Қызба (лихорадка – латынша febris)


Slide 1

Қызба

Slide 2

Қызба (лихорадка - латынша febris)

- инфекциялық факторларға және өз тканьдегі ыдыраған тканьдерге жануар организмінің қорғану-бейімделу реакциясы. Мұндайда дене температурасы бірден көтеріледі. Бұл әр түрлі ауруда, әсіресе инфекциялық ауруларға шалдыққанда өте жиі байқалатын белгі.

Slide 3

Қызба этиологиясы инфекциялық (экзогендік) және инфекциялық емес (эндогендік) деп бөлінеді.

Инфекциялық қызба мал организміне бактериялар мен вирустардың енуіне байланысты пайда болады. Қызбаның пайда болуының тікелей себебі - пирогендік (ыстық жеткізуші) заттардан. Олар бактерияларда болады немесе организмдегі клеткалар мен тканьдердегі биологиялық, механикалық, физикалық, химиялық және сыртқы ортаның басқа да факторлары әсер етіп, зақымдағанда бөлінеді. Эндогендік пирогендер құрылымы жағынан полисахаридтер немесе липополисахаридтер болып саналады, әрі бактериалдық клеткалардың эндотоксиндеріне (ішкі уларына) жатады.

Slide 4

Инфекциялық емес қызба мал өздігінен жарақаттанғанда, іш құрылысына қан құйылғанда, жүрек бұлшық еті (миокард), өкпе, басқа да органдар инфарктқа шалдыққанда, некротикалық процестер, ісіну пайда болғанда, операция жасағаннан кейін тканьдердің асептикалық (микроб жұқпай) зақымдануынан болады. Инфекциялық емес қызбаға белоктік, тұздық, фармакологиялық заттар әсері, нейрогендік және гормоналдық қызбалар жатады.

Slide 5

Қызба патогенезі

Қызба патогенезінде ең алдымен жылу балансын - жылу шығаруды және жылу бөлуді реттейтін орталық нерв жүйесінің функциясы бұзылады. Қызба гипоталамусты, жылуды реттейтін аймақ орналасқан артқы үшінші сұр төмпешікті тікелей тітіркендіруден пайда болады. Қызба патогенезіне ми қыртысының да елеулі ықпалы бар. Қызба патогенезіне ішкі секреция бездері де қатысады.

Slide 6

Қызба сатылары

Даму барысында үш сатыдан өтеді:

1) Температураның көтерілу сатысы 2) Температураның жоғары деңгейде сақталу сатысы

3) Температураның төмендеу сатысы

Осы үш сатыда жылудың пайда болуы мен бөлінуі аралығындағы өзара қатынас, сондай-ақ әр түрлі зат алмасу, диурез (несеп бөлу) т. б. бұзылады.

Slide 7

Бірінші әдетте қысқа уақытқа созылатын сатыда дене теммпературасы тез немесе бірте-берте көтеріледі. Дене температурасының көтерілетін себебі: тері тамырларының тарылуы салдарынан жылу бөліну артып, ал жылу шығару кемиді. Осыдан барып жылу бөліну мен жылу шығарудың арасында қарама-қайшылық туып, бұлшық ет діріліне ұласады - дене суықты сезініп қалтырайды, терісі бозарады.

Slide 8

Екінші сатыда, жылу бөліну мен жылу шығару қатынасы белгілі бір деңгейде сақталады. Мұндайда дені сау малдарға қарағанда жылу бөліну мен жылу шығару аралығындағы баланс едәуір жоғары деңгейде болады.

Slide 9

Үшінші сатыда - температура төмендегенде жылу шығару күшейіп, ол жылу бөлінуден асып түседі де, қалыпты жағдайдан едәуір жоғары болады. Жылу шығарудың күшеюі тердің көп бөлінуінен және шеткі тамырлардың едәуір ұлғаюынан да пайцда болады. Содан кейін жылу бөлу мен жылу шығару, сондай-ақ дене температурасы калыпты күйіне келеді. Температураның түсуі не өте тез (кризис), не баяу, бірте-бірте (лизис) өтеді.

Slide 10

Температураның көтерілу дәрежесіне қарай қызбаның мынадай түрлері болады:

Субфебрильді - дене температурасының 1°С көтерілуі; баяу өтетін созылмалы бактериалдық инфекцияларда байқалады;

Біркелкі - дене температурасы 1, 5-2°С көтеріледі; жіті өтетін инфекцияларда байқалады;

Жоғары - дене температурасы 2-2, 5°С көтеріледі; жіті өтетін инфекцияларда байқалады;

Шектен тыс, немесе гиперпирексиялы - дене температурасы 2, 5°С астам көтеріледі. Сепсисте (жұқпалы микробтың денеге жайылуы), дереу басталатын аллергиялық реакцияларда, асқынған созылмалы инфекциялық ауруларда байқалуы мүмкін.

Slide 11

Температура қисығының (қисық сызығының) сипатына қарай қызбаның мынадай негізгі типтері болады.

Тұрақты типтегі қызбада (febris continua) тәуліктік температураның ауытқуы бір градустан аспайды. Крупозды пневмонияда, қылауда және басқа да инфекциялық ауруларда кездеседі.

Босаңсу (аурудың қайту) типіндегі қызбада (febris remitens) ертеңгі және кешкі температураның айырмашылығы 1-2°С шамасында болады. Бұған іш сүзегінің екінші жартысында (адамда), сепсисте және катаральды пневмонияда байқалатын температура қисығы (қисық сызығы) жатады.

Slide 12

Ұстамалы типтегі қызбада (febris intermittens) қысқа уақыттық қызба талмасы (пароксизмдер) қызбасыз кезеңдермен (апирексия) біркелкі алмасып отырады. Жоғары температура бірнеше сағаттай сақталып, содан кейін нормаға дейін төмендеп, қайтадан көтеріледі. Температуралық қисық сызықтағы мұндай тип безгекте, туберкулезде, бауыр ауруларында, сепсис ауруларында байқалады. Ауыл шаруашылық малдарында қан паразиті ауруларында кездеседі.

Жүдету (қажыту) типіндегі қызбада (febris hectica) тәулік бойы дене температурасы 3-5°С аралығында өзгеріп тұруы мүмкін. Туберкулездің жіті формасында, сепсисте кездеседі.

Қайталама типтегі қызба (febris reccurens) ұстамалы типке қарағанда, қалыпты температура аралығында дене температурасының ұзаұ уақыт көтерілуімен сипатталады. Бұл әсіресе қайталама сүзекке тән.

Slide 13 Slide 14

Бұрмалама қызбада (febris inversus) - таңертен температура көтеріліп, кешке жақын бәсеңдейді. Сепсистік процессте, туберкулезде байқалады.

Нормадан ауытқу типіндегі қызба (febris athypica) әркелкі ауытқуымен сипатталады. Сепсисте байқалады.

Қысқа мерзімдік қызба (febris ephemeria) эмоциялық шошынуда, вакцина, сыворатка, рұқсат етілген cаллерген құйғанда байқалады. Мұндайда температура бірнеше сағаттан 2 тәулікке дейін көтеріледі.

Slide 15

Орталық нерв жүйесі тұсында бұзылу байқалып, жылу реттеуі ауытқиды. Дене қызуының шамадан тыс көтерілуі орталық нерв жүйесін қоздыруы және кейіннен тежеуі мүмкін. Вегетативтік нерв жүйесі жағындағы симпатикалық бөлімінің функциясы едәуір қозады.

Қызба кезінде симпатикалық нерв жүйесі қозғандықтан жүрек ырғағы жиілейді. Жүрек қызметінің күшеюі және вазомоторлық орталықтың қозуы әсерінен қан қысымы біршама көтеріледі.

Slide 16

Қызба кезінде тыныс алуы жиілейді. Тыныс алудың жиілеуі тамыр соғудың жиілуімен және дене температурасының көтерілуімен қатар жүреді. Тыныс алу тамыр жүйесі мен тер безі функциясымен қоса жылуды физикалық реттеуге қатысады. Сондықтан қызба кезінде тыныс алудың өзгеруі - жылуды физикалық реттеуге бейімдеудің бір түрі болып саналады. Қызба кезінде лейкоцитарлық формула өзгереді. Қызбаның бірінші және екінші сатыларында қандағы лейкоциттер, көбінесе нейтрофилдер мен эозинофильдер азаяды. Лейкоциттер саны ірі қарада, уақ малдарда, шошқада бастапқы санынан 60-70 процентке дейін, жылқыда - 35 процентке дейін кемуі мүмкін.

Slide 17

Ас қорыту аппаратының функциясы өзгереді: ас қорыту безінің және өт секрециясының секрет бөлуі кемиді, ауыз бен тіл кілегей қабығы кеберсиді, қарын қақпақшасының түйілуі байқалып, ішектің жиырылып-созылуы бұзылады. Іші қатып, шіру процесі күшейеді, ішіне газ жиналып кебеді. Ас қорытуы төмендегендіктен және азықтың сіңуі нашарлығандықтан малдың тәбеті болмайды, қоректік заттарды сіңіруі кеміп, улану байқалады.

Slide 18

Қызба кезінде зат алмасудың бұзылуына әр түрлі факторлар себепші болады:


Ұқсас жұмыстар
Қызба патогенезі және қызба сатылары
Инфекциялық қызба
Қызба
Малдың кілегейлі қабықтарын, лимфа бездерін зерттеу және дене қызуын өлшеу
Жылу алмасуды реттеу, қызба
Қызба және оның сатылары
Симптомдар Энтеровирустық менингит Паротитті менингит Туберкулездік менингит
Қызбаның сатылары
Бұдан басқа септеудің аралас
Жылу реттеу патологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz