Дәрілік заттардың әсер ету түрлері. Дәрілік заттардың жағымсыз әсерлері




Презентация қосу
Дәрілік заттардың әсер ету
түрлері. Дәрілік заттардың
жағымсыз әсерлері.
Дәрілік заттардың фармакодинамикасы зерттеліп
каралғанда, олардың мына төмендегідей негізгі өсер ету
түрлері міндетті түрде ескеріледі: бағыты, кызметін
өзгертуі, қоздыру, әлсірету,сезімділіктің өзгеруі, заттардың
әсер ету принциптері (тура, жанама) әсер ету күші мен
мерзімі, фармакологиялық әсердің орны (жергілікті,
резорбтивті, рефлекторлы), оның таралуы (арнаулы,
жалпы), әсер ету дөрежесі (негізгі, қосалкы, жағымсыз)
және малдың ауруы кезіндегі әсері (этиотропты,
патогенетиалык).
Сонымен бірге, дәрілік затгарды қолданғанда организмнің
реакциясындағы ерекшелік пен оны қолдану шарттары (бір
немесе бірнеше рет өзін немесе басқа препараттармен
қоспасын қолдану, әртүрлі дозасы мен әртүрлі дәрілік
пішінін қолдану), жануарлардың түрі, жасы, жағдайы, күйі
және баскдлары ескеріледі.
Қозу дегеніміз - дәрілік заттар әсер
еткенге дейінгі кезеңмен
салыстыргандағы организмдегі кейбір
құбылыстармен қызметтердің күшейюі.
Мұның әсер ету дәрежесіне байланысты
әртүрлі маңызы бар. Оның ішінде ең
маңыздыларына қозудың үш түрі жатады.
1. Егер алғашқыда организмдегі кейбір қызметтер немесе
құбылыстар күрт төмендеп, оларды қоздырғыш заттар
арқылы физиологиялық нормасына жақын немесе
физиологиялық нормасына дейін көтерсе, онда оны
толық немесе жартылай қалпына келтіру деп атайды
2 Козудың екінші түрі - стимуляция
(куаттандыру).Стимуляция дегеніміз организмдегі кейбір
қызметтерді немесе қалыпты нормадағы кұбылыстарды
физиологиялық көрсеткіштерге дейін белсендірілу
З.Егер белсендірілу физиологаялық көрсеткіштер
деңгейінен жоғары болатын болса, онда мүндай нәтижені
асыра тітіркендіру деп атайды. Оны кабынудың
созылмалы жіті түріне айналдыруға және организмдегі
әлсіреген қызметтер мен құбылыстарды жедел түрде
қалпына келтіруге қолданады
Қозуға қарсы көптеген дәрілік
заттар күйзелте әсер етеді,
дәлірек айтканда организмді
бастапқы қалпымен
салыстырғанда әлсіретеді.
Калыпты физиологиялық
жағдайларда организм кейбір
заттарға (ауырсыну сезімділігін
әлсірететіндер, холинолитиктер
жөне т.б.) жедел жауап
реакциясын көрсетсе,
антипиретиктер мен кардиотоник
секілді дәрілік заттарға
реакциясы әлсіз болады. Бірақ
бүл екі жағдайда да әлсіреу
зандылығы үқсас болады. Оның
мынандай үш дәрежесі бар:
1 Физиологиялық деңгейден жоғары болатын
кұбылыстар мен функциялардың қалпына
келуі. Дәрілік заттардың мүндай әсері өте
бағалы деп саналады, бірақ мүндай әсер
физиологиялық әсерлер аз болғанда ғана
байқалады.
2 Физиологиялық құбылыстардың төмендеуі.
Әлсіреудің мұңдай түрі өте жиі кездеседі.
Дәрілік заттардың мүндай әсері әртүрлі
патологиялық құбылыстарда жақсы нәтиже
береді. Көптеген физиологиялық жүйелрдің
әлсіреуі ешкандай қолайсыз әсерсіз үзақка
созылуы мүмкін.
3 Функциональдық кұбылыстардың толық
жойыла әлсіреуін функциональдық салдану
деп атайды. Дәрілік заттардың көмегімен
мидың, афференттік жүйкелердің, ішектердің
моторлы кызметін жөне басқа да
функцияларды толық жоюға болады
Дәрілік заттардың тура және жанама
әсері. Организмдегі дәрілік заттардың
әсерін тура және жанама деп бөледі. Тура
әсер дегеніміз дәрілік заттар тікелей әсер
етіп алғашқы реакцияға түсетін
ұлпалардағы болатын өзгерістер, ал
жанама әсер деп дәрілік заттар тікелей
әсер етпейтін мүшелерде болатын
өзгерістерді айтады
Дәрілік заттардың негізгі
және қосалқы әсері. Кез
келген дәрінің әсерінен
организмде көптеген
өзгерістер болады. Осы
өзгерістер белгілі бір дәрілік
заттарды жиі қолданғанда
айқынырақ байқалады. Мүндай
әсерді негізгі әсер дейді. Ал
дәрілік заттарды қолданғанда
байқалған өзгерістер айқын
білінбесе, ондай әсер қосалқы
әсер деп атайды
Дәрілік заттардың арнаулы және жалпы әсері.
Организмдегі дәрілік заттардың әсерінен болатын
өзгерістердің түрі көп болғандыктан, оларды арнаулы
және жалпы деп бөлуге тура келеді. Арнаулы әсер
дегеніміз, дәрілік заттардың белгілі мүшеге, үлпаға
немесе биохимиялық қүбылыстарға ғана әсері

Егер фармакологиялық заттар барлық мүшелер,
үлпалармен торшалардағы биохимиялық
құбылыстарды өзгертетін болса, онда мұндай әсерді
жалпы әсер деп атайды
Дәрілік заттардың жағымсыз
әсерлері

Дәрі-дәрмектермен емдеу кезінде олардың емдік
әсерімен қатар организм үшін жағымсыз әсерлері де
болады. Бірақ бұл жағымсыз әсерлерді анықтау
қиынға түседі, себебі олар ағымдағы аурудың
белгілеріне ұқсас бұзылыстарды шақыра береді.
Қазіргі заманғы ережелер дәрілерді шығару, зерттеу
және босату алдында олардың кері әсерлерінен
сақтайды, егер бұрыннан белгісіз жаңа әсерлер пайда
болса ережеге сәйкес ол туралы хабар етеді. Бірақ та
дәрілік препараттардың көптеп өндірілуіне
байланысты , дәрігер де науқас та олардың жағымсыз
әсерлері мен қолдануға болмайтын жағдай
көрсеткіштерін естеріне сақтап қала алмайды.
Сондықтан дәрі- дәрмекпен емдеу әдісі, әсіресе өзін-өзі
емдеу дұрыс жүргізілмейді. Негізінде
патофизиологиялық кері әсерлердің пайда болуының
негізгі себебі дәрігердің нұсқауы бойынша дәрілік
препараттарды қабылдау кезіндегі қателіктер болып
табылады. Мұндай қателіктер жиі кездеседі 25-50 % ,
әсіресе қарт адамдарда (қабылдайтын препараттар
санының көп болуымен байланысты). Емделу ережесі
дұрыс болған жағдайда да кез келген дәрілік зат кері
әсер береді және де бірнеше дәрілерді бірге
қабылдаған кезде олардың дәрілік өзара
байланыстарының жағымсыз әсерінен асқынулар болып
жатады. Науқас стационарда өткізген уақытында
орташа есеппен 10 түрлі дәрі қабылдайды.
Науқас жағдайы ауыр болған сайын сәйкесінше қабылдайтын
дәрілер саны көп болады және олардың кері әсерінің
қатерлік дәрежесі де өседі. Егер госпитализацияланған
науқас 6 препараттан кем препарат қабылдаса, онда теріс
әсер болу мүмкіндігі 5 % тең; ал 15 препараттан көп
болса,онда 40% тең. Ретроспективтік зерттеулердің нәтижесі
бойынша амбулаторлық науқастар үшін бұл сан 20% тең,
яғни дәрілік заттардың кері ісерлерінің көрсеткіші
жоғары.дәрілік заттардың теріс әсерлерінен уланғандарға
терапиялық және педиатриялық бөлімшедегі барлық
жағдайлардың 2-5 % тиесілі. Дәрілік асқынулар мен
госпитализацияланған науқастар арасында летальдық 2-12
% тең. Жүктілік кезінде және босану кезінде дәрілік
препараттарды қолдану ұрық және нәрестенің өліміне алып
келуі мүмкін.
Кері әсерлердің 2 типін анықтауға болады:

I типтегілер (жиі болатындар) – бұл
препараттарға деген көтеріңкі
реакция.
Ал II типке дәрілік препараттың негізгі
фармакологиялық әсеріне қатысты
емес кері әсерлер жатады. Олар
күтпеген жағдайдан пайда болады
және ауыр түрде өтеді. Кейде олардың
механизмдері белгісіз болып қалады.
Кері әсерлердің негізгі себептерінің
бірі – рецепторлар аймағында
препарат концентрациясының өте
жоғары болуы. Бұл
фармакокинетикалық қасиеттермен
сипатталады
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Б.Д Айтжанов, Ә.М Өтенов, М.А
Молдағұлов-Оқулық. Алматы,2006
2. Өтенов Ә.М. «Мал дәрігерлік
фармакологиясы пәнінен
лабораториялық- жаттығу сабақтарын
оқытуға арналған» Методикалық
нұсқаулар А. 1991
Назарларыңызға рахмет!!!

Орындаған: Қилашев Е.
Тексерген: Жайлаубаев
Тобы:ВМ-305

Ұқсас жұмыстар
Дәрілік заттардың фармодинамикасы
Дәрілік заттардың организмнен шығу жолдары
Фармакодинамика және фармакокинетика
ҚАБЫНУҒА ҚАРСЫ ДӘРІЛІК ЗАТТАР
Қауіп тудыратын дәрілік заттар. Фармакотерапиядағы дәлелді медицинаның рөлі
Дәрілік тәуелділік шақыратын заттар
ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
Сезімтал жүйке ұштарының тітіркендіретін заттардың сипаттамасы
Дәрілік заттардың әсер ету түрлері
Дәрілік заттардың ұрыққа әсері
Пәндер