Мемлекеттік мұрағат және оның қызметі


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«АТиСО» АКАДЕМИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

Курстық жұмыс

«Мұрағаттану» пәні бойынша

Тақырыбы: «Мемлекеттік мұрағат және оның қызметі»

Орындаған: 735 топ оқушысы

Тлепиева Б. Б

Тексерген: Ихсанова А. Л.

Slide 2

Мазмұны

Кіріспе

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағат ұғымы

1. 1 Қазақстанда Орталық мемлекеттік мұрағаттар мен облыстық мемлекеттік мұрағаттардың ұйымдастырылу хронологиясы.

1. 1. 1Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты «Бөкей ордасы өлкелік мұрағаты

Кеңестік дәуір

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағаттары

2. 1 Орталық мемлекеттік мұрағат ғимараты

2. 1. 1 Ғимаратты сипаттау

2. 1. 2 Халықаралық қатынастары

2. 1. 3 Келісімдер

2. 2 Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты

2. 2. 1 Мұрағат қоры

Кинофото құжаттар және дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік мұрағаты

3. 1 Тарихы

3. 1. 1 Кино құжаттар

Фото құжаттар

Қорытынды.

Пайдаланған әдебиет

Slide 3

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының мұрағат ісінің даму тарихын талдау.

Курстық жұмыстың міндеті: Тәуелсіз Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағаттары мен облыстық мемлекеттік мұрағаттардың ұйымдастырылуы тарихын, кинофото құжаттардың және дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік мұрағатындағы тарихын қарастыру.

Slide 4

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағат ұғымы

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын қалыптастыру, сақтау мен пайдалану және Қазақстан Республикасындағы мұрағат iсiн мемлекеттiк басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтің Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 326-I «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңы қабылданды. Осы Заң бойынша Қазақстан мұрағаттары өзінің қоймалары қойнауында көлемі мен мазмұны бойынша бірегей, аса бай ақпараттық әлеуетке ие қорларды сақтайды. Бұл құжаттар Қазақстан тарихын зерттеу үшін өте құнды дереккөз материалдары болып табылады.

Slide 5

Мемлекеттiк мұрағат деп, Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын жинақтауға (сатып алуға), тұрақты сақтауға және пайдалануды ұйымдастыруға құқық берiлген мемлекеттiк мекемені айтады.

Мұрағаттың ішкі көрінісі

Slide 6

Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты өз қызметін Орынбор қаласында 1921 жылы 1 қыркүйекте бастаған. ҚР ОММ - еліміздегі ең алғаш Қазақстанның даму тарихы құжаттарын жүйелеп, бір қалыпқа келтіріп жинақтаған мұрағат. Мұрағат XVIII-ші ғасырдың орта кезеңінен бастау алған революцияға дейінгі құжаттардан бастап осы кезеңге дейінгі құжаттарды сақтауда. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты Қазақстан тарихының үш кезеңінің: кеңестік дәуірге дейінгі, кеңестік дәуір мен еліміздің тәуелсіздігі кезеңіндегі құжаттарды сақтап отырған бірден бір мұрағат.

Slide 7

Қазақстанның тәуелсіздік алған даму сатысында мәдениет саласында да өзгерістер болды. Қазақстанның Президенті Н. Ә. Назарбаевтың тарапынан, Үкімет тарапынан да мұрағат ісіне қолдау көрсетіліп отырды. 2001-2005 жылдары «Қазақстан Республикасында мұрағат ісін дамыту бағдарламасы» аясында мұрағат қызметкерлері мұрағат қорын шет елдердің мұрағаттырында сақтаулы құжаттармен толықтыру саласында көп еңбек сіңірді. Мұрағат қызметкерлері көршілес елдерде, оның ішінде Ресей мемлекетінің бірнеше мұрағаттарында Қазақстан тарихына байланысты құжаттарды іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Slide 8

Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты - еліміздегі өзінің қорында 1 миллион 500 мыңдай істер сақтап отырған ең ірі де жан-жақты мұрағат және республикадағы кеңес дәуірі кезеңі құжаттарының бірден-бір қоймасы. Кеңес кезеңіне дейінгі құжаттар негізінен патшалық отарлау әкімшілігі ұйымдарының:

Орынбор шекаралық комиссиясы,

Ішкі Қазақ Ордасын басқарудың уақытша кеңесі,

Округтік приказдар, облыстық басқармалар,

Далалық генерал-губернаторы кеңсесі,

Уездік басқармалар,

Статистикалық комитеттер,

Көші-қон басқармалары,

Санақ комиссиялары,

Облыстық және округтік соттар,

Жандарм және полиция басқармалары,

Тау-кен округтері,

Халық училищелері,

Оқу орындарының инспекторлары және т. б. қорларын құрайды.

Slide 9

Мұрағатта кеңес дәуіріне дейінгі кезеңнің барлығы 770-тен астам қорлары сақталуда. мұрағаттың ең көне құжаттары Семей кедені қорында сақтаулы 1732 жылғы құжаттан басталады және қор құжаттарында Жоңғар, Қытай және Орта Азиялық хандықтармен сауда қатынасының тарихы орын алған. Кеңес дәуіріне дейінгі кезең құжаттарының хронологиялық шегі XVIII ғасырдың аяғынан 1917 жылға дейінгі кезеңді қамтиды.

Slide 10

Жаңа астанада Ұлттық мұрағат құру идеясы бүгінгі уақыт талабына жауап Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың қолдауымен 2002 жылы 12 желтоқсандағы № 01- 8. 15 тарихи хаттамалық шешімімен Ұлттық мұрағат ғимаратты 2003 жылы Астана қаласында салынатын мемлекеттік нысандар тізбесіне енгізілді.

Бұл әзірше ТМД-ға елдеріне халықаралық стандарттар мен талаптарға сай жоғары технологиялық мұрағаттық құралдармен жабдықталған бірден - бір мекеме болып табылады.

Slide 11

Ғимаратты сипаттау

Бұл қазіргі заман талабына сай көркем де әсем ғимарат, оның тоғыз қабатты, көк тіреген күмбезді қоймасы шығыстық стилдегі шексіздік пен тұрақтылықты бейнелейді, ал әкімшілік бөлігінің еуропалық стилі Есіл өзенінің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік елорда орталығын толықтырып тұрғандай.

Егерде Министрліктер ғимаратын аспанда қалықтап жүрген құстың бейнесіне ұқсатсақ, Ұлттық мұрағат ғимараты өткеннен болашаққа көз салған көз жанарына ұқсайды. Жалпы аумағы 12725 шаршы метрді алып жатқан ғимарат дәстүрлі түрдегі және электронды тасымалдаушылардағы мұрағаттың құжаттарды сақтауға арналған екі блоктан тұрады.

1 блок - 9 қабатты мұрағат сақтау қоймасы (тік доминантты күмбез пішінінде) ;

2 блок - 4 қабатты доға пішініндегі әкімшілік-басқару және зерттеу үшін қолданылады.

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Орталық мемлекеттік ғылыми- техникалық құжаттама мұрағатының құрылуы
Ведомствалық мұрағат және оның қызметі
Ведомствалық мұрағат қызметінің негізгі ережелері
Сотты құжаттармен қамтамасыз етудің теориялық және әдістемелік негіздер
Мұрағат істерін ұйымдастыру
Құжаттың мәтіні
Есептік құжаттар құралы
Мұрағаттық құжаттың құндылығын сараптау жұмыстары және оның маңызы
Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы беру
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ РЕСМИ ІС ҚАҒАЗДАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz