсе-келестік орта қалыптасты, ал, өтпелі экономика жағдайында жоғары оқу орындарында жастардың көбеюі олар-дың жұмыспен қамтылу мәселесін реттеуге себеп болды. Алайда, бүгінгі таңда Қазақстанда жоғары білімді мамандарды даярлауда олардың саны мен сапасына қатысты елеулі айыр-машылықтар орын алып отыр. Көпте-ген жоғары оқу орындарында студент-тердің білім сапасы төмен, материал-дық-техникалық базасы және ғылыми әлеуеті әлсіз. Сондықтан да Білім және ғылым министрі Б. Жұмағұлов оңтай-ландырудың басты мақсаты - мықты және бәсекеге қабілетті мемлекеттік те, жекеменшік те жоғары оқу орын-дары тең деңгейде көрініс табатын жоғары оқу орындар жүйесін қалыптас-тыру екенін атап өтті.

Slide 4

Қазақстан 2050 Стратегиясы

Slide 5

Осы айқындалған тапсырмаларды басшылыққа ала отырып, облысымыз-дың іргелі үш оқу орны оңтайландыру жұмыстарына кірісіп те кетті. Нәтиже-сінде Таразда 2013 жылдың 4 науры-зында жекеменшік нысанындағы Тараз техникалық институты, Тараз иннова-циялық-гуманитарлық университеті, Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті бір ЖОО-ға бірігіп, Тараз аймақтық-корпоративтік университеті деген атауға ие болды.

«Он бес жыл бұрын, «Қазақстан-2030» Стратегиясы қабылданғанда біздің жаңа мемлекетімізде дүниеге келген қазақстандықтардың жаңа буыны енді ғана мектепке баруға даяр-ланып жатты. Бүгінде олар еңбек етуде немесе жоғары оқу орындарын аяқтау-да. Енді екі-үш жылдан соң Тәуелсіздіктің екінші буыны дүниеге келе бастайды. Сондықтан, қазірдің өзінде оларға дұрыс бағдар нұсқау туралы ойланғанның маңызы зор», деген Елбасы мемлекет болашағын экономикадағы келешегі зор салаларды дамытып, мәдени-рухани тың серпілістер жасаумен байланыс-тырды.

Slide 6

Елбасы Жолдауында әсіресе, бәсе-кеге қабілетті білім беру, саналы ұрпақ тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінген. «Бізге мемлекеттің келешегі, болашақ дамуы үшін не керек?» деген сұрақ төңірегінде игілікті істер атқару қажет-тілігі айтылды. Елбасының дәстүрлі Жолдауларында әсіресе жоғары оқу орындарында инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану, бәсекеге қабілетті білім беруге баса назар аудару қажеттілігіне басымдық беріліп келеді. Осы тұрғыдан алғанда, біздің Тараз инновациялық-гуманитарлық универ-ситетінің оқытушы-профессорлық құрамы да Жолдаудың білімге қатысты салаларына ерекше ден қойып, тың серпілістер жолында жұмыстар атқаруда. Қазіргі жаһандану дәуірі мен жастардың заманауи тұрғыдан қалып-тасуында білім алу формасына ерекше ден қою қажеттігі Елбасы Жолдауында айқын көрсетілген. Қазақстан Республи-касының бәсекеге қабілетті мемлекет болуы үшін негізгі алғышарт сауаттылы-ғы жоғары елге айналу. Білім мен ғы-лымның шарықтау заманында өмір сүріп отырған біздер үшін жастардың сауаттылығына инновациялық және ақпараттық-электрондық тұрғыдан білім бере отырып, ерекше ден қою қажет. Кәсіби-техникалық және жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономи-каның мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеу-ге бағдар ұстауы керек. Бұл халықты еңбекпен қамту мәселесін шешуге де ықпал ететіні даусыз.

Slide 7

Жоғары оқу орындары білім беру қызметімен шектеліп қалмауы тиіс. Біз қолданбалы және ғылыми-зерттеу бөлімшелерін құруымыз және дамы-туымыз қажет. Ең бастысы биылғы Жолдауда отандық ғалымдарға жағдай жасау мәселесінің қозғалуы ғылыми ізденушілерге жаңа серпіліс сыйлап, біршама қуантқаны да жасырын емес. Қазақстанда инновациялық жүйені нығайту үшін ғылыми зерттеулерді мемлекет есебінен қаржыландырып, ғылымды дамытудың жүйелік мем-лекеттік негізін жолға қою қажеттілігі ай-тылды. Отандық ғылымға ерекше жағ-дай жасау арқылы отандық өндірісті дамыту жүйесінің басты бағыттары айқындалды.

Жолдаудың осы басымдығына сәйкес біздің университет ғалымдары облысымыздың экономикасын да-мытуға өз үлесін қосып келеді. Мәселен, «Облыс аймағындағы 105 көл мен көлшіктердегі балық шаруашылығын да-мыту» мақсатында жарияланған тен-дерді үш жыл қатарынан біздің биолог-ғалымдарымыз ұтып алып, осы маман-дықта білім алып жатқан студенттердің қатысуымен 20 миллион теңгеден астам соманың зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, 6 ғылыми бағыттағы гранттық жұмыстар КазГОСИНТИ-де тіркеліп, атқарылуда. Нәтижесінде тек 2012 жылы 8 патент (соңғы 3 жылда 28) алынып, 471 ғылыми мақала, оның 58-і шетел баспаларында (6 Импакт-фактор көрсеткішті басылы-мдарда) жарияланды. Ғалымдарымыз 3 монография, 14 оқулық, 11 оқу құралы, ЖОО қауымдастығының тақырыптық жоспарына енген 36 базалық оқулық даярлады.

Slide 8

Университет профессоры, т. ғ. д. С. Баубеков республикалық «Ин-новациялық форсаж-2012» конкурсына қатысып, жеңімпаз атанып, дипломмен марапатталды. Университетте Ұлы-британия, Германия, Жапония, Қытай, Түркияның және ТМД елдерінің жоғары оқу орындарымен тығыз қарым-қатынас орнатылған. 2012-2013 оқу жылында Қытай Халық Республика-сының Іле педагогикалық университе-тінде «Шет тілі: екі шет тілі» мамандық студенттері академиялық ұтқырлық негізінде дәріс алып, біліктілігі жайында сертификатқа ие болды. Сонымен қатар, университеттің профессор-оқытушы-лар құрамын шет мемлекеттердің ЖОО-да біліктілігін көтеріп, тәжірибе алмасу дәстүрге айналған.

Университет 2010 жылы кәсіптік қызметі мен жетістіктері үшін Францияның Канны қаласындағы Халықаралық Іскер Кеңесі мен Женевада орналасқан «Бизнес және басқару» INSAM институты Қорының шешімімен жоғары деңгейдегі іс-тәжірибелері мен жетістіктері үшін «Европалық грант» номинациясы бойынша арнаулы сыйлықты иеленді.


Ұқсас жұмыстар
ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДІҢ МӘНІ
Академиялық ұтқырлық - заманауи білім
Білім беру жүйесіндегі өзгерістерге негізделген әлемдік дамудың негізгі үрдістері қоғам дамуының қарқындылығы
ТАБЫСТЫ МЕКТЕП ҚАҒИДАЛАРЫ
АУЫЛ МЕКТЕБІНДЕГІ САПАЛЫ БІЛІМГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
Адаптивті оқытудың заманауи зерттеулері
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ БАКАЛАВРИАТ
ҚР білім беру нарығы заңдылықтар мен тенденциялар
АКТ және ЦБР топтамалары
Заманауи сабақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz