Биопрепараттар мен диагностикумдардың жіктелуі




Презентация қосу
 Биопрепараттар мен 
диагностикумдардың 
жіктелуі
Биологиялық препараттар
Биопрепараттар —
адамдар, жануарлар және
өсімдіктердің түрлі
ауруларын анықтауда,
оларды емдеу және алдын
ала сақтандыру мақсатында
қолданылатын ерекше
биологиялық қосылыстар.
Биологиялық препараттар тірі ағзалардың
тіршілік жағдайын жақсартып, олардан
алынатын өнімдерді молайтуда маңызы зор.
Биологиялық препараттарға вакциналар,
сарысулар, микроағзалардан өндірілетін
антибиотиктер, ферменттер, тағы басқада
биологиялық активті заттар жатады.
вакциналар түрлі аурулардан сақтандыру үшін
де кеңінен пайдаланылады. Оның сарысуға
қарағанда ағзадағы иммундық қасиеттерді ұзақ
уақыт сақтап қалатын қасиеті бар. Биологиялық
препараттар егіншілікте егіс дақылдарын
аурудан қорғап, олардың өнімділігін арттыруға
едәуір көмегін тигізеді.
Мысалы, микробтардан даярланатын
азотобактерин, нитрагин препараттары
атмосферадағы өсімдіктерге қажетті азотты
сіңіреді. Бұл азот тыңайтқыштарын үнемдеуге
көмектеседі.
Ал құрамында фосфор бактериялары бар —
фосфоробактерин биологиялық препараттары
топырақтағы күрделі фосфор қосылыстарын
ерітіп, оны өсімдіктердің сіңіруіне жағдай
жасайды. Биологиялық препараттардың ішінде ең
құндысы — ферменттер.
Мысалы, амилаза, протеаза, пектиназа, целлюлоза
және липаза ферменттерінен жасалған
биологиялық препараттар мал ағзасындағы зат
алмасуда ферменттер қатысуымен жүретін
процестерге тікелей қатысып, азықтың
жұғымдылығын арттырып, өнімділікті молайтады.
Ал микроорганизмдерден алына
тын амилоризин,
амилосубтилин, протосубтилин,
калдерин, пектиноворум
биологиялық препараттары
малдың ас қорыту жүйесінде
азықпен бірге түскен күрделі
көмірсулар қосылысын
ыдыратып, ағзаға оңай сіңетін
көмірсулардың мөлшерін
молайтады.
Биологиялық препараттардың
өндірістік жағдайда алынатын
түрі — мал азықтық ашытқылар
басқа микробтар пайдалана
алмайтын көмірсутектердің
күрделі қосылыстарымен
қоректеніп, қоршаған ортада
белоктың жиналуына
көмектеседі, яғни олар ағза үшін
жетіспейтін азот
қосылыстарының көбеюін
қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, микроорганизмдерден алынатын
фитобактериомицин биологиялық
препараттары өсімдіктердің бактериялық
ауруларына қарсы қолданылады. Гризин
препараты өсімдіктердегі ауру қоздырғыш
саңырауқұлақтарға қарсы қолданылады. Ал
триходермин биологиялық
препараттарн Қазақстан ғалымдары алды. Ол
өсімдіктердің тамыр жүйесіндегі шірітуші
микроағзаларды жою үшін пайдаланылады.
Микробтардан алынатын көптеген биологиялық
препараттар малдың салмағын арттырып,
алынатын өнімдердің сапасын жақсартады.
Осымен қатар сібір жібек құртын, бау-бақша
өсімдіктерін, жүзімді бүлдіретін зиянкес
жәндіктерге індет туғызушы микроағзалардан
де биологиялық препараттар алынады.
Биологиялық препараттардың құндылығы —
олар химиялық препараттармен салыстырғанда,
қоршаған ортаға ешбір зиянын тигізбейді.
Диагностикумдар
стандартты диагностикалық препараттар.
Тиісті вирустың культурасынан дайындалады
және серологиялық реакцияларда антиген
ретінде қолданылады. Диагностикумдарға
эритроцитарлық иммунореагенттер де жатады.
Бұл үстіне вирус
немесе антиденелер жабыстырылған эритроцит
тер жүзбесі. Эритроцитарлы Диагностикумдар
ГАТР және ГАТРТ реакцияларында антигендер
мен антиденелерді анықтау үшін қолданылады.
Назарларыңызға рахмет!!!

Орындаған: Қилашев Е.Ж
Тексерген: Билялов Е.Е 
Тобы:ВМ-305

Ұқсас жұмыстар
Биологиялық препараттар: түрлері, сипатамалары
Стафилококктардың жіктелуі
Биопрепараттар. Биопрепараттың түрлері
Ауыл шаруашылық дақылдарының ауруларына қарсы биопрепараттар
Биопрепараттар өндірісінің экологиялық аспектілері
Биопрепараттар технологиясында стерильды ыдысты дайындау әдістері мен тәсілдері
Биологиялық препарат түрлері
Биологиялық препараттар, биопрепараттар
Ауыл шаруашылығында қолданылатын бактериалды препараттар
Бактериалды биопрепараттар. Сипаттамасы
Пәндер