Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері. Вирус



1. Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері. Адъюванттар, иммуномодуляторлар
2. Құтырық, Аусыл, Шмалленберг, Блютанг ауруларының диагностикалық және алдын алу шаралары.

Вирус- тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан - кабсидтерден тұрады.

Вирустық аурулар - вирустар арқылы таралатын жұқпалы аурулар мен қатерлі ісіктер.
Жануарлардың, өсімдіктер мен бактериялардың жасушаларына енген вирустар көптеген қауіпті аурулар туғызады. Мысалы, тұмау, полиомиелит, шешек, аусыл, құтыру және т. б. аурулар вирус арқылы таралады

Вирустық инфекциялардың профилактикасы індеттерге қарсы қолданылатын өте маңызды шараларға жатады. Оның мәнісі - адам организімінде вирустар қоздыратын жұқпалы ауруларға қарсы жасанды иммунитет қалыптастыру, жасанды жолмен қалыптасқан жүре пайда болатын белсенді және енжар қабылдамаушылықты (иммунитетті) табиғи резистентіліктен ажырата білу керек. Организмге әдейі енгізілген препараттардың (антигендер мен антиденелер) қасиетіне байланысты белсенді және енжар иммундау әдістерін ажыратады.

Вирустың инфекциялардың спецификалық алдын алуда енжар (пассивті) және белсенді (активті) иммундаудың рөлі
Белсенді иммунитет организмге вакцина ретінде вирустық АГ- ді енгізгенде қалыптасады. Мұндай иммунитет вакцина енгізген кейін бірнеше аптадан соң пайда болады да, бір жылдан бірнеше жылдарға дейін сақталады.
Енжар иммунитет организмге иммунды антиденелер (иммунды глобулиндер) енгізгенде пайда болады. Пассивті иммундау әдісін организмде жұқпалы аурудың дамуын жедел тоқтату қажет болғанда қолданады.

Вакцина (лат. vacca - сиыр, vaccіnus - сыйрдікі )
микроорганизмдерден (бактерия, вирус, т. б. ) алынып, адам мен жануарлар организміне жұқпалы аурулардан алдын ала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препараттар

Тарихы
1796 жылы ағылшын дәрігері Э. Дженнер алғаш рет сиыр шешегін адамға егу арқылы алды

Классификация
Тірі вакцина - микробтардың уыттылығын әлсіретіп, ауру тудырғыш қабілетін жою, иммунитет қалыптастыру үшін алынады. Алғаш рет француз микробиологы Л. Пастер тірі вакцинаны түйнемеге (1881) және құтыру ауруына (1885) қарсы қолданды. Ал 1926 жылы француз ғалымдары А. Кальмет пен К. Гереннің ашқан тірі туберкулез(БЦЖ) вакцинасы ғылымдағы үлкен жаңалық болды. Тірі вакциналар шешек, құтыру, оба, туляремия, т. б. ауруларға қарсы пайдаланылады.

Өлтірілген Вакцина
Өлтірілген Вакцина - микроорганизмдерді физикалық (қыздыру арқылы) және химиялық жолмен (фенол, ацетон және спиртпен өңдеу) өлтіру әдістері арқылы алынады. Бұлардың қорғаныштық қабілеті тірі вакцинаға қарағанда төмендеу болғандықтан бірнеше рет егіледі.

Химиялық вакцина
Химиялық вакцина - микроорганизмдерден бөлінетін активті антигендерден алынады. Бұл вакциналар паратиф, іш сүзегі, т. б. ауруларға қарсы пайдаланылады. Анатоксиндер - улы токсиндерді формалинмен өңдеу арқылы алынған усыз вакциналар. Бұларды алғаш рет (1923 - 1926) француз ғалымы Г. Рамон алды. Анатоксиндер дифтерия (күл), ботулизм, сіреспе, т. б. ауруларға қарсы қолданылады.

Ассоциацияланған Вакцина
Ассоциацияланған Вакцина - 2 - 3 ауруға бірден қолданылатын вакциналар. Мысалы, сиырларды қараталақ пен қарасан (эмкар) ауруына қарсы бір вакцинамен егіп тастау өте тиімді. Вакциналарды организмге әр түрлі әдіспен енгізеді. Мысалы, шешек, туберкулез вакцинасын тері үстіне (тырнап), полиомиелитке қарсы ауыздан, гриптікін танау қуысынан құяды. Сүзек, тырысқақ, топалаң, құтыру вакцинасын тері астына, қызылша мен қарасан вакцинасын бұлшық етке егеді. Вакцина егілген организмде ауруға қарсы иммунитет 2 - 3 аптадан кейін қалыптасып, бірнеше жылдар бойы сақталады

Адъюванттар.
Адьюванттардың әсер ету механизмі. «A'dyuvant (LAT Adjuvans, adjuvantis ықпал көмектеседі. ) - 1) антигенді иммуногенндігін арттыратын зат; Кейбір адъюванттарды вакциналарды өндіруде қолданады. (алюминий гидрат соавт. ) ; 2) агент немесе есірткілік заттарды күшін арттырады.

Иммуномодуляторлар
- иммундық жүйеге реттеуші әсер ете алатын табиғи немесе синтетикалық заттар. Имундық жүйеге әсер етуі бойынша оларды иммуностимулдеуші және иммуносупрессивті деп бөледі.
тимус препараттары, интерлейкиндер, интерферондар, интерферондардың индуктоы, биологиялық белсенді пептидтер, кейбір саңырауқұлақтардың полисахаридтері, емдеуші вакциналар жатады. Олардың белсенділігі организмнің клеткалары мен ұлпаларының метаболизміне әсер ету қабілетімен және иммунокомпонентті клеткаларды белсендіре алатынында болса, оның нәтижесінде организмнің инфекционды және инфекционды емес ауруларға қарсы қабілеті артады.
Иммуносупрессорлар қабынуда, аллергияда, трансплантацияда, аутоиммунды ауруларды емдеуде лимфоцидті клеткалардың белсенділігін басу үшін қолданылады

Құтырық
Бұл орталық нерв жүйесінің ауыр зақымдалуымен өтетін және өлім-жітіммен аяқталатын ауру. Құтырмамен ит, мысық, сиыр, жылқы, түйе, қой-ешкі, кеміргіштер, жабайы жыртқыш аңдар-қасқыр, түлкі т. б. және адам ауырады.

Аурудың көзі
сілекейімен құтырманың вирусын шығаратын және оны тістегендегі жара арқылы беретін жануар. Сілекей ауру белгілері пайда болмай тұрып, ауру жұққан соң 8-10 тәуліктерде жұқпалы бола бастайды. Теріге немесе кілегейлі қабыққа сілекей жұққанда құтырма вирусы жұғады. Құтырма вирусын жұқтырған кезден бастап аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейін бірнеше тәуліктен бірнеше айға (бір жылға дейін ) созылуы мүмкін.

С е р о л о г и я л ы қ з е р т т е у
Ғылыми еңбектерде құтырықты балауға бiрнеше серологиялық реакциялар (ДПР, ПГАР, СР, ИФА) әр түрлi антигендермен қойылып, лабораториялық практикаға қосымша әдiс ретiнде ұсынылып жүр. Серологиялық реакциялар арқылы вакцинамен егiлген жануарлардың қан сарысуындағы вакциналық антиденелердi де анықтауға болады.

Құтырмның алдын алу үшін
адамдарды немесе жануарларды тістеген ит, мысық және басқа жануарлар оқшауланып, ветеринариялық қадағалау үшін жақын маңдағы ветеринариялық емдеу клиникасына жеткізілуі тиіс. Жоспарлы түрде жабайы иесіз ит, мысықтарды аулау құтырманың алдын алудың бірден бір жолы болып табылады.
Ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай құтырмамен ауырған жануар міндетті түрде жойылуға жатады.
Қазіргі кезде құтырықтың шығу қаупі бар елді мекендердегі барлық жануарларғавакцина егіледі. Әсіресе аймақтағы барлық ит пен мысық құтырыққа қарсы вакцинамен иммундалуға тиіс. Вакцинамен иммундалған жануардың денесінде иммунитет бір жылға дейін сақталады.

Аусыл
жылқыдан басқа түліктің барлығында кездесетін қатерлі індет түрі. Ол туралы көне жазба деректерде («Қорқыт Ата» кітабында) айтылады. Аусыл болған малдың көзі жасаурап, аузынан сілекей ағады, күлдіреуіктер шығып, жұқа терілі жерге дейін өршіп, тутасып, іріңді суға айналады, от пен судан қалады. Екі- үш күннен кейін күлдіреген тілін салбыратып, сілекейін тоқтаусыз шұбырта бастайды, күйістен қалады.

Аусылды емдеудің дәстүрлі шаралары көп: оны асқындырмас үшін тұзды, сорлы көлдерге шомылдырады, күлдіреген бөрткен жараға сортаң балшық тартады, ыстық қарамай құяды немесе қуырған қара тұзға қара күйе, тотияйын, арша көмірінің ұнтағын араласты- рып аузын қан аққанша үйкелеп ысады. Ал оңтүстіктегі қазақтар тілдің астындағы көк тамыр мен таңдайды жуан бізбен шабақтап қанататын болған.

Аяғына шыққан аусыл жарасына «қотыр майын» (карбол қышқылын қазақ арасындағы атауы) жағады. Аусылдың түйеде «қағын» және «теңге» деген түрі бар. «Теңге» тиген малдың тілінде дөңгелек, қызыл жаралар пайда болып, жұтқыншаққа қарай шабады. Ондайда мал аузын тұз араласқан шайырмен (орыс. деготь) ысқылап, сиырдың шикі сүтін тамызады. Түйе аусылы Торғай облысының Ақтөбе, Николаевск уездерінде жиірек, Ырғыз бен Торғайда аз кездесетін себебін жергілікті қазақтар соңғы уезд аумағында ащы оттың басым екендігімен байланыстырған. Аусылдан сақтану үшін ауырған сиыр сілекейін ыдысқа жинап алып, сумен сұйылтып, жас торпақтардың аузына жағу арқылы індет зілін жеңілдетуге жағдай жасайды

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz