ЖАТАҚХАНА ТҮСІНІГІ, АЛУ ТӘРТІБІ, ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Презентация қосу
ТАҚЫРЫБЫ:
ЖАТАҚХАНА ТҮСІНІГІ, АЛУ ТӘРТІБІ, ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР.
ЖОСПАР:
1) Жатақхана түсінігі.
2) Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы жатақханалардан тұрғын үй-жай беру
тәртiбi.
3) Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы жатақханадан шығару.
4) Жатақханаға қойылатын талаптар.
Жатақхана түсінігі.
Жатақхана - еңбек шарты бойынша
жұмыс істейтін адамдардың, оқу
кезеңінде студенттер (курсанттар,
аспиранттар) мен оқушылардың,
сондай-ақ жатақхананың меншік иесімен
немесе иесімен еңбек шарты бар басқа
да адамдардың тұруы үшін арнайы
салынған немесе қайта жабдықталған
тұрғын ғимарат.
Мемлекеттiк тұрғын үй
қорындағы жатақханадан
шығару.
Еңбек шарты бойынша
жұмыс iстеген және осы
еңбек қатынастарын
тоқтатқан адамдар,
сондай-ақ оқу
орындарында оқыған
және олардан шығып
қалған адамдар өздерiмен
бiрге тұратын
отбасыларының
мүшелерiмен қоса оларға
жұмысына немесе оқуына
байланысты берiлген
мемлекеттiк тұрғын үй
қорының жатақханасынан
басқа тұрғын үй-жай
берiлмей шығарылуға тиiс.
Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы
жатақханалардан тұрғын үй-жай беру
тәртiбi.
Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы
жатақханалардан тұрғын үй-жай кәсiпорын,
мекеме әкiмшiлiгiнiң шешiмi бойынша еңбек
шартымен жұмыс iстейтiн кезеңiнде, сондай-ақ
студенттер (курсанттар, аспиранттар) мен
оқушылардың оқуы кезеңiнде тұруы үшiн
берiледi.
Шешiмде жатақханадан тұрғын үй-жай берiлген
адаммен бiрге тұрғызылатын барлық адамдар
аталуға тиiс. Басқа адамдарды тұрғызуға тыйым
салынады.
Жатақханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар.
1. Жатақханаларды жобалау және салу кезінде дәлізді жүйедегі тұрғын
бөлмелер 10 бөлмеден аспайтын және пәтерлі жүйедегі 3 бөлмеден
аспайтын блоктарға топталады. Әр блокта бірнеше блокқа ортақ болуы
мүмкін ас үйі мен санитариялық торап, себезгі бөлмелері көзделеді.
2. Отбасылық үлгідегі жатақханаларда балалардың ойын бөлмелері
жобаланады.
3. Жатақхана ғимараттарында:
• тұрғын бөлмелердің үстіңгі қабаттарында және оларға тікелей жапсарлас
санитариялық тораптар, қол жуғыштар, себезгі бөлмелерін орналастыруға;
• тұрғын үй-жайлар астында қоқыс камерасын орналастыруға;
• қоқыс салғыш құбырлар мен электр қалқандарын тұрғын бөлмелерге
жанастыруға;
• санитариялық-техникалық аспаптарды тұрғын бөлмелердің қоршау
қабырғаларына тікелей бекітуге тыйым салынады.
4. Жатақханалардың тұрғын бөлмелерінің алаңы бір адамға шаққанда 6,0
м2 кем болмауы тиіс.
5. Көп қабатты жатақханалардағы қосалқы және санитариялық-тұрмыстық
үй-жайлар, атап айтқанда дәретханалар, қол жуатын бөлмелер, кір жууға
және кептіруге арналған үй-жайлар, ортақ ас үйлер, жинау мүкәммалын
сақтауға арналған үй-жайлар (орын) әр қабатта болуы тиіс.
6. Медициналық пункт үй-жайлары 1-қабатта орналастырылады, мәдени-
көпшілік іс-шараларға, тұрмыстық қызмет көрсетуге арналған үй-жайлар 1
немесе 2-қабаттарда тұрғын үй-жайлардан оқшау орналастырылады.
7. Кір жуу бөлмелері дәлізден шлюз арқылы бөлектенеді, суық су мен
ыстық су жүргізілген ванналармен, ылғалға төзімді жабыны бар
орындықтармен немесе үстелдермен, стеллаждармен, легендермен; кір
және киім кептіруге арналған үй-жайлар кірді кептіруге және үтіктеуге
арналған құрылғылармен жабдықталады.
8. Ас үйлер плиталармен, жуу ұяшығымен, үстелдермен жабдықталады.
9. Кір жууға және кептіруге арналған үй-жайлар, себезгі бөлмелері,
санитариялық тораптар механикалық сору-сыртқа тарату желдеткішімен
жабдықталады.
10. Объектілер үй-жайларындағы салыстырмалы ылғалдылық пен ауа
қозғалысының жылдамдығы, температурасы мен ауа алмасу жиілігінің
параметрлері осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшада белгіленген.
11. Жатақханалардың барлық тұрғын үй-жайлары, сондай-ақ ортақ
дәліздері мен холлдары табиғи жарықтандырылуы тиіс.
Санитариялық тораптарды, себезгі бөлмелерін, қоймалар мен
адамдар аз уақыт болатын басқа да қосалқы үй-жайларды табиғи
жарықсыз орналастыруға жол беріледі.
12. Терезе әйнектері таза күтіп-ұсталады, ластануына байланысты
тазартылады.
13. Жатақханалардың үй-жайларында қоқысқа арналған урналар,
ас үйлерде тағам қалдықтарына арналған қақпағы тығыз
жабылатын, толуына байланысты тазартылатын сыйымдылықтар
қойылады.
Ортақ қолданылатын үй-жайлар мен дәліздерге қоқыс шығаруға
және қалдықтар салынған сыйымдылықтарды сақтауға жол
берілмейді.
НАЗАРЛАРЫ
ҢЫЗҒА
РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz