Шымкент қаласы




Презентация қосу
Шымкент қаласы
Шымкент — Оңтүстік  Қазақстан  облысының орталығы. Қазақстанның 
басқа қалаларымен салыстырғанда тұрғыны жөнінен 3-ші орында. 
Осымен қатар, Шымкент Қазақстанның негізгі өнеркәсіп, сауда және 
мәдени орталықтарының бірі болып табылады.
Ғалымдар Шымкент туралы кездесетін әр түрлі тарихи 
деректерді атай отырып, қала атауының мағынасын "бау-
бақшалы қала", "Жасыл қала", "Шыммен қоршалған
қала" - деп түсіндіреді.
Жер аумағы 347 км/2, биіктігі 506 м болып табылады. 
Тұрғыны шамамен 660 300 адам (2013 жыл). 
Ұлттық құрамы : қазақтар  55,7 % , орыстар 15,7% , 
Өзбектер 15% , татарлар 2,7% , басқалары  10,9% .
 Шымкент шаhарының пайда болуына өзіндік үлесін 
қосқан көне Сайрам каласы Ұлы жібек 
жолының бойындағы басты сауда және қолөнер орталығы 
болған Отырар қалашығы.
Жер бедері. Оңтүстік Қазақстан облысының жер бедері 
негізінен жазық (орташа биіктігі 200 – 500 м).
Облыс жерінің көпшілік бөлігі Тұран плитасының 
құрамына кіреді.

Облыстың климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, 
қар жамылғысы жұқа, тұрақсыз. Қаңтар айының жылдық 
орташа температурасы солтүстігінде –7 – 9°С, оңт-нде –2 
– 4°С. Жазы ұзақ, ыстық, қуаң және аңызақты.
 Әуе көлігі жүйесінде “Шымкент әуежайы” ААҚ 
халықаралық тікелей және транзиттік авиарейстерді 
жүзеге асыруға қолайлы. 
Шымкент – инфрақұрылымы жақсы 
дамыған, Қазақстанның жетекші өнеркәсіп және 
экономикалық орталықтарының бірі. Қалада түсті 
металлургия, машина жасау, химия, мұнай өңдеу және тамақ 
өнеркәсібін дамытып отырған 69 өнеркәсіптік кәсіпорын бар.

Жеңіл өнеркәсіпте алдыңғы қатардағы кәсіпорындарға – 
"Восход" фабрикасы (жүннен костюм, пальто, күртке тоқу), 
"Адал" (тоқыма өнеркәсібі), "Эластик" (шүлық тоқу) жатады. 
Құрылыс материалдарын өндіруде "Шымкентцемент" АҚ 
(цемент өндіру) және "Құрылыс материалдары" (құрылысқа 
қажетті кірпіштерді өндіру) және басқа да кәсіпорындар бар.
Мұнай, химия және фармацевтика өнеркәсібінде "Петро
Казахстан Ойл Продактс" АҚ (мұнай өңдеу), 
"Интеркомшина" (шина өндеу), "Химфарм" (дәрі-дәрмек 
ендіру) сияқты ірі кәсіпорындар жұмыс істеуде. Ал, 
металлургияда "Южполиметалл" АҚ (қорғасын және т.б. 
өнімдер), машина жасауда "Карданвал" (автомобильдер мен 
тракторларға қажетті қосалқы бөлшектер өндіру), "Южмаш"
(ұсталық пресс машиналарын, қосалқы белшектер және 
қүрал-жабдықтар өндіру), "Электроаппарат" (қуатты электр 
қосқыштары және т.б. өнімдерді өндіру) кәсіпорындары бар.
Тамақ өнеркәсібін өндіретін ірі кәсіпорындардың
ішінен "Шымкентмай" және "Қайнар" (мақта
шитінен, күнбағыстан зығыр, соядан
тазартылған май шығаратын және т.б. өнімдер),
"Шымкентпиво" (сыра ендіру), "Визит"
(салқындатылған сусындар) акционерлік
қоғамдарын атауға болады.

Сонымен қатар, қала шаруашылығында
өздерінің дамыған бизнесімен және сапалы
өнімдерімен көзге түскен түрлі саладағы
фирмалар жұмыс істеп келеді. Коммуналдық
қызметжүйесі: қалалықжәне қала-аралық
көліктер даму үстінде.
Қалада жүзеге асырылып жатқан мәдениет саясаты 
Оңтүстік Қазақстанда жасайтын ұлттық мәдени-
полиэтникалық қоғамдардың қалыптасқан мәдениетін, 
салт-дәстүрлерін, достықты, татуластықты жандандыруға 
бағытталған. 

Шымқалада қазақ, славян, өзбек, башқұрт, татар, неміс, 
еврей, корей, әзербайжан және басқа, барлығы 16 ұлттық
мәдени орталықтар жұмыс істеуде. Олардың белсене 
қатысуы және қолдауымен ұлттық саясат және 
тұрғындардың бос уақытын ұтымды ұйымдастыру 
мәселелері оң шешімін тауып келеді.
2002 жылы Шымкентте «Ардагерлер аллеясы» қайта 
жандандырылды. Қалада 8 саябақ пен сквер жұмыс 
істейді. Олардың үшеуінің негізі XIX ғ. ортасы мен 
XX ғ. басында қаланған.

 Үш кинотеатрда қазіргі заманның фильмдерін 
тамашалауға болады. Қангүй мемлекеті дәуірінің бірегей 
экспонаттары облыстық өлкетану мұражайында 
қойылған. Қалада 28 кітапхана бар
 Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония 
жемісті жұмыс істеуде. 3 мәдениет сарайының 
залдары ешқашан да бос болмайды.
Қаладағы 100-ге жуық спорт залдар, 7 стадион, 5 жүзу
бассейні, 3 спорт кешені, жеңіл атлетикалық манеж 
көпшіліктің игілігіне қызмет көрсетуде. Бізден есімдері 
әлемге әйгілі талай чемпиондар шыққан. 

Келешекте 4 олимпиада резервін дайындайтын балалар 
мен жас өспірімдердің мамандандырылған спорт-мектебі 
мен жекеменшік спорт секциялары, клубтары талай 
чемпиондарды дайындап, шығаратынына күмәніміз жоқ. 
Қалалық ипподромда балалардың ат спорт мектебі жұмыс 
істейді.
Осы аумақтағы табиғаттың қайталанбас інжу-маржандарының 
бірі - Орта Азиядағы байырғы қорық - Ақсу-
Жабағылы болып табылады. 
Батыс Тянь-Шань сілемдерінде орналасқан оның теңіз 
деңгейінен биіктігі 1000 метрден 4280 метрге жетсе, көлемі 
75043 гектарды алып жатыр. 
Қорықтың ландшафты әдемі, ауқымды әрі ғылым мен 
өнер үшін баға жетпес қүндылыққа ие. Мүнда көне 
дәуірге тән өсімдік пен жануарлардың көптеген түрі 
бастапқы қалпында сақталған. Қасқабүлақ тауының тас 
қатпарларына ата-бабаларымыз салып кеткен көне кескін, 
бейнелердің ғалымдар мен туристер үшін айрықша 
қызығушылық туғызатыны анық.
Аталмыш аумақтағы рекреациялық қорға бай экзотикалық 
орындар катарына Қаратау бөктеріне жақын жайғасқан 
Қызылкөл, табиғаты ғажайып «Бадам» шатқалындағы 
«Қырыққыз» туристік базасы мен Батыс Тянь-Шань 
сілемдеріндегі «Ақмешіт» және «Біркөлік» демалыс 
аймақтары, «Сайрам-су» шатқалындағы «Альтекс» спорт 
кешені, Машат өзеніндегі шатқал, Шардара су қоймасы, 
емдік минералдық бүлақ суы бар Сарыағаш ауданының 
шипажай аймағы және т.б. жатқызамыз.
Назарларыңызға рахмет !

Ұқсас жұмыстар
Шымкент қала атауының мағынасы
Батыстағы қалалар
Ресми тілі қазақ тілі
Шымкент қаласының экологиясы
Туған жеріңе сүйіспеншілігіңді сөзбен жеткізе алмайсын
Қазақстанның ірі қалалары
Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі
Оңтүстік Қазақстанның қалалары
Взвод командирі
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ
Пәндер