Ведомствалық мұрағат қызметінің негізгі ережелері




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«АТиСО» АКАДЕМИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
 
   
 
Курстық жұмыс
«Мұрағаттану»  пәні бойынша
Тақырыбы: «Ведомствалық мұрағат қызметінің
негізгі ережелері»

Орындаған: 735 топ оқушысы 
Алмагул
Тексерген: Ихсанова А.Л
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
І. ВЕДОМСТВАЛЫҚ МҰРАҒАТТАР ҚЫЗМЕТІНІҢ
ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
1.1. Ведомствалық мұрағат ұғымы
1.2. Ведомствалық мұрағат қызметінің ұйымдастырылуы
ІІ. ВЕДОМСТВАЛЫҚ МҰРАҒАТ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ
ЕРЕЖЕЛЕРІ
2.1. Жалпы ережелер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ведомствалық мұрағат - ұлттық мұрағат
қорының құжаттарын, сондай - ақ оның
құрамына кірмейтін құжаттарды жинау,
уақытша сақтау және пайдалануды жүзеге
асыратын мемлекеттік заңды тұлғаның
құрылымдық бөлімшесі.
Ведомствалық мұрағат дербес құрылымдық
бөлімше ретінде немесе мекеменің құжаттама
қызметін жүзеге асыруға жауапты құрылымдық
бөлімше құрамы ретінде құрылады.
Ведомствалық мұрағат өз міндеттерін,
функцияларын жинақтау көздері мен
қабылданатын құжаттардың құрамын
анықтайтын ережеге сәйкес жүргізіледі. Бұл
ведомствалық мұрағат туралы Ережені
мемлекет Президентінің Мұрағатымен келісе
отырып мекеме басшысы бекітеді.
Мекеме құрылымында ведомствалық
мұрағат құру мүмкін болмаса ведомстволық
мұрағат жұмыстарын жүргізу міндеті
құзыретті қызметкерлерге бұйрық шығару
жолымен бекітілу қажет.
Мемлекеттік мұрағаттың толықтырылу жайы ұйымда 
құжаттардың ведомствалық сақталу жайымен тікелей 
байланысты. Мұрағат мекемелері қызметкерлерінің 
ұйымдарда, мекемелерде және кәсіпорындарда 
жүргізетін ұйымдық, әдістемелік және практикалық 
жұмыстары негізінен құжаттардың мемлекеттік 
мұрағаттарға дер кезінде әзірленіп, тапсырылуын 
қамтамасыз етуді көздейді. Мұрағат құжаттарын 
ведомствалық сақтау дегеніміз оларды нормативтік 
құжаттар арқылы белгіленге мерзімге дейін ұйымдар 
арқылы ведомстволық мұрағатта сақтау деген сөз. 
Ведомствалық мұрағат жұмысының негізгі 
заңдылығында өлшемдер негізінен үш бөлімге 
біріктірілген: өлшемнің (ұйымның орны мен ролі), 
мемлекеттік басқарма немесе белгілі бір нақтылы 
шаруашылық жұмысындағы адам немесе ұйымның 
орны мен рөлін орындайтын міндетінің 
маңыздылығы, құжаттардың шығу тегі мен уақыты, 
мерзімі өлшем мазмұны, өлшемнің ішкі әсерлілігі, 
мөрінің болуы, мәтіннің берілу әсерлілігі, 
материалдық негізінің сипаты.
1. Ведомстволық мұрағаттар қызметінің негізгі ережелері (бұдан  әрі - 
Ереже) Қазақстан Республикасының «"Ұлттық мұрағат қоры және 
мұрағаттар туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Электрондық 
құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Заңына, "Қазақстан 
Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру 
мен дамытудың 2001-2003 жылдарға арналған мемлекеттік ба ғдарламасы 
туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 16 
наурыздағы N 573 Жарлығына, «Қазақстан Республикасы Ұлттық м ұрағат 
қоры туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  
1999 жылғы 7 қазандағы N 1538 қаулысына, "Қазақстан Республикасы 
Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың 
мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар Жоспарын 
бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 
мамырдағы N 674 қаулысына, "Қазақстан Республикасында мұрағат ісін 
дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы N 
797 қаулысына және "Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру 
қоры туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2002 жылғы 28 мамырдағы N578 қаулысына сәйкес әзірленген.
      2. Ұйымның ведомстволық мұрағаты қағаз және 
электрондық негіздегі құжаттарды жинау, уақытша сақтау мен 
пайдалану мақсатында ұйымдастырылады. Ведомстволық 
мұрағат құрамында электрондық құжаттар мұрағаты пайда 
болады.
      3. Ведомстволық мұрағат оның міндеттерін, функцияларын, 
толықтыру көздерін және қабылданатын құжаттар құрамын 
айқындайтын Ережеге сәйкес жұмыс жүргізеді.
      4. Ведомстволық мұрағат туралы Ережені Қазақстан 
Республикасының мұрағаттар мен құжаттаманы басқарудың 
уәкілетті мемлекеттік органымен немесе мұрағаттар мен 
құжаттаманы басқарудың жергілікті уәкілетті мемлекеттік 
органымен келісе отырып ұйым басшысы бекітеді.
      5. Бұл Ережелер құпиясыз басқару құжаттамасын 
сақтайтын ведомстволық мұрағаттар жұмысында 
қолданылады.
      Осы Ережелердің бұрмалануына кінәлі 
ұйымның басшысы және ведомстволық 
мұрағаттың қызметкерлері Қазақстан 
Республикасы заңдарына сәйкес жауап береді.

    Ережелерде Қазақстан Республикасы 
Мемлекеттік ҚР СТ 1037 2001 Іс жүргізу және 
мұрағат ісі. Терминдер мен анықтамалар 
стандартында белгіленген терминдер 
пайдаланылды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Курстық жұмысымды қорытындылай келе ұйымдар өз 
қызметінде пайда болған тұрақты сақталатын  
құжаттардың  іріктелуін, есебін, сақталуын сапалы 
өңдеуін, пайдаланылуын қамтамасыз етеді және 
Қазақстан Республикасының Бас мұрағат басқармасы 
мен оның жер - жердегі органдары белгіленген 
ережелерді ұстана отырып, осы құжаттарды мемлекеттік 
сақтауға дер кезінде өткізуді ұйымдастырады.
Тұрақты және ұзақ мерзімді құжаттарды сақтау үшін 
ұйымдарда ведомствалық мұрағатта құрылады. Шағын 
ұйымдарда мұрағат үшін тиісінше қосымша ақы 
төленетін жауапты адамдар тағайындалады.
Тұрақты және ұзақ сақталудағы аяқталған істер екі жыл 
бойы құрылымдық бөлімшелерде ұсталады да, содан 
кейін ведомствалық мұрағатқа өткізіледі.

Ұқсас жұмыстар
Ведомствалық мұрағат және оның қызметі
Мұрағат істерін ұйымдастыру
Құжаттың мәтіні
БІЛІМ БЕРУ СТАТИСТИКАСЫ
Есептік құжаттар құралы
Мұрағаттық құжаттың құндылығын сараптау жұмыстары және оның маңызы
ҰЙЫМДЫҚ ҚҰЖАТТАР
Сотты құжаттармен қамтамасыз етудің теориялық және әдістемелік негіздер
Қаржылық бақылау органдары
Ұйым түсінігі және түрлері
Пәндер