ТҰТҚЫР ЗАТТАР СИПАТТАМАСЫ.ЖҰМСАРТҚЫШ ЗАТТАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ.ШЫРЫШТЫ ЗАТТАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Презентация қосу
ТҰТҚЫР ЗАТТАР
СИПАТТАМАСЫ.ЖҰМСАРТҚЫШ
ЗАТТАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ.ШЫРЫШТЫ
ЗАТТАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ.
АДСОРБЦИЯЛАҒЫШ ЗАТТАРДЫҢ
СИПАТТАМАСЫ.
МАЛДӘРІГЕРЛІК ТӘЖІРИБЕДЕ
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТҰТҚЫРЛАҒЫШ
ЗАТТАРДЫ ЕКІ ТОПҚА БӨЛЕДІ:
• Органикалық тұтқырлағыш дәрілік
заттар (өсімдіктерден алынады);
• Органикалық емес тұтқырлағыш
дәрілік заттар (металл препараттары
• 1.Сезімталдық пен өткізгіштікті күрт әлсірететін, торшалардың бетінде соған
ұқсас қорғаныш қабықша түзетін заттарды тұтқыр заттар депатайды. Тұтқыр
заттардың әсер етуінің негізінде дәрілік заттардың белоктық қосылыстарымен
өзара әсерінің реакциясы жатыр, соның салдарынан берік байланыс қасиеті бар
және көлемі азаятын, қиын еріп, қиын сіңетін қосылыстар түзеді. Шағын
концентрацияларда тұтқыр заттарды торшалар бойына сіңірмейді. Ал
альбуминдердің процесі кезінде кілегей қабықта және торшааралық кеңістікте
болады.
• Әсер ету механизмі: жүйке ұштарының сезімталдығын әлсіретіп, қан
тамырларын тарылтады, тітіркенудің барлық түрлері төмендейді, қан
тамырларының функциялары, метаболизм процестері жақсарады, қан айналым
қалпына келеді. Егер тұтқыр заттардың дозасы әлсіз дәрежеде болса сау малдың ас
қорыту жүйесіне жағымды әсері болады.
• Тұтқыр заттарға: танин, танальбин, танноформ, еменнің қабығы, емен
жаңғағының дәні, жалбыз жапырағы, қара жидек, жыланшөптің тамырсабағы
жатады.
• 2.Жұмсартқыш дәрі – дәрмектер Emollientia қабынған
ұлпалардың кенулігін төмендететін, оларды сыртқы
тітіркендіргіштерден қорғау үшін қолданылатын майлар және
май тәрізді заттар.Оларды неғұрлым теріні жұмсарту, ал
ойық жараға айналғанда, күйікте және жарақаттануда
сыртқы ортаның жағымсыз әсерінен сақтандыру және жазылу
процесінжеделдету үшін теріге жағады.
• Жұмсартқыш заттарды сүртпе май, паста, линименттер
үшін негіз ретінде қолданады. Негіз ретінде оларды тек терінің
бетіне әсер ету үшін ғана емес, сонымен бірге кейде дәрілік
заттардың сіңіп терең қабатқа енуі үшін де пайдаланады.
Жұмсартқыш заттар мал, өсімдік және минералдық
заттардан алынуы мүмкін.
3.Шырышты заттар суда бөртеді, гомогенді қоймалжың
сүйықтық түзеді, салқындатқанда сілікпе түрінде тоңазиды.бұл
сұйықтың тұтқырлық қасиеті жоғары, олардың ортасында
химиялық процестер өте баяу өтеді, диффузия мен сіңу процесі
баяулайды, сұйықтың өзі тұтқыр әсер етеді.
• Шырышқты заттар жылуды нашар өткізеді, мұны қабыну
құбылыстарын емдеуде пайдаланады.
• Фармацияда шырышты заттарды пилюля, болюс және ботқа
дайындау кезінде форма түзгіш зат ретінде, галендік
препараттар технологиясының басқа да жағдайларында
пайдаланылады.
• Шырышты заттарға: крахмал, зығыр дәні, жалбызтікен
тамыры,желатин, қара сора жемісі жатады.
• Заттардың, әлдебір сорып алғыш дененің ең бетінде қоюланып
тұрақталып қалуы адсорбция деп аталады.
• Газдар, сұйықтар және тіпті қатта денелер адсорбцияға
ұшырайды. Кеуекті сіңіргіштердің көбісі көбінесе өзінің үлкен
бетінде адсорбент ретінде әрекет етеді. Кг салмаққа шаққанда
сіңіргіштің бетіндегі аумақ неғұрлым көп болса, оның сіңіргіштік
күші соғұрлым көп болады. Тек үстіңгі беттегі энергияны
бәсеңдететін заттар ғана сіңіре алады. Оны арттыратын
заттар сіңірілмейді.
• Адсорбцияға: белсендірілген көмір, ақ саз, ағаш көмірінің ұнтағы
қолданылады.
ТҰТҚЫР ДӘРІЛІК ЗАТТАР
• Танальбин – Tannalbinum. Таниннің белок
альбуминмен қосылысы. Құрамында 50 % танин
бар. Суда, спиртте ерімейтін, қошқыл түсті
амофты ұнтақ. Ауыз қуысының және асқазанның
кілегей қабықтарына әсер етпейді, әсері тек
ішектерде ғана байқалады. Ондағы сілтілік
ортада препарат ыдырайды да, одан танин
бөлінеді. Ол тұтқырлағыш, қабынуға қарсы және
қанның ағуын тоқтататын әсер етеді.
• Ішектердің жіті қабынуларында, оларда қан ағуы
• Еменнің қабығы – Cortex Quercus. Әртүрлі емендердің
жас бұтақтарынан ерте жазғытұрым жинап
алынған қабықтары. Құрамында10 % кіріктіргіш
зат, пектиндер, флавин қосылыстары, қант және
т.б. заттар бар. Осы заттар оның тұтқырлағыш,
қабынуға қарсы және қанның ағуын тоқтататын
әсерлерін тудырады. 1:10 мөлшеріндегі қайнатпасы
ауыз қуысының қабынуында, фарингитте, асқазан
мен ішектер қабынғанда және оларда қан ағу
байқалғанда қолданылады. Күйікке қарсы 1:5 тұнбасы
пайдаланылады.
• Ксероформ – Xeroformium. Құрамында 50-55 % висмут
тотығы бар, сарғыш түсті, өзіне тән иісі бар, ұсақ аморфты
ұнтақ. Суда, спиртте, эфирде ерімейді.
• Тұтқырлағыш, кептіргіш, антисептикалық дәрілік зат ретінде
май және ұнтақ түрінде қолданады.
• Дерматол – Dermatolum. Құрамында 55 % висмут тотығы бар,
сарғыш түсті, иіс-дәмі жоқ аморфты ұнтақ. Суда, спиртте
ерімейді, сілтілік ортада ериді. Тұтқырлағыш, кептіргіш,
антисептикалық дәрілік зат ретінде тері мен кілегей
қабықтардың ауруларында майлы ертіндісі мен ұнтағын себу,
жағу арқылы қолданады.
ЖҰМСАРТҚЫШ ДӘРІЛІК ЗАТТАР
• Мал өнімдерінен дайындалатын майлар. Шошқалардың
тазаланған майы. Бұл шошқалардың ішкі ағзаларының майы.
Суда ерімейді, спиртте нашар ериді. Эфирде, майларда,
хлороформда жақсы ериді. Дәрілік заттармен жақсы
араласады. Қараңғы, құрғақ, салқын жерде сақтайды.
Малдың терісі арқылы жақсы сіңеді.
• Тазаланған ланолин. Қойлардың жүнін жуған судан бөлініп
алынатын май тәрізді зат. Суда ерімейді, эфир мен
хлороформда жақсы ериді. Тұрақты, жылдар бойы сақтауға
болады. Сусыз ланолин өзінің май тәрізді консистенциясын
өзгертпей суды бойына сіңіретін қасиеті бар.
• Өсімдіктердің майы және май тәрізді заттар.
Глицерин. Үш атомды спирт. Түссіз, мөлдір, сироп
тәрізді,тәттілеу дәмі бар сұйық. Сумен, спиртпен
жақсы араласады; маймен араласпайды. Кілегей
қабықтар арқылы жақсы сіңеді. Теріні, кілегей
қабықтарды жақсы жұмсартады. Әсіресе сумен,
спиртпен, ланолинмен немесе вазелинмен қосып
қолданған жақсы нәтиже береді. Тік ішекті тазалау
үшін қолдануға болады. Бактериостатикалық
әсерінің негізінде оны патанатомиялық
препараттардың консервациясында пайдаланады.
ШЫРЫШТЫ ДӘРІЛІК ЗАТТАР
• Қатты парафин. Мұнай және сланц майларының өндірістік қалдықтары. Суда, спиртте
ерімейтін; эфир, хлороформда жақсы еритін қатты ақ түсті кристалл.
Препараттың жылу сиымдылығы жоғары, жылу өткізгіштігі төмен. Тіндерді күйдірмейді.
Ұзақ уақыт, терең жылу береді. Нерв, бұлшық ет, буын ауруларын емдеу үшін қолданады.
Оны майларды, пасталарды, балауызды, таяқшаларды дайындағанда оларға тығыздау
пішін беру үшін де қолданады.
• Озокерит. Қара-қошқыл түсті, майлы, керосин иісі бар, балауыз тәрізді масса. Мұнай
қалдықтарынан алынады. Құрамында парафин, минералды майлар, қара май бар. Әсері
парафиннің әсеріндей. Жылулықты сақтайды, капиллярлардың өзегін кеңейтеді, қан
айналысы жақсарады, қабыну реакциясы әлсірейді. Рефлекс арқылы орталық нерв
жүйесінің қозуын бәсеңдетеді, қабынуға қарсы, антисептикалық және спазмаға қарсы
әсер етеді. Қолданар алдында су ваннасында қыздырады, залалсыздандырады.
СІҢІРГІШ ДӘРІЛІК ЗАТТАР – АДСОРБЕНТТЕР
• Адсорбенттер суда ерімейтін, тіндерді тітіркендірмейтін, сіңіру беті үлкен,
ұсақталған бейтарап заттар. Неғұрлым сіңіру беті үлкен болса, солғұрлым сіңіру
күші жоғары. Малдәрігерлік тәжірибеде газдарды, улы заттарды сіңіру үшін;
экзема, ойық жараларды емдеу үшін қолданады. Сіңетін заттардың
адсорбенттермен байланыстары тұрақты болмағандықтан, оларды тездетіп
организмнен шығару мүмкіндіктерін ойластырған жөн.
• Тальк – Talcum. Теріге оңай жабысатын, ақ түсті ұнтақ. Бездердің секреттерін
сіңіру арқылы теріні кептіреді, оны механикалық тітіркендіргіштердің әсерінен
қорғайды. Жеке өзін, немесе басқа дәрілік заттармен қосып ылғалды экземада, ойық
жараларда қолданады. Ұнтақтар мен дустарды дайындағанда толықтырғыш зат
ретінде пайдаланылады.
• Белсендендірілген көмір – Carbo activatuens. Мал өнімдері мен
өсімдіктерден алынып, арнайы өңделген, үлкен сіңіру беті бар көмір.
Иіссіз, дәмсіз, ертінділерде ерімейтін қара түсті зат. Малдәрігерлік
тәжірибеде малдың іші кепкенде, өткенде, уланғанда, асқазан сөлі көп
бөлінгенде қолданылады. Әсіресе малдар алкалоидтармен, металл
тұздарымен, гликозидтермен уланғанда әсері жақсы.
• Ақ балшық (каолин) – Bolus alba. Негізінен алюминий силикатынан
тұратын, майлы, ақ түсті ұнтақ. Суда, басқа да еріткіштерде
ерімейді. Адсорбент ретінде іштей және сырттай қолданады. Ішке газ
бен сұйықтарды сіңіру үшін; май, паста ретінде тері ауруларында;
негіз ретінде пилюла, таблеткаларды дайындауда пайдаланылады.
Препаратты құрғатқыш шкафта залалсыздандырып барып қолданады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
• 1. Б.Д. Айтжанов, Ә.М. Өтенов, М.А. Молда ғұлов, Н.А.
Заманбеков, Е.М.Қорабаев, Н.К.К өбдікова, М.С.
Тілепбергенов, А.А. Байниязов, А.Оспан құлов -
Фармакология ( оқулық) – Алматы, 2006 –ҚазҰаУ.
«Агроуниверситет».
• 2. К.Н. Қожанов – Фармакология (оқулық).- Алматы,
2007.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
Текерген:Тойкина Г.Н.
Орындаған:Қилашев Е.Ж.
Тобы: ВМ-305
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz