Сезімтал жүйке ұштарының тітіркендіретін заттардың сипаттамасы




Презентация қосу
Сезімтал жүйке
ұштарының
тітіркендіретін
заттардың сипаттамасы
Жоспар
1.Тітіркендіргіш дәрілік заттар туралы түсінік
2.Тітіркендіргіш дәрілік заттар түрлері
3.Пайдаланылған әдебиеттер
Тітіркендіргіш дәрілік заттар өте ертеден қолданылып келе жатқан
дәрілік заттардың қатарына жатады. Тері мен кілегей қабықтардың
сезімтал нерв талшықтарын тітіркендіргенде рефлекс арқылы
организмнің әртүрлі жүйелерінде функциональды өзгерістер
туындайды. Сондай-ақ тітіркену қан арқылы гуморальды жолмен
де беріледі. Мұндай жағдайда тітіркенудің салдарынан жергілікті
жерде түзілетін гистамин және соған ұқсас белсенді заттар қанға
түсу арқылы өз әсерлерін тигізеді. Олар қан тамырларының
өзектерін кеңейтеді, капиллярлардың қабырғасының өткізгіштігін
арттырады, соның салдарынан экссудат бөлініп, ол тіндерді аздап
ісіндіреді. Иммундық денелер шоғырланады, керексіз
жинақталған патологиялық заттардың ыдырауы жылдамдайды, тін
қалпына келеді. Ауыз қуысы арқылы қолданғанда ас қорыту
жүйесінің секреторлық, моторлық функцияларын үдетеді, ал эфир
майлары өкпелер арқылы бөлініп өзінің қақырық түсіретін әсерін
тигізеді.
Препараттардың әсерінен дем алу тереңдей түседі, газ алмасу
процессі жақсарады; қан тамырларының өзектері тарылады,
артериялық қан қысымы аздап жоғарылайды; жүректің жирылуы
үдей түседі. Гипофиз бен бүйрек үсті бездерінің гормондарының
бөлінуі көбейеді.
Тітіркендіргіш заттардың әсерлері олардың концентрациясына,
әсер ету уақытына және тіндердің резистенттілігіне байланысты
пайдалы және зиянды болып келеді. Төменгі дозасы тіндердің
тонусын жақсартады, орташа дозасы – қоздырады, ал үлкен
дозасы – зиянды әсер етеді.
Тітіркендіргіш заттарды сырттай - терінің, еттің, сіңірлердің,
буындардың созылмалы ауруларында; ішке - тыныс алу жүйесінің
ауруларында қолдануға болады. Оларды бруцеллезде, ісіктерде
қолдануға болмайды.
Қыша қағазы
майсызданған қышаның жұқа қабатымен жабылған. Оның тітіркендіргіш
әсері қышаның эфирлік майына (аллилизотиоцианат) байланысты. Қышаның
құрамында синигрин гликозиді мен мирозин ферменті бар. Қыша қағазын
жылы (40ºС жоғары емес) сумен сулағанда мирозиннің әсерінен синигрин
ферменттік ыдырауға түсіп, айқын тітіркендіргіш әсер көрсететін қышаның
эфирлік майын түзеді. Қыша қағаздарын көбінесе тыныс алу мүшелерінің
ауруларында, стенокардияда, сонымен қатар неврологияларда, миалтияларда
қолданылады.
Алаңдатушы әсер ОЖЖ-де тітіркендірудің екі ағынының өзара
әсерлесуі мүмкіндігімен түсіндіріледі-патологиялық өзгерген ішкі
мүшелер мен тітіркендіргіш заттардың әсер ететін жерлеріндегі тері
беті. Бұл жағдайда висцералды мүшелерден афферентті импульсияға
берілу әлсірейді. Бірақ мұндай көзқарас аса болжамалы, висцералды
және соматикалық импульстердің өзара өзара әсерлесуі
физиологиялық дәлелденген. Бұл туралы клиникалық мәліметтер де
көрсетеді. Сонымен, ішкі мүшелердің ауруында терінің белгілі бір
жерлерінде (Захарьин-Гед аймағы) сезімталдықтың жоғарылауы
байқалады. Мысалы, стенокардияда науқастар жауырынның тұсында
немесе сол жақ қолында ауру сезімін байқайды. Тітіркендіргіш
заттардың әсерінен ОЖЖ-де ауыру сезімдерін басатын қасиеті бар
заттар энкефалиндердің бөлінуі жоққа шығарылмаған.
Құрамында эфир майлары бар дәрілік
заттар. Жалбыз препараттары.

Дәрілік заттар ретінде жалбыздың жапырағы, майы, суы және
тұнбасы пайдаланылады. Олардың құрамында эфир майлары бар.
Препараттардың тітіркендіретін, антисептикалық,
спазмолитикалық, өт айдағыштық және дезодоранттық әсерлері
бар.
Ментол
Суда нашар, спирт, эфир, майларда жақсы еритін; жалбыз иісі бар, түссіз кристалл.
Теріге және кілегей қабықтарға тигізгенде сезімтал нерв талшы қтарын тітіркендіреді,
жеңіл күйдіргендік пен піскілегендік және суықтық сезіледі. Ішке бергенде
антисептикалық, ауырсынғандықты басатын, асқазан мен ішектердің секрет б өлу ж әне
жирылу тонустарын жақсартатын, қалшылдап-дірілдеуге қарсы әсерлері бай қалады.
Невралгияда, еттердің қабынуында, тамыр қынабының қабынуында қолданады.
Жоғарғы тыныс жолдарының ауруларында ингаляция арқылы жіберген жақсы нәтиже
береді. Ментол көптеген дайын дәрілік заттардың құрамына кіреді. Ментол майы,
бороментол препараттары да қолданылады.
Эвкалипт препараттары
жапырағы, тұнбасы, майы. Құрамында пинеол эфир майы бар.
Антисептикалық, қабынуға қарсы әсерлері жоғарғы тыныс алу жолдарының
ауруларында қолданылады. Тұнбасын ауыз қуысы арқылы ас қорыту жүйесінің,
бұлшық еттердің ауруларында қолданады. Сырттай жараларды, жыланкөзді
(свищ), ойық жараларды тазалап жуғанда залалсыздандыратын әсері бар.
Грануляцияны жақсартады, іріңді ісіктерде (фурункулез, флегмона) қолдануға
болады.
Скипидар
Қарағай ағашынан алынатын эфир майы.
Жергілікті тітіркендіретін,
жансыздандыратын, антисептикалық
әсерлері бар. Суда ерімейді, спиртте ериді.
Өзіне тән иісі бар, түссіз, мөлдір сұйық. Тері
арқылы терең сіңеді, рефлекс арқылы
организмде көптеген өзгерістер тудырады.
Препарат ас қорыту, тыныс алу жүйелерінің
ауруларында; бауыр ауруларында өттің
бөлінуін жақсарту үшін қолданады.
Бауыр мен бүйректердің паренхималары
жарақаттанған малдарға және соятын
малдарға қолдануға болмайды.
Скипидардың майы, линименті
невралгияда, ревматизмде, еттердің
қабынуында қолданылады.
Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Б.Д. Айтжанов, Ә.М. Өтенов, М.А. Молдағұлов, Н.А. Заманбеков,
Е.М.Қорабаев, Н.К.Көбдікова, М.С. Тілепбергенов, А.А. Байниязов,
А.Оспанқұлов - Фармакология ( оқулық) – Алматы, 2006 – ҚазҰаУ.
«Агроуниверситет».
2. К.Н. Қожанов – Фармакология (оқулық).- Алматы, 2007.
3. М. Исембаев, Ш. Сарсенова Русско – казахский словарь
медицинских терминов, - Алма – Ата, «Казахстан», 1982.
4. Т.С. Сайдулдин Орысша – қазақша малдәрігерлігі с өздігі. – Алматы,
Қайнар, 1993.
5. Өтенов Ә.М. «Мал дәрігерлік фармакологиясы пәнінен
лабораториялық- жаттығу сабақтарын оқыту ға арналған»
Методикалық нұсқаулар
Назарларыңызға рахметт!!!

Орындаған:Қилашев Е.Ж
Тобы:ВМ-305
Тексерген:Тойкина Г.Н.

Ұқсас жұмыстар
Қаптаушы заттар, адсорбциялаушы заттар
Иіс сезу мүшесі
Рефлексті әсерлі қақырық түсіретін дәрілері
Тітіркендіргіш дәрілік заттар
ТҰТҚЫР ЗАТТАР СИПАТТАМАСЫ.ЖҰМСАРТҚЫШ ЗАТТАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ.ШЫРЫШТЫ ЗАТТАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Балалардың нерв жүйесінің морфофункциялық сипаттамасы
Дисфагия синдромы
Ауру сезімі
Сенсорлық жүйелер
Есту мүшесі
Пәндер