Павлодар облысы


Slide 1

Павлодар облысы

Slide 2

Елдімекендер

Ақтоғай ауданы (Павлодар облысы)

Баянауыл ауданы

Железі ауданы

Ертіс ауданы

Қашыр ауданы

Лебяжі ауданы

Май ауданы

Павлодар ауданы

Успен ауданы

Щербақты ауданы

Ақсу қаласы

Екібастұз қаласы

Павлодар қаласы

Slide 3 Slide 4

Павлодар облысы 1938 жылғы қаңтар айында құрылған. Облыс орталығы -Қазақстанның ең әдемі қалаларының бірі - Павлодар қаласы, ол Қазақстанның аса ірі өзені болып табылатын Ертіс жағасында орналасқан.

Облыс Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан және солтүстікте - Ресей Федерациясының Омбы, солтүстік-шығыста - Новосібір облыстарымен, шығыста - Алтай өлкесімен, оңтүстікте - Қазақстан Республикасының Шығыс-Қазақстан және Қарағанды облыстарымен, батыста - Ақмола және Солтүстік-Қазақстан облыстарымен шектесіп жатыр.

Облыстың тиімді орналасуы оған басқа мемлекеттермен және Қазақстан облыстарымен Онтүстік-Сібір және Ортасібір теміржол магистральдері бойынша автомобильдік, авиациялық, электрондық, құбырлық және өзендік көлік түрлерімен қатынас жасауға мүмкіндік береді.

Ертістің Павлодар өңірінде бәрі де бар: ұшы-қиырсыз дарқан даласы, қайың тоғайлары, қарағайлы ормандары, таулары, көптеген көлдері. Облысты ежелгі Ертіс қақ бөледі деп айтуға болады. Оның жайылмасы да бірегей және өте бай.

Облыстың аса ірі бөлігін қазақтар ежелден Сарыарқам - Алтын далам деп атап кеткен тегіс дала алып жатыр. Онда, расында да, орасан зор байлықтар бар.

Облыс аумағында Ертістің Павлодар өңірінің інжу-маржаны, Қазақстан Республикасының әсем жерлерінің бірі - Баянауыл бар. Шексіз даланың ортасындағы табиғаттың осы бір бірегей туындысының сұлулығы тамсанатындай. Таулары, қарағайлы ормандары, жануарлар әлемі, Жасыбай, Торайғыр, Сабындыкөл көлдері ұмытылмас әсер береді. Мұнда Қазақстан мен Ресейдің жан-жағынан келетін мыңдаған туристердің аса ірі демалыс аймағы бар.

Slide 5

Павлодар қаласындағы басты мешіт туралы

Павлодар қаласында 6 гектар жерді алып жатқан паркі, медресесі, Кутузов, Кривенко, Қайырбаев көшелерінен кіру есіктері бар 1500 орындық Бас Мешіт сәулет ансамблі салынды.

Бас мешіттің құрылысы облыс кәсіпорындарының демеушілігі, инвестициялар және қала тұрғындарының садақалары есебінен жүзеге асырылды. Негізгі демеушілері: «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Евроазиаттық энергетикалық корпорация» ААҚ, «Павлодар мұнай өңдеу зауыты», «Казхром Ақсу ферроқорытпа зауыты Трансұлттық компаниясы» АҚ, «Вторчермет» АҚ.

238 жұмысшы, 3 ауысыммен жұмыс істеді.

Мешіт ғимараты 48*48 метрлік сегізбұрышты жұлдыз түрінде салынған, диаметрі 30 метр 1200 орындық ерлер намаз оқитын зал, күмбездің биіктігі 33 метр. Мешіт ғимаратының көлемі 48*48 метр, мұнараларының биіктігі - 63 метр, аймен бірге күмбездің биіктігі - 54 метр, жалпы ауданы 7240 шаршы метр.

Slide 6

Благовещенск кафедралы соборы

1999 жылдың 23 қазаны Ертістің Павлодар өңірі үшін маңызды есте қаларлық күн болды. Бұл күні Павлодарда Благовещенски кафедралы соборы ашылды. Павлодарлық архитекторлар Ресейдің қалаларына барып, храмның әр түрлерін көріп, Мәскеудегі бір соборға тоқтады. Бұл тек негіз ғана болды. Мәскеулік храм кішірек және қарапайымдау еді. Павлодарлықтар өз соборын жобалағанда қала тұрғындарын таң қалдырарлық жаңалықтар енгізді. Благовещенск соборының қоңыраулары Мәскеуден әкелінді. Олар паникадило АҚКЗ-да құйылған және шіркеулік бұйымдар Мәскеу жанындағы Софринодан жеткізілді, онда мәскеулік патриархияның зауыты бар. Православиенің заңдарына сәйкес онда тоғыз қоңырау қойылған. Ең үлкен қоңыраудың салмағы - 1024 кг, ең кішкентайының салмағы - 4 кг

Slide 7

Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайы

Павлодар облыстық өлкетану мұражайы - облыстың ірі ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту орталықтарының бірі, ол өлкенің өткені мен бүгінін байланыстыратын саты болып табылады. Ол 1942 жылы құрылған болатын. Онда ғылыми кітапхана, екі филиал бар - Д. П. Багаевтің мұражай-үйі және Майра Шамсутдинова атындағы ән шығармашылығы үйі. Мұражайдың мақтанышы және шығармашылық көрсеткіші - оның қорлары. Мұражай қорларының коллекциялары жылдан жылға толығып келеді, олардың ғылыми өңделуі де жетілдіріледі. Мұражай қорларында негізгі қордың алпыс мыңнан астам экспонаттары бар.

Slide 8

«Астана» - мұз сарайы

«Астана» мұз сарайы - 1800 шаршы метр жерді алып жатқан бірегей ғимарат.

Басты орынды жасанды мұздан жасалған 250 конькишіге арналған мұз айдыны иеленеді.

Оның ерекшелігі сонда - жасанды мұз бетін ерекше полимер партофлормен жапса, мұз айдыны баскетболдан, волейболдан және т. б. жарыс өткізетін спорт залына айналады.

Залдың сыйымдылығы 2800 адам, бірақ оны 3000 адам сыятындай етіп кеңейтуге болады.

Тоңазытқыш қондырғылар тәулік бойы жұмыс істейді, олар ғимарат ауасына ерекше тазалық беріп тұрады.

Мұзды тазалау және түзетуге арналған арнайы машина бар.

Сонымен қатар, жаңа заманғы жаттықтырғыштар және душ кабиналарымен жабдықталған ерлер және әйелдер жаттығу залдары бар. Онда тәжірибелі жаттықтырушы мамандардан кеңес алуға болады.

Slide 9

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі - Павлодар облысының оңтүстік-шығысында (Баянауыл ауданында) Екібастұз қаласынан 100 шақырым жерде Орталық-Қазақстандық ұсақ шоқылардың шетінде орналасқан Қазақстан Республикасындағы ұлттық парк. Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының қатарына кіреді.

Парк 1985 жылы құрылып, Қазақстанның бірінші ұлттық паркі болып табылады. Баянауыл тау сілемінің табиғи өсімдік әлемі мен жануарлар әлемін сақтау және қалпына келтіру қажеттілігі паркті құрылуына негіз болып табылды.

Парктің жалпы аумағы 68 453 га. құрайды.

ццц

Slide 10

Туризм

Орталық және Солтүстік Қазақстанның жақын маңындағы қалаларының туристері үшін Баянауыл өте тартымды жерлердің бірі. Парк аумағында көптеген демалыс үйлері мен аймақтары жұмыс істейді.

Паркте шомылуды, тауларда серуендеуді, шыңдарға өрмелеуді, тау велосипедтерімен жүруді қоса алғанда бірнеше демалыс түрлері бар. Көптеген демалу аймақтарында туристік экскурсиялар жүргізіледі, онда белгілі бір төлем төлеп, парктің негізгі көз тартар жерлерін - “киелі үңгірді”, “тас басты” және тағы басқаларын көруге болады. Жасыбай көлі басқа көлдер арасында суы ең таза және мөлдір болғандықтан, негізгі шомылатын жер болып табылады. Сонымен бірге оның жағасынан көркем көрініс ашылады. Дәл осы көлдің жағасында көптеген демалу аймақтары жұмыс істейді, жағажайда катамарандар, еспелі және мотормен жүретін қайықтары жалға беріледі.

Slide 11

Көз тартар жерлер

Туристерді Баянауылда көп ғасырлар бойы желмен және сумен мүжілгендігі нәтижесінде ғажайып кескіндерге айналған, кейбір кезде жануарларға, адамдарға немесе таудан түсіп келе жатқан жүк машинаға ұқсайтын жеке шыңдар мен тастар ерекше қызықтырады. Барынша әйгілі шыңдардың арасында - «тас бас» мүсіні, оның «Кемпір тас» деген атауы кең тараған. Белгілі бір жағынан байқап қарағанда ол шынымен шашсыз, тіссіз, кекесін зұлымдықпен күліп тұрған кемпірдің басына ұқсайды. Ғажайып түрдегі басқа тастардың арасында - түйе, мамонт пен горилланың бастары, А. С. Пушкиннің қырынан қарағандағы сұлбасы, ұшатын тарелка, динозавр, көгершін, жылқының басы және көптеген басқа да тастар бар. Шыңға өрмелеушілер арасында Бөлке тауы және Ер жүректілер шыңы, сондай-ақ ең биік тау ретінде Ақбет тауы кең тараған. Бөлке тауының шыңында құрғақшылық кезінде тартылатын алты көл орналасқан.

Бұндағы көз тартар жер - «қиелі үңгір». Сенімдер бойынша үңгірге кірген әрбір адам оның қабырғасына алақанын қойып тілек тілесе, одан кейін шыға беріске басын бұрмай үңгірден шықса, оның тілегі орындалады деп есептеледі. Сонымен бірге үңгір баласы жоқ ата-аналарға балалы болуға көмектеседі деген сенім бар, ол үшін үңгірде арнайы рәсім орындау керек екен. Бұның рас-өтірігіне қарамастан, үңгірге кіруге болатын күндері туристер көптеп келіп жатады. Ол барынша жоғары жерде орналасқан, оған апаратын тік өрдің бір жақырымдай жерін жаяу өтуге тура келеді. Соңғы жылдары жолдың соңғы аса тік бөлігінде бұл мақсаттарға арнап арнайы ағаш саты орнатылған.

Slide 12 Slide 13 Slide 14

Шалдай қарағайлы тоғайы

Шалдай қарағайлы тоғайы 2003 жылы құрылған “Ертіс орманы” мемлекеттік орман табиғи резерватының құрамына енеді.


Ұқсас жұмыстар
Жай бөлшектерге амалдар қолдану
Екібастұз қаласы
Қостанай облысы Павлодар облысы
Солтүстік қазақстан экономикалық ауданы
Солтүстік Қазақстан облысы туралы ақпарат
Конвенциясының орындалуы
Мұнай мен газ
ҚАКСР құрамына енгізілген аймақтар
Ауыл және орман шаруашылықтары үшін машиналар мен жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету қызметтерін ұсыну
Қазақстанның халық статистикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz