Тұтқыр заттар сипаттамасы



Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі
Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
БӨЖ
Тақырыбы: Тұтқыр заттар сипаттамасы. Жұмсартқыш заттардың сипаттамасы. Шырышты заттардың сипаттамасы. Адсорбциялағыш заттардың сипаттамасы.
Тексерген:Тойкина Г. Н.
Орындаған:Көкен. Б
Семей қаласы
2015-2016 оқу жылы

Жоспар
Тұтқыр заттар сипаттамасы
Жұмсартқыш заттардың сипаттамасы
Шырышты заттардың сипаттамасы
Адсорбциялағыш заттардың сипаттамасы

Бұл топтың препараттары организмде тікелей тиіскен жерлерінде белоктарды тұндырып, альбуминаттар түзеді де, тіндерді тығыздайды. Олардың беттерінде белокты қабыршық пайда болады. Ол төменгі қабаттарды және сезімтал нерв талшықтарының үштерін химиялық, бактериялық, механикалық тітіркендіргіштерден қорғайды.
Олардың әсерінен рецепторлардың сезімталдығы төмендейді, қан тамырларының өзектері тарылады, олардың қабырғаларының өткізгіштігі нашарлайды, секреттің бөлінуі шектеледі. Осының салдарынан экссудаттың түзілуі азаяды. Препараттың қабыну процессіне қарсы әсері осылай пайда болады. Сонымен қатар микроорганизмдердің де белоктарына әсер ету арқылы оларға қарсы тұрады. Тұтқырлағыш заттардың осындай жан-жақты әсерлері оларды тек жергілікті ғана әсер ететін дәрілік заттар емес, орталық нерв жүйесі арқылы барлық организмге әсер ететін дәрілік заттар деп қарауға
болатындығын дәлелдейді.

Малдәрігерлік тәжірибеде қолданылатын тұтқырлағыш заттарды екі топқа бөледі: . Органикалық тұтқырлағыш дәрілік заттар (өсімдіктерден алынады) ; . Органикалық емес тұтқырлағыш дәрілік заттар (металл препараттары
Танальбин - Tannalbinum. Таниннің белок альбуминмен қосылысы. Құрамында 50 % танин бар. Суда, спиртте ерімейтін, қошқыл түсті амофты ұнтақ. Ауыз қуысының және асқазанның кілегей қабықтарына әсер етпейді, әсері тек ішектерде ғана байқалады. Ондағы сілтілік ортада препарат ыдырайды да, одан танин бөлінеді. Ол тұтқырлағыш, қабынуға қарсы және қанның ағуын тоқтататын әсер етеді. Ішектердің жіті қабынуларында, оларда қан ағуы байқалғанда қолданады.

Еменнің қабығы - Cortex Quercus. Әртүрлі емендердің жас бұтақтарынан ерте жазғытұрым жинап алынған қабықтары. Құрамында10 % кіріктіргіш зат, пектиндер, флавин қосылыстары, қант және т. б. заттар бар. Осы заттар оның тұтқырлағыш, қабынуға қарсы және қанның ағуын тоқтататын әсерлерін тудырады. 1:10 мөлшеріндегі қайнатпасы ауыз қуысының қабынуында, фарингитте, асқазан мен ішектер қабынғанда және оларда қан ағу байқалғанда қолданылады. Күйікке қарсы 1:5 тұнбасы пайдаланылады.
Ксероформ - Xeroformium. Құрамында 50-55 % висмут тотығы бар, сарғыш түсті, өзіне тән иісі бар, ұсақ аморфты ұнтақ. Суда, спиртте, эфирде ерімейді. Тұтқырлағыш, кептіргіш, антисептикалық дәрілік зат ретінде май және ұнтақ түрінде қолданады.

Дерматол - Dermatolum. Құрамында 55 % висмут тотығы бар, сарғыш түсті, иіс-дәмі жоқ аморфты ұнтақ. Суда, спиртте ерімейді, сілтілік ортада ериді. Тұтқырлағыш, кептіргіш, антисептикалық дәрілік зат ретінде тері мен кілегей қабықтардың ауруларында майлы ертіндісі мен ұнтағын себу, жағу арқылы қолданады.

Жұмсартатын дәрілік заттар
Бұл топтың препараттары терінің бетін қабыршықпен жабу, немесе оған сіңу арқылы оны сыртқы ортаның жағымсыз әсерлерінен қорғайды. Олар тіндер үшін бейтарап заттар: теріні жұмсартады, созылмалылығын жақсартады, ылғалдылығын сақтайды, жетіспейтін майды толықтырады. Сондай-ақ оны жылытады, ондағы қан тамырларының өзектері кеңейеді, жергілікті қан айналуы жақсарады, тіндерде зат алмасу процессі қалыптасады. Ішке бергенде химус жұмсарады, оның эвакуациясы жылдамдайды.
Препараттарды дұрыс сақтамағанда олар бұзылады. Ондай дәрілік заттарды қолданғанда кері әсер алынады. Оларды малдар майда еритін улы заттармен уланғанда қолдануға болмайды.
Жұмсартатын дәрілік заттарды малдардың майы, өсімдіктердің майы және май тәрізді заттар деп бөледі.

Жұмсартқыш заттар нашар сіңетін және оңай сіңетін болып бөлінеді.
Нашар сіңетін заттарға: парафин, вазелин.
Оңай сіңетін заттарға: шошқа майы, ланолин.
Майлар ыдырағанда жергілікті тітіркенкендіргіш әсер ететін, ал сіңгеннен кейін тым улы заттар түзеді. Бактериялардың және ылғалдылықтың әсерінен майлар мен сұйық майлар қышқылдар мен глицериннің түзілуіне байланысты ыдырайды, бұл орайда олар жағымсыз иіс пен дәмге ие болады.

Мал өнімдерінен дайындалатын майлар
Шошқалардың тазаланған майы. Бұл шошқалардың ішкі ағзаларының майы. Суда ерімейді, спиртте нашар ериді. Эфирде, майларда, хлороформда жақсы ериді. Дәрілік заттармен жақсы араласады. Қараңғы, құрғақ, салқын жерде сақтайды. Малдың терісі арқылы жақсы сіңеді.
Тазаланған ланолин. Қойлардың жүнін жуған судан бөлініп алынатын май тәрізді зат. Суда ерімейді, эфир мен хлороформда жақсы ериді. Тұрақты, жылдар бойы сақтауға болады. Сусыз ланолин өзінің май тәрізді консистенциясын өзгертпей суды бойына сіңіретін қасиеті бар.
Ағаш шайыры- ағашты жылу көмегімен құрғақ айдау арқылы алынатын органикалық заттар қоспасы. Ол көптеген органикалық қосылыстардан тұрады. Олардың құрамында тұнбаға түсетін, суда және органикалық еріткіштерде еритін шайырлар болады. Органикалық еріткіштердің көмегімен бөліп алған шайырлардың құрамы тұндырып алған шайырлардан өзгеше. Ағашты құрғақ айдағанда пайда болатын ағаш шайыры құрамында 46 - 65%-ға дейін фенол қышқылдары және үлкен молекулалы фенол қышқылдары болады.
шайыры өндірісте көп пайдаланылмайды. Олардың біраз мөлшері, әсіресе, қарағай шайырлары, ескі резиналарды өңдегенде жұмсартқыш заттар есебінде пайдаланылады. Ағаш шайырына алынған фенолдарды, қышқылдарды және олардың туындыларын гербицидтер алу үшін де пайдаланады.


Шырышты заттар суда бөртеді, гомогенді қоймалжың сүйықтық түзеді, салқындатқанда сілікпе түрінде тоңазиды. бұл сұйықтың тұтқырлық қасиеті жоғары, олардың ортасында химиялық процестер өте баяу өтеді, диффузия мен сіңу процесі баяулайды, сұйықтың өзі тұтқыр әсер етеді.
Шырышқты заттар жылуды нашар өткізеді, мұны қабыну құбылыстарын емдеуде пайдаланады.
Ветеринариялық тәжірибеде шырышты препараттар қабынуға қарсы қолданылатын дәрі - дәрмек ретінде, сондай ақ дәрілік заттардың әсерін бәсеңдету үшін, асқазанға түскен улануды емдеуде, әртүрлі дәрілік формаларда, басқаларды дайындау да қолданылады.
Фармацияда шырышты заттарды пилюля, болюс және ботқа дайындау кезінде форма түзгіш зат ретінде, галендік препараттар технологиясының басқа да жағдайларында пайдаланылады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz