Эмульсияларды дайындау технологиясы



Эмульсияларды дайындау технологиясы

Эмульсия
Эмульсия (лат. emulgere - сауу және франц. emulsіon - сүт), медицинада - сұйық түріндегі дәрілік қалыптар. Эмульсияда суда ерімейтін сұйықтар (май, бальзам) болады, оны адамға ішу үшін, терісіне жағу үшін береді. Эмульсиялар біркелкі қоймалжың, сыртқы түрі сүт сияқты сұйықтық түрінде болады. Эмульсияларды дайындау үшін шабдалы, зәйтүн, күнбағыс, үпілмәлік, т. б. өсімдіктерді, вазелин және эфир майларын, сонымен қатар балық майын, бальзамдарды және сумен араласпайтын басқа сұйықтарды қолданады. Дайын эмульсиялық дәрілік заттардың жағымсыз дәмі болады немесе ішкен кезде адамның ауыз қуысының шырышты қабатын тітіркендіреді. Эмульсияның құрамындағы ерімейтін ингредиенттер, оның жағымсыз дәмін шығармайды. Эмульсиялар ұзақ сақтауға келмейтін дәрілік зат болғандықтан, оларды 3 - 4 күн ішінде пайдалану керек. Эмульсиялар шыны ыдысқа құйылады, оған міндетті түрде: “Ішердің алдында шайқаңыз” және “Салқын жерде сақтаңыз” деген ескерту жазылады.


Ұрықтық және майлық эмульсиялар бар.
Ұрықтық шын эмульсия төмендегі жолмен дайындалады. Керекті мөлшерде ұрықты ступкада үнтап, аз ғана су қосып араластырады. Қалған суды біртіндеп қосып, ступкадағы затты ұдайы пестикпен үйкеп, араластырып біркелкі сүт тәрізді сұйық жасайды. Сонсоң кенеп немесе екі қабат марля арқылы сүзеді. Сонымен, ұрықтық эмульсиялар жасағанда ұрықтардан май, шырыш т. б. белок, ағаш шырышы, желім сыяқты эмульсияғыш заттар алынады. Егер эмульсия нағыз қабығы бар ұрықтардан (миндаль ұрығы) жасалатын болса, онда алдын ала оларға ыстық су қосып, олардың қабығын жоқ қылады, тек содан кейін ғана жоғарыда көрсетілген тәсілмен эмульсия жасайды. әдетте ұрықтық эмульсияларды ұрықтың 1 бөлегін 10 бөлек суға қосып жасайды. Әсіресе, зығыр, қызғалдақ, тәтті миндаль, кендір т. б. ұрықтардан жасалған эмульсиялар көп тараған. Оларды сумен қандай мөлшерлік қатынаста алынғанын көрсетпей-ақ жазады.

Майлық (жалған эмульсия еmulsum oleosum) негізгі 3 компоненттен: майдан, коллоидтан (шырыштан) және судан тұрады. Майды сумен біркелкі араластыру үшін эмульгатур ретінде гуммиарбик (аравия ағаш шайыры), желатоза немесе жұмыртқа сарысын пайдаланады. Алынған материалдардың қарым-қатынасы мынадай болуға тиіс: эмульгатор 1 белок, май 2 бөлек және су 17 бөлек, яғни 5 процент эмульгатор, 10 процент май және 85 процент су. Демек 200, 0 эмульсия жасағанда аптека 10б0 эмульгатор, 20, 0 май және 170, 0 су алады.


Кәзіргі уақытта практикада ультраэмульсия деп аталатын, немесе дыбыстанған, яғни, секундіне 8 000 және одан да көп жылдамдықпен ультрадыбыстық тербеліс беретін установкада арнаулы тәсілмен жасалатын эмульсиялар қолданылады; олардың ішінде май өте ұсақ бөлшектерге ажыраған; мұндай эмульсияларды венаға жіберуге болады. Мысалы, камфора майының судағы ультраэмульсиясының - Emulsum Camphorae oleo-aduosum жазбасы белгілі; оған 2 процент камфора кіреді; оны 2 мл сыйымдылығы бар ампулаларға құйып венаға және тері астына жіберу үшін жасап шығарады. Ультраэмульсияларды қараңғы жерде бөлме температурасындай жылылықта сақтайды.

Эмульсиялардың бұзылуы мен айналуы
Эмульгатор көмегімен тұрақтандырылмаған сұйық эмульсияларды бұзу үшін, оларға шамалы ғана электролит қосса жеткілікті, осы кезде эмульсияның электрокинетикалық потенциалы төмендеп, ол оңай бұзылады. Мысалы, бу машинасында пайда болатын конденсатты эмульсияны бұзу үшін, оған алюминий сульфатын А12(SО4) з қосады. Мұндағы май тамшысының зарядын анықтайтын кері ион ролін алюминий немесе сульфат иондары атқарады. Кейде, эмульсияларды бұзу үшіь оған беттік активті заттарды деэмульгатор ретінде қосады. Күнбағыс майы мен суға гидрофилді тұрақтандырғыш ас тұзын қосып шайқаса, М/В тектегі ақ түсті сұйық эмульсия түзіледі.

Пайдаланылған әдебиеттер:
Кожанов К. Н. Ветеринариялық фармакология. Алматы 2008
Айтжанов С. Фармакология Алматы, 2006
Кожанов К. Н. Фитотерапия. Алматы, 2008
Шәріпбаев Н. Ш. Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану. - Алматы, Қайнар: 1988. - 243 б.

Назарларыңызға рахмет!!!
Орындаған:Қилашев Е. Ж
Тобы:ВМ-305
Тексерген:Тойкина Г. Н.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz