Спермиялардың биохимиясы. Спермиогенез


Slide 1

Спермиялардың биохимиясы

Slide 2

Спермиогенез

Спермийлердің дамуын спермиогенез дейді. Бұл үрдіс енде жүріледі. Еркек мал, жануарлардың ені екі түрлі қызмет атқарады:аталық жыныс торшалары -спермилерді дамытады және андроген гормондарын бөліп шығарады.

Slide 3

Спермийлер еннің иір түтікшелерінде дамиды. Бұл түтікшелердің қабырғасы спермийлер түзілетін -спермиогендік жасушалардан және оларды қоректендіретін -Сертоли жасушаларынан құралады. Спермиогендік жасушалар домалак пішінді болады және бірнеше қатармен орналасады. Ал Сертоли жасушаларының ядросы ұшбұрыш тәрізді көрінеді, цитоплазмасы от жалыны сияқтанып, иір түтікшенің қуысына терең еніп тұрады.

Slide 4 Slide 5

Жыныстық қатынас кезінде бөлініп шыққан шәуетті эякулат дейді. Эякулаттың көлемі, көлем бірлігі спермийлердің саны ата мал, жануарлардың түлігі мен түріне байланысты әртүрлі болады. Бұқаның бір бір бөліп шығаратын эякулатының көлемі 2-10 мл, қошқардікі 0, 6-2 мл болады. Аналықтарын жатыр арқылы ұрыктандыратын аталықтардың эякулаты бұқа мен қошкарға карағанда айтарлықта мол болады Айғырдан 40-200 мл, кабаннан 100- 500 мл, бұқадан 5- 13 мл, төбеттен 10-40 мл эякулат бөлінеді.

Slide 6

Эякулаттың көлемі мен ондағы спермийлердің саны әрқашанда кері қатынаста болатыны аныкталған . Мысалы, бұқа мен қошқардың көлемі аз эякулатында спермийлердің саны мол болады. Бұқаның 1 мл эякулатында орта ессепен 0, 8-2 млрд, қошқардікінде 2-4 млрд спермий саналады. Айғыр, бура, қабан, төбеттің эякулатындағы аталық жасушалардың саны керісінше аз болады. Айғыр қабанның 1 мл шәуетінде 0, 1- 0, 4 млрд, буранікінде 0, 4-0, 6 млрд, төбеттікінде 0, 06-0, 12 млрд спермийлер анықталады.

Slide 7 Slide 8

Эякулат көлемінің спермийлерге тиесілі үлесі бойынша салыстырсақ қошқар спермийлері 30 пайыз, бұқанікі 10 пайыз. кабандікі 3-7 пайыз, айғырдікі 3 пайыз екендігіне көз жеткіземіз. Бұдан қарағанда эякулатқа ең бай қошқардікі, ең аз эякулат төбеттікі деп тұжырым жасауға болады. Шәуеттің 85-97 пайызын су, 3-15 пайызын кұрғақ заттар құрайды. Құрғақ заттардың 9 пайызы уыз бен майдан түзіледі. Бұқамен қошқар шәуеті басқа аталықтардікіне қарағанда қант қа бай. Шәуетте белгілі мөлшерде лимон қышқылы, еркін амин қышқылдары, эрготионин, инозитол, сорбитол, глицерилфосфорилхолин қатарлы заттар кездеседі.

Slide 9

Шәует құрамына фосфотаза, гиалуронидаза, амилаза, липаза, протеаза, оксидаза қатарлы ферменттер, простагландин, андроген, эстроген сияқты гормондар және антиглютининдер шоғырланады.

Шәуеттің 1 пайызына таяуы күл болады. Күлдің құрамына фосфор, кальций, магний, калий, натрий, хлор, цинк, темір, мыс және бір қатар басқа элементтер енеді.

Slide 10 Slide 11

Спермийлер ағзаның басқа жасушаларынан өте өзгеше жаралған, және микроскоппен ғана нақтылап қарауға болатын кішкене нысан. Ұзындығы 60-70 мкм шамасында болады. Жалпы, жұмыртқа жасушасынан 20 мың мәрте кішкене. Оның сыртында спермийдің пішіні де ерекше. Ол басы, мойыны, денесі, құйрығы және құйрық ұшы деген 5 бөліктен тұрады. Басының ұзындығы 8-10 мкм, құйырығы мен құйрық ұшы 35-50 мкм болады. Спермийдің жалпы салмағының 45 пайызы басқа, 15 пайызы денеге, 36 пайызы құйрыққа тиесілі. Баста нәсілдік код орын тепсе, мойын, дене, құйрық - қозғалыс аппараттарына есептелінеді.

Slide 12

Спермийдің ядросы басында орналасқан. Басы сыртынан қалпақпен жабылған, оның алдыңғы жағында акросома, бұл жұмсақтау зат ұрықтану үрдісінде өте үлкен рөл атқарады. Шәуетті ұзақ мерзімге сақтаған кезде оның тозып - бүліну үрдістері алдымен акросомадан басталады. Спермийдің басының бір жағы төмпиген, келесі жағы шұңқырайған Сондықтан оны қасық басымен салыстыруға болады. Айғыр, қабан спермийінің басы мінсіз сопақ, ал бұқа, қошқар спермийінікі артына қарай кушиынқы көрінеді. Бас салмағының дені ядро болып табылады. Ядро, хроматиндік материалдарымен бірге бастың төменгі бөлігіне орналасады. Бастың алдыңғы 2/3 бөлігін сыртынан қалпақша жауып тұрады. Қалпақша асында акросома жайғасады.

Slide 13 Slide 14

Мойын- бас пен денені бір- біріне қосып беретін аралық бөлік. Мойын - өте әлжуас, оңай зақымданғыш келеді. Мойында проксималдық центросома орнгаласқан. Ол спермийдің қозғалыс орталығы міндетін атқарады. Проксималдық центросомадан спермийдің өзек жібі жасалады. Ол бір біріне мықты жабысып біріккен екі талшықтан тұрады. Өзек жіп спермийдің қозғалыс аппарттарының басынан аяғына дейін қақ ортасынан өтетін біліктілік діңгек болып табылады.

Slide 15

Проксималық центросома сыртынан екі сопақ сақина тәрізді тұғыр түйіршіктермен қоршалған. Әрбір сақина түйіршіктен 9 жіңішке талшыққа шығып, ары қарай біріне бірі қосылып бірігеді. Біріккен талшықшалар өзек жіпке «спиц» деп аталатын жіңішке жіпше арқылы байланысады.

Сақина талшықтарында кұрылымы актомиозинге ұқсас скантин, спермозин қатарлы жиырылғыш уыздар болады. Сондықтан олар жиырылғанда спермий құйрығы оңға бүгіліп, жазылып, жылжуына жағдай жасалады.

Slide 16 Slide 17

Талшықтар бірігіп орама жіптерге топтасады. Спермий денесі сыртынан қос кабат орама жіппенен нығыз оралады. Бұл ораманың ұшы сақина центросомасына жетіп тиянақтылайды. Ал спермий құйрығы үш кабат орама жіппенен оралады. Спермийдің дене бөлігіндегі орама жіптер митохондрийлерде түзіледі. Оның сыртында митохондрийлерде қант, уыз, май заттарын ыдырататын, тотықтарын әлеуетті ферменттер топтасатыны спремийлердің қозғалуына қажетті қуат пайда болуына үлкен жәрдем көрсетеді. Спермий сыртынан цитоплазмалық мембранамен қапталған. Бұл мембрананың құрамына цистин, цистеин сияқты күкіртті аминкышкылдар енуі оны уыз ыдыратқыш ферменттердің әсеріне төтеп беретін және сілті мен қышқыл ерітіндісіне бүлінбейтін қабілетті болдырады. Спермий қозғалысты жасуша. Оның бұл қасиеті ұрық тоқтау орнына жетуге, жұмыртқа жасушасына терең енуге көмектеседі.

Slide 18

Дене мен құйрық бойында орналасқан талшықтардың жиырылу, босау қызметінің нәтижесінде спермий алға жылжып қозғалады. Спермий қозғалысын проксималдық центорсома басқарады. Одан шыққан түрткі өзек жібі арқылы талшықтарға жетіп, оларды жиырылып, босауға мәжібүрлейді. Осының нәтижесінде құйрықта толқынды серпін пайда болады. Құйрықтың әрбір толқынды серпін кезінде бас өзінің білік бойымен шырық көбелек айналып, спермийді бұрандала тузу алға ұмтылып жылжыған қозғалысқа түсіреді. Спермийлердің бұрандала козғалуы басының қасық пішінде жаратылуына тікелей байланысты Осы ерекшелігінің арқасында өз дене діңгегін шырайналып сұйықтың ағысына қарсы жүзе алады. Спермийлердің бұл қасиетін реотаксис деп атайды.

Slide 19 Slide 20

Спермийлердің тура алға жылжыған қозғалыс жылдамдығы температураға, ортаның сұйыктығы мен қоюлығына, рН-ы және басқа әсерлердің ықпалына тәуелді болады. Спермийлер 38-40 градус жылылықта минутына 5- 6 мм жылдамдықпен алға жылжып қозғалады. Бұл спермийлер үшін үлкен жылдамдық болып табылады.

Slide 21
Ұқсас жұмыстар
Витаминдер және оларға ұқсас заттар
Аралық жыныс торшалары
Биохимия және органдар биохимиясы
Органдар биохимиясы ІІ
Бұлшықет тінінің биохимиясы
Органдар биохимиясы
Мүшелер және ұлпалар биохимиясы
Жануарлар биохимиясы
Қанның биохимиясы оттегінің токсикалық түрлері, олардың пайда болуы және ағзаның клеткаларына әсері
Клиникалық биохимия пәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz