Позитивизм жайлы




Презентация қосу
Позитивизм
Позитивизм (франц.  posіtіvіsme  —  оңды,  дұрыс, 
нақтылы)  —  нағыз  ақиқат  ғылымның  жеке 
салаларында  ғана  пайда  болып,  қалыптасатын, 
философиялық  зерттеулердің  ешқандай  танымдық 
құны  жоқ  деген  тезиске  сүйенетін  философиялық 
бағыт.  Позитивизм  19  ғасырдың  30-жылдарында 
қалыптасты.  Позитивизм  негізін  салған  француз 
ойшылы  О.Конт.  Позитивизмнің  алғашқы  өкілдері: 
Э.Литтре,  Г.Н.  Вырубов,  П.Лаффит,  И.Тэн,  Дж.С. 
Милль,  Г.Спенсер  болды.  Позитивизм  жаратылыстану 
және  қоғамдық  ғылымдардың методологиясына елеулі 
ықпал  етті.  Позитивизмнің  кейінгі  дамуы 
барысында махизм, неопозитивизм, аналитикалық 
философия қалыптасты.
Позитивизм философиясы: О.Конт, 
Г.Спенсер, Д.Ст.Милль

(1798-1857) (1820-1903) (1806-1873)
Позитивизм  –  XIX  –  XX  ғасырдың  бірінші 
жартысындағы  философиялық  бағыт. 
Позитивизмнің  алғашқы  тарихи  формасы 
дәстүрлі  метофизикаға,  яғни  болмыстың 
бастаулары  және  жалпыға  бірдей  принциптері 
туралы  философиялық  ілімге  қарсы 
бағытталған.  Осы  философияның  негізін 
салушы  және  насихаттаусышы  Огюст  Конт 
(1798-1857).
Огюст  Конт  философиясы  құбылыстардың  мәніне  тереңдеу 
емес,  олардың  арасындағы  байланыстарға  көңіл  бөлген.  Конт 
концепциясында  білімдердің  методологиялық  бірлігін,  я ғни 
физиканың,  астрономияның  әдістерін  қоғамдық  өмір 
құбылыстарына  пайдалану  керектігін  басты  міндет  деп 
санайды.  Білімнің  жалғыз  бастауы  –  тәжірибе.
   Ол «метафизикалық» (философиялық) мәселелерді  ғылым ға 
бейімдеуге  болмайды,  өйткені  ғылым  өзіне  сүйеніп  дамиды. 
Ғылым  өзіңе  философия.  Тек  ғылым  ғана  пайдалы  білім 
береді.  Философия  адамның  дүниетанымдық  белсенділігіні ң 
көрінісі. “Позитивті философия курсында” Конт ғылымдардың 
классификациясын  ұсынады.  Соған  байланысты  барлық 
ғылымдардың  орналасу  реттерін  келтірген:  математика, 
астрономия, физика, химия, биология, социология, этика және 
т.б.
Герберт  Спенсер  (1820-1903)  XIX  ғасырдың 
эволюционизмнің  ірі  өкілі.  Эволюция  құбылыстар 
әлеміндегі  жалпыға  бірдей  процесс,  заңдылық. 
Эволюция    баяу  өтетін  өзгерістер,  яғни  айқын  емес 
байланыссыз  біркелкіліктен,  айқын  байланысты 
әркелкілікке  өту  процесі.  Осы  заң  тәжірибеден 
тумайды,  оның  түп  негізі  біздің  ой-санамыздың 
табиғатында  жатыр,  сондықтан  оны  тану  мүмкін 
емес. Дүниенің құпиясы тәжірибе арқылы берілмейді. 
Ғылыми  танымда  құбылыстың  мәніне  жетпейді. 
Философия  ғылымға  жақын,  бірақ  философиядан 
метафизикалық  сауалдарды  (дүниенің,  болмыстың 
мәні,  түпнегізі)  алып  тастау  керек.
Эволюция  заңдылығын    Г.  Спенсер  биологияға, 
психологияға,  социологияға,  этикаға  қолданды: 
Қоғам  –  тірі  организм.  Қоғам  “мүшелердің”  (орган) 
үш  жүйесінен  қажетті  өнімдерді  шығарып    тұрады: 
яғни  қамтамасыз  ететін  жүйе;  еңбек  бөлімінің 
негізінде  әлеуметтік  организмнің  байланысын 
қамтамасыз  ететін  жүйе;  реттеу  жүйесі  (мемлекет). 
Организм  сияқты  қоғам  дамиды,  құрылмайды. 
Революция  организмнің  “ауруы”.
Этикада  Г.  Спенсер  утилитаризм  және  гедонизм 
(пайда  және  рахат  сезімге  бөледі)  принциптерін 
ұстанды.
    Классикалық  позитивизмнің  негізгі  идеялары  XIX  –  XX  ғасырлар 
аралығында эмпириокритизмде (тәжірибені сынау) – екінші позитивизмде 
жалғасты.  Осы  бағыттың  көрнекті  өкілдері  –  австриялық  физик  және 
философ  Э.  Мах,  неміс  философы  Р.  Авенариус.  Эмпириокритиктер 
ғылымның  міндеті  оқиғаның,  құбылыстың  неге  шыққанына  емес,  қалай 
шыққанына  жауап  беру.
    Э.  Мах  ғылымның  ерекшелігін,  рухани  өмірдің  басқа  формаларынан 
айырмашылығын,  ғылыми  түсіндіреді.  Қарапайым,  күнделікті  өмірде 
қолданатын тілдің сөздерін  қоршаған нәрселермен салыстыруға болады, ал 
ғылыми  терминдермен  олай  істей  алмайсын.  Күш,  жылдамдық,  масса 
ұғымдарын  бізді  қоршаған  нәрселермен  салыстыруға  болмайды. 
Теориялық  ұғымдар  шындықты  бейнелейді,  олар  субьектің  тәжірибесімен 
байланысты.  Тәжірибе  тар  мағынада  түйсіктердің  жиынтығы  немесе 
комплекс  ретінде  алынған.  Түйсік  объективті  дүниенің  бейнесі  емес. 
Ғылыми  терминдер  –  белгілер.  Белгі,  белгіленген  нәрсеге  ұқсас  емес. 
Осыған  байланысты,  Э.  Мах  ғылыми  терминологияларды  қайтадан  қарап 
шығып,  мағынасыз,  бос  терминдерді  ғылымнан  аластау  бағдарламасын 
ұсынады.
Позитивизмнің  үшінші  сатысы  неопозитивизмде  (жаңа 
позитивизм)  XX  ғасырдың  20  жылдарында  дамыды.  Батыста 
неопозитивизмді  кейде  аналитикалық  философия  деп  атайды. 
Неопозитивизмнің  негізін  қалаушылардың  бірі  ағылшын  логигі 
және  математик  Б.  Рассел  философияның  маңызды  мәселесі  деп 
ғылыми  білімді  субъектінің  сезімдік  тәжірибесінде  негіздеу  дейді. 
Логика  философиялық  мәселелерді  шешуге  кең  қолданған.
Неопозитивизмнің  тарихи  және  бірінші  нұсқасы  “Вена  үйірмесі” 
деп  аталатын  философтармен  байланысты.  Олар:  М.  Шлик,  Р. 
Карнап,  О.  Нейрат.  Олардың,  яғни  логикалық  позитивистердің 
ықыласы  ғылымның  тілін  логика  арқылы  талдау,  өйткені  тіл  – 
дүниені  позитивті  қабылдаудың  басты  құралы.  Білімнің 
ғылымилығы  оның  логикасынан  шығады.  Тілді  логика  арқылы 
талдау  –  мәтінді,  белгілерді,  ұғымдарды,  белгілер  жүйедегі 
байланысты,  белгілердің  семантикасын  талдау.  Біздің  білімдеріміз 
ғылыми болсын,  қарапайым болсын тіл арқылы жетеді. Философия 
сөзбен, сөйлеммен, тілмен айналысуы керек. Философияның міндеті 
ғылым  сөйлемдерінің  мазмұнын,  сөзді  пайдалану,  қолдану 
ережелерін талдау.

Ұқсас жұмыстар
ПОЗИТИВИЗМ
Европа философиясы
Персонализм бағыты
Неотомизм және персонализм бағыттары
Әлеуметтік зерттеулер
Шәкәрімнің әкесі
ФИЛОСОФИЯ БАТЫС ЕУРОПА ФИЛОСОФИЯСЫ
Неотомизмнің негізгі өкілдері
Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері
Ғылымныӊ пайда болуының негізгі кезеңдері
Пәндер