Малшаруашылығында қолданылатын биотехнологиялық әдістер
Презентация қосу
Малшаруашылығында
қолданылатын
биотехнологиялық
әдістер
• Ауыл шаруашылығының биотехнологиялық секторын ветеринарлық
биотехнологиялық өнiм, өсiмдiктер және трансгендiк өсiмдiктер мен
жануарлардың биотехнологиялық өнiмiн қорғау құралдарымен
ұсынылған. Мал шаруашылығындағы антибиотиктер рыногы:
өсу промоторлары - сату көлемi 1,0-ден 1,7 млрд. долларға дейiн
құрайды;
терапия және профилактика үшiн антибиотиктер - 2,0 млрд. долларға
дейiн;
антипаразиттiк құралдар - 3,3 млрд. долларды құрайды. Мамандар таяу
уақытта антибиотиктер тамақ қоспаларындағы өсу промоторлары
ретiнде пробиотиктермен, аминоқышқылдармен, витаминдермен,
ферменттермен және өсiмдiк экстрактiлерiмен ауыстырылады деп
санайды. Биотехнология көмегiмен жануарлардың ауруларына
резистенттiктердi алу мәселесi шешiлуде.
• Биотехнологияның iрi жетiстiгi - эмбриондердi
трансплантациялау әдiстерiн әзiрлеу, бұның мәнi жоғары өнiмдi
сиырдың эмбрионын әдеттегiге салады да, өзiнiң жоғары тектi
енесiнiң белгiлерiн мұраланған бұзауды алады. Табынның
құрылымын жетiлдiру үшiн үлкен перспективалары бар
клеткалық деңгейде жынысты айқындау және басқару әдiсi
әзiрленген.
Биологиялық белсендi тамақ қоспаларының және минералдық-
витаминдiк премикстердiң мал шаруашылығын арттыруда ж әне
жаңа тұқымдарды өсiру мәселелерiнде үлкен роль атқарады.
Құрама жемдi витаминдермен байытудың ең көп тараған және
экономикалық тиiмдi тәсiлi оларды премикс құрамында азықты
шикiзатқа енгiзу болып табылады. Премикс - химиялық және
микробиологиялық синтездiң биологиялық белсендi заттарын
байыту кешенi.
• Мал тұқымы ауыл шаруашылығындағы өндіріс құралы,
ал олардың әртүрлілігі және өнімділігі еңбек қарқынын
арттырып қана қоймай, шаруашылықтың
экономикасын көтеріп, ауыл тұрғындарының
әлеуметтік жағдайының жақсаруын қамтамасыз
етеді.Соңғы жылдардағы ауыл шаруашылығын
өзгертудегі келеңсіз жағдайлар мал шаруашылығына да
әсерін тигізбей қойған жоқ. Бұл еліміздегі сапалы, әрі
жоғары өнім беретін асыл тұқымды мал басының күрт
азаюына, асылдандыру жұмысының қарқынсыздануына
әкеп соқтырды. Мұндай жағдайда селекциялық жолмен
тез арада мал басын сақтап қалудың немесе оларды өз
төлінен көбейтудің мүмкіншілігі шектеулі, әрі ұзақ
уақытты қажет етеді.
• Жаһандандыру кезеңде биоресурстардың гендік қорын сақтау
өте өзекті мәселе болып келеді. Осы орайда мал
шаруашылығында эмбриондарды трансплантациялау
жойылып бара жатқан мал түрі мен тұқымының гендік
қорын сақтауда кеңінен қолданылуда. Сондай-ақ,
айтарлықтай табысты нәтижелер бере бастаған
биотехнологиялық әдістің негізгі тиімді саласы.
• Бұл технология мал шаруашылығы селекциясына енгізілген
жаңа генетикалық әдістеме ретінде ерекше мән берерлік
жетістік. Мәселен, суперовуляциялау мен қолдан
ұрықтандыруды және эмбриондарды трансплан-
тациялауды біртұтас үйлестіріп қолданған жағдайда, ауыл
шаруашылығында құнды генотиптерді жеделдете
көбейтуге мүмкіндік береді.
• Қазіргі ғылымның шарықтау уақытында аталық малдың
өнімділігін арттырудың бірнеше тәсілі бар. Солардың бірі
биотехнологиялық әдістерді пайдалана отырып, аталық
малдың овуляциясын көбейту және эмбриондарды
трансплантациялау. Сондықтан ауыл-шаруашылығында
гормональды индукциялық суперовуляция және эмбриондарды
ауыстырып отырғызу тәсілін қолдана отырып, саулықтарды
ұтымды пайдаланып, асыл тұқымды мал санын көбейтуге
болады. Алайда гонадотропты гормондар қолданудың
морфологиялық негізі терең зерттеуді қажет етеді.
Гонодотропиндердің әр түрлі мөлшерінің әсері,
морфологиялық механизмі әлі зерттелмеген. Ал, мал санын
көбейтіп, сақтауда суперовуляцияны индукциялаудың орны
ерекше.
• Қазіргі биотехнология адамның практикалық
әрекетінің барлық жақтарына үлкен әсер етуде.
Қазіргі кезде оның көмегімен ондаған аса бағалы
биологиялық активті заттар — гормондар,
ферменттер, витаминдер, антибиотиктер, кейбір
дәрі-дәрмектер алынады. Биотехнология ауыл
шаруашылығында орасан рөл атқарады.
Биотехнологияның жетістіктері, ең алдымен, оның
іргелі ғалымдармен тығыз байланысының арқасында
пайда болды, мұның нәтижесінде биотехнологияның
жаңа салалары мен әдістері — генетикалық,
клеткалық және белоктық инженерия, энзимология
инженериясы, жануарлар, өсімдіктер.
• Соңғы жылдары биотехнологияның үлкен өріс алуы
генетиканың жаңа жетістіктеріне байланысты.
Нақты айтқанда, қазіргі биотехнологияның
көптеген салалары генетикалық инженериямен,
әсіресе ген инженериясымен тікелей немесе жанама
байланысқан. «Биотехнология» үғымының өзі
генетикалық инженерияның қалыптасуына
байланысты пайда болды және алғашқы кезде бұл екі
-ұғым синонимдер ретінде қаралды. Алайда, уақыт
өткен сайын бұл ұғымдардың мазмұны әр түрлі
толықтырылды, дегенмен генетикалық инженерия
биотехнологияның құрама бөлігі болып қалды.
• Генетикалық инженерия-жаңа генетикалық қасиетттері
бар организмдерді құрастыру тәсілдерін жетілдіретін
ғылыми өрістңің саласы болса, ал биотехнология —
өндірістің саласы. Генетикалық-инженериялық әдіс
арқылы құрастырылған жаңа организм биотехнологиялық
өндірісте қолданылуы мүмкін. Бұл генетикалық
инженерия мен биотехнологияның арасындағы ортақ
жаңасу нүктелерін сипаттайды, мұндай байланыстың
аяғында жаңа сапалы нәтиже пайда болады. Көптеген
ғылым жетістіктерін биотехнологиялық өндірісте
пайдалану жаңа сапалы нәтижеге әкелмейді, сондықтан да
олар биотехнологияның саласы бола алмайды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Магаш Аятханұлы.,Жануарлардың өсіп-өну
биологиясы мен биотехнологиясы.- Павлодар:
“Brand Print” баспасы,2010.55-60 б.
2.Интернет желісі.-kk.wikipedia.org/wiki/
Назарларыңызға
рахмет!!!
• Орындаған: Жексембай А.Р
• Тексерген: Мухамадиева Н.Н
• Тобы:ВМ-305
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz