Сұлтанмахмұт Торайғыров: өмірбаяны, шығармашылығы және поэма жанрына қосқан үлесі


Slide 1

IKAZ. KZ - ашық мәліметтер порталы

Slide 2

ӨМІРБАЯНЫ

Сұлтанмахмұт Торайғыров (28. 10. 1893, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы - 21. 5. 1920, Павлодар облысы Баянауыл ауданы) - ақын, ағартушы. Торайғыровтың 2 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болған. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанған. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды.

IKAZ. KZ - ашық мәліметтер порталы

Slide 3

Өлеңге үйір, шығыстық сюжеттер негізінде жырлар туындатқан Мұқан молда тәлімінің Торайғыровтың ақын ретінде қалыптасуына игі әсері болғанымен, баянауылдық Әбдірахман молданың (1908) қаталдығы, өлең шығарғаны үшін жас қаламгерді жазалауы оның дін мен молдалар жайлы теріс көзқарасының қалыптасуына негіз болған.

1911 ж. жаңаша оқыған Нұралы ұстазының көмегімен қазақ, татар тілдеріндегі әдеби кітаптармен, газет-журналдармен танысады. *1912 ж. Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі, бірақ мұнда бір жылдай оқыған ол өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып қалады.

IKAZ. KZ - ашық мәліметтер порталы

Slide 4

Торайғыров енді медреседе оқуды қойып, орысша оқу іздейді, қала маңындағы елде жаз бойы бала оқытады. Осы кезден ақындыққа ден қойып, *1912 - 13 жылдар аралығында

“Оқып жүрген жастарға”,

“Тәліптерге”(“Шәкірттерге”),

“Ендігі беталыс”,

“Оқудағы мақсат не?”,

“Анау-мынау”,

“Мағынасыз мешіт”,

“Жарлау”,

“Досыма хат”,

“Шығамын тірі болсам адам болып”,

“Түсімде”,

“Жазғы қайғы”,

“Қымыз”,

“Кешегі түс пен бүгінгі іс”, т. б. өлеңдерін, “Зарландым” атты ұзақ очеркін жазды. Осы тұста “Қамар сұлу” романын жазуды бастады.

IKAZ. KZ - ашық мәліметтер порталы

Slide 5

1913 жылдың күзінде Троицкіге қайтқан Торайғыров “Айқап” журналына жауапты хатшы болып жұмысқа орналасып, “Өлең һәм айтушылар”, “Ауырмай есімнен жаңылғаным”, “Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан”, “Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай?”, т. б. әңгіме, мақалаларын осы журналда жариялайды. Журналда аз ғана уақыт қызмет еткен ақын

1914 ж. жазда туған елі Баянауылға оралады. Ел ішінде мәдени-ағарту жұмысын жүргізетін “Шоң серіктігі” деген ұйым ашпақ болғанымен, ісі жүзеге аспады. Осы жылы орысша оқу іздеп Семейге барған Торайғыров діттеген оқуына түсе алмай, біраз дағдарысқа ұшырайды.

IKAZ. KZ - ашық мәліметтер порталы

Slide 6

Оның шәкірттік кезеңдегі өлеңдері (1907 - 11) көркемдік тұрғыдан кемшін түсіп жатқанымен, жас ақынның қоғамдық құбылыстар мәнін түсінуге деген ұмтылысы мен өлең тілімен сурет салуға бағытталған талабын танытады. Ол қоғамдағы әділетсіздік пен әйелдердің ауыр тағдыры, діни оқудың схоластикалық сипаты жайлы жазды.

IKAZ. KZ - ашық мәліметтер порталы

Slide 7

Байлық пен кедейліктің теке-тіресін бай мен кедей ұлының өмірі арқылы көрсетуге тырысқанымен, бұл талпынысы биік ақындық талант пен саяси көзқарасты таныта алмады. Торайғыров 1912 жылдан бастау алатын шығармашылығының жаңа кезеңінде Абай, Ыбырай негізін қалаған ағартушылыққа бет бұрды, жастарды оқу-білімге шақырды. “Туған айдай болып туып, күнді алуға бел буады”, тұрмысты жеңуде жігерленіп, ақиқатты табу жолында талмай ізденуді мұрат тұтады. Алғашқы үгіт мәндес өлеңдерінен кейін ақын лириканың өрісін кеңейтіп, лирикалық кейіпкердің жан сырын, іс-әрекетін суреттеуге ұмтылады.

IKAZ. KZ - ашық мәліметтер порталы

Slide 8

Оның жырларынан тағдырға мойынсұнбай, қасарыса алға ұмтылатын, ауыртпалыққа қарсы тұрар өжет мінез көрінеді. Осы кезден бастап ақын шығармаларында ескіні сынау бой көтерді. Ол қазақ арасында көп кезігетін келеңсіз мінездер мен кертартпа әдет-ғұрып салтына қарсы күреседі. Табиғат, махаббат тақырыбына жазған өлеңдерінде ақын адам сезімін қоғамдық көзқараспен, әлеумет өмірімен байланыста қарайды. Ескіге қарсы көзқарас оны қоғамдағы әділетсіздікпен қақтығысқа алып келеді (“Осы да әділдік пе?”, “Бір адамға”, т. б. ) . Ол өмір шындығын көркем бейнелей келе, қазақ өлеңінің мазмұнын кеңейтті, сырға толы лирикалық жырлар туындатты.

IKAZ. KZ - ашық мәліметтер порталы

Slide 9

Торайғыров “Қамар сұлуда” әйел теңсіздігі мәселесін көтере отырып, дәуір шындығын әлеум. тұрғыда талдаса, “Кім жазықты?” романында ауыл өмірінің шындығын жан-жақты суреттей келе, қазақ халқының шаруашылық тұрғыдан дамымағанын, талапсыздық пен шаруаға қырсыздықты, жалқаулықты, алауыздықты сынайды.

IKAZ. KZ - ашық мәліметтер порталы

Slide 10

ПОЭМА ЖАНРЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

Торайғыров поэма жанрын жаңа арнада дамытты . Ол сюжетсіз поэмаларында өмірдегі сан түрлі мәселелерді кеңінен қамтып, өршіл ой-түйіндерін бүкпестен, өткір де ашық насихаттауға тырысты. Алғашқы поэмасы “Таныстыруда” Алашорда қозғалысы өкілдерін елге таныту мақсатын көздеді. Ә. Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, М. Дулатовтарды таныстырып, олардың “бірі - күн, бірі - шолпан, бірі - ай” екендігін жазады, алаштықтардың қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы еңбектерін саралайды. Алаш өкілдерімен қоса, қазақтың көрнекті тұлғалары Абай мен Шәкерімді ерекше атап көрсетеді. “Адасқан өмір”, “Кедей” поэмаларының негізгі сарыны қоғамдағы әділетсіздік себептерін ашу, теңдікті іздеу болып табылады.

IKAZ. KZ - ашық мәліметтер порталы

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920): өмірбаяны мен әдеби мұрасы
Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920): өмірі, шығармашылығы және әдеби-қоғамдық көзқарастары
Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920): өмірі мен шығармашылығы
Яков Исидорович Перельманның өмірі, шығармашылығы және қызықты математика жанрына қосқан үлесі
Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығындағы Тағдыр және Жүрек концептілеріне концептуалды талдау
Әбу Әли Ибн Сина (Авиценна): өмірбаяны, медицинаға қосқан үлесі және еңбектері
Генри Фордтың өмірбаяны және автокөлік өнеркәсібіне қосқан үлесі
Леонардо да Винчи: өмірбаяны, шығармашылық хронологиясы және өнер мен ғылымға қосқан үлесі
Ғабдолла Қалиевтің өмірбаяны және қазақ диалектологиясы мен тіл біліміне қосқан үлесі
Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен қазақ музыкасына қосқан үлесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz