Қазақстанда этностық топтардың қалыптаса бастауы туралы ақпарат




Презентация қосу
Сабақтың тақырыбы:

Қазақстанда этностық
топтардың қалыптаса бастауы
XVIII—XX ғасырлардың бас кезінде Қазақстанның байырғы халқы өлкенің басым көпшілігін
құрады. 1897 жылы Қазақстанда барлығы 4147,7 мың адам тұрған болса, соның 80 пайызға жуы ғы
қазақтар еді. Халықтың қалған бөлігін қазақтар мен қоныс аударған орыс шаруалары, сондай-а қ ұй ғыр,
дүнген, татар, өзбек, басқа да этностық топтар құрады.
Орыстар

Қазақстанға алғашқы болып келгендер қазақтар мен әскери шенді орыстар болды. Олар шекара шебіндегі әскери
бекімістер мен станицаларда тұрды. Кейін Қазақстанды отарлау әрекеті к үшейген кезде қаза қ әлеуметтік тобына
қоныс аударып келген шаруалар мен мещандар, солдаттар да қабылдана берді.
Қазақстанға қоныс аударылған орыс шаруалары шекарадағы әскерлерді, сондай-а қ Колыванов-Воскресенск
зауыттарында, тау-кен өндірістерінде істейтін жұмысшыларды азық-түлікпен жабды қтау міндетін шешуге тиіс еді.
Шаруаларды қазақ өлкесіне кеңінен тарту үшін патша үкіметі еркін отарлау әдісін де, к үш қолдана отырып, еріксіз
жер аудару тәсілін де қолданды. Кейде орыс шаруаларыны ң қатары орталы қтан айыпты болып қаш қан
қашқындардың есебінен де толықтырылып отырылды. Мәселен, Б ұқтырма өзеніні ң а ңғарына, Алтай тауыны ң адам
аяғы жете бермейтін биік қойнауына зауыт жұмысшылары, солдаттар мен ынтыма қ б ұзушы секта жікшілдері қашып
кете беретін. Сібір әкімшілігі қашқындардың поселкелерін жою ж әне Б ұқтырма а ңғарына қашуды ң жолын кесу үшін
қанша күш-жігер жұмсағанымен еш нәрсе шығара алмады. 1897 жылы Алтайда 90 мы ңға жуы қ орыс шаруалары
болды.
Қазақстанда орыс халқының саны XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырды ң бас кезінде қызу қар қынмен өсті. Б ұл
кезеңде Ресейдің еуропалық бөлігіндегі шаруалар Қазақстан ға жаппай к өшіріле баста ған болатын. 1897 жылы
Қазақстанның алты облысындағы орыстардың саны 544 мы ң адамға жетті. Олар қаза қ өлкесіндегі б үкіл халы қты ң
12,8 пайызы болды. Орыс халқының негізгі б өлігін қоныс аударып келген шаруалар (40 пайыз), содан кейін қаза қтар
(33 пайыз), мещандар (19 пайыз), дворяндар (5 пайыз) ж әне бас қалары құрады. Қаза қтар мен орыс т ұр ғындары
арасында өзара шаруашылық-мәдени алмасулар орын алды. Орыс қызы Мария Рекинаны ң есімі б үкіл қаза қ
даласына белгілі болды. «Дударай» әнін орыс қызы өзі ғашы қ болған қазақ жігітіне арнады.
Мария Рекина – “Дударай”
әнінің авторы
Украиндықтар

Украиндықтардың алғашқы тобы Қазақстан аумағында XVIII ғасырды ң екінші жартысында пайда болды. Олар
негізінен ұлт-азаттық қозғалыстарына қатысқандар еді. Украинды қтардың елеулі б өлігі қаза қты ң ке ң-байта қ
даласына ХІХ-ХХ ғасырлар шебінде, Ресейді ң еуропалы қ б өлігінен шаруаларды ң жаппай қоныс аударуы кезінде
келді. Қоныс аударушы украиндықтар негізінен Полтава, Харьков, Таврия, Херсон, Екатеринослав ж әне Киев
облыстарының шаруалары еді.
Украиндықтардың басты шаруашылық кәсібі егіншілік болды. Қаза қ даласында ғы белгілі украинды қ ди қандарды ң
бірі Ақмола облысының Атбасар ауданы Қима болысына қарасты Запорожское селосыны ң шаруасы Василий
Марченко еді. 1913 жылы Романовтар әулеті билігінің 300 жылды ғын атап өту құрметіне е ң үлгілі шаруашылы қ үшін
белгіленген арнайы сыйлықтардың бірін осы В. Марченко же ңіп алған болатын. Ол егістік топыра ғыны ң
құнарлылығын арттыру мақсатымен тұқым себудің он танапты әдісін енгізді: «Сельский вестник», «Хлебороб»
журналдарын үзбей оқып тұрды. Сол кездегі е ң жаңа ауыл шаруашылы қ техникаларын пайдаланды. Үй
жануарларының тұқымын асылдандырумен де айналысты.
Патша үкіметінің шаруалардың қоныс аударуына қаншалықты отарландырушы сипат беруге тырыс қанына
қарамастан, украиндықтар мен жергілікті қазақтардың арасында достық, тіпті туысты қ қарым- қатынастар қалыптаса
түсті. Мәселен, 1905 жылы Киевте болған шеруге қатысқаны үшін А қмола облысыны ң А қмола уезіне жер
аударылған Афанасий Латутаны Жоламан деген қазақ өкіл бала етіп асырап алып, о ған Жа қып Жоламанов деген есім
берген. Жақып қазақ тілін меңгеріп алып және өз бетінше ізденіп, исламны ң негізін де үйреніп, м ұсылман дінін
қабылдаған. 1916 жылы қазақтардың ұлтазаттық көтерілісі кезінде ол Қорғалжында ғы к өтерілісшілерді ң танымал
басшыларының бірі болды.
1897 жылғы халық санағының деректері бойынша Қазақстанда 86,7 мы ң украинды қ т ұрды. Украинды қтарды ң қаза қ
өлкесіндегі бүкіл халықтың арасында алған өзіндік үлесі 2 пайыз ға жуы қ еді. Украиынды қтарды ң негізгі топтары
(51 пайызы) Ақмола облысында шоғырланды. Оларды ң басым к өпшілігі (87 пайызы) шаруалар болды, бір қатары (7
пайызы) мещандар тобына жатты. Украинды қтарды ң 5 пайыз ға жуы ғы Ресей қаза қтары қатарында әскери қызмет
етті.
Василий Марченко
украиндық диқан
Татарлар

Қазақстанда татарлардың келуі патша үкіметінің қазақ өлкесін отарлауға кіріскен кезінен басталды. XVIII —
XIX ғасырларда патша үкіметі қазақ даласына ислам дінін тарату саясатын ж үргізді. Б ұл ретте
қазақтардың арасына молдалар татарлардың дін қызметкерлері қатарынан ғана жіберілді. М ұны ң өзі
қазақтарды Орта Азиядағы діни орталықтардың ықпалынан оқшауландыру мақсатымен жасалды.
Қазақ хандары мен сұлтандарының басым к өпшілігі өздеріні ң жеке хатшылары етіп Орынбор ға таяу
жердегі Сейітов слободасынан шыққан сауатты татарларды ұстады. Татар к өпестер Ресей мен каза қ
даласы арасындағы сауда-саттықтың дамуына байланысты өздеріні ң белсенділігін к үшейте т үсті.
Қазақтардың тілін, әдет-ғұрып және салт-санасын жақсы білгендіктен де татарлар сауда-сатты қ саласында
делдалдық рөл атқарды. Татар көпестерінің қазақ даласындағы ықпалы мен беделі бірте-бірте к үшейе
түсті. Татарлардың ауқымды бір тобын Қазақстан аумағына Еділ бойы губернияларыиы ң помещиктері жер
аудартып жіберді. Татарлар өлкенің ірі Петропавл, Семей, Орал, К өкшетау, Верный, А қмола, Павлодар,
Зайсан және Өскемен қалаларында тұрды. Олардың неғұрлым жиі орналас қан жерлерінде татар
слободкалары пайда болды.
Бұл халықтың өкілдері қазақ даласында жаңа әдіспен оқытатын ж әдидтік мектептер ашуды ң
бастамашылары болды. Қазақтар татар зиялылары шы ғарып т ұр ған газеттер мен журналдарды зор
ықыласпен оқыды. Қазақтың алғашқы газеттері мен журналдарын к өбінесе татар к өпестері
қаржыландырып тұрды. Кейінірек патша үкіметі исламны ң қаза қ даласында к үшейіп бара жат қанынан
қауіптеніп, сауатты және іскер татарлардың қызметінен бас тарта бастады. 1897 жылы Қаза қстанда
тұратын татарлардың жалпы саны 56 мыңға дейін жетті. Мұны ң өзі Қаза қстанда ғы б үкіл халы қты ң 1,3
пайызы еді. Татарлардың 38 пайызы мещандар, 28 пайызы шаруалар, 10 пайызы қаза қтар, 2 пайызы
көпестер болды.
Белорустар

Белорустар Қазақстан аумағына Белоруссияда 1863—1864 жылдары К. Калиновский баста ған к өтеріліс
қатыгездікпен басылғаннан кейін келді. Ол кезде Белоруссиядан шет айма ққа 12 мы ңнан астам адам жер аударыл ған
болатын. Солардың кейбір топтары Қазақстанны ң солтүстік айма ғын қоныс етіп, орналасып қал ған еді. XIX
ғасырдың 70-жылдарында Қазақстанның солтүстігіне төңкерісшіл белорус халы қшылдары жер аударылды.
Кейінірек белорус социал-демократтары да осы өңірден бір-а қ шы қты. Белорус социал-демократтар ұйымыны ң
белсенді мүшесі П. Румянцев өзінің жер аударылған мерзімін А қмола облысында өткізді. Кейін Столыпинні ң
аграрлық реформасы кезінде көптеген белорус Қазақстанның селолы қ жерлеріне қоныс аударды. Белорустарды ң
негізгі кәсібі егіншілік болды.
Немістер

Немістер Қазақстанға тұңғыш рет XVIII ғасырда әскери құрамалар қатарында келді. Оларды ң ед әуір б өлігі Балты қ
бойы губернияларынан еді. Сібір шекара шебінін басшылары қызметін ат қар ған 13 адамны ң к өпшілігі немістерден
шыққан генералдар болатын. Олар Х.Т. Киндерман, И. Крафт,Д. Риддер, К.Ф. Фрауендорф, Г.Г. Вейрман, И.
Шпрингер, И. Клапъе де Колонг, Г.Э. Штранд- ман, Г.И. Глазенап ж әне бас қалары еді. Т үркістан өлкесіні ң генерал-
губернаторы К.П. фон Кауфман да, Торғай облысының әскери губернаторы Л.Ф. Баллюзек те, Дала өлкесіні ң
генерал-губернаторы М.А. фон Таубе де неміс ұлтынан еді.
Немістер жергілікті халықтың тарихы мен географиясын ж әне этнографиясын зерттеуді ң бастамашылары бола білді.
Дәрігерлер, мұғалімдер, тау-кен инженерлеріні ң арасында да неміс ұлтыны ң өкілдері аз бол ған жо қ. Немістер
негізінен Омбы, Петропавл, Семей, Өскемен, Жәмішев сия қты та ғы бас қа да шекара шебіндегі әскери бекіністерде
тұрды. XVIII ғасырдың аяғына қарай Қазақстандағы немістерді ң саны 400 адам ға жетті. Қаза қ жеріндегі немістер
санының арта түсуі ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысына сәйкес келеді. Қоныс аударып келген немістер негізінен
егіншілікпен айналысты, өндеуші өнеркәсіп салаларында ж ұмыс істеді. Немістер сонымен қатар м ұнай кен
орындарын игеруде, алтын, мыс өндіруде, кен өнімдерін өндеуде белсенділік танытты.
Немістердің өздерінің жеке ғибадатханалары және мектептері болды. Оларды ң арасында өзін- өзі бас қару д әст үрі
күшті сақталған еді. Немістердің елді мекенінде халы қ әлде қайда ауқатты т ұрды. Олар жина қылы ғымен, е ңбек
сүйгіштігі және адалдығымен ерекше к өзге түсті. Өздеріні ң ұлтты қ тілін, дінін, әдет- ғұрпы мен салт-санасын,
дәстүрлерін берік сақтауға тырысты. Немістер өздері қауым болып жина қы қоныстанды. Оларды ң к өпшілігі (55
пайызы) сауатты еді. Әлеуметтік сословие тұрғысынан алғанда 1897 жылы немістерді ң 85 пайызын шаруалар
құрады.
1897 жылы Қазақстандағы және онымен шекаралас қалаларда ғы немістерді ң жалпы саны 7 мы ң адам ға жуы қтады.
Олардың көпшілігі Ақмола облысында, Омбы қаласына жақын А қмола облысыны ң аума ғында ғы Преображенский,
Романовский, Канкринский сияқты поселкелерде тұрды. Оларды ң ендігі бір елеулі тобы Сырдария облысында да
қоныстанды. Столыпиннің аграрлық реформасы кезінде немістерді ң Еділ бойынан, Қара те ңіз жа ғалауынан а ғылып
келуі күшейе түсті. Сондай-ақ немістер қазақ даласына сонау Германия мен Австрияны ң тікелей өзінен де қоныс
аударып келді
Поляктар

Поляктар Қазақстан аумағында алғаш рет XVIII ғасырда пайда болды. Олар патша үкіметі қаза қ өлкесіне жер
аударған поляк көтерілісшілері еді. Жергілікті өкімет билігі оларды өз еріктерінен тыс Жайы қ ж әне Сібір
қазақтарының қатарына зорлықпен тіркеп жіберген болатын.
Жер аударылып келген поляктар Польшадағы 1830-1831,1863- 1864 жылдарда ғы Ресей империясына қарсы ұлт-
азаттық көтерілістерге қатысушылар еді. Олардың едәуір бөлігін поляктарды ң та ңдаулы тобы — дворяндар құрады.
Поляктардың қатарында ақын-жазушылар, суретшілер мен д әрігерлер, инженерлер ж әне за ңгерлер к өп болды.
Мәселен, Адам Янушкевин қазақ халқының тарихын қызыға зерттеді. Суретші Бронислав Залесский « Қыр ғыз
даласының тіршілік-тынысы» деген ғажайып картинасын салды. А қын Густав Зелинский қаза қтар өмірінен
«Қырғыз» және «Дала» деген дастандар жазды. Владимир Недзвецкий Жетісу м ұражайыны ң негізін қалады. Ал
Семейге жер аударылған Северин Гросс «Қырғыздардың тұрмысын заңды қ тұр ғыда зерттеуге арнал ған
материалдар» деген тамаша кітап жазды.
Патша үкіметі поляктарды әскери-әкімшілік қызметке де тартты. Поляктарды ң к өпшілігі қалаларда т ұрды. 1897
жылғы халық санағының деректері бойынша Қазақстанда 1254 поляк т ұр ған. Оларды ң басым к өпшілігі Орал,
Семей, Ақмола және Сырдария облыстарында қоныстанған еді
Адольф Янушкевич
Бронислав Залесский
суретші
Густав Зелинский
ақын, жазушы
Қазақстанға өзге халықтардың жер аударылуы

Қазақстан аумағына XIX ғасырдың аяқ кезіне қарай жоғарыда көрсетілген этносты қ топтардан бас қа да халы қтар
ағылып келе бастады. Ресейдің еуропалық бөлігінен келген неғұрлым елеулі диаспора мордвалы қтар болды. 1897
жылы Қазақстанда олардың саны 12 мыңға жуықтады. Олар негізінен А қмола облысыны ң К өкшетау ж әне
Петропавл уездерінде, Торғай облысының Қостанай уезінде т ұрды. Уа қыт өте келе ша ғын ұлыстар орыс хал қымен
араласып, ассимиляцияланып кетті.
Іс жүзінде Қазақстанның барлық қалаларында да еврей ұлтыны ң өкілдері болды, 1897 жыл ғы халы қ сана ғында
олардың саны 1651 адамға жетті. Олар Ақмола және Сырдария облыстарында жина қы қоныстанды. Ресейді ң
еуропалық бөлігіндегі еврейлердің кәсіп түрлерін та ңдауына шек қойылуы ж әне еврейлерді қырып-жою о қи ғалары
олардың Қазақстан қалаларындағы санының едәуір арта түсуіне жеткізді.
XX ғасырдың бас кезінде қазақ даласына Украина мен Бессарабиядан болгарлар да келе бастады. Олар Қаза қстан ға
жер жетіспеушілігінен қоныс аударды. Болгарлар 1908-1910 жылдары Семей облысыны ң Павлодар уезіндегі
Разумовка және Андрияновка селоларының, Торғай облысыны ң А қтөбе уезіндегі Болгарка селосыны ң негізін
қалады. Қостанай қаласының төңірегінде қоныстанған болгарлар шы ғырмен суаратын бау-ба қша өсірді. Олар егістік
жерді жергілікті халықтан жалға алды. Ақмола аумағында эстонды қтар мен латыштарды ң ша ғын бір тобы (375 адам)
да өмір сүрді.
1897 жылы өткен Жалпыресейлік халық сана ғыны ң деректері бойынша, Қаза қстанда 29,5 мы ң өзбек, 2,8 мы ң
түрікмен, 2,6 мың башқұрт, 997 қалмақ, 987 тәжік, т.б. ұлт өкілдері тұрған

Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда этностық топтардың қалыптаса бастауы
Тарихи кезең сабақтары
Саяси партиялары
Этностық кикілжіңдер аймақтық этносаралық
Этникааралық және конфессияралық келісім
Психологияның табиғи және гуманитарлық мәні
Тас дәуірінің кезеңдерін ата
Әлеуметтану теорияларына кіріспе
Қазақстандық қоғамдағы қоғамдық - саяси өмір және құқықтық мемлекеттің қалыптаса бастауы
Қазіргі этнопсихология
Пәндер