Орталық мемлекеттік ғылыми- техникалық құжаттама мұрағатының құрылуы




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«АТиСО» АКАДЕМИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

Курстық жұмыс
«Мұрағаттану» пәні бойынша
Тақырыбы: «Орталық мемлекеттік ғылыми-
техникалық құжаттама мұрағатының
құрылуы»

Орындаған: 735 топ оқушысы
Нигметова Г.Б.
Тексерген: Ихсанова А.Л
Мазмұны:
Кіріспе
І. Қазақстан
Республикасының мемлекеттік
мұрағат ұғымы

II.Қазақстан Республикасының орталық
мемлекеттік - ғылыми техникалық
құжаттама мұрағаты
2.1. Мемлекеттік сақтауға тапсырылуы тиіс
ғылыми – техникалық құжаттамалардың
тізбелерін жасау
2.2. Мұрағат қоры
ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасының Ұлттық
мұрағат ұғымы
Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат
қорының құжаттарын қалыптастыру, сақтау мен
пайдалану және Қазақстан Республикасындағы
мұрағат iсiн мемлекеттiк басқару саласындағы
қоғамдық қатынастарды реттейтің Қазақстан
Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 326-I «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар
туралы» Заңы қабылданды. Осы Заң бойынша
Қазақстан мұрағаттары өзінің қоймалары
қойнауында көлемі мен мазмұны бойынша
бірегей, аса бай ақпараттық әлеуетке ие қорларды
сақтайды. Бұл құжаттар Қазақстан тарихын
зерттеу үшін өте құнды дереккөз материалдары
болып табылады.
Мұрағат дегеніміз құжаттарының жиынтығы,
сондай-ақ мұрағат мекемесi немесе мекеменiң,
ұйымның немесе кәсiпорынның пайдаланушылар
мүдделерi үшiн мұрағат құжаттарын қабылдау
мен сақтауды жүзеге асыратын құрылымдық
бөлiмшесi.
Мұрағат қорлары ол, бiр-бiрiмен тарихи немесе
қисынды байланысты құжаттардың жиынтығы.
Ал ұлттық мұрағат қоры дегеніміз – ҚР «Ұлттық
мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» занында,
белгiленген тәртiппен ұлттық құндылық деп
танылған барлық мұрағаттардың, мұрағат
қорлары мен коллекцияларының, деректi
ескерткiштердiң, тарихи, ғылыми, әлеуметтiк,
экономикалық, саяси немесе мәдени айрықша
маңызы бар құжаттардың жиынтығы.
Мемлекеттiк мұрағат деп, Ұлттық мұрағат
қорының құжаттарын жинақтауға (сатып
алуға), тұрақты сақтауға және
пайдалануды ұйымдастыруға құқық
берiлген мемлекеттiк мекемені айтады.
Құжаттар көшiрмелерiнiң мемлекеттiк
сақтандыру қоры - Ұлттық мұрағат
қорының мемлекет үшiн бiрден-бiр
маңызы бар және жойылған жағдайда орны
толмайтын құжаттарының сақтандыру
көшiрмелерiнiң жиынтығын білдіреді.
Қазақстан Республикасының орталық
мемлекеттік ғылыми-техникалық
құжаттама мұрағаты
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық
құжаттама мұрағаты - өз қызметін 1974 жылдың
1 наурызынан бастады. Қазақстан мұрағаттары
өзінің қоймалары қойнауында көлемі мен мазмұны
бойынша бірегей, аса бай ақпараттық әлеуетке ие
қорларды сақтайды. Бұл құжаттар Қазақстан
тарихын зерттеу үшін өте құнды дереккөз
материалдары болып табылады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Байланыс
және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағаттар
комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-
техникалық құжаттама мұрағаты ХІХ
ғасырдың соңынан бүгінгі күнге дейінгі
Қазақстанның ғылымы мен техникасының
қалыптасуы және дамуы тарихы бойынша
құжаттарды сақтайтын аса ірі мекеме.
Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік
ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты
Кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбаларының
Орталық мемлекеттік мұрағаты, Қазақстан
Республикасының орталық мемлекеттік ғылыми-
техникалық құжаттама мұрағатының ғимараты
Құрылған уақыты
1974жыл
Орналасқан жері
Алматы
Мұражай түрі
Ұлттық мұрағат
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама
мұрағатында Алматы қаласының аумағына орналасқан
республикалық және бұрынғы одақтық бағыныштылықтағы
ғылыми-зерттеу, жобалау, конструкторлық технологиялық
ұйымдар мен мекемелердің қызметі нәтижесінде құрылған
ғылыми-технгикалық және басшылық құжаттамалар
мемлекеттік сақтауға алынған.
Мұрағатта бүгінгі күні мемлекеттік сақтауда 184621 сақтау
бірлігі бар. Оның ішінде:
ғылыми-техникалық құжаттама көлемі 105925 сақтау
бірлігін құрайды, олардың 18654 сақтау бірлігі ғылыми-
техникалық,
2265 сақтау бірлігі – конструкторлық, 83005 сақтау бірлігі –
жобалау,
2001 сақтау бірлігі – патенттік құжаттар болып табылады.
басшылық құжаттамалар көлемі 59036,
жеке тектік құжаттар 3608, жеке құрам бойынша құжаттар
16052 сақтау бірліктерінен тұрады. Барлығы мұрағатта 156
қор сақталады.
Олардың хронологиялық шегі 1775
жылдан 2007 жылға дейінгі аралықты
құрайды. Мұрағат қорларының құрамы
мамандандырылған мұрағаттың
ерекшеліктерін көрсететін төмендегі
жинақтаушы ғылыми-техникалық құжаттар
тобынан тұрады:
ғылыми-зерттеу құжаттамасы;
конструкторлық құжаттама;
технологиялық құжаттама;
жобалау-сметалық құжаттама;
патенттік құжаттама;
басшылық құжаттама.
Мемлекеттік сақтауға тапсырылуы тиіс
ғылыми – техникалық құжаттамалардың
тізбелерін жасау.

Ғылыми – зерттеу және патенттік
құжаттамаларды қоспағанда,
ғылыми – техникалық
құжаттамалардың құндылығын
сараптауды, ұйымның сараптау
комиссиясы екі кезеңмен жүзеге
асырады.
Бірінші кезеңде өнеркәсіп өндірісі
бұйымдарының және технологиялық
процестердің жобаларын, жоспарлау және
күрделі құрылыс нысандарын таңдау
жүргізіледі, осылар бойынша ғылыми –
техникалық құжаттамалар тұрақты мемлекеттік
сақтауға тапсырылуы тиіс. Тұрақты мемлекеттік
сақтауға жатқызылатын ғылыми – техникалық
құжаттамалардың тізбесін жасау –
жұмыстардың түпкілікті нәтижесі болып
саналады.
Тұрақты мемлекеттік сақтауға тапсырылуы
тиіс ғылыми – техникалық құжаттамалардың
тізбесін, әзірлеуші – ұйымның сараптау
комиссиясы, ұйымның қызметі басталған
кезеңнен бастап белгілі бір уақыт кезеңіне
жасайды.
Тұрақты мемлекеттік сақтауға тапсырылуы
тиіс ғылыми – техникалық құжаттамалардың
тізбесін, сондай-ақ осы ұйымда сақталған,
негізін қалаушы-ұйымның құжаттамалары да
қосылады.
Ғылыми – техникалық құжаттамалардың
тізбесі бес жылда бір рет жасалады.
Тұрақты мемлекеттік сақтауға тапсырылуы
тиіс ғылыми – техникалық құжаттамалар
тізбесіне қосылған бұйымдарды, жобаларды
жүйелеу – хронологиялық, тақырыптық,
тақырыптық –
хронологиялық белгілері бойынша жүзеге
асырылады
Қорытынды
Тәуелсіз мемлекет, егеменді ел болғандықтан, алдағы парыз -
тағдырдың тарихи белестеріне үңіліп, халқымыздың асыл
мұраларын ел игілігіне жаратып, осы жоғарыда аталған іс-
шараларды уақтылы, сапалы орындауға барлық күш жігерімізді
жұмсаймыз. Қорыта айтқанда осы курстық жұмыста автор алдына
қойған мақсатына жетті Қазақстан Республикасының мұрағат
ісінің даму тарихын, орталық мемлекеттік - ғылыми техникалық
құжаттама мұрағатын талдады да мұрағат ісі жұйесін жетілдіру
және осы салада алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін мынандай
міндеттерді шешу жолдарын ұсынады:
-мұрағаттық ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету;
- Ұлттық мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету;
- Мұрағат мекемелеріндегі мұрағат ісін басқару және ұйымдастыру,
саланың есеп жұмысы мен жоспарлау жүйелерін жақсарту
мәселелері бойынша отандық және шетелдік озат тәжірибелерді
зерттеу, талдап қорыту және тарату;

Ұқсас жұмыстар
Негізгі комплекске кірмейтін функционалдық кіші жүйелер
Ұйым түсінігі және түрлері
Ведомствалық мұрағат және оның қызметі
Аудиторлық қызмет түрлері
Мемлекеттік мұрағат және оның қызметі
Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы 1999 ж. 13 шілдедегі No 422-1 Қазақстан Республикасының Заңы
ХИМИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ ИНСТИТУТЫ
Экологиялық сараптама түрлері
Электрондық укіметтің қызметтері
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
Пәндер