ПОЗИТИВИЗМ
Презентация қосу
ПОЗИТИВИЗМ
Позитивизм (франц. posіtіvіsme — оңды, дұрыс,
нақтылы) — нағыз ақиқат ғылымның жеке салаларында
ғана пайда болып, қалыптасатын, философиялық
зерттеулердің ешқандай танымдық құны жоқ деген
тезиске сүйенетінфилософиялық бағыт.
Позитивизм 19 ғасырдың 30-жылдарында
қалыптасты. Позитивизм негізін салған француз
ойшылы О.Конт. Позитивизмнің алғашқы өкілдері:
Э.Литтре, Г.Н. Вырубов, П.Лаффит, И.Тэн, Дж.С.
Милль, Г.Спенсер болды. Позитивизм жаратылыстану
және қоғамдық ғылымдардың методологиясына елеулі
ықпал етті. Позитивизмнің кейінгі дамуы барысында
махизм, неопозитивизм, аналитикалық философия
қалыптасты.
Огюст Конт философиясы құбылыстардың мәніне
тереңдеу емес, олардың арасындағы байланыстарға көңіл
бөлген. Конт концепциясында білімдердің методологиялық
бірлігін, яғни физиканың, астрономияның әдістерін
қоғамдық өмір құбылыстарына пайдалану керектігін басты
міндет деп санайды. Білімнің жалғыз бастауы – тәжірибе.
Ол «метафизикалық» (философиялық) мәселелерді
ғылымға бейімдеуге болмайды, өйткені ғылым өзіне
сүйеніп дамиды. Ғылым өзіңе философия. Тек ғылым ғана
пайдалы білім береді. Философия адамның дүниетанымдық
белсенділігінің көрінісі. “Позитивті философия курсында”
Конт ғылымдардың классификациясын ұсынады. Соған
байланысты барлық ғылымдардың орналасу реттерін
келтірген: математика, астрономия, физика, химия,
биология, социология, этика және т.б.
Классикалық позитивизмнің негізгі идеялары XIX – XX
ғасырлар аралығында эмпириокритизмде (тәжірибені
сынау) – екінші позитивизмде жалғасты.
Осы бағыттың көрнекті өкілдері – австриялық физик
және философ Э. Мах, неміс философы Р. Авенариус.
Эмпириокритиктер ғылымның міндеті оқиғаның,
құбылыстың неге шыққанына емес, қалай шыққанына
жауап беру. Э. Мах ғылымның ерекшелігін, рухани өмірдің
басқа формаларынан айырмашылығын, ғылыми
түсіндіреді. Қарапайым, күнделікті өмірде қолданатын
тілдің сөздерін қоршаған нәрселермен салыстыруға
болады, ал ғылыми терминдермен олай істей алмайсын.
Күш, жылдамдық, масса ұғымдарын бізді қоршаған
нәрселермен салыстыруға болмайды. Теориялық ұғымдар
шындықты бейнелейді, олар субьектің тәжірибесімен
байланысты.
Позитивистер ғылыммен обьективті шындықтың
арасындағы байланысты мойындамайтын
болғандықтан, олардың пікірінше шындықты дәл
бейнелейтін ғылыми концепцияның болуы мүмкін
емес. Осыған байланысты, олар “ойды үнемдеу”
принципін ұсынады. Осы принцип бойынша
ғылыми танымның алғашқы материалы –
түйсіктерді қарапайым жазып шығатын теорияны
таңдау керек. Түйсіктер – дыбыс, түс, иіс, салмақ,
кеңістік, уақыт және олардың арасындағы
байланыстар нағыз шындық. Зат деп түйсіктердің
комплексін айтамыз.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz