Жануарлардың түрлеріне байланысты құрсақ қуысы мүшелерінің топографиясы
Презентация қосу
Жануарлардың түрлеріне
байланысты құрсақ
қуысы мүшелерінің
топографиясы
Құрсақ қуысы (cavum abdomіnus)
Құрсақ қуысы (cavum abdomіnus) — омыртқалыларда бүйрек
пен бауыр, сүтқоректілерде өкпеден басқа ішкі органдар
орналасқан целомның бір бөлімі. Төменгі сатыдағы
омыртқалыларда құрсақ қуысы мен кеуде қуысы арасында
арналар болады. Көптеген балықтардың құрсақ қуысы
сыртқы ортамен абдоминал саңылаулары арқылы
қатысады. Дөңгелекауыздылар мен балықтарда құрсақ
қуысының алдыңғы жағында кеуде қуысы орналасқан, ал
құрлықта тіршілік ететін омыртқалыларда кеуде қуысы
құрсақ қуысына қарай еніп жатады. Ауру малдың құрсақ
қуысын тексеру үшін малды алдымен мықтап ұстап
тұрады, сонан соң арнайы инемен ішті теседі, ол үшін
алдын ала тесетін жерді белгілеп алады. Негізі сау малдың
құрсақ қуысынан 1-3мл. Мөлдір, кейбір уақытта сарғыштау,
құрамында 0,7пайыз белок және торшалары аз сұйықты
Ал малдың құрсағын тесу арқылы құрсақта біршама түрлі
сұйықтың айырмашылығын және өзгешеліктерін білуге
болады, яғни қан, қарын және ішек сөлдері, экссудат,
транссудат, зәр немесе несеп, сонымен қатар жатыр
шырыны. Құрсақ қуысында экссудат болу ол тек
перитонит(іш перденің қабынуы) ауруының белгісін
білдіреді. Экссудат кілегейлі, кілегейлі-фибринді, кілегейлі-
іріңді, фибринді, шірікті болып жіктеледі. Экссудаттың
тығыздығы – 1,018, белок мөлшері -3пайыз, торша саны аз,
тек қана лейкоциттер болады, ал қанды экссудатта
эритроциттер жиі кездеседі. Экссудатта белок мөлшерін
Робертс- Стольников әдісі арқылы анықтайды. Экссудат
пен транссудат айырмашылығын анықтау үшін арнайы
Ривальты сынағын пайдаланады. Өйткені, егерде осы
сұйықта серомуцин деп аталатын белок болатын болса,
онда экссудат болып есептеледі де, ал ол жоқ болса
транссудат болып есептеледі.
Жалпы біз күйіс
қайтаратын малдардың
қарнын зерттеуде қарын
сөлін алу әдістерін және
оны лабараториялық
зерттеуді және ұлтабарды
зерттеу әдісін
игерумақсатында
физикалық және
клиникалық зерттеулер
жүргіземіз. Керекті құрал
жабдықтар: фенендоскоп,
плессиметр, руминограф, ақ
жаймалар, әртүрлі зондтар
және реактивтер.
Күйіс қайтаратын малдың
ұлтабаралды қарындарын зерттеу:
Ұлтабар— күйіс қайыратын малдардың қарнының бір бөлігі.
Ол құрылысы мен қызметі жағынан күйіс қайырмайтын
малдың қарнына ұқсас. Ұлтабардың кілегей қабығы
құрамында ферменттер мен тұз қышқылы сөл түзетін
арнаулы клетчаткалар болады. Сондықтан қарынның бұл
бөлігінде жын (малдың қарнындағы көп ұнтақталынбаған,
шала қорытылған қойыртпақ зат) негізінен химикалық
өңдеуден өтеді. Ұлтабар сөлі күрделі мукопротеид түрінде
түзіледі. Ол сиаломуциндер мен гиалуронды қышқылдан, амин
, карбоксил, сульфогидрилді және дисульфидті белок
топтарынан құралған. Сөлдің әсерінен мұнда инфузориялар
мен бактериялар тіршілігі тоқтап, олар ери бастайды.
Сөлдің құрамында белоктарды ыдырататын пепсин
ферменті болады.
Оның құрамы рацион түріне қарай өзгере бермейді. Себебі, Ұлтабарға
түсетін жын алдын ала өңдеуден өтіп, оның құрамы айтарлықтай
тұрақты болады. Малды азықтандырудың қалыпты жағдайында
Ұлтабар сөлі тоқтаусыз бөлінеді. Аш малда сөл бөлу процесі күрт
төмендеп, сөлдің қышқылдылығы жоғарылайды. Тәулігіне ірі қара 50
— 60 л, қой 5 л Ұлтабар сөлін бөледі. Азықтандыру үстінде сөл бөлу
күшейеді. Сөл бөлу қарқынына және оның қышқылдылығына малдың
физиологиялық күйі де әсер етеді. Мыс., саулық қойларда төлдеуден
бір ай бұрын Ұлтабар сөлінің қышқылдығы төмендеп, төлдегеннен
кейін едәуір жоғарылайды. Буаз кезінде және емізу кезеңдерінде сөл
бөлу күшейеді. Ұлтабар сөлінің бөліну қарқыны мес қарындағы
бактер. ферменттелудің жылдамдығына да байланысты. күйіс
қайтаратын малдың ұлтабаралды қарындары төрт бөлімнен
құралған (ірі қара мал, түйе, қой, ешкі), алдыңғы үш бөлімнен-олар
мес қарын, жұмыршақ, қатпаршақ және малдың негізгі қарны-
ұлтабардан тұрады. Осы айтылған ағзалардың әртүрлі өзгеріске
ұшырауы жиі болып тұрады, сондықтан оны зерттеудің маңызы зор.
Мес қарын
негізінен күйіс қайтаратын малда сол жақ аш бүйірде –бел
омыртқаның астындағы аш бүйірде орналасқан.
мес қарынды зерттеу әдістері: мес қарынды клиникалық зерттеу
әдістеріне жататындар: қарау, сипау, перкуссиялау,тыңдау, сонымен
қатар арнайы аспаптар, құрал-жабдықтар пайдаланылады. Сол жақ
жамбастың және сол жақ аш бүйірі шұңқырының маңын қарау
арқылы оның пішінінің өзгеруін, аш бүйірінің азыққа толу немесе
толмауын анықтау, сонымен бірге оның жиырылуын білу. Негізінде
барлық сау малда азық қабылдағанға дейін сол және оң жақ құрсақ
қуысы бірдей болу керек, ал азық қабылдағаннан кейін сол жақ аш
бүйірі үлкейеді де біркелкі тегістеліп түзеледі. Мес қарында шектен
тыс азық және көп газ пайда болғандамалдың сол жақ аш бүйірі
томпаяды. Сол жақ аш бүйірі кішірейген кезде шұңқыры
төмендейді, мұндай өзгерістер ұзақ ашығудан пайда болады.
Мес қарынды сипағанда оның сезімталдығын, жиырылу
ырғағын және жиырылу саны мен күшін, аш бүйірде
азықтың толысу дәрежесін анықтайды. Сол жақ аш
бүйірді сырттан сипау арқылы, аш бүйірдегі шұңқырды
басып байқауға болады. Мес қарынды іштей сипау малдың
тік ішегі (ректальді)арқылы жүргізіледі. Барлық сау
малда мес қарынның қабырғасын басқанда ауырсынуы
байқалмайды, ал мес қарын кеуіп кеткенде, оның
қабырғасы тырысып тұрады. Ал басып көргенде
ауырсынады. Мес қарынның жынын жұдырықпен немесе
саусақпен басып отырып оның консистенциясын
анықтайды, осы кезде 10секунд уақыттай шұңқыр қалу
керек. Сау малда мес қарынның жиырылу саны 2 минутта
төмендегідей: сиырда-2,5 ;қойда-3-6;ешкіде-2-4. Мес
қарынды тыңдау екі түрлі әдіспен
жүргізіледі:зерттеушінің өз құлағымен тыңдау және
арнайы аспаптармен тыңдау.
Тақия қарынды тексеру
Ірі қара малдың тақия қарынының негізгі ауруы-
травматикалық радикулит. Оны анықтау үшін келесі
әдістер қолданылады:
а) төс сүйектің семсер тәрізді өсіндісі аймағына қысым
түсіру арқылы;
б) шоқтық аймағының терісін қатпар қылып бір орынға
жинау арқылы;
в) көкірек қуысының бүйір бетін басу арқылы;
г) диафрагманың беку сызығы бойымен нұқу арқылы;
д) жануарды еңіске түсіріп жүргізу арқылы;
е) пилокартин және т.б. заттарды тері астына егу
арқылы.
Кітапша қарынды тексеру
Сипалау, нұқу, тыңдау әдістері қолданады. Сипалау
кезінде кітапша аймағын жұдырықпен басу арқылы
ауырсынуды анықтайды. Ауырсынғанда жануар
қыңсылайды, мөңірейді, қашуға ұмтылады. Нұқу
кезінде сау жануарларда топастау немесе топас
дыбыстың бар-жоғын және кітапша бітеліп қалған
жағдайда ауырсынуын анықтайды. Кітапшаны
тыңдау арқылы сау малдарда сықырлаған
дыбыстың бар-жоғын және ол дыбыстың кітапша
бітеліп қалғанда жоғалуын анықтайды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Васильев А.В. Диагностика внутрениих болезней домашних
животных
Зайцев В.И. и др. Клиническая диагностика внутренних болезней
домашних животных.
М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева
т.б. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. о қу құрал –
Алматы, 2007
А.М. Смирнов и др. Клиническая диагностика внутренних незаразных
болезней с/х животных.
3. А.М. Смирнов и др. Практикум по клинической диагностики
внутренних незаразных болезней с/х животных.
Назарларыңызға рахмет!!!
Орындаған: Қилашев Е.Ж
Тексерген: Билялов Е.Е
Тобы:ВМ-305
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz