Жалпы миология. Бұлшық ет ағза ретінде. Бұлшықеттердің жіктелуі


Slide 1

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

С. Д. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С. Д. АСФЕНДИЯРОВА

Кафедра: Қалыпты анатомия

Тақырып: Жалпы миология. Бұлшық ет ағза ретінде. Бұлшықеттердің жіктелуі. Бұлшықеттердің қосалқы ақпараттары. Бұлшықеттерге сыртқы орта факторларының әсері.

Slide 2

Жоспар:

Бұлшықеттердің құрылысы

Бұлшықеттердің қызметы

Бұлшықет − ағза ретінде

Бұлшықеттердің жіктелуі

Бұлшықеттердің қосалқы бөліктері

Бұлшықеттердің дамуы

Бұлшықетке сыртқы орта факторларының әсері

Бұлшықеттердің бөліну заңдылықтары.

Slide 3

Бұлшықеттер туралы ілім- MYOLOGIA

Адам денесінің әрбір бұлшықеттері, musculus, құрылысына және атқаратын қызметтеріне байланысты: ерікті көлденең жолақты және еріксіз бірыңғай салалы бұлшықеттерге бөлінеді.

Slide 4

Қаңқа бұлшықеттері

Slide 5

Көлденең жолақты бұлшық еттердің қозуы жедел өтсе, бірыңғай салалы бұлшықеттердің қозуы өте баяу және ұзақ қозғалады.

Slide 6

Ерікті көлденең бұлшықеттерге: қаңқа бұлшықеттері (бас, мойын, тұлға, қол, аяқ) және жұтқыншақтың, жұмсақ таңдайдың, көмекейдің бұлшықеттері жатады.

Еріксіз бірыңғай салалыбұлшықеттерге: ішкі мүшелер қабырғаларның құрамындағы еттер мен қантамырлардың, без өзекшелерінің, көз алмасының нұрлы қабық пен кірпікті дене еттері және тері құрамындағы еттер жатады.

Slide 7

Бұлшықеттердің қызметы.

Бұлшықеттердің қызметы жиырылғыштығы (punctum mobile, punctum fixum) болып табылады.

Бір бұлшықеттің өзі бірде антагонист, бірде синергист ретінде қимылдауы мүмкін.

Slide 8 Slide 9

Бұлшықеттердің жіктелуі.

Сансыз көп бұлшықеттердің (олар 400-ге жуық) пішіні, құрылысы, қызметі және дамуы әр алуан болды. Бұлшықеттердің бір неше жіктелуі болады:

Пішіні жағынан бұлшықеттерді ұзын, қысқа және жалпақ деп бөледі.

Ұзын бұлшықеттер қозғалыс рычагтарына сәйкес келеді де, сондықтан көбіне қол-аяқтарда кездеседі. Олар ұршық пішінді, сонымен бірге олардың ортаңғы бөлігі қарынша, venter, бұлшықеттің басталатын жеріне сәйкес келетін бір шеті - басы, caput, ал екіншісі шеті - құйрық, cauda деп аталады. Ұзын бұлшықеттердің сіңірі - tendo, жіңішке таспа тәрізді болып келеді.

Slide 10

Ұзын бұлшықеттер түрлі сүйектерден бірнеше баспен ( көпбасты) басталады, бұл олардың тірегін күшейтеді.

Екібасты, biceps,

үшбасты, triceps,

төртбасты, quardriceps, бұлшықеттер болады.

Slide 11 Slide 12

Жалпақ бұлшықеттер негізінен тұлғада орналасқан және оның жалпақ сіңір немесе апоневроз aponeurosis, деп аталатын сіңірі болады.

Бұлшықеттердің басқа пішінділері де болады: шаршы (m. Quadratus), үшбұрышты ( m. trangularis), пирамидалық (m. piramidalis), дөңгелек (жұмыр) (m. teres), дельта тәрізді (m. deltoideus), тісті (m. serratus), қамбалатәрізді (m. soleus) және т. б.

2. Бұлшықеттер қызметі жағынан бүккіштер (flexores), жазғыштар (extensores), әкелушілер (adductores), әкетушілер (abductores), айналдырушылар (rоtatores), ішке (pronatores) және сыртқа қарай айналдырушылар (supinatores) деп бөлінеді.

Slide 13

3. Талшықтардың бағытына қарай:

Тік параллельді (m. rectus)

Қиғаш (m. obliquus)

Көлденең (m. transversus)

Дөнгелек (m. orbicularis, сфинктер)

4. Сіңірге ерекше қатнасы бойынша:

Жартылай сіңірлі, M. semitendinosus

Жартылай жарғақты, M. semimembranosus

5. Орналласуына қарай бөлінеді:

Бетке және терең

Сыртқы және ішкі

Латералды және медиалды

Slide 14 Slide 15

6. Орналасуына қарай

(топография бойынша) :

Арқа

Іш

Кеуде

Жамбас

Қол

Аяқ

Slide 16 Slide 17

7. Бас бұлшықеттер:

Шайнау

Мимикалық, ымдау

Slide 18

Бұлшықеттердің қосалқы бөліктері.

Бұлшықеттердің басты бөліктері - оның денесі мен сіңірінен басқа оның жұмысын жеңілдететін қосалқы бейімділіктер болады. Бұлшықеттер тобы талшықты дәнекер тіннен түзілген шандырмен (фасциямен) қоршалады.

fasciae superficiales s. subcutaneae.

fasciae profundae

fascia propria)

Slide 19 Slide 20

Retinaculum

Vaginae firosae tendinum

Vagina synovialis tendinis

Bursae sinovialis

Ossa sesamoidea

Slide 21 Slide 22 Slide 23

Бұлшықеттердің бөліну заңдылықтары.

1. Дененің екі жақты симметрия принципі бойынша құрылуына сәйкес бұлшықеттер жұп болады немесе екі симметриялы жартыдан тұрады.

2. Құрылысы сегментті тұлғада көптеген бұлшықеттер сегментті болып келеді немесе метамерияның іздерін сақтайды.

3. Бұлшықет қозғалысы екі пункт арасындағы ең төте қашықтық болып табылатын түзу сызық бойымен жалғасқандықтан, бұлшықеттердің өздері де осы нүктелер арасындағы ең қысқа қашықтық бойымен орналасады.

4. Бұлшықеттер буын арқылы асып өтіп, айналу біліктеріне белгілі бір қатынаста болады, бұлшықеттердің қызметі осыған байланысты.

Slide 24 Slide 25 Slide 26 Slide 27

Бұлшықеттердің дамуы:

Slide 28

Аутохтонды (autos- соның өзі солдай, сhthon- жер)

Трункофугалды (truncus- тұлға, fugo- қашырамын)

Трункопеталды (peto- тырысамын)

Slide 29 Slide 30 Slide 31 Slide 32

Назар аударғандарыңызға

рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Дененің еркін қимылы
Тірек – қимыл жүйесінің балалардағы ерекшеліктері
БҰЛШЫҚ ЕТТЕР ЖҮЙЕСІ (МИОЛОГИЯ)
СӨЖ Бұлшықет ұлпалары эволюциялық динамикасының жалпы сипаттамасы
Коучингтың технологиясы технологиясы Релаксация әдісі
Бұлшықет тіндері
Ашық және жабық түрдегі жарақаттар
Жиырылу аппараты
Бұлшық еті
Бұлшықет биомеханикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz