Күркетауықтар (лат. Meleagris)


Slide 1

Күркетауықтар (лат. Meleagris) - тауықтәрізділер отрядының бір тегісі.

Дене тұрқы 85 - 100 см. Басы және мойнының біраз жері тықыр. Аталығы тоқылдағында мойнында етті қатпарлар пайда болып, құйрықтарын тік ұстап, желпуіш сияқты желпиді. Қауырсындары қара металл түсті жылтыр. Жақсы жүгіріп, жерде жақсы жүреді. Бірақ ұшқанды ұнатпайды. 2 түрі белгілі. Соның ішінде арғы тегі Солтүстік Америкада кеңінен таралған кәдімгі күркетауық (Meleagris gallopavo) .

Slide 2

Күркетауық ауыл шаруашылық құстарының ең ірісі. Күркетауық етін жеделдете өндіру оның бір тауығынан бір жылда 90-100 балапан өсіріп, 400-450 кг (тірілей салмағы) ет алуға болады.

Күркетауық балапандары өте тез өседі, 90-120 күнде ұрғашы тауықтарының салмағы 3, 5-4 кг, әтештері 4, 5-5 кг салмақ тартады, шығындалған азықтың 1 кг-на 3-3, 5 кг өнім береді. Балапандарды еденде жеделдете өсірген кезде олардың сойыс салмағы 89% болады, тұтынылатын бөлігінің салмағы 65-71%-ға жетеді. Клеткаларда өсірген кезде сәйкесті көрсеткіштер: 88-89 және 72-75%, сонымен бірге бұлшық ет ұлпаларының салмағы тауықтың сойғандағы салмағының 58-59%-ын құрайды. Күркетауық бұлшық ет ұлпасының негізгі бөлігі ақ диеталық етке жатады.

Күркетауық негізінен Украинада, Қазақстанда, Ресейдің оңтүстік аймақтарында, Тәжікстанда, Молдавияда, біршама аз мөлшерде Прибалтикада және басқа да елдерде ірі құс фабрикаларында, мамандандырылған шаруашылықтарда және күркетауық фермаларында өсіріледі.

Slide 3

Күркетауық - үй құстары ішіндегі ең ірісі. Қоразының тірі салмағы 9-35 килограмм, мекиені 4, 5-11 килограмм. Жаңа шыққан балапанының салмағы 50-55 грамм, 120 күннен соң 4-5 килограмм. Ұрғашы балапан 4 айлығында, еркегі 7 - 8 айлығында өсуін тоқтатады да, одан әрі ет алып, май жинайды. 3-4 ай бордақыланып етке өткізіледі. Еті дәмді, құрамында жеңіл қорытылатын протеин көп (28%-ға дейін) . .

Slide 4

Күрке тауықтардың тұқымдары мен кросстары

Солтүстік және Орталық Американың оңтүстік аудандарында тараған. Орманды далаларды мекендейді. Екі монотинті туысы бар. Meleogris, Agriochoris. Қолға үйретудің және одан әрі іріктеудің нәтижесінде қазіргі кезде әр түрлі тұқымды үй күркетауықтары шығарылған.

Күркетауықтарды ет алу үшін ғана өсіреді. Сондықтан өнім бағыты жөнінен оларды сұрыптамайды.

«Қола» тұқымы АҚШ-та үй күрке тауықтарын жабайы және ағылшынның қара күрке тауықтарымен будандастыру арқылы көбейтілген. Жабайы күрке тауықтардан олар қола түсті қауырсынды, сондай-ақ дене құрылысының бітімімен және еттілігімен ерекшеленеді. Қола күрке тауықтар кең де томпақ кеудесімен, ұзын да жалпақ жауырынымен, биік, біршама жуан аяқтарымен ерекше көзге түседі. Мойынының төменгі бөлігі мен жауырынының алды тауықтікіндей қауырсындарының түсі мыс-қола тәрізді келеді.

Slide 5

Жалпы қауырсыны қара, тек қауырсын қанаттарының түсі ақ немесе көлденең жолақтары сұрғылт-аққұйрық қауырсындары қоңыр көлденең жолақтармен қара күрең түсті болады. Ұрғашы тауықтарының қауырсындары соншалық жарқырамайды, олардың құйрығы қысқа келеді және тарамданбайды. Ересек күрке тауықтар 7-9 кг, ал аталықтары 14-16 кг салмақ тартады, 60-90 жұмыртқа табады. Аталмыш тұқымның құсы қайтадан қалпына жақсы келтіру қасиеттерімен, балапанды көп шығарғыштығымен және жұмыртқасының ұрықтанғыштығымен ерекше көзге түседі.

Slide 6

Қола түсті кең кеуде күрке тауықтар өсімінің шапшаңдығы, азықтың жақсы өтелуі және дене құрылысының ет бітімі жөнінен селекциялардың нәтижесінде қола күрке тауықтардың негізі құрылды. Төс еттерінің тым жақсы жетілуі әсерінен олар кең кецде тұқым атанды. Осы алуан түсті құс едәуір ірі. Тауықтары 9-12, әтештері 18-20 кг салмақ тартады. Әтештердің ең жоғарғы тірілей салмағы 35 кг-ға дейін жетеді. Балапандары 13 апталығында орта есеппен 4, 4 кг, ал 17 апталығында өсімінің 1 кг-на 2 кг-ға жуық азық жұмсап 6, 6 кг салмақ тартады. Құс жұмсақ және шырынды етінің молдығымен сипатталады. Оның өнім өндіру қасиеттері (жұмыртқалағыштығы, жұмыртқаның ұрықтануы, балапандардың басылып шығуы) жоғары емес. Осы кездегі ең таңдаулы тізбектер жылына 70-90 дана жұмыртқа табады.

Slide 7

Аталмыш тұқым өнеркәсіптік құс шаруашылығы үшін осы кездегі жоғары өнімді тектер мен кросстар құруға қолданылады. Қола түсті кең кеуде күркетауықтардың негізінде АҚШ-та тіршілік қабілеті тым жақсы, аса ауыр салмақты «Камерино» күрке тауықтарының тобы шығатын тұқым. Жиырма төрт апталығында еркектерінің тірілей салмағы 20-21 кг, ұрғашыларының салмағы 12 кг-нан болады. Еркектерінің тірілей салмағы өсімінің әр кг-на 3, 9 кг, ұрғашыларына 3, 3 кг азық шығындалады. Сойған кездегі өнімі 81-85%

Slide 8

Құс фабрикаларында өндірістің аяқталған циклы болады, ол жылына 500-1000 млн күрке тауық балапандарын өндіруге есептелген және цехтары: ата-аналық табын, инкубация, еттік және толықтырушы балапандар өсіру цехы және тоңазытқышы болады. Кейбір құс фабрикаларының құрама жем зауыттары болады. Көптеген мамандандырылған шаруашылықтар өндірістің аяқталмаған технологиялық циклымен (инкубациялау, сою және құсты өңдеу цехы болмайды) жұмыс істейді, сондықтан олар 50-100 мың балапан өсіреді.

Шаруашылықтардың көрсетілген категорияларынан басқа құрамына бірқатар шаруашылықтар немесе мамандандырылған күркетауық өсіретін фермалар кіретін бірлестіктер де бар. Олар бір технологиялық схема бойынша жұмыс істейді.

Slide 9

Құс шаруашылығы жақсы дамыған елдерде ұлттық салт-дәстүрді ескере отырып, көптеген күркетауық етін өндіреді. Мысалы, АҚШ-та жыл сайын үнемі 100 миллионға жуық күркетауық балапандарын өсіреді. Құс етінің жалпы өндірісіндегі күркетауық балапанының үлесі және оны адам басына өндіру бойынша Канада дүние жүзінде бірінші орын алады. Ұлыбританияда жылына етке арналып 15 миллионға жуық күркетауық балапандары өсіріледі. Соңғы жылдары күркетауық етін өндіру үшін біздің елімізде күркетауықтың отандық тұқымы мен жүйелері, сондай-ақ шет елдік тектер де пайдаланылуда.

Slide 10

Күркетауықтардың ата-аналық табыны. Күркетауық ата-аналық табындағы құс саны күркетауық етін өндіру көлеміне, аналық формадағы құстың жұмыртқалауына, балапанды басып шығаруға және оларды аман өсіруге, толықтырудың қайталануына және басқа да технологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Бұл табын 120 күндік мерзімінде аталық және аналық формалар жүйелерінің стандартына сәйкес келетін жақсы дамыған балапандармен толықтырылады. Сұрыптау олардың тірілей салмағы, дене бітімінің еттік формалары, қауырсындануы бойынша жүргізіледі. Күркетауықтардың тез жетілуіне байланысты қорытынды сұрыптау 5-6, 5 айлық мерзімде жүзеге асырылады. Инкубациялық жұмыртқа алу үшін 7-14 айлық ұрғашы тауықтар мен 8-14 айлық мерзімдегі әтештер пайдаланылады. Күркетауықтардың жұмыртқалау жеделдігінің циклы (30%) 150 күнге жуықтауға байланысты болады. Күркетауық етін өндірген кезде ата-аналық табынды жылына 3-4 рет және одан да көбірек толықтыру қажет.

Slide 11

Ата-аналық табынды жақсырақ пайдалану үшін жұмыртқа салудың ең соңында күшті стрестік немесе гормоналды препараттарды қолдана отырып, ұрғашы тауықтардың мезгілсіз, еріксіз түлеуін тудыруға болады. Осыдан кейін күрке тауықтар жұмыртқалаудың екінші циклін бастайды. Жұмыртқалаудың екі циклында жақсы құстан 120-130 жұмыртқа алынады. Бірінші цикл әдетте 20 аптаға (70-80 жұмыртқа), екінші цикл 15 аптаға (50-60 жұмыртқа) созылады.

Slide 12

Күркетауық етін жыл бойына өндірген кезде ата-аналық табын реттемелі микроклиматы бар кең қабырғалы құс қораларында шағын топтарға (200-250 бас) бөлініп, қалың төсеніште күтіледі. Еденннің әр шаршы метр алаңына 1, 5 бастан отырғызылады. Бункерлі азықтандырғыштар, автосуарғыштар және қиыршық тастарға арналған астаулар құс қорасының барлық алаңына біркелкі орналастырылады. Әтештер мен мекиендер бөлек күтіледі. Өйткені әтештер тауықтарға қарағанда 2 есе салмақтырақ келеді. Бірге күткен кезде тауықтарды жарақаттап тастайды. Ал табиғи әдіспен жұптастырған кезде әтештерді тауықтарға күніне 2 сағаттан 2 рет жібереді. Қолдан ұрықтандырған кезде әтештер дербес клеткаларда (100х100х100 см) немесе 20-25 бастан топтап, еденде күтіледі. Ересек әтештер жақсы күтіліп, нормамен азықтандырғанда тауықтарды 4-5 ай бойы ұрықтандыра алады. Ұрықтандыру маусымының аяқталу кезінде әтештер түлейді. Олар тауықтардан 2-3 ай бұрын түлей бастайды.

Slide 13

Түлеген кезде әтештердің 30-40 пайызының жұмыртқаларды ұрықтандыруы күрт төмендейді. Сондықтан ата-аналық табында кештеу түлейтін балапан әтештерді резервте ұстау қажет болады. Резервтік әтештерді түлемес үшін оларды 8-9 сағат жарық күн сәулесінде ұстайды.

Күркетауықтарды өнеркәсіптік негізде өсірген кезде отыра беру сезімін болдырмаудың зор мәні бар, оны тудыратын жағдайларды: жоғары температураны, төсеніш жұқалығын, оңашалау қаракөлеңкелеу орындардың көбірек болатындығын, ұя құрылысының нашарлығы және олардың жетімсіз болуы, белгілі бір ұяларға дағдылануын ескерген жөн.

Slide 14

Күркетауықтарды клеткаларда күту. Күркетауықтарды клеткаларда күту еденде күтумен салыстырғанда қоралардың сыйымдылығы 1, 5-3 есе ұлғайтып, бастапқы мекиеннің жұмыртқалауын 10-25% арттырады, бір жұмыртқаны өндіруге жұмсалатын шығынды 28%-ға дейін азайтады, жұмыртқалардың ұрықтануын және балапандардың шығымы 3-7%-ға көбейтеді, қолдан ұрықтандыру технологиясын және жұмыртқалауға дербес есеп жүргізуді (асыл тұқымды зауыттарда) жеңілдетіп, еңбек өнімділігін арттырады және өндіріс мәдениетін жақсартады.

Күркетауық мекеиендері КБН-ден қайтадан жабдықталған қос қабатты клеткалы батареяларда күтіледі. Еліміздің оңтүстік аудандарында күркетауықтарды жайып бағу жүйесі кеңінен қолданылады.

Slide 15

Инкубация цехы


Ұқсас жұмыстар
ТҮЙЕТАУЫҚ ТҮЙЕТАУЫҚТӘРІЗДІЛЕР
Нъюкасл ауруы, белгілері
Тауықтан алынған жұмыртқасына статистикалық есептеу
Біздегі күркетауықтар - канадалық кросс деп аталатын етке бейімделген құс түрі
Ауыл шаруашылық жануарларының шығу тегі
Білек сүйектері
Іңір немесе түн жануары
Мәдениеттану этимологиясы
Қазақстан аумағында мекендейтін жабайы құстар саны қаншаға жуық
Құстар класы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz