Мәміле түрлері




Презентация қосу
Мәміле түрлері
Жоспар:

•Мәміленің ұғымы
•Мәміленің түрлері
Мәміле ұғымы.Азаматтық кодекстің 147-ші бабына сәйкес мәміле азаматтар мен
заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге
немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері деп белгіленген.
Мәмілелерге мынадай белгілер тән:

1) тұлғаның (тұлғалардың) ерік (тілек немесе
ниет) білдіруі;

2) рұқсат етілген ерік білдіру, яғни құқыққа
сәйкес әрекет;

3) қандай да бір занды қүқық жасауға
бағытталған азаматтық-құқықтық
қатынастардың пайда болуы, өзгертілуі және
тоқтатылуы;

4) мәміленің әрқашанда құқықтық салдарды
туғызуы.
Конклюденттік
әрекет (латынша
concludere-жасау)-
сол арқылы
тұлғаның мәмілеге
қатысуы ниет
білдіру әрекеті.
Мәселен, азамат
автоматқа ақша
салу
арқылы,ондағы
тауарды алуға
деген еркін
білдіреді.
Мәмілелердің түрлері

Бір жақты
және екі Ақылы
Биржал және
ық немесе көп
жақты ақысыз

Мәмілелер

Нақты
Шартпен Казуалды және
жасалған және консенсуал
абстрактыл ды
ы
•Біржақты мәміле. Біржақты мәміленің жасалуы үшін бір ғана
тараптың ықтияры жетіп жатыр. Мысалы, өсиет қалдырушы өз
ықтиярымен қалаған адамына мұрагерлік құқық береді. Мәміле
ауызша да, жазбаша да жасалады. Кәсіпкерлік қызметпен
айналысатын тұлғалардың арасында және жеке тұлғалар арасында
100 айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға Мәміле жазбаша
жасалады. Жазбаша Мәміле тараптардың қол қоюымен, ортақ бір
құжат толтыру жолымен және хат, жеделхат алмастыру жолымен де
жасалуы мүмкін. Заңда немесе тараптардың келісімімен көзделген
жағдайда жазбаша Мәмілені нотариат арқылы куәландыру қажет.
Жылжымайтын мүлікке қатысты жасалатын мәмілелер мемлекеттік
тіркеуді талап етеді.
•Екі жақтың да еркі мен келісімі міндетті болып табылатын мәміле
екі жақты мәміле деп аталады. Екі және одан да көп тараптардың
еркі мен келісімі талап етілетін мәміле көп жақты деп аталады.
Қазіргі кезде екі не одан да көп тараптар жасайтын мәміленің түрін
шарт деп атайды. Сонымен екі немесе одан көп адамның азаматтық
құкықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы
келісімі шарт деп танылады.

•Бір жақ екінші жақка көрсеткен қызметі, жұмысы үшін ақы алатын
мәміле ақылы мәміле делінеді. Керісінше болса ақысыз мәміле.
•Мәміленің талабына байланысты белгілі бір заттың, мүліктің
берілуіне байланысты жасалатын мәміленің түрін нақты
мәміле дейді. Мысалы, бұңдай мәмілеге жүк тасымалдау
туралы шартты айтуға болады. Жүк жіберушінің жүкті
тасымалдаушыға беруі аталған мәміленің жасалғандығын
көрсетеді.

•Келісімді (консенсуалды) мәміленің жасалуы үшін сол
мәмілені жасау туралы тараптардың өзара келісімге келуі
жеткілікті болады. Бүған мысал ретінде сауда-сатық шартын
келтіруге болады. Аталған мәмілені жасау үшін мүлікті не
затты беріп, оның бағасын, құнын төлеу міндетті емес. Бұл
әрекетті жақтар шарттың орындалуы барысында іске
асырады. Тараптар ең алдымен мүлікті не затты бір-біріне
сату жөнінде өзара келісіп қойса, мәміле жасалды деп
есептеледі. Мысалы, бір азамат екінші бір азаматқа өзінің
пәтерін сатамын, ал анау аламын деп сөз байласса не шарт
жасаса мәміле жасалды делінеді. Ал ақшасын төлеп, пәтерді
алу сөз байласудан кейін орындалады.
•Каузалды мәміле негізіне байланысты туатындықтан соған
тәуелді болады. Сондықтан негізінің жойылуы бір жақты
мәміленің әрекет етуінің занды күшін жояды. Мысалы, сатып
алушы сатып алынатын тауардың жарты құнын төлеп қойды,
бірақ сатушы тауарды таба алмады.
•Сатушы сатып алушыдан тауардың қалған бағасын талап
етуіне негіз жоқ, сондықтан, бұл жерде мәміленің негізі
болып тауардың берілуі не сатып алушыға жеткізілуі
табылады. Ондай негіз жойылып еді, мәміле өзінің зандық
күшін жойды.

•Абстрактілі мәміледе, керісінше, мәміленің негізі есепке
алынбайды, егер мәміле сол мәмілені жасаушының
түпкілікті еркін білдірсе. Мысалы, сатып алушы сатып
алынған тауардың құнына сәйкес сатушыға вексель беріп,
соңынан, тауар сапасыз болып шықса, вексель қайта
қайтарылмайды және вексель векселді үстаушы не векселді
төлеуші үшін болашақта векселге деген құқықтарын
жоймайды.
•Нысаны биржадағы айналысқа жіберілген мүлік болып
табылатын және тиісті биржалар (тауар, қор және басқа)
туралы Қазақстан Республикасының зандары мен биржалык
сауда ережелеріне сәйкес онымен сауда-саттық жүргізуге
қатысатындармен жасалатын мәмілелер биржалық
мәмілелер деп аталады.

Ұқсас жұмыстар
Мәмілелер туралы
Делдалдар арқылы жасалатын мәміле
КӘСІПКЕРЛІК МӘМІЛЕЛЕР
Мәміле ұғымы және оның түрлері
Мәміле түсінігі, шарт және оның түрлері
МӘМІЛЕЛЕР
НАРЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕ
Қысқа мерзімді банктік несиелеу инвестициялық жобаларды қаржыландырудың әдісі ретінде
Шарттар мен мәмілер түрлері
Кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім
Пәндер