Қанды зерттеу. Иммунофлюресценциялық әдіс


Slide 1

Қанды зерттеу. Иммунофлюресценциялық әдіс. Иммунды ферментті талдау әдісі.

Slide 2

Гематологиялық зерттеулерді жүргізуге аса зейін салатын себебі, қанның мал организміндегі барлық физиологиялық қызметтерді атқару болып табылады. Қан торшалары мен ұлпаларды қоректік заттармен, оттегімен қамтамасыз етеді және олардан бөлінген қалдықтармен көмірқышқылын бөліп шығарып отырады.

Slide 3

Қазіргі кезде клиникалық түсініктеме негізіне организм жүйелерінің бірлігі гемотологиялық зерттеулерді медициналық тәжірбиедегідей мал дәрігерлік тәжірбиедеде ауруды клиникалық зерттеудің бір тұтас бөлігі ретінде қалыптасты. Мұнан шығары организмдегі болып жатқан ішкі құбылыстарды тереңірек түсіну мақсатында, әртүрлі ауру кезінде гематологиялық зерттеулерді кең түрде жүргізілуді ұсынылады.

Slide 4

Клиникалық тәжірибеде қолданылатын иммунологиялық әдістер әртүрлі болып келеді. Ол арқылы малдың иммундық статусын, организмнің иммунологиялық компотенттілігін анықтауға болады. Зертханалық жағдайда Т- және В-торшалардың, нейтрофилдердің функционалдық белсенділіктерін анықтауға болады. Сондай-ақ, иммундық дисфункциядағы рөлін білу үшін қан сары суындағы комплемент компоненттерін анықтайды. Бұл әдістердің көпшілігі тек ғылыми лабораториялық жағдайда зерттелетіндіктен тәжірибелік мамандарға қиыншылықтар тудырады. Соған қарамай, кейбір әдістерді малдың иммунодефициттік жағдайын білу үшін кеңінен қолдануға болады.

Slide 5

Т-торшалық дефицитті анықтау.

Ол үшін зертханалық жағдайда төмендегідей тестілерді қолданады:

• лейкоциттердің санын дифференциалды түрде анықтау;

• жәй типті жоғарғы сезімталдық реакциясы - тері сынағы;

• лимфоциттердің қой эритроциттерімен розетка түзуі;

• лимфоциттердің бласттрансформация реакциясы.

Slide 6

В-торшалық дефицитті анықтау

Қандағы функциоалды белсенді В-торшалардың санын анықтау үшін төмендегідей әдістер қолданылады:

• әдіс;

• комплементарлық розетка түзу әдісі;

• гемолитикалық қатпарлы табақша түзу әдісі;

• радиалдық иммунодиффузия әдісі;

• ракетті иммноэлектрофорез әдісі;

• турбидиметрикалық сынақ әдісі;

• латекс-агглютинация, иммуноферменттік және радиоиммундық әдістер.

Slide 7

әдісі

бұл реакция препараттардағы антиген- антидене кешенін анықтау үшін люминесценциялық феноменін қолдануға негізделген. ИФР әдісі қолдануға қолайлы, қарапайым, дегенмен анықтау қасиеті өте жоғары болып есептеледі. Осы тәсілді вирусологияға ең лғаш рет 1942 жылы Кунс енгізді.

Slide 8

ИФР тура әдісі

Патматериалдан препарат дайындап, оған коньюгат құяды. Коньюгат дегеніміз флуоресценттік қан сарысуы. Зерттелген материалда антиген болса, оған коньюгаттағы антидене тән болса, онда антиген- антидене кешені пайда болады. Сол кешен люминесценттік микроскоппен қарағана жарқыраған сәуле болып көрінеді.

Slide 9

ИФР жанама әдісі

вирус антигенінің түрін белгілейді. Ол үшін зерттелетін препаратқа бояу қосылмаған арнамалы қан сарысуын құяды. Ал бояуды мадың түріне қарсы алынған қан сарысуына қосады. Сөйтіп, осы флуоресцентті қансарысуын зерттелетін препаратқа қосады.

Slide 10 Slide 11

Иммунды ферментті талдау әдісі

соңғы жылдары көп қолданыста жүрген өте сезімтал талдау. Ол қажетті иммуноглобулиндер класына қарсы моноклонды антиденелерді, нәруыздарды тұрақты адсорбциялайтын, пластиктен жасалған арнайы планшеттің лункаларында сорбциялауымен негізделген. Егер де нәруыздармен қаныққани болса, онда кейінгі адсорбция болмайды. Адсорбцияланбаған антиденелерді кетіру үшін лункаларды жуғанна кейін, оған зерттелінетін сарысуын құйып, инкубациялайды. Одан соң сарысуының байланыспаған нәруыздарынан лункаларды жуады және пероксилаза ферментімен конъюгацияланган адам имуноглобулиндерінің қажет класына қарсы сарысуды енгізеді.

Slide 12

Жуып және лункаға сутегінің асқын тотығын және қосылыстары бар субстраттарды қосқаннан кейін, ол тотығу нәтижесінде боялған туындыларын береді, тек белгіленген ферментпен сарысудың байланысқан лункаларда ган бояулар анықталады. Спектрофотометр арқылы барлық лункаларда сарысудағы берілген иммуноглобулин кластарының концентрациясына тура пропорционал болатын оптикалық тығыздықты бағалайды.

Slide 13

Алдағы мақсат - олардың өндіріске жарамды топтарын таңдап алу және аминқышқылдарын өндіруді жолға қою. Малдың қалыпты жағдайдағы және патологиядағы иммундық статусына баға беретін әдістер тәжірибеде кеңінен енгізілмеген. Бұл жағдай малдың иммунодефицитін анықтау үшін иммунологиялық зерттеудің деңгейін жетілдіріп, жаңа әдістерді кеңінен қолдануды талап етеді. Қорыта келгенде, қанды зерттеу күнделікті клиникалық тәжірибеге кең түрде ене отырып мал дәрігерінің ауру малды жан жақты зерттеуінің маңызды бөлігі болып табылады.

Slide 14

Қанды зерттеудің клиникалық маңызы зор, себебі кейбір жасырын жүріп жатқан патологиялық құбылыстардың бастапқы кезеңдерін байқауға, ауру малда пайда болатын әртүрлі асқынуларды және таңдап алынған емнің тиімділігін бағалауды анықтауға көмегін тигізеді.

Slide 15

Пайдаланылған әдебиеттер

Булатов М. И., Калинкин И. П. Практическое рукаводство по фотометрическим методам анализа. Химия-1986-9-432

Г. Ж. Уәлиханова. Өсімдік биотехнологиясы // ЖШС «Дәуір». 2009 . Б. 336 .

Кенесарина Н. А. Өсімдіктер физиологиясы және биохимия негіздері // Ақмола: Аграрлық университеті, 2005. Б. 68 .

Тыныбеков Б. М. Дәрілік өсімдіктер: оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті, 2009.

Slide 16

Назарларыңызға рахмет!!!

Орындаған: Қилашев. Е

Тобы ВМ-305

Тексерген:Зейнетдинова Д. Б


Ұқсас жұмыстар
Қанды зерттеу әдістері
Буаз малдың жағдайын бақылау
Лептоспирозды диагностикалау
Артериялық қысым - артерияда қан тудыратын қысым
ТЫНЫС ЖОЛДАРЫ АУРУЛАРЫНЫҢ МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫ. ІРІҢДІ-ҚАБЫНУ ЖӘНЕ ЖАРАҚАТ ИНФЕКЦИЯЛАРЫНЫҢ ҚОЗДЫРҒЫШТАРЫ. БАКТЕРИЕМИЯ. СЕПСИС. БАКТЕРИЕМИЯ. СЕПСИС
Актиномикоз қоздырғышы
Хирургиялық инструменттер
Шартты рефлекстің тежелуі
Зертханалық зерттеулерге зәрді алу
Ферменттік қасиеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz