Жануарлар түрлеріне байланысты көкірек қуысы мүшелерінің топографиясы


Slide 1

Жануарлар түрлеріне байланысты көкірек қуысы мүшелерінің топографиясы

Slide 2

- омыртқалыларда бүйрек пен бауыр, сүтқоректілерде өкпеден басқа ішкі органдар орналасқан целомның бір бөлімі. Төменгі сатыдағы омыртқалыларда құрсақ қуысы мен кеуде қуысы арасында арналар болады. Көптеген балықтардың құрсақ қуысы сыртқы ортамен абдоминал саңылаулары арқылы қатысады. Дөңгелекауыздылар мен балықтарда құрсақ қуысының алдыңғы жағында кеуде қуысы орналасқан, ал құрлықта тіршілік ететін омыртқалыларда кеуде қуысы құрсақ қуысына қарай еніп жатады. Құстарда және төменгі сатыдағы cүтқоректі жануарларда көк ет болмайды. Құрсақ қуысында ішек-қарын, бауыр, ұйқы безі, көк бауыр, бүйрек үсті безі және несеп, жыныс органдары орналасқан

Құрсақ қуысы (cavum abdomіnus)

Slide 3

- ең үлкен ас қорыту безі. Омыртқасыз жануарларда бауыр ас қорыту және қоректі сіңіру процестеріне қатынасады, сондай-ақ, онда май, көмірсу жиналады. Омыртқасыздардың бауырын кейде бауыр-ұйқы безі деп те атайды, себебі ол омыртқалы жануарлар мен адамның ұйқы безі бөлінетін затқа ұқсас секрет (бездердің бөліп шығаратын заты) шығарады. Омыртқалы жануарлар мен адамда бауыр - күрделі орган, ол организмдегі зат алмасу процесіне қатысады әрі онда ас қорыту сөлдерінің бірі - өт түзіледі. Бауыр іш қуысының оң жақ жоғарғы бөлігіне орналасқан. Бауырдың көк етке жанасып жататын жоғарғы дөңес, төменгі ішкі (висцеральдық) беттері бар. Бұлар бауырды оң(үлкен) және сол(кіші) бөліктерге бөледі. Бауырдың бетінің ортасында бауыр қақпасы деп аталатын көлденең ойық болады. Ол арқылы бауырға артерия, қақпалық вена тамырлары, жүйке талшықтары өтеді де, одан лимфа тамырлары мен өт түтігі шығады. Бауырдағы зат алмасу процестері әр түрлі ферменттердің қатысуымен жүреді, оны жүйке жүйесі мен түрлі гормондар реттеп отырады.

Бауыр (hepar)

Slide 4 Slide 5

Ұйқы безі (поджелудочная железа) (лат. pancreas - үйқы безі) - сыртқы және ішкі секреция безі. Сыртқы секреция безі ретінде ол ас қорыту ферменттеріне бай үйқы безі сөлін бөледі. Сонымен қатар, үйқы безі аралшықтарының жасушалары инсулин гормонын қанға бөледі. Сыртқы секреция без бөлігі құрылысы жағы- нан көпіршікше-түтікше бездерге жатады Бездің сөл бөлетін соңғы бөлімі көпіршік тәрізді болады. Олардан шығатын шығару өзектері негізгі без өзегін түзеді. Ұйқы безінің өзегі он екі елі ішекке ашылады. Ұйқы безінің эндокринді бөлігін панкреаттық (лангерганс) аралшықтары құрайды. Олардың пішіні дөңгелек немесе сопақша болып, әр түрлі без бөлікшелерінде орын тебеді.

Ұйқы безі

Slide 6

Көкбауыр (Селезенка) - адамның және омыртқалы жануарлардың құрсақ қуысында орналасқан қан түзілу, метаболизм процесіне қатысы бар органыомыртқалы жануарлардың құрсақ қуысына орналасқан ; қан түзуге, зат алмасуына қатысады; иммунобиологиялық және қорғаныш функциясын атқарады; 2) отқа қуырылған көк бауырды сөкпен жаншып, май салып дайындаған.

Көкбауыр

Slide 7

Бүйрекүсті безі (glandula sup-rarenalis, лат. glandula - без, supra - үсті және ren - бүйрек) - бүйректің ішкі және жоғарғы (адамда - артқы) жағында орналасқан, пішіні бүйрекке ұқсас, бірақ мөлшері тіптен майда, жұп ішкі секреция (эндокринді) безі. Бүйрекүсті безі - шығу тегі екі түрлі жеке құрылымнан (мезодерма спланхнотомынан және жүйке түтігі қыршаларынан) дамып қалыптасады. Ол сыртынан тығыз дәнекер ұлпалы қапшықпен (капсуламен) қапталған. Бүйрекүсті безінің сыртқы жағында орналасқан қыртысты заты - қуыстық мезодермадан қалыптасқан интерренальды денеден, ал ішкі бозғылт заты - симпатикалық түйіндермен бірге жүйке қыршаларынан жетілетін супраренальды мүшеден қүралған

Бүйрекүсті безі

Slide 8 Slide 9

Бүйрекүсті безінің бозғыл заты нейроэндокринді бездерге жатады. Бездің қыртысты затын құрайтын пішіні мен мөлшері әртүрлі безді жасушалар (эндокриноциттер), өз кезегінде пішіні әртүрлі эндокриноциттер бағандарынан құрылған үш: шумақты (доғалы), будалы және торлы аймақтар түзеді. Шумақты аймақ эндокриноциттері - минералокортикоид гормондарын, будалы аймақ жасушалар - глюкокортикоид гормондарын, ал торлы аймақ эндокриноциттері - андроген гормондарын бөледі

Құрылысы: Бұл - бүйректің жоғарғы ұшында орналасқан жұп бездер. Біреуінің салмағы 6-7 грамм, екеуін қосқанда салмағы шашамен 12-14 грамм. Оң жақтағы бүйрекүсті безінің пішіні - үшбұрыш, сол жақтағы пішіні - жарты ай тәрізді. Бездердің сыртын бүйрекпен қоса тығыз майлы қабық қаптайды. Бүйрекүсті бездері сыртқы қыртысты және ішкі боз (милы) қабаттан тұрады. Ішкі қабаты бездің дәл ортасында, шамамен без ұлпасын 10%-ын құрайды. Сыртқы қыртыс қабаты 90%-ын алып жатыр. бБүйрекүсті безднерінен көптеген гармон түзіледі.

Slide 10

Орындаған: Қилашев Е. Ж

Тексерген: Билялов Е. Е

Тобы:ВМ-305

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Мес қарынды тексеру
Мұрын жанындағы қойнаулар
Жануарлардың түрлеріне байланысты құрсақ қуысы мүшелерінің топографиясы
Мүше жіне ішкі мүшелер туралы түсінік. Дене қуыстары
Қаңқа сүйектерінің буынды байланысы, бассүйектегі буынды омыртқалар байланысы
Бадамша бездері
АУЫЗ ҚУЫСЫ
Жануарлардың Ас қорыту жүйесі
Тамырлар жүйесін зерттейтін анатомияның бөлімі - ангиология
Көз ұясының қабырғалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz