Жүрек қан тамырларна әсер ететін гликозиттер. Минералды заттар


Slide 1

Жүрек қан тамырларна әсер ететін гликозиттер. Минералды заттар. Ауыр металлдардың препараттары.

Slide 2

Жүрек гликозидтері.

Жүрек гликозидтеріне жүрекке таңдамалы түрде әсер ететін, өсімдіктерден алынатын, құрамында азот болмайтын күрделі заттар жатады. Ол заттар суда иондар түзу арқылы қантты - глюкон және қантсыз - аглюкон бөліктеріне ыдырайды. Гликозидтердің жүрек етіне арнайы кардиотоникалық әсері олардың құрамындағы аглюкондарға байланысты. Аглюкондар гликозидтердің фармакокинетикалық қасиеттерін анықтайды: олардың ерігіштігіне, ас қорыту жүйесінде сіңуіне, торшалардың мембраналары арқылы өтулеріне және қандағы белоктармен байланысуларына әсер етеді. Гликозидтердің бұл қасиеттері олардың белсенділігінің негізгі көрсеткіштері.

Slide 3

Гликозидтердің көпшілігі ащы дәмді, су мен спиртте жақсы еритін кристаллды заттар. Аморфты түрде сирек кездеседі. Олардың өсімдіктердегі мөлшері көп факторларға: жинау, кептіру, сақтау және т. б., байланысты. Сондықтан-да ол препараттарды үнемі қалыптастырып (стандартизация) отыру қажет. Ол химиялық және биологиялық жолдармен іске асырылады. Биологиялық әдісте бақаларды, мысықтарды және көк кептерлерді пайдаланады. Препараттың белсенділігінің бірлігі ретінде жүректің жұмысын тоқтататын ең төменгі дозасы алынады. Лабораториялық жануарлардың өлімі негізінен тұншығудан болады. Препараттың белсенділігі тәжірибеге пайдаланылған жануардың түріне байланысты бақа әсер бірлігі (БӘБ), мысық әсер бірлігі (МӘБ), көккептер әсер бірлігі (КӘБ) болып белгіленеді.

Slide 4

Жүрек гликозидтерін әртүрлі себептерден жүрек етінің қоректенуінің бұзылуынан болатын жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде пайдаланады. Олар бірден жүрек етіне әсер ету арқылы оның жирылуын күшейтеді, диастоланың уақыты ұзарады, кезеген нерв орталығының тонусы жоғарылайды, оттегін аса көп қажет етпей жүректің соғу минуттық көлемі ұлғаяды. Бұған негізінен әсер ететін гликозидтердің мембрана деңгейінде натрий, калий, кальций иондарының алмасуын өзгертуі.

Slide 5

Торшаның ішінде натрий ионының көбеюі торшаға кальций ионының түсуін жақсартады, ол өз кезегінде жүрек етін жирылтатын белоктарға әсер етеді. Актин мен миозиннің өзара қатынастарының өзгеруі салдарынан жүрек етінің жирылуы күшейеді. Жүрек гликозидтерін терапевтикалық дозасынан артық мөлшерде тағайындауға болмайды. Ондай жағдайда қанның қысымының жоғарылауы, экстрасистоланың пайда болуы және жүрек қарыншақтарының калшылдап-дірілдеуі салдарынан жүрек соғысының тоқтап қалуы мүмкін!

Slide 6

Жүрек гликозидтері әртүрлі оймақгүл, жалынгүл, меруертгүл, ақбас шөптерінің құрамында кездеседі. Бұл өсімдіктерден алынатын гликозидтердің химиялық құрылыстары, фармакологиялық әсерлері ұқсас болғандықтан олардың барлығын оймақгүл тобына жатқызады.

Slide 7

Меруертгүл тұнбасы - Tinctura Convalllariae.

Өсімдіктің жапырағы гүлімен бірге қолданылады. Құрамында конваллотоксин, конваллозид, конваллотоксол, сабын - конваллорин, эфир майы, қант, лимон және алма қышқылдары, крахмал бар. Негізгі белсенді заттары - конваллотоксин және конваллозид. Ал сабынды конваллориннің іш өткізетін және тітіркендіретін әсерлері бар.

Slide 8

Меруертгүл гликозидтерінің әсерлері оймақгүлдің гликозидтерінің әсерлеріне ұқсас. Олардың тұрақтылығы төмен және кумуляциясы жоқ. Препарат орталық нерв жүйесіне тыныштандыратын әсер етеді. Сондықтан оны жүрек неврозында, кардиосклерозда, жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде қолдануға болады. Оны валериана және долана препараттарымен бірге жиі қолданады.

Slide 9

Коргликон - Corglyconum.

Түссіз мөлдір, ащы дәмді сұйық. Меруертгүлдің жапырағынан алынған бірнеше гликозидтердің жиынтығы. Дәрі ретінде судағы ертіндісі қолданылады. 1 мл ертіндіде 0, 6 мг коргликон бар. 1 мл препаратта 11-16 БӘБ болуы керек. Әсері жағынан строфантқа жуық. 20-40 %-ды глюкозаның ертіндісінде немесе хлорлы натрийдің изотоникалық төменгі концентрациядағы ертіндісінде венаның ішіне жіберуге болады.

Slide 10

Строфант препараттары.

Строфант жүрек-қан тамырларының жүйесіне оймақгүл тәрізді әсер етеді. Ерекшелігі - оңай сіңеді, тез әсер етеді. Әсері 10-20 минутта, венаға жібергенде 10 минутта, біліне бастайды. Препараттың дозасына байланысты әсерінің үш түрін ажыратуға болады: терапевтік, улылық және талдырмаш. Организмнен бөлінуі де жылдам. Дәріні жібергеннен кейін 24 сағатта қабылдаған дозаның 76 %-ы организмнен бөлініп шығады.

Slide 11

Минералды заттар.

Организмнің тіндерінің торшаларының құрамында үнемі болатын 50 минералды заттардың 15 химиялық элементтері морфологиялық, физиологиялық және алмасу процессіндегі маңызы жөнінен организм үшін абсолютті түрде алмастырылмайтын заттар. Олар:

Макроэлементтер - Na, K, Ca, P, Mg, Cl, S;

Микроэлементтер - Fe, Cu, Zn, Co, Mn, I, Se, F.

Олардың негізгі қызметтері:

тері және жүннің құрылысына кіреді;

Slide 12

тірек-қозғалу аппаратына қатынасады;

осмостық қысым мен буфер жүйесін реттейді;

зәр түзілу процессі мен судың тепе-теңдігін түзетеді;

ас қорыту процессі мен қоректік заттардың сіңуіне әсер етеді;

месқарындағы микроорганизмдердің өмірін қамтамасыз етеді;

нерв импульстарын жеткізеді;

еттердің қозу және жирылу процесстеріне қатынасады;

витаминдердің, ферменттердің, гормондардың белсенділік әсерлерін қамтамасыз етеді;

белоктардың, көміртегінің, майлардың метаболизміне қатынасады;

экзогенді және эндогенді улы заттарды бейтараптауға қатынасады;

РНК, ДНК, нуклеин қышқылдарының құрылысын және тұрақтылығын қамтамасыз етеді;

малдың өнімділігіне, өсіміне, табиғи резистенттілігіне нақтылы әсер етеді.

Slide 13

Минералды заттар организмнің энергия көзіне жатпайды. Организмнің биологиялық белсенді заттарымен реакцияласуы үшін олар мал организмінде белгілі бір тұрақты мөлшерде физиологиялық жағдайда болулары қажет.

Мал организмінің минералды заттарға қажеттілігі өсімдік азықтары арқылы қамтамасыз етіледі де, минералды қоспалар арқылы реттеліп отырады. Сондықтан бұл жерде малдың рационын құрастырудың маңызы өте зор.

Организмге қажетті химиялық элементтердің ішінде ең көбі кальций мен фосфор (4-6 %) ; калий, натрийлер - орташа, ал қалғандары 0, 1 % - дан аспайды. Органикалық емес тұздардың 80 % -ы сүйектерде шоғырланған: олардың ішінде 98, 5 % кальций; 83 % фосфор; 70 % магний; 40 % натрий және 30 %-дан аса микроэлементтер. Олар біріншіден минералды заттардың қоры ретінде болса, екіншіден организмдегі минералды заттардың тепе-теңдігін қамтамасыз етіп отырады.

Минералды заттарды үш топқа бөледі:

Сілтілік және сілтілік-жер металлдарының тұздары;

Ауыр металлдардың препараттары;

Фосфор, йод, күшәлә және селен препараттары.

Slide 14

Ауыр металлдардың препараттары

Ауыр металлдар өздерінің қасиеттерімен, организмге тигізетін әсерлерімен бір-біріне өте ұқсас дәрілік заттардың ішінде ерекше топ құрайды. Малдәрігерлік тәжірибеде жиі қолданылады. Олардың кейбіреулері химиялық таза түрінде, енді біреулері тотық ретінде, көбісі тұздары ретінде, кейде коллоидты түрінде де қолданылады.

Slide 15

Жиі қолданылатын тұздарының катиондары мен аниондары бірдей әсер етеді. Ол иондар организм жағдайында, тіндердегі қышқылдық немесе сілтілік ортада диссоциация кезінде еритін тұздарға айналады. Ал темір мен сынаптар молеклалы түрде де әсер етеді. Бұл қатарға жататын негізгі металлдар: Al, Pb, Bi, Fe, Zn, Cu, Ag, Hg. Олардың ішінде алюминий, висмут, темір, күміс, мыс препараттары өз әсерлерінің ерекшеліктеріне байланысты әр бөлімдерде қаралып отыр. Ал бұл бөлімде ауыр металл тұздарының жалпы қасиеттері мен фармакологиялық әсерлеріне сипаттама бермекпіз.

Slide 16

Ауыр металл препараттарының негізгі фармакологиялық әсерлерін төмендегідей топтастыруға болады:

тұтқырлағыш әсерлері;

қабыну процессіне қарсы әсері;

тітіркендіру әсері;

күйдіру әсері;

микроорганизмдер мен тоғышарларға қарсы әсерлері;

сіңгеннен кейінгі метаболикалық және токсикалық әсерлері.

Slide 17

Таза металлдар мен олардың тотықтары организмде тұздарға айналу арқылы әсер етеді. Ал коллоидтары организмде жоғарғы дәрежелі дисперсті жағдайда болып, ондағы физикалық және химиялық процесстерді өзгерту арқылы организмнің физиологиялық процесстерін белсендендіреді. Организмге жалпылай және жергілікті әсер етеді. Жергілікті әсерлерінің негізгі механизмі олардың организм белоктарымен реакцияласып альбуминаттар түзуінде. Реакциялардың нәтижесінде кері өзгеретін және өзгермейтін процесстер туындайды. Егерде металл тұздарының әсерінен организмдегі белок толық ұйымаса, онда кері өзгеретін; ал толық ұйыса - өзгермейтін процесстер пайда болады.

Slide 18

Бірінші жағдайда препараттың тұтқырлық-байланыстыру, ал екінші жағдайда күйдіру әсері басымырақ болады. Ауыр металл тұздарының тұтқырлық әсерінің басқа органикалық тұтқырлағыш препараттардан айырмашылығы олар торшаларды сусыздандырады. Осының салдарынан тіндердің серпімділігі нашарлайды, торшааралық зат алмасу процессі бұзылады, тіндердің өлі еттенуі байқалады. Осындай жағдайда олардың бактериоцидтік әсері күштірек білінеді.


Ұқсас жұмыстар
ЗӘР АЙДАЙТЫН ДӘРІЛІК ЗАТТАР
Құрамында сапониндері бар дәрілік өсімдіктер
Жүрек гликозидтері бар өсімдіктер
Жануарлардың гликозидтермен улануына токсикологиялық сипаттама
ҚАН ӨКПЕДЕ
Жылқы етіне түсініктеме беру
Элементтер Құрамы, Тәуліктік қажеттілігі
Ағаштар мен бұталардың жеміс беруі. Оның ішінде алма ағашы. Орман тұқымын сақтау және тасымалдау
Жүктілік кезіндегі әйел ағзаларындағы физиологиялық құбылыстар
Шеткі қан тамырларының бұзылыстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz