Емдік-профилактикалық биологиялық препараттар




Презентация қосу
 Емдік-профилактикалық 
биологиялық препараттар  
Анатоксин, бактериофагтар, вакцина

токсиннен дайындалатын, айқын уытты қасиеттері жоқ, 
бірақ бұл ретте бастапқы токсинге антидене шығаруды 
индукциялауға қабілетті медициналық препарат;
бактериялық жасушаны зақымдай алатын және оны 
ерітетін бактериялардың вирустары;
иммундық жүйе арқылы профилактикалық әсерін 
тигізетін, инфекциялық аурулардың ерекше 
профилактикасына арналған медициналық препарат; 
микроорганизмдерден (бактерия, вирус, т.б.) алынып, адам 
мен жануарлар организміне жұқпалы аурулардан алдын ала 
сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін 
егілетін препараттар.
Классификация: Тірі вакцина , Өлтірілген Вакцина , 
Химиялық вакцина , Ассоциацияланған Вакцина

Тірі вакцина — микробтардың уыттылығын әлсіретіп, 
ауру тудырғыш қабілетін жою, иммунитет 
қалыптастыру үшін алынады. Алғаш рет француз 
микробиологы Л. Пастер тірі вакцинаны түйнемеге 
(1881) және құтыру ауруына (1885) қарсы қолданды. Ал 
1926 жылы француз ғалымдары А. Кальмет пен К. 
Гереннің ашқан тірі туберкулез (БЦЖ) вакцинасы 
ғылымдағы үлкен жаңалық болды. Тірі вакциналар 
шешек, құтыру, оба, туляремия, т.б. ауруларға қарсы 
пайдаланылады.
Өлтірілген Вакцина — микроорганизмдерді физикалық 
(қыздыру арқылы) және химиялық жолмен (фенол, 
ацетон және спиртпен өңдеу) өлтіру әдістері арқылы 
алынады. Бұлардың қорғаныштық қабілеті тірі 
вакцинаға қарағанда төмендеу болғандықтан бірнеше 
рет егіледі.
Химиялық вакцина — микроорганизмдерден бөлінетін 
активті антигендерден алынады. Бұл вакциналар 
паратиф, іш сүзегі, т.б. ауруларға қарсы пайдаланылады. 
Анатоксиндер — улы токсиндерді формалинмен өңдеу 
арқылы алынған усыз вакциналар. Бұларды алғаш рет 
(1923 — 1926) француз ғалымы Г. Рамон алды. 
Анатоксиндер дифтерия (күл), ботулизм, сіреспе, т.б. 
ауруларға қарсы қолданылады.
Ассоциацияланған Вакцина — 2 — 3 ауруға бірден 
қолданылатын вакциналар. Мысалы, сиырларды 
қараталақ пен қарасан (эмкар) ауруына қарсы бір 
вакцинамен егіп тастау өте тиімді. Вакциналарды 
организмге әр түрлі әдіспен енгізеді. Мысалы, 
шешек, туберкулез вакцинасын тері үстіне 
(тырнап), полиомиелитке қарсы ауыздан, гриптікін 
танау қуысынан құяды. Сүзек, тырысқақ, топалаң, 
құтыру вакцинасын тері астына, қызылша мен 
қарасан вакцинасын бұлшық етке егеді. Вакцина 
егілген организмде ауруға қарсы иммунитет 2 — 3 
аптадан кейін қалыптасып, бірнеше жылдар бойы 
сақталады.
Вакцинатор – профилактикалық егулерді 
жүргізетін медицина қызметкері;Дезактивация – 
қандай да бір беткі қабаттан немесе қандай да бір 
ортадан радиоактивті ластануды жою немесе 
төмендету;
Дезинфекциялаушы препараттар (бұдан әрі – 
дезпрепараттар) – дезинфекциялау, дезинсекциялау, 
дератизациялау құралдары;
Диагностикалық препараттар (бұдан әрі – ДП) – 
зерттелетін материалда микроорганизмдерді, 
антигендерді, антиденелерді, нуклеинді 
қышқылдарды танып білуге қабілетті 
препараттар;
Иммуноглобулиндер

инфекциялық аурулардың шұғыл профилактикасы және 
емдеу мақсатында қолданылатын адамның және 
жануарлардың қан сарысуынан дайындалған медициналық 
препараттар;
 Диагностикалық иммундыбиологиялық препараттар 
жұқпалы ауруларда, аллергиялық жағдайда, ісіктерде, 
иммунопотологиялық көріністерде кеңінен қолданылады. 
Диагностикалық препараттардың әсер ету принципі 
иммунологиялық реакциялармен (антиген-антидене 
реакциясы; жасушалық реакция) негізделген, олар 
физикалық, химиялық, клиникалық тиімділікпен тіркелген.
Жұқпалы, жұқпалы емес аурулар үшін бірнеше жүз 
диагностикалық иммунды биологиялық препараттар 
жасалған. Солардың көмегімен АИТВ – инфекциясын, 
вирусты гепатитті, іш сүзегін, дифтерияны (күлді), 
қызылшаны және басқа да жұқпалы ауруларды; тағамдық, 
кәсіби және басқа аллергиялық түрлерді; қатерлі ісіктердің 
орналасуын (бауыр, өкпе, тік ішектің қатерлі ісіктері т.б.); 
ана мен ұрықтың иммунды қарым-қатынасы, жүктілік; 
алмастыру кезіндегі тіндер мен мүшелердің сәйкестігі; 
иммунды тапшылық жағдайларды анықтайды.
 Иммунологиялық принциптерге негізделген диагностикалық 
препараттардың сезімталдығы мен арнайлылығы басқа 
әдістерге қарағанда жоғары. Моноклонды антидене мен 
тазартылған антигендерді қолдану диагностикалық 
препараттардың арнайлылығын одан жоғары арттырды 
Пайдаланылған әдебиеттер:
Технология ветеринарных биологических препаратов ., / 
Ахметсадықов Н.Н., Шабдарбаева Г.С., Хусаинов Д.М. Учебник 
– Алматы : Изд-во «Агроуниверситет», 2011. – 353 с.  
Современные лекарственные средства в ветеринарии.,/ 
Субботин В.М., Субботина С.Г., Александров И.Д. издание 2-е 
дополненное и переработанное. г. Ростов-на-Дону «Феникс» 
2001г. – 600 с.
Назарларыңызға рахмет!!!

Орындаған: Қилашев Е.Ж
Тексерген: Билялов Е.Е 
Тобы:ВМ-305

Ұқсас жұмыстар
Инвазиялық аурулар туралы түсінік
Дәріні ағзаға енгізу жолдары
Ауруханалардың арнайы бөлімшелерінің (хирургиялық, акушерлік, балалар және поликлиникалық) ішкі ортасын жоспарлау мен ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар
Витаминдер және оларға ұқсас заттар
Дезинфекцияның мақсаты
Қазақстандағы дәрілік өсімдіктер, соның ішіндегі өзіміздің өлкеде кездесетін дәрілік өсімдіктер
РНҚ вакцинасы репликацияланбайды репликацияланбайтын мРНҚ вакцинасы
Жәндіктермен күрес шаралары
Ауыл шаруашылық дақылдарының ауруларына қарсы биопрепараттар
Дератизацияның әдістері
Пәндер