Іш сүзегі, А және В паратифтері, сальмонеллез профилактасы және күресу жолдары



М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті
Орындаған: Есенғазиева А.
Тексерген: Аманшиева А. А.
Дисциплина: Эпидемиология және жұқпалы аурулардағы мейірбике ісі
Кафедра: Эпидемиология
Тақырыбы: Іш сүзегі, А және В паратифтері, сальмонеллез: профилактасы және күресу жолдары; ошақтағы шаралар.
Орындау түрі: презентация
Ақтөбе 2018

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Іш сүзегі және А және В паратифтерінің пайда болуы
2. Іш сүзегінің алдын алу шаралары жән емі
3. Сальмоноллез, алдын алу шаралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиттер

Іш сүзегі
Salmonella typhi және salmonella paratephi А және В қоздырғышымен шақырылатын, фекальді-оральді жолмен берілетін, ішектің лимфа аппаратының зақымдалуымен, бактериемиямен, айқын интоксикациямен бауыр мен көк бауырдың ұлғаюымен және розеолезді бөртпемен сипатталтын антропанозды жедел инфекция. Іш сүзегін алғаш сипаттап жазған француз дәрігерлері Ф. Бретанно (1813) және Ш. Луи (1829) .

Инфекция көзі
Берілу жолы
Берілу факторы
Қауіп-қатер тобы
Айқын тү-рімен ауыр-ған адам.
Вирус та-сымалдаушы
транзиторлы бактерия тасымалдаушылар (1-3 апта бойы)
реконвалесцентті тасымалдаушы
Су арқылы.
Тағам ар-қылы.
Тұрмыс-тық-жанасу арқылы.
Алиментарлы
Вируспен зарарланған су, тағам.
Вируспен ластан-ған ойыншық, аспаптар,
Жанасқан зат
иммундық тапшылығы бар қарттар.
Тағам объектілерінде істейтін вирус тасымалдаушы адам.
Бұрқетпелер жиі болып тұратын мекен-жай мен өңірлерде тұратын адамдар.
Санитарлық-гигиеналық жағдайдың нашарлауы.

А паратиф қоздырғышы
В паратиф қоздырғышы
- Salmonella paratyphi А. Паратифтің А түрінде жасырың кезеңі іш сүзегіне қарағанда қысқа болады, оның мерзімі 8-10 күн шамасында. Ауру көбінесе жедел түрде басталады, кейде бастапқы кезеңінде тұмаумен араласып, жөтел де қосылады. Науқастарды тексергенде беті қызарып, көздің айналасы да қызарып, ерінге герпестік бөртпелер шығады. Температуралық қисықтары типті мінездеме бермей, кейде ремиттерлеуші болады. Қалтырап қозудың соңы тоңуға ауысады, сосын бірқалыпты болады. А паратифі кезінде теріге бөртпелер шығып, олар полиморфты (дақты, дақты- папулезді) болады, денеде бір мезгілде пайда болады. Бөртпелер қызарыңқырап, қызылшаға ұқсап, болмаса қанталап тұрады. Улану заңды түрде баяу жүріп, іш сүзегіндей статуста өтпейді. Қан анализінде нормацитоз, кейде лейкоцитоз, лимфомоноцитозбен кездесетіні белгілі болады. Ауырған адамдардың көпшілігінде бұл дерт орта ауыр жағдайда, кей жағдайда ауыр түрінде өтеді. Ішектен қан кетуіне, өкпенің қабынуына т. б. асқынуларына ауыспайды. А паратифінде жиі аурудың қайталануы болады.
- Salmonella paratyphi В. В паратифі кезінде жасырын кезеңі 5-10 күннен тұрады, кейде бұдан ұзақ болуы мүмкін. Ауру көбінесе жедел басталып, адам тоңып дірілдейді, бұлшық еттері ауырсынады және тер бөліне бастайды. Дерттің бастапқы кезеңінде улану жағдайымен бірге қосарланып жедел гастроэнтерит өршиді. Мұндайда дене қызуы ұзақ болмайды да, көбінесе ауытқып қайталанып тұрады. Бөртпелер дерттің бастапқы кезіңде көрінеді де, өзінің полиморфтылығымен сипатталады. Кейбір жағдайларда В паратиф дерті ауыр жағдайда өтеді. Ол іріңді менингитке, менингоэнцефалитке, септикопиемияға айналады. Қан анализінде нейтрофилді лейкоцитоз байқалады. Дерттің қайталануы (рецидивтері) мүмкін.


Іш сүзегі оқиғасының пайда болғандығы туралы жедел хабар алғаннан кейінгі шаралар:
Ошақ шекарасын анықтау
Ауруханаға жатқызу
Ошақта жанасуда болғандарға арналған шаралар жүргізу
Қоздырғыштың берілу факторларына байланысты шаралар жүргізу
Жедел алдын алу
Ауырып тұрғандарды диспансерлік бақылау

Мақсаты
әртүрлі аумақтардағы қауіп-қатер топтарында Іш сүзегінің
таралуын қадағалап отыру, сонымен қатар қажет шараларды тиімді қолдану үшін эпидемиологиялық маңызды объектілерге зертханалық және санитарлық мониторинг жасау.
Кезеңдері
Инкубациялық кезеңі 3-28 күнге дейін, орташа алғанда 9-14 күн. Типті түрінде инфекция біртендеп басталады. Негізгі клиникалық көріністері:
Қызба 39-40С-ке дейін көтеріледі, көбінесе тұрақты түрде (кейде дұрыс емес немесе ремиттирленген), ұзақтығы 2-3 аптаға дейін
Қызбаның 3 түрі байқалады:
Вундирлик қызба сызығы (трапеция тәрізді, тұрақты түрі)
Боткин қызба сызығы (толқын тәрізді)
Кюльдишевский қызба сызығы (баспағыш тәрізді)
Интоксикация: басының нақты ауруы, ұйқысының бұзылуы, адинамия, апатия, сананың тұмандануы, енжарлық. Орталық нерв жүйесі жағынан әртүрлі дәрежедегі тифозды статус белгілері (тежелу, көңілсіздік, мимикасының азаюы, кейде сандырақтау, елестету, ориентациялық бұзылуы)

мақсаты
Іш сүзегі су, тағам, тұрмыстық-жанасу жолдарымен таралуын алдын-ала сақтандыру және тамақ кәсіп- орындарында, халықты сумен қамтамасыз ететін барлық объектілерде, ашық су қоймаларын қоса және лас қалдықтарды, тұрмыстық қоқыр-соқырды сапалы зарарсыздандыруда санитарлық-гигиеналық ережелер мен нұсқауларды орындау.

Іш сүзегін алдын алу шараларының алгоритмі

Емдеу әдістері
Этитропты емдеу
левомецитин (0, 5 тәулігіне 4 рет ауыз арқылы) немесе левомецитин сукуинат (1, 0 х 3 рет б/е немесе тамыр ішіне)
ампициллин ) 2 млн бірлік тәулігіне 1-6 рет)
бисептол 480 ) 2д х 3 рет)
ципрофлоксацин (500-750 мг х 2 рет, ауыр түрлерінде тамыр ішіне 200-100 мг тәулігіне 2 рет)
афлаксации (400. 800 мг х 2 рет)
Дезинтоксикациялық ем
гемодез, реополиглюкин т. б. сұйықтықтар 30-50 мл/кг салмаққа
Витаминді препараттар
Иммунды коррекция
Клиникалық көрсеткіштеріне байланысты ем

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz