Қуыққа операция жасау техникасы




Презентация қосу
Қуыққа
операция жасау
техникасы
Қуық
Қуық - пішіні алмұрт тәріздес несеп жиналатын қуысты мүше. Оның
денесі, құрсақ қуысына қарай бағытталған төбесі, жамбас қуысына
қарай енетін мойны болады. Қуықтың қабырғасы үш қабаттан
тұрады, ал кілегейлі қабығында без болмайды. Ол көп қабатты
ауыспалы эпителиймен астарланған. Қабырғасының ішкі дорсальдік
несепағар ашылатын бетінде екі несепағарлық білеулер көрінеді. Ол
несепағар тесіктерімен аяқталады. Осы тесіктерден несепағарлық
қатпарлар қуықтың мойнына қарай бағытталып қуықтық үшбұрыш
құрайды. Одан әрі несепағарлық қатпарлар бірігіп, несепшығарлық
қырды түзеді. Қуықтың еттік қабығы несепағар қабырғасындағы
сияқты үш қабаттан тұрады. Қуықтың мойнына қарай еттік қабық
сақиналанып, оның қысқыш етін түзеді.
Сыртқы сірлі қабығы құрсақ және жамбас
қабырғаларымен жалғасып, қуықтың орталық
байламын, бүйірлік байламдарын түзеді.
Несепшығар қуықтың мойнынан басталып,
жыныстық мүшелерге барып ашылады.
Сөйтіп, несеп–жыныстық өзектерді құрайды.
Несепшығар қуықтан басталатын ішкі тесігі,
жыныстық мүшелерге ашылатын сыртқы
тесігі болады.
Еркек малдарда уретра жыныстық өзекпен
бірігіп несеп - жыныс өзек, ал ұрғашы
жануарларда ол несеп - жыныстық кіреберіс
түзеді.
Қуық негізінен дененің жамбас қуысында орналасады. Зәрге толған кезде ғана
құрсақ қуысына қарай шығады. Ол қуық төбесінен, қуық денесінен және
жіңішкерген қуық мойынынан тұрады.
Қуықтың қабырғасы үш қабықтан:
ішкі — кілегейлі қабықтан
ортаңғы — етті қабықтан және
сыртқы — сірлі қабықтан (адвентициядан) құралған.
Қуықтың кілегейлі қабығы көпқабатты ауыспалы эпителиймен астарланған,
бездер болмайды. Кілегейлі қабықтың жоғарғы қабырғасында несепа ғар
білеуліктері мен несепағардың тесіктері көрінеді.
Қуықтың етті қабығы үш қабаттан:
ішкі және сыртқы ұзынша қабаттардан және олардың аралықтарындағы сақинаша
қабаттан тұрады.
Сыртқы сірлі қабық қуықтың денесі мен төбесін қаптап тұрады. Ал оның
мойны адвентициямен (борпылдақ дәнекер ұлпасы) қапталған. Қуықтың мойны
несепшығар өзегіне жалғасады
Қуыққа жасалатын операциялар
Қуықты тесу
Көрсетуі. Ұсақ және сирек жағдайда ірі малға жиналған несеп катетор
арқылы шығаруға мүмкімдік болмағанда жасалады.
Бекемдеуі. Ұсақ малды жатқызып, ірі малды түрегеп түрған жайда жасайды.
Жансыздандыру. Қажетсіз.
Операция техникасы. Ұсақ малды инъекцмялық мандрен салынған инемен тесіп
істейді. Тесу орны мықын сүйегімен кіндік аралық ара қашықтық ортасында,
орталық ақ сызықтыңбір бүйірдәң маңынан. Теріні шетке жылжытқаннан кейін
инемен құрсақ және қуық қабырғасын жігерлі түрткімен тесіп, иненің
мандренасын алып несепті үзіліспеншығарады.
Ірі мал еркектерінің несебін қуықты тік ішіек арқылы тесіп шығарады. Ол
мақсатқа иілген ұзын арнайы троакар немесе резеңке түтік қосылған қаналатын
инені пайдаланады. Тесуді ішектің төменгі қабырғасы арқылы істейді.
Қуықты тіліп ашу
Көрсетуі. Қуықтан тастарды шығаруы. Жылқыға
мына операцияны шап жақтан, ал ұсақ күіс
қайырушыларға және ет қоректілерге құрсақ
қабырғасы арқылы орындауы жайлы болады.
Жансыздандыру. Жылқыға аласа сакральді
жансыздандыру, ұсақ күйіс қайырушыларға және
ет қоректілерге наркоз жасалады.
Операция техникасы. Жылқыға Гекел тәсілімен
шат аралық циятомияны қолданады. Катетормен
тұрған аттың қуығын босатады, анус және шат
аумағын дезинфекциялайды, анусты сол жаққа сәл
тартып бір жағынан шонданай төпегі мен
жартылай перделік бұлшық ет аралықта
ұзындығы 10-15см тік кесумен теріні және оның
астында жатқан қабаттарды жарып тіледі.
Жараның екі жағын ұзын лигатуралармен тігіп оны созып
ашып ұстауын көмекшіге тапсырады. Содан соң қосылған
қол саусақтарымен жара арқылы жамбас шеліне 15-20см
деін тереңдікке тік ішекке паралельді кіріп, оның қуық
мойынына шектескен орнына жүріс шығарады. Мынадан
кеін операция жасаушы жылқының тік ішегіне сол қолды
енгізіп қуықтан тасты, оның мойнына яғни оң қол
саусақтар орналасқан орнына қарай мүмкімдігінше
жылжытуға тырысады. Мына процедураны көмекшіге
тапсыруға болады. Содан соң операция жасаушы оң қолды
жарадан алып шығып, бранштары қосылған ұзын қайшыны
енгізіп қуықтың қабырғасын жақын оның мойын
маңайынан, тасқа қарсы мөлшері 2-3 см тесіп жасайды.
Тесікке арналған қысқышты енгізіп тасты тұтас немесе оның
ұсақталғаннан кейін бөлімдерін шығарады. Сайып келгенде,
қуықтың тесігі ретроперитональдық орнында болады. Жараға
антибиотиктер немесе антисептикалық эмульсияны енгізеді.
Жараның қуыс каналын бір тәулік ішінде стерильденген
дәкемен бітейді. Операция нәтижесінде уақытша несеп қаяу
тесігі құрылады, ол 2 апта аралықта өзі жабылады, бірақ
біздің пікіріміз бойынша тігіп қою дұрыс болады.
Ұсақ күйіс қайырушы және ет қоректілерге қуыққа жетілу
операцияны шат қырының алдынан құрсақ арқылы жиірек
орындайды – құрсақ арқылы цистомия.
Малды арқасына жатқызып қойып бекемдеп, операциялық
орнын дайындап құрсақ қабырғаны жарып тіледі. Еркек малға
лапоротомияны күпектен 1 см шетке алып оны сол жаққа
жылжытып істейді. Терісі астына өтетіндер сыртқы бөксе
артериясын және басқа қан тамырларын байлап кесіп өтеді.
Лапоротомияны құрсақтың тік бұлшық етін айланып шыға
жүргізеді; шат қырының алдыңғы жағынан бастап 8-10см
ұзындықпен тіледі. Құрсақтың көк етін іскекпен басып алып,
теріге айналдырып шығарады. Жараны дәкелік салфеткалармен
айнала қымтайды. Саусақ қуықтың астына, жар деңгейінен аздап
жоғары көтереді, оның дорсальды беткейлігін операция
жасаушыға келтіріп, шприцке немесе резеңке шлангі қосылған
инъекциялық инемен тесіп, зәрді шығарады.
Мынадан кейін қуықтың кесетін бүйірлеріне (шырышты қабығын
теспей) бір бірден лигатураға өткізеді – ұстағыштар, олармен қуықты
жара сыртына шығара бекітеді. Қуықтың қабырғасын саусқ үшін
енгізуге болатындай көлемде скальпельмен тіліп ашады.
Корнцангпен, арнайы қасықпен немесе саусақпен қуықтың ішіндегі
тастарды және зәрдің құмдарын алып тастайды. Операция аяқтаулы
барысында несеп –жыныс каналына катетер арқылы физиологиялық
ерітіндісін егізіп оның толық өткіштігін тексереді.
Қуық жарасын Черни-Ламбердің тігісімен, құрсақ қабырғасын
үш қабатты тігіспен: алдымен іштің көк етін құрсақтың түзу бұлшық
етінің ішкі қынап қабырғасымен бірге, содан соң оның сыртқы
пластикасын (құрсақтың түзу бұлшық етін қосу алумен), соңғысында
теріні тігіп қояды.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі
Магда И.И. Иткин Б.З.Воронин
И.И.Оперативная хирургия с основами
тапогрфический анатомии. М.Колос, 2003 г. 360
с.
1.2 Магда И.И. и др. Оперативная хирургия
(учебное пособие) М. Агропромиздат,1990 – 333 с.
Мурәлінов К.Л. Оперативті хирургия. (оқулық
құрал) —Алматы Каз.ҰАУ . 2006 ж 416 б.
Назарларыңызға рахмет!!!

Орындаған: Қилашев Е.Ж
Тексерген: Ахметжанов О.Н.
Тобы:ВМ-305

Ұқсас жұмыстар
Қолдан артқы тесік жасау техникасы
Құрсаққа жасалатын операциялар
Мұрын аумағына операция жасау
Артқы тесіктің қысқарылу себебі
Жедел және созылмалы цистит
Косметикалық операциялардың түрі
Ұрғашы малдың жыныс мүшелері
Косметикалық операция кезде ауырсындырмау жасау және оның техникалары
Қалпына келтіру операцияларын жоспарлау
Балалардағы пиелонефрит
Пәндер