Саңырауқұлақтар туралы




Презентация қосу
Саңырауқұлақтар
Саңырауқұлақтар төменгі сатыдағы
өсімдіктердің ішіндегі ең көп тарағаны,
олардың 100000-дай түрі кездеседі. Басқа
өсімдіктер типтерінен басты айырмашылы ғы
пластидтері, хлорофилді болмайды. Бұлар
дайын органикалық заттармен қоректенуге
бейімділген гетеретрофты өсімдіктер.
Олардың вегетативтік денесі тарамдалып
матасқан гифалардан тұрады. Бұлар бір-
бірімен матасып грибница немесе мицелий
деп аталатын саңырауқұлақтың денесін
құрайды.
Саңырауқұлақтардың жасуша қабығы құрамында
қабықтарының хитиніне ұқсас, хитин заты және
полисахаридтер болады. Олардың жасушасы протоплазмадан
бір, екі, кейду одан да көп ядродан және вакуольден тұрады.
Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың мицелийлері көп
ядролы, ал жоғарға сатыда орналасқан саңырауқұлақтар
бірнеше ядродан тұрады.
Саңырауқұлақтардың табиғаттағы және
адам өміріндегі маңызы

Саңырауқұлақтар тайгада, тундрада, далы жерлерде, тау
ормандарында, шалғандықта, батпақта, қоймаларда,
құрылыстарда кездеседі. Сөйтіп табиғатта зат айналымына
қатысады.
Бактериялар мен топырақта болатын басқа да майда
саңырақұлақтар бірлесіп, өсімдіктер мен жануарлардың,
саңырауқұлақ қалдықтарын ыдыратып, шірітеді. Сонымен
топырақты ағзалық заттармен байытып, құнарлылығын
арттырады.
Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар – бур жасушалы және
мицелийі жасушаға бөлінбеген саңырауқұлақтар. Олардың 3
класы бар:
Хитридиомицеттер (Chytrіdіomycetes), басым көпшілігі
өсімдік пен жануарлар жасушаларының ішінде паразиттік
тіршілік ететіндіктен вегетативтік денелері жала ңаш
плазмалық массадан тұрады не бір жасушалы, кейде өте
нашар дамыған, жасушасыз бастама мицелий түрінде
болады. Клетка қабығы хитиннен тұрады. Бір талшықты
зооспорасы бар зооспорангий құрып, жыныссыз және
жынысты жолмен көбейеді. Табиғатта кең тараған. 3
қатарға, 90 туысқа жататын 500–дей түрі белгілі. Кейбір
түрі ауыл шаруашылық дақылдарының ауру тудырушысы
болып саналады.
Оомицеттер (Oomycetes), мицелийлері жақсы дамыған,
жасушасыз. Клетка қабықшасының негізгі заты –
целлюлоза және глюкан. Бірінің сырты тегіс, екіншісі
қауырсыын тәрізді екі талшықты зооспоралар арқылы
жыныссыз көбейеді. Жынысты көбеюі – оогамия, соның
нәтижессінде ооспора пайда болады. 4 қатарға, 70 туысқа
жататын 550 түрі бар. Араларындағы ең қарапайымдары
органикалық заттарға бай, тұщы суда тіршілік ететін –
сапротрофтар. Кейбір түрлері патогенді саңырауқұлартар,
барлықтар мен космекенділердің уылдырығында тіршілік
етеді; ал құрлықтағылары – жоғарғы сатыдағы
өсімдіктердің паразиттері.
Зигомицеттер саңырауқұлақтардың бір класы. 4 қатары
500-ден артық түрлері белгілі. Табиғатта кең тараған.
Топырақта, көңде, сондай-ақ өсімдіктердің құрамында,
буынаяқтылардың, омыртқалы жануарлар мен адамдардың
денесінде паразитті тіршілік етіп, қоректік заттардың
құрамында ақ ұнтақ түрінде кездеседі. Зигомицеттердің
талломы өте жақсы дамыған көп ядролы жіп шумақтардан
құралады. Клетка құрамында хитин және хитозин, кейде
глюкон заттары болады.
Жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтар саңырауқұлақтардың ең үлкен
тобының бірі. Бұлар 3 класқа бөлінеді.
Аскомицеттер (Ascomycetes) – қалта түзетін саңырауқұлақтар. 30 мы ң
түрі белгілі. Көп таралған түрі – сапрофиттер. Б ұлар өсімдіктер мен
жаунарлар организмінде паразиттік тіршілік етіп, целлюлозаны
ыдыратады және әр түрлі өндіріс бұйымдарын бүлдіреді; сондай-а қ
бүріспе саңырауқұлақтар, трюфель, т.б түрлері жеуге жарамды.
Базидиомицеттер (Basіdіomycetes) – мицелийлері жақсы дамыған
күрделі саңырауқұлақтар. Жынысты көбею кезінде – базидийдің
үстінде 2-4-ке дейін экзогенді базиоспоралар түзеді. Таби ғатта ке ң
тараған. 30 мыңнан аста түрі белгілі. Бұлардың арасында
өсімдіктердің паразиттері, вирус таратушылары, микориза түзушілері
өсімдік тамырына жіпшумағымен селбесіп тіршілік ететіндер ж әне
жеуге жарамды түрлер қозықұйрық, қайыңқұлақ, майқұлақ,
терекқұлақ т.б.
Дейтеромицеттер (Deuteromycetes) – қалталы және
базидийлі спора тасушы органдары айқын байқалмайтын,
мицелийлері жақсы дамыған саңырауқұлартар. Бұлар
жыныссыз жолмен түзілетін конидиилер арқылы, біраз
түрі бүршіктену және мицелийдің жеке клеткаларға
бөлінуі арқылы көбейеді. 30 мыңға жуық түрі белгілі,
арасында жеміс-жидекті шірітен, мақта мен картопта
вертиллез ауруын қоздыратын түрлері бар. Кейбір түрлері
пеницилл, асперил, антибиотиктер, ферменттер және
органикалық қышқылдардың түзушілері болып
есептелінеді.
? ? ? ? ? ? ? ? ? ? ? ? ? ? ? ? ? ? ? ?

Ұқсас жұмыстар
Саңырауқұлақтардың көбеюі, морфологиясы, қоректенуі
Эукариотты клетканың құрылымы
Саңырауқұлақ гифасы
Тағам өнеркәсібінде қолданылатын ашытқылар, зең саңырауқұлақтар мен бактериялар
Ашыту процесі
Саңырауқұлақтардың көбеюі, морфологиясы, қоректенуі туралы ақпарат
Кептірілген саңырауқұлақтар
Cаң ырауқұ лақ тар
Кептірілген саңырауқұлақтардың құрамы
Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтар
Пәндер