Микробқа қарсы дәрі дәрмектер. Антисептиктер мен дезинфекция


Slide 1

Д. Қалматаев атындағы Семей мемлекеттік медициналық колледжі.

«Бекітемін» Директордың

оқу ісі жөніндегі орынбасары:

Нүргалиева Г. Т.

«» «» 2015ж.

Оқу әдістемелік кешені

Пән аты: «Фармакология негіздері»

Мамандығы: 0301000 - «Емдеу ісі»

Біліктілігі: 0301213 - «Фельдшер»

Тақырыбы: Микробқа қарсы дәрі дәрмектер. Антисептиктер мен дезинфекция

III курс 5 семестр

Пән оқытушысы : Жақсылыкова З. Ж.

«Арнайы клиникалық пәндер»

Бірлестік отырысында қаралды.

Хатамма № «» «»

Бірлестік төрағасы

Ахметова Г. С.

Slide 2

Микроорганизмдерге әсер ететін дәрі-дәрмектер

Slide 3

Микроорганизмдер - тек қана микроскоппен көруге болатын өте ұсақ организмдер. Бұларды алғаш рет 17 ғасырда голланд ғалымы А. В. Левенгук ашқан. Микроорганизмдер арасында прокариоттар және эукариоттар тобына жататындары бар.

Slide 4

Бактеристатикалық әсер дегеніміз - микроорганизмдердің өсіп өнуін тоқтатуын айтады.

Бактериоцидтік (bakteria - таяқша, codeo - өлтіру) әсер дегеніміз - микроорганизмдердің тіршілігін жоюды айтамыз.

Типтік әсерлеріне қарай екіге бөлінеді:

Slide 5

Антисептикалық және дезинфекциялық заттар

Жергілікті қолдануға арналған заттар, олар қабыну ошағында антибактериалды препараттардың жоғарғы концентрациясын қамтамасыз етеді.

Осы заттар инфекцияланған:

жараларда кілегей қабықша бетін емдеуде

су мен тағамды өңдеуде

медициналық құралдарды

төсек орынды

науқас бөліністерін залалсыздандыру үшін қолданылады.

Slide 6

АнтисептиктердіҢ қолдану ережесі:

Жергілікті қолдану:

жара мен күйікті емдеу кезінде антисептикалық препараттары бар байлауларды қолдану

ерітінді түрде(тану кезінде жараны жуу үшін) мазь және ұнтақ түрінде қолдану.

жараға және қуысты мүшелерге антибактериалды препараттар ерітіндісін еңгізу.

асперация арқылы дринаждау үшін.

Жалпы көрсеткіштері: Ішекке операцияға дайындау кезінде науқастың микрофлорасына әсер ететін және одан кейіңгі толық ағзаға әсер ететін антибактериалды таблеткаларды ішке қабылдау. Кейбір препараттарды мысалы: фуразедин, гипохлорид натрийді көк тамырға еңгізеді.

Slide 7

Жіктелінуі:

Детергенттар: Цирегель

Нитрофуран туындысы: Фурацелин.

Фенол және оның туындылары: Фенол, Резоцин, Қайыңнын қара майы, Ихтиол, Бальзамдық линимент.

Бояғыштар: Бриллиант жасылы, Метилен көгі, Лактат этакридине.

Гологен туындылары: Хлоргексидин, Хлорамин Б, Люмакс-хлор, Моналазон динатрий, Йодты спирт ерітіндісі. Йодовидон, йодинол, люголь ерітіндісі.

Тотықтар тобы: Сутегі асқын тотығы, Калий перманганаты.

Ауыр металды тұзды препараттар: Дихлорид қорғасыны, Нитрат күмісі, Сары тотық қорғасыны, Амидохлорид, Мыс пен цинк препараттары, Натрий гидроксиді

Альдегидтер және спирттер: Формальдегид-формалин, Этил спирті, Гексаметилентетрамин, Формагель.

Қышқылдық және негіздік топтар: Бор қышқылы, Аммиак ерітіндісі.

Slide 8

Детергенттар:

Церигель - антисептикалық және дезинфекциялық қасиетін көрсетеді.

Қолданылады:

операция мен медициналық манипуляциялар алдында қолды зарарсыздандыру үшін;

бактериалды дәрі-дәрмектер мен қан алмастырушы сұйықтарды шығару үшін;

стационарларда қанды массалық түрде жинау үшін.

Қолдың құрғақ терісіне 3-4 мл дәрі-дәрмекті жағады, одан кейін 8-10 секунд ішінде алақан мен қолдың сыртқы жағын, саусақ аралық кеңістіктерді және білектің төмен бөлігін ысқылайды, кепкеннен кейін 2-3 минуттан кейін қол терісінде қабықша пайда болады, бұл қабықшаны операциядан кейін этил спиртімен сүртеді.

Slide 9

Нитрофуран туындылары:

Фурацилин (Nitrofural) Антибактериалды зат, грам оң және грам теріс микроорганизмдерге стафилакок, стрептакок, дезинтерия қоздырғышы, паратит қоздырғышынан ішек таяқшасына, газды гангренаға және т. б. қарсы белсенді.

Ішкі дезинтерия кезінде қолданады:

сыртқа әр түрлі іріңді қабынулы процесстерді;

жаралық инфекцияларды (іріңді жаралар) ;

инфекциялық күйіктерді;

фурацелиннің сулы ерітіндісін мұрынның қосымша қойнауларын;

плевра қуысын (одан іріңді шығарғаннан кейін) ;

сүйек қуыстарын (остемалитқа қарсы операциядан кейін және т. б. ) шаю үшін;

фурацелиннің сулы ерітіндісін коньюктивит кезінде көзге тамызу үшін;

спиртті ерітіндісін созылмалы іріңді отиттер кезінде құлаққа тамызу үшін қолданады;

фурацелинді ішке көбінесе дизентерияда емдеу үшін 5-8 рет көп мөлшерде сумен ішіп қабылдайды.

Slide 10 Slide 11

Фенол және оның туындылары:

Фенол бактериялар мен саңырауқұлақтардың вегетативті түсіне әсер етеді, фенол ерітіндісін медициналық құралдарды зарарсыздандыру үшін қолданады.

Резоцин тері ауруларында(экзема, себорея, қышыну және т. б. ) қолданылады.

Қайыңнын қара майы қайынның қабығынан алынады, препарат антимикробты, инсектицидті және жергілікті тітіркендіру әсеріне ие, оны кейбір тері ауруларында(экзема, псориаза және т. б. ) қолданады. Қайыңнын қара майы Вилькинсон мазьінің, А. В. Вишневскийдің бальзамикалық линиментінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Slide 12

Ихтиол

Құрамы: 1 суппозиторийдің құрамында белсенді зат - 0, 2г ихтаммол(ихтиол) ; қосымша заттар: қатты май.

Сипаттамасы: Ихтиол иісі бар торпедо тәрізді түрдегі қара қоңырдан күңгірт қоңыр туске дейінгі суппозиторийлер.

Фармакологиялық қасиеттері: Әлсіз резорбциялық әсері бар. Қабынуға қарсы зат, жергілікті жансыздандыратын, антисептикалық әсер етеді. Шырыштарға тікелей әсер еткенде, олардың сезімталдығының төмендеуіне ауыса отырып, жүйке ұштарының әлсіз тітіркенуін туғызады. Молекулалар ақуызының денатурациясын туғызады. Шырыштың қабыну аймағына пайдалы әсер етеді: тамыр тонусын реттейді, шеткергі қан айналымын қалпына келтіреді, зат алмасуын жақсартады.

Қолданылуы: Сальпингоофоритте, эндометритте; простатитте.

Қолдану тәсілі және дозалары: Ректальді. Тазартатын клизмадан немесе ішектің өздігінен жүретін босауынан кейін күніне 1-2 рет 1 суппозиторийден.

Жағымсыз әсерлер: жергілікті аллергиялық реакциялар.

Slide 13

Rp. Supp. Cum. Ichthiоli №10 0, 02

D. S. күніне 1-2 рет 1 свечидан тік ішекке, ауру сезімінде.

Slide 14

Бальзамдық линимент (Вишневский бойынша)

Аталған препараттың авторы дәрігер-хирург Вишневский болып табылады. Қайыңнын қара майы, ксероформ және майсана майын араластырғанда, ол маңызды функциялары бар мазь түріндегі қосынды алды. Ксероформ ұнтағы антисептикалық әсер береді. Қайыңнын қара майы тіндерге қанның келуін күшейтеді. Кастор майы теріні жұмсартып басқа дәрілік заттардың тереңірек сіңуіне көмектеседі.

1 гр дәрінің құрамы: белсенді заттар: қайыңнын қара майы- 1, 2 г; ксероформ - 1, 2г; қосымша заттар: сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, майсана майы.

Сыртқа қолдануға арналған, біріктірілкен препарат.

Антисептикалық және жергілікті тітіркенгішті әсері бар, регенерациясын тездетеді. Өзіне тән иісі бар, ашық-қоңырдан жасыл туске дейінгі линимент.

Қолданылуы: тері мен жұмсақ тіндердің жарақаттан кейінгі операциядан кейінгі ұзақ уақыт жазылмайтын іріңді жараларда.

Қарсы көрсеткіштері: сезімталдық.

Қолдану тәсілі және дозалары: линиментті зақымданған жерге ысқыламастан жұқа қабат етіп күніне 2 рет жағады немесе линимент сіңірілген 5-6 қабат дәкелі таңғыш таңылады.

Slide 15

Бояғыштар:

Метилен көгі Күйікпен пиодермен кезінде антисептик ретінде сыртқа қолданады, ал несеп шығару жолдарының инфекциясы кезінде ішке қолданады.

Метилен көгі цианидтер мен көміртегі тотығымен күкірт сутегі мен улану кезінде антидот ретінде қолданады. Улану терапиясында метилен көгінің ерітіндісін көк тамырға еңгізеді.

Лактат этакридине(риванол) Микробтарға қарсы әсер етеді, негізінен стрептококтармен шақырылған инфекцияларда, лактат этикредине, дермотологиялық, офтальмологиялық, урологиялық, хирургиялық тәжірбиеде антисептик ретінде және профилактика ретінде сыртқа қолданады.

Бриллиант жасылы - трифстинитан қатарындағы миметикалық зат; оны тері ауруларымен зақымдалу негізінде сулы және спиртті ерітінділерді теріге жағады.

Slide 16

Гологен туындылары:

Хлорамин Б(Chloraminum В) - құрамында 25-29% белсенді хлор бар антисептикалық және дезинфекциялық қасиеттерге ие. Хлорамин Б ерітіндісі инфекцияланған жараларды емдеу үшін, науқастың бөліністері мен нақасты күту заттарын залалсыздандыру үшін, металл емес құралдарды зарарсыздандыру үшін қолданылады.

Хлоргексидин(CMorgexidinum) - құрамында хлоры бар бигуанит туындысы болып табылады, антибактериалды және фунгицидті әсерге ие. Операциялық аймақты және хирургтың қолдарын өңдеу үшін, хирургиялық құралдарды стерилизациялау үшін, және де гнойносептикалық процесстерді(операциялық жараларды, қуықты шаю үшін) қолданылады, препаратты хирург қолын өңдеу үшін қолданған кезде терінің құрғақтығы мен қышынуы дерматит болуы мүмкін.

Моналазон динатрий (пантоцид) - құрамында хлоры бар препарат. Негізінен суды залалсыздандыру үшін қолданады.

Slide 17 Slide 18

Люмакс-хлор

Зарарсыздандырғыш зат. Құрамында негізгі қызмет етуші зат натрий тұзы. Салмағы 1 гр таблетка түрінде шығарылады. Одна 99, 4 % натрий тұзы болады. Бұл препарат сыйымдылығы 1-2кг полимерлі қапшықтарға салынған. Препараттың жарамдылық мерзімі ашылмаған жағдайда 3 жыл, ал ашылған препараттардың жарамдылық мерзімі 2 тәуліктен көп емес. Люмакс-хлор суда жақсы ериді, оның сулы ерітіндісі мөлдір, хлор мен лимон иісі болады. Зарарсыздандыру процессінде люмакс-хлор ерітіндісіне жуғыш заттарды қосуға болады. Сулы ерітінділер өңделетін ағаш, әйнек, полимерлі материалдардың бетін бұзбайды. Сонымен қатар оны ыдыстар, ойыншықтар, науқасты күту заттарын өңдеу үшінде қолданады. Люмакс-хлор препараты грам теріс және грамм оң бактерияларға қарсы әсер етеді. Сонымен қатар вирустар мен кандидадерматафид түрінің саңырауқұлақтарына қарсы әсер етеді.

Slide 19

Йод қосылыстары:

Йод қосылыстары құрамында хлоры бар заттар сияқты микроб жасушасында ақуыздардың коагуляциясын шақырады.

Құрамында йоды бар қосылыстар тек қана антисептик ретінде қолданылады. Йодтың спиртті ерітіндісінде белсенді йод болады. Хирургиялық опарацияның алдында опарациялық аймақты өңдеу үшін және де жараның жиектерін өңдеу үшін қолданылады. Теріні өте күшті тітіркендіруі мүмкін және де терінің химиялық күйігін шақыруы мүмкін.

Rp. Sol. Iodi spirituose 5% 20 ml

D. S. сыртқа.

Slide 20

Люголь ерітіндісі калий йодиттің сулы ерітіндісіндегі йодтың ерітіндісі болып табылады. Антисептик ретінде көмей, жұтқыншақ, араңның инфекциялық зақымдануында және қабынуында кілегейлі қабықтарына жағады. Медициналық тәжірбиеде йодтың жоғары молекулалы заттары қолданылады: йодофорлар (йодинол, йодонат, йодовидон, йодопирон) . Беткей белсенді зат ретінде Поливинил спиртті поливинилпирролидон және т. б. қолданылады. Йодофорлардың йодтың спиртті ерітіндісіне қарағанда жақсы жағы олар суда ери алады да теріні тітіркендірмей және теріні боямай ұзақ уақыт әсер ете алады.

Йодинол және йодовидон мұрын жұтқыншақ пен ауыз қуысының кілегейлі қабығын өңдеу үшін қолданылады (жуу, шаю, сулау), күйіктер мен жаралардың, инфекциялануы кезінде дымқылдатып сүрту түрінде қолданылады. Йодонат және йодопирон операциялық аймақпен хирургтың қолын өңдеу үшін қолданады.

Slide 21 Slide 22

Тотықтар тобы:

Калий перманганаты микробқа қарсы және дезинфекциялайтын әсер көрсетеді. Құрамында атомарлы оттегі бар дәрі-дәрмек. Калий перманганаты, кристалды порошок, суда тез еритін, көгілдір түстегі.

Марганец тотығы тұтқырлық әсер көрсетеді және жоғары концентрацияда тітіркендіру және күйдіру әсеріне ие. Калий перманганат ерітіндісі қолды жуу үшін, ауыз қуысы мен тамақты шаю үшін, күйікті және жаралы беттерге жағу үшін,

Rp. Sol. Kalii permengаnatis 0, 01%200ml

D. S. сыртқа.

гинекологиялық және урологиялық тәжірбиеде шаю мен жуу үшін қолданылады.

Сонымен қатар калий перманганатын улану кезінде (морфин, кодеин фосформен уланған кезде) асқазанды шаю үшін.

Slide 23

Сутегі асқын тотығы 3% сутегі асқын тотығының ерітіндісі медининада антисептикалық зат ретінде қолданады. Зақымданған терімен және кілігейлі қабыққа тиген кезде сутегінің асқын тотығы каталаза ферменті әсерінен оттегі бөліп шығарады, ал бұндай жағдай қанның ұюына көмектеседі де микроорганизмдердің дамуына

қолайсыз жағдай жасайды, бірақта

бұндай әсердің уақыты

қысқа болады және әсері әлсіз болады. Соған қарамастан

сутегінің асқын тотығы жаралардың біріншілік өңдеуінде қолданады.

Slide 24

Ауыр металды тұзды препараттар:

Микробқа қарсы күші. Жергілікті әсері бойынша ауыр металлдар келесі қатармен орналасады: Hg, Ag, Cu, Zn, Bi, Pb. Медициналық тәжірбиеде қорғасын, мыс, мырыш прапараттары қолданылады. Қорғасын препараттары:

Дихлорид қорғасыны (сулема) суда жақсы ериді, микробқа қарсы және жергілікті тітіркендіру қызметіне ие. Төсек орынды, науқастың заттарын зарарсыздандыру үшін қолданылады. Адам үшін жоғары токсикалық әсерге ие. Тері мен кілегейлі қабықтар арқылы оңай өтіп ауыр улануларды шақыруы мүмкін.

Қорғасынның суда ерімейтін қосылыстары (амидохлорид қорғасыны және сары тотық қорғасыны) Жоғары препаратқа қарағанда токсикалық әсері аздау. Терінің іріңді қабынулық зақымдауында және көздің инфекциялық ауруларында қолданылады.

Slide 25

Натрий гидроксиді Natrii hydroxydum

Сілтілердің ішіндегі негізгі дезинфектант. Суда жақсы ериді, түсі ақ немесе ақ-сарғыш. Ауада көмірқышқыл газымен реакцияласып көмірқышқыл натрий түзіледі де микробтарға қарсы әсері жойылады. Қышқылдармен ауыр металл тұздарымен сыйыспайды. Күшті бактериоцидтік әсері ертіндінің температурасы жоғарылағанда күшейе түседі. 3 %-ды ертінді ретінде індетті аурулардың барлық түрлерінде де, залалсыздандыру үшін қолданады.

Slide 26

Күміс препараттары:

Нитрат күмісі (ляпис) (Argenti nethratis) аз мөлшерде микробқа қарсы әсері, аз мөлшерде (2%), көп мөлшерде (5% және одан көп) күйдіру әсеріне ие. Тері жараларында эрозия және көздің кілегейлі қабығының зақымдалуы кезінде қолданылады. Қою ерітінділері сүйелді күйдіру үшін қолданылады.

Мыс пен цинк препараттары: Мыс сульфаты (мыс купоросы және цинк сульфаты) антисептикалдық ерітінді ретінде көздің, көмейдің, несеп шығару өзегінің қабынулық процесстерінде қолданылады.

Slide 27

Альдегидтер мен спирттер:

Формальдегид ерітіндісі (Formaldehydum) (формалин фармальдегид 36, 5-37, 5%) . Күшті микробқа қарсы әсер етеді теріге жергілікті қолданған кезде формальдегид ерітіндісі қатыру эфектін көрсетеді. Осының нәтижесінде тер бездері зақымдалады, ал ол өз кезегінде терлегіштікті төмендетеді. Формальдегид ерітіндісі медициналық құралдарды, науқасты күту заттарын зарарсыздандыру үшін қолданады. Формальдегид ерітіндісі терінің жоғары терлегіштіктігі кезінде қолданылады.


Ұқсас жұмыстар
Тері ойық жарасында
ЖАНУАРЛАРДЫ ЖАСАНДЫ ҰРЫҚТАУ ПУНКТТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Микробқа қарсы препараттар
Жұқпалы аурулармен күресудің және олардан аумақты қорғаудың негізгі шарттары
Махаматиллаева Умида
Дәрімен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесі
Технология лекарственных форм
Антисептика. Жараға түскен инфекцияға қарсы бағытталған шаралар кешені
Компания тарихы
Антисептика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz