Токсикологияның қысқаша тарихы
Презентация қосу
1.Токсикологияның
қысқаша тарихы.
2.Уланған кезде
көрсетілетін алғашқы
жәрдем
Токсикология
(грекше toxіkon – у және logos – ілім) –медицинада
удың қасиеттерін, организмге тигізетін әсерін,
улану салдарынан туатын өзгерістерді, уланған
адамды немесе жануарды емдеу әдістерін
зерттейтін ғылым саласы. Токсикологияның
бірнеше саласы бар. Мысалы: әр түрлі жануарлар
мен өсімдіктердің химиялық заттарға қайтаратын
жауабының ерекшеліктерін салыстырмалы
токсикология; ауыл шаруашылығы жануарлары мен
кәсіптік аңдардағы осындай ерекшеліктерді
ветеринарлық токсикология зерттейді.
Әскери және сот токсикологиясы клиникалық
токсикология мен патологиялық анатомияның
мәліметтерін негізге алады. Өнеркәсіп, өндіріс,
әсіресе, химия өнеркәсібінің дамуына
байланысты токсикологияның кәсіптік улану
немесе өндірістік улану деген жаңа салалары
пайда болды. Токсикологияның ең маңызды
саласы – медициналық токсикология. Ол
жалпы, клиникалық және профилактикалық
болып бөлінеді.
Жалпы: токсикологияның міндеті –
химиялық заттардың токсикология әсерінің
жалпы механизмін; клиникалық
токсикология – уланған адамдарға
диагностика қойып, оларды емдеу әдісін;
профилактикалық токсикология – улануды
болдырмау үшін алдын ала сақтандыру
шараларын зерттейді. Улы заттар туралы
алғашқы деректер ежелгі Рим дәрігерлері
Диоскорид, Үлкен Плиний, Платон, т.б.
ғалымдардың еңбектерінде жазылды.
Токсикология жеке ғылым саласы ретінде 20 ғасырдың
ортасында қалыптасты. Республикада
токсикологиялық зерттеулер 20 ғасырдың 50-жылдары
Қазақстан Ғылым академиясының
Өлкелік паталогия институты (қазіргі
Гигиена және эпидемиология ғылыми-зерттеу орталығ
ы
) жанынан гигиена және кәсіби патологиялық сектор
ашылғаннан кейін басталды. Қазақстанда
токсикология ғылымының қалыптасып, дамуына үлес
қосқан ғалымдар: О.С.Глозман, Б.Атшабаров,
Т.Х.Айтбаев, А.А.Мәмбеева, В.П.Чемакина,
Н.П.Касаткина, И.Т.Төлеев, Э.Л.Бейсебаева,
Е.А.Біртанов қатарлы бір қатар ғалымдар өз үлестерін
Улану кезінде көрсетілетін
алғашқы көмек
Улану, басқа жануарлардан айтарлықтай
белгілермен ерекшеленетін категорияға жататын
ауру. Жіті улану күтпеген жерден болады.
Сондықтан да, улануды емдеуде шешуші маңызы
бар алғашқы көмек, уланған жануарға дер кезінде
көмек көрсетілуі керек. Уланған малға алғашқы
көмекті дәрігер келгенге дейін, мал шаруашылық
мекемелерінің жұмысшылары көрсетуі тиіс.
Ол үшін:
Жануар ағзасына удың ары қарай түсуін тоқтату.
Ағзаға еніп кеткен удың әсерін төмендету.
Уланған жануар өмірін сақтайтын шаралар
қолдану.
Басқа жануарларда улану белгілері басталмай
тұрғанда, күмәнді азықты алып тастап, сол
жануарлардың ағзасына удың енуін тоқтату.
Жануарларға көп мөлшерде су беру.
Жануардың түріне қарай, олардың ағзасындағы уды
әртүрлі әдістермен бейтараптауға болады. Кейбір құсу
актісі тән жануарлар ағзасын улы заттан босату
мақсатында құстыратын заттар береді. Ірі қара,
жылқылардың асқазанындағы уды зонтпен жуу арқылы,
ал кейбір жағдайларда руминаторлық дәрілік заттар
көмегімен сыртқа шығаруға болады. Асқазандағы улы
заттарды тазалап алып тастағанменде, онда удың аздаған
мөлшері қалып қалатынын есте ұстау керек. Ағзадағы
улы заттар әсерін жою үшін, асқазан-ішек жолдарында
олардың сорылуын азайтып, олардың уытты әсерін
жоюға жағдай жасау керек.
Улануды емдеуде адсорбенттеді
қолданудың маңызы өте зор. Адсорбция –
ас қорыту жүйесіне улы заттардың сіңіуін
айтарлықтай немесе толық тоқтатып
тастай алатын, өте құнды физикалық әдіс.
Уланғанда қолданылатын негізгі
адсорбенттердің бірі- белсендірілген
көмір.
Төмендегі екі түрлі әдіспен ағзаға түскен уды
құрғатуға және олардың уыттылық қасиетін жоюға
болады:
Физикалық –улы заттардың адсорбциясы
Химиялық- улы заттардың құрамының бұзылуы.
Улы заттардың құрылымын бұзып, ыдыратып,
уытты әсерін тоқтату үшін уға қарсы заттар
қабылдайды. Қазіргі уақытта уға қарсы заттар
антидоттар деген жалпы атпен кең таралған.
ветеринариялық клиникалық алғашқы
жәрдем беру туралы бірнеше мысал
Жылқының кекекпен улануы- бұршақ тұқымдас, жоңышқаға
ұқсас, бір жылдық шөп тектес өсімдік. Бұл шөп жылқы үшін
өте улы өсімдік. Онымен жыл сайын Алматы обылысының
Күрті, Балқаш аудандарының жылқылары уланып шығынға
ұшырайды. Химиялық құрамы әлі толық зерттелмеген.
Клиникалық белгілері- кекек шөбінің құрамында жылқының
орталық жүйке жүйесін зақымдайтын улы алколоидтар бар. Ол
жылқыны өсіп тұрған кезінде де, кепкен күйінде де уландыра
береді. Кекекпен уланнған жылқы өлі тигендей құлайды, басын
жерге ұрып,аяғын серпіп әбден қиналып өледі. Дәрігерлік
жәрдем-уланудан сақтанудың негізгі жолы-кекек өсетін өріске
жаймау, бұл шөппен тек қана жылқы уланады бір қызығы бұл
шөпті басқа малдар жей береді бірақ уланбайды.
Малдың глифтормен улануы- дала тышқандарын
қыру мақсатымен далаға улы еліктіргіш жем шашқан
кезде уланады. Мұнымен негізінен мал өрісте уланып
қалады. Глифтордың әсерінен фермент құбылысы
тежеліп, Кребс цикылының қалпына келтіру
қышқылдандыру процесі бұзылады. Клиникалық
белгілері- мал уланғанда ол селқос тартады,
жемшөптен қалады. Айналасындағы түрлі дыбысты
естуден қалады. Дәрігерлік жәрдем- емі әлі
анықталмаған. Бірқатар ғылыми зерттеулерге
қарағанда уланудың алғашқы кезеңінде оның уытын
этанол ғана қайтаруы мүмкін.
Малдың зоокумаринмен улануы- шошқа комплекстерінде
кеміргіштерді жою шараларын жүргізгенде зоокумарин (кумарин
қышқылының құрғақ тотығы) араластырылған улы жем шашылады.
Зоокумарин- сұр түсті ұнтақ, иссіз, дәмсіз. Бұл дәрі әсері бірнеше
жыл, ал еліктіргіш жемде 6 ай бойы сақталады. Зоокумарин малдың
асқорыту жүйесін, бауырдың қан ұйыту қабілетін бұзады. К
витаминінің сіңіуін тежеп, қан тамырларының ішкі жағын
қабындырады. Қан тамырларынан шығып, ірі ірі қанды ісіктер пайда
боладды. Клиникалық белгілері- танаудан, тік ішектен және қынаптан
қан кете бастайды. Алғашында мал денесінің қызуы қалыпты
болғанымен өлер алдында төмендейді. Мал біртіндеп әлсірей
бастайды.
Дәрігерлік жәрдем-Ратицидтермен уланған жағдайда оған қарсы
қолданылатын ең басты дәрі- К витамині. Оны бұлшық етке 1-2мг/кг
мөлшерінде егеді. Мал түгелдей сауығып кеткенге дейін оларға
ешқандай хирургиялық операция жасамайды және қан алынбайды.
Назарларыңызға рахмет!!!
Орындаған: Қилашев Е.Ж
Тексерген: ТойкинаГН
Тобы:ВМ-305
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz