Эмбрионды трансплантация жасаудың маңызы




Презентация қосу
Эмбрионды
трансплантация
жасаудың маңызы.
Трансплантация (ортағасырлық
лат. transplantatіo – ауыстырып салу) –
адам мен жануарларда органдар мен
тіндерді ауыстырып салу. Өсімдіктерде
– өсімдіктер бөліктерін аналық
өсімдіктердің басқа жеріне немесе басқа
өсімдіктерге ауыстырып салу. Бақша
өсіру мен эксперименттік зерттеулерде
қолданылады.
Тарихы
Трансплантация әдісі көне заманнан белгілі.
Тері қабатының орнын ауыстырып салу
әрекеті алғаш рет Б.з.д. 1500 жылы
жасалған. Клиникалық тәжірибеде бұлшық
еттті,сіңірді, қан тамырларын, жүйке
талшықтарын, сүйек кемігін, т.б.
ауыстырып салу жиі қолданылады.
Трансплантацияның ерекше бір түрі – қан
құю. Ең жиі алмастырылатын орган –
бүйрек болып саналады.
1902 жылы австриялық хирург Е.Ульманн алғаш рет бүйректі
Трансплантациялау операциясын жасады.
Бұрынғы КСРО-да мұндай операцияны бірінші болып белгілі орыс
хирургі Б.Петровский жасады (1965). Ол донор бүйректі шешесінен
алып қызына салды, операция сәтті аяқталды. *Адамнан адамға
жүрек алмастырудың алғашқы операциясын 1967 жылы оңтүстік
африкалық хирург К.Барнард жасады. Пациент 18 күн өмір сүрді.
Клиникада өкпені ауыстырудың алғашқы операциясын 1963 жылы
америкалық кардио-хирург Дж.Харди (бір топ дәрігерлермен бірге) іске
асырды.
Қазақстанда органды Трансплантация операциясын тұңғыш рет
М.Әлиев жасады.
Қазіргі кезде трансплантация экспериментті биология мен
медицинада ауто- (өз тіндерін Трансплантациялау), гомо- (сондай
түрдің донорынан Трансплантациялау) және
гетеротрансплантация (басқа түрдің донорынан
Трансплантациялау, мысалы итке қояннан) кеңінен қолданылады.
мысалы экспериментті онкологияда (жануарларға тәжірибе
жасауда) қатерлі ісік штаммдарын Трансплантациялау.
Трансплантацияға қажетті орган не тінді трансплантат деп
атайды. Мұны ауру адамның ең жақын туысынан немесе қайтыс
болған адамнан (мәйіттен) жан-жақты медициналық тексеруден
өткізген соң алады. Трансплантатқа қойылатын басты шарттар:
мәйіт жас адамдікі болғаны жөн; қан қысымы қайтыс болғанша
қалыпты деңгейде болуы; қатерлі ісік немесе жұқпалы аурумен
ауырмағандығы; ауруханада қайтыс болуы (немесе адам қайтыс
болар алдында бірнеше сағат ауруханада болғаны) қажет.
Эмбрионды трансплантация

Ауыл шаруашылығы биологиясының негізгі жетістіктерінің үлесіне
– қолдан ұрықтандыру мен ұрықты сұйық азотта ұзақ уақыт
мерзімге сақтау әдістерін табуы. Бұл бағалы аталықтардың
генофондын максималды түрде пайдалануда маңызы зор.
Генетикалық зерттеулер бойынша ұрпаққа ата-ананың екеуінің де
әсері бар. Осы жағдайға байланысты асылдандыру жұмысын
жеделдету үшін ұрғашылардың генофондын қолдану қажет. Себебі
ол селекцияның одан әрі күрделеніп дамуына жол ашады.
Тәжірибелік селекцияда бұны биотехнологиялық
әдістердің негізінде, Эмбриондарды
трансплантациялау арқылы іске асыруға болады.
Эмбрионды көшіру өнімділігі жоғары ұрғашылардың
ұрпақ санын жылдам көбейту мүмкіндігін туғызды.
Асыл тұқымды аталықтарды алу кезіндегі
ұрғашыларды ұрпақ сапасы бойынша бағалау
мүмкіндігі де пайда болды.
Аналықтардан эмбриондарды алу мүмкіндіктері мол, себебі
олардың аналық безінде бірнеше жүз мыңдай ооциттер бар,
бірақ олардың қорындағы гендердің бір, екеуі ғана жетіліп
ұрпақ береді. Мәселен, әрбір сиыр саулық қой тіршілігінің
соңына дейін орташа есеппен 7-10 бұзау, саулық қой 5-6
қозы ғана береді.
Әр жастағы малдың безінен бөлініп шыққан, ағзадан тыс
өсіп-жетілген жыныс жасушаларын ұрықтандыру мүмкіндігін
зерттеудің мәні зор. Кәрі малдың аналық безіндегі ооциттерді
қопсыту, атақты дарақтардың репродуктивті мерзімін
жалғастырып, қосымша ұрпақ алудың бірден-бір себебі.
Толық жасқа жетпеген жануарлардың аналық безіндегі
жыныс жасушаларын қопсыту және ұрықтандыру
төңірегіндегі жетістіктер, келешекте табиғи жыныстық жетілу
уақытын ауыстырып, қысқа мерзім ішінде тұқымаралық
будандарды шығарып алуды көздейді. Зерттеулердің
нәтижелері бойынша бұзаудың 1-2 айлығында аналық безінен
бөлінген ооциттерді қопсыту мен ұрықтандыру сәтті
аяқталған еді.
Эмбрионалды трансплантациялау селекцияны ң келесі
міндеттерін шешуде пайдаланады:

1. өнімділігі жоғары, бағалы тұқымдар мен мал топтарын
тез арада көбейту мәселесін қарастырады;
2. малдың бірнеше көшірмесін алу үшін, эмбрионды ертерек
бөліп алу. Олар генотиптің сыртқы орта байланысын,
қасиеттерінің тұқым қуалауын анықтауға мүмкіндік беруі;
3. мутантты гендердің кіші популяциясы мен тұқымдық
генофондын сақтап қалу;
4. генотипі бойынша бағалы, бірақ бедеу жануардардан
ұрпақ алу;
5. зиянды рецессивті гендер мен хромасомалық
құбылыстарды анықтау;
6. малдың ауруға деген төзімділік қабілетін арттыру;
7. ауруға қарсы күресу шарасы ретінде малдың импорты
мен экспортын, криоконсервіленген эмбриондардың
импорты мен экспортына ауыстыру;
8. шетелден әкелінген малдарды жерсіңдіру;
9. іштегі төлдің жынысын анықтау және қажетті
жынысты төлді алу;
10. түраралық көшіру;
11. химерлі жануарларды алу
Соңғы он жылдың ішінде эмбрионды
трансплантациялау әдісін көптеген елдер өзінің
селекциялық бағдарламасына еңгізген еді. Шетелдік
мамандар (АҚШ, Германия, Канада және т.б.)
трансплантациялау әдісінің мәні - селекциялық
бағдарламаның жеделдетуінде деп түсіндірген. Бұл
сиыр сүтінің өнімділігін - 20%, ал еттің өнімділігін
- 20-40%. Бұл әдісті селекцияның басқа да
белгілерін: өміршеңдігін, көбейгіштігін, аурулар мен
стресстерге төзімділігін дамыту үшін де
пайдаланады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Магаш Аятханұлы.,Жануарлардың өсіп-өну
биологиясы мен биотехнологиясы.- Павлодар:
“Brand Print” баспасы,2010.55-60 б.
2.Интернет желісі.-kk.wikipedia.org/wiki/
Назарларыңызға рахмет!!!

Орындаған: Қилашев Е.Ж
Тексерген: Мухамадиева Н.Н
Тобы:ВМ-305

Ұқсас жұмыстар
Эмбриондарды трансплантациялау әдістері
Эмбрионды реципиентке қондыру
Биотехнологиядағы лапаротомия әдісі. Жануарлардың репродукциялық клеткаларын зерттеудің витальдық әдісі
Трансгенді ағзалар
Бағаналы жасушалар
Ағзаларды клондау
Ағзалар мен жасушаларды клондау
Жануарлар репродукциялық аппаратының мәні
Пластикалық хирургияның және трасплантологияның негізі
Эмбрионның ядросын энуклеирленген жұмыртқа жасушасына ауыстыру арқылы эмбриондарды клондау
Пәндер