Қазтуған Сүйінішұлы (XVII ғасыр)




Презентация қосу
IKAZ.KZ - ашық мәліметтер порталы
Қазтуған Сүйінішұлы (XVII ғасыр) -
мырза, батыр, жырау. Халық
арасында Қарға бойлы Қазтуған
атанып кеткен айтулы жорық
жырауы.
Қазтуған жырау ноғайдың Едисан
ордасының билеушісі Сүйініш
мырзаның ұлы. Сүйініш мырзаның
Қазтуғаннан басқа Азамат және
Аджи атты тағы екі ұлы болған. Оның
арғы ата-бабалары Ноғай Ордасының
билеушілері еді. Әкесі Сүйініш Абдол
лаұлы (орыс деректерінде – Сююнча
Абдулов) Еділ бойында өмір сүрген,
кейін Кубань жаққа өтіп кеткен. XVII
ғасырдың екінші жартысында
жазылған орыс деректерінде Сүйініш
мырзаның аты жиі айтылады.

IKAZ.KZ - ашық мәліметтер порталы
Ресей мемлекеттік архивінің көне актілер жө
ніндегі бөлімінің «Ноғай істері» қорында Сүйініш
мырзаның және ноғай ұлысының 1660 жылдарға
дейінгі деректері сақталған. Қазтуғанның шежіресі
былайша таратылады: Едіге би - Нұраддин - Уаққас
- Мұса - Ысмайыл би - Дінбай би - Тінікей - Абдолла
- Сүйініш - Қазтуған. Қазтуғанның есімі алғаш рет
тарих беттерінде 1673 жылы аталады. Орыс
деректерінде оның есімі Тоған деп көрсетілген.
Осы жылы қалмақ билеушісі Аюке хан өзінің
бірнеше тайшысымен бірге Астрахан басшылары
ның алдына барып, орыс-қалмақ келісіміне қол
қойып, аманат сарайындағы ноғайдың жас
мырзасын босатуды сұраған.

IKAZ.KZ - ашық мәліметтер порталы
Қалмақ тайшылары мұндай қадамға едисан
ноғайларының мырзасы Сүйініштің сұрауы
бойынша барған болатын. Олар Сүйініштің патша
алдындағы абыройлы істерін еске салды. Алайда,
бұл сұрақтың жауабын Астрахан билігі емес,
Мәскеудегі патшаның өзі беру керек еді. Осы
кезде іске кабардин князі К.М. Черкасский
араласып, соңғы шешімді ұлық патшаның өзі ха
барлайтынын айтып, қалмақ делегациясын жылы
шыраймен шығарып салады. Қазтуған 1696 жылы
ұзақ жылдар бойы Қалмақ хандығына тәуелді
болған Едисан ұлысын бастап, Еділ бойынан
Қырым хандығына тиесілі Кубаньға көшіп кетеді.

IKAZ.KZ - ашық мәліметтер порталы
Қазтуғанның есімі соңғы рет 1698 жылғы деректе
аталады. Онда Едисан ордасының мырзалары
Тоған мен Гидемирдің Кубаньның сол жағалауында
орын алған жұтқа байланысты Мәскеуге Бейшім
аға бастаған елшілікті жібергені жазылған.
Қазтуған жырау жорық жыршысы және халық
эпосын жасаушылардың бірі саналады. Артына
әскери рухты, туған жерін, халық өмірі мен
тұрмысын суреттейтін көптеген өлеңдерден
тұратын шығармашылық мол мұра қалдырды.
Олардың көпшілігі сақталмаған. Дегенмен, бізге
жеткен жекелеген туындылары оның әдебиет
тарихы төрінен орын алуға лайықты екенін
айғақтайды.
IKAZ.KZ - ашық мәліметтер порталы
Оның поэзиясы жауынгерлердің көшпелі өмірін,
көзқарасын суреттейді. Және олардың
тұрмысын, айналадағы құлан таза табиғат
туралы ойларын бейнелейді. Ақын-жыраудың
қиялының жүйріктігі, өткірлігі, бай және әдемі
көркемдік әдістері сол дәуірдегі көшпенділердің
поэтикалық өнерінің жоғары деңгейде
болғанын, сонымен бірге, өзіндік ерекшеліктері
бар екенін білдіреді. Ұлттық бояуы жағынан
айқын суреттелген, жасампаз романтикамен
көркемдеген, нақылдық ой орамдары мен
көркемдік тіркестерге бай. Қазтуған жырау
өлеңдері көп ғасырлық өнер мектебі мен әдеби
үлгі ретінде санамыздан орын алды.
IKAZ.KZ - ашық мәліметтер порталы
Қазтуған жыраудың "Мадақ жыры", "Туған
жермен қоштасу" сынды туындыларын
ежелгі қазақ поэзиясының таңдаулы
үлгілеріне жатқызуға болады. Ақынның
халық жыраулары арқылы жеткен бірқатар
толғаулары И.Березиннің "Түрік
хрестоматиясында" (1862), Ғабдолла
Мұштақтың 1910 жылы шыққан "Шайыр,
яки қазақ ақындарының басты жырлары"
жинағында, М.Мағауиннің "Алдаспан"
кітабында (1970) жарияланды.
IKAZ.KZ - ашық мәліметтер порталы
Халық Қазтуғанды әрдайым еске алып, қадір тұтады. Ол туралы
талай аңыздар айтылған. Ел аңызында ол қалмақтарға қарсы
қол бастаған ұрпақтың батыры. Жырау қайғы айтып еш
түңілмейді. Батырлар дәстүрін қолдап, асқақ жыр шертеді, ескі
елдік бөлінбес бірлік қайтпас ерлік дәстүрін уағыздайды. Ойын-
тойы көп жастық шақты еске алып, оптимистик пікірлер
ұсынады. Нарындай құнарлы, жайлы кең қоңыстың қасиеттерін
асыра ардақтайды.
Көрінген мынау көк Нарын
Ойран салып өткен жер.
Маңдайы күнге күймеген,
Жорғадан басқа мінбеген,
Сұлудан басқа сүймеген,
Қамқадан басқа кимеген...
Жырау өзі жасап отырған тұрмыс-тіршілігіне дән риза. Көк
майсаға қонған бай ауылдың бейқам өмірі, әдемі пейзаждық
сурет елес береді. Туған жерін шын сүйген жас батыр бейнесін
сомдайды.

IKAZ.KZ - ашық мәліметтер порталы
Жауды көрсең жайнаған,
Жай тасындай қайнаған.
Еділде тұрып оқ атса
Жайыққа түсіп жоғалған...
Қазтуған жырлары әуенді, дыбысты, ырғақты, күшті поэзия.
Ат арқасында, топ ортасында айтылған жырдың солай айтылуы
заңды. Дауысты «А» дыбысын қатар қолданып, аңырата сөз
тастау тыңдаушыға әсерлі, құлаққа жұғымды.
Арғымақтың баласы
Арыған сайын тың жортар
Арқамнан қосым қалар деп,
Ақ дария толқын күшейтер.
Құйрығын күн шалмаған балығым,
Ортамнан ойран салар деп
Тағы бір назар аударатын жай, соңғы екі жолдағы образды
сөздер.

IKAZ.KZ - ашық мәліметтер порталы
Бұрын соңды қолданылмаған тек Қазтуғанға тән
тіркес « Құйрығын күн шалмаған балығым,
ортамнан ойран салар деп дім» - қандай әдемі
сөз! Осы өлеңнің шумағы 3 жолдан тұрады. Ақын
5 жолды өлең шумағын да жиі қолданған. Әрбір
сөз әрбір жол өз орынында. Қазтуған өзіне тән
теңеу, метафоралар қолданады. Қатарынан «Ж»
әрпінен басталатын ұзақ шумақты өлеңнің
балама сөздері жер- қоныс құнарлығын өте
айқын танытқандай:
Жабағалы жас тайлақ,
Жардай атан болған жер.
Жатып қалған бір тоқты
Жайылып мың қой болған жер.
Жарлысы мен байы тең,
Жабысы мен тайы тең,
Жары менен сайы тең.

IKAZ.KZ - ашық мәліметтер порталы
Назарларыңызға
рахмет!!!

IKAZ.KZ - ашық мәліметтер порталы

Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиеті тарихында қазақ поэзиясы
Жыраулар поэзиясы жайлы
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ. Дәріс жоспары
XV – XV ІІІ ғғ. Қазақ халқының мәдениеті
ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
МЫҢДАҒАН ЖЫЛДАР БОЙЫ ҚАЗАҚ ДАЛАСЫМЕН КӨШПЕЛІЛЕР
Жыраулар поэзиясы туралы ақпарат
Көшпенділер өркениеті
Мәдени кеңістіктің маңызды қасиеті - оның тылсымдық сипаты
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ ЖАЙЛЫ
Пәндер