Регенерация. Минералды дистрофия



Регенерация, Минералды дистрофия

Регенерация
(лат. regeneratіo - қайта өркендеу, қалпына келу)
Эссенциялық микроэлементтердiң созылмалы дисбалансы организмнің функцияларының өзгерiстерiне септігін тигізеді. Ағза онтогенезінде көптеген дене жасушалары табиғи не патологиялық жағдайларға байланысты ескіреді не бұзылады. Олар жасушалардың бөлінуі нәтижесінде үнемі қалпына келіп отырады, себебі онсыз кез келген ағза біртұтас жүйе ретінде тіршілік ете алмайды. Оны регенерация деп атаймыз. Сонымен, регенерация деп ағзаның жарақаттанған не жойылған ұлпалары мен мүшелерінің қалпына келуін айтамыз. Оның физиологиялық регенерация және репаративтік регенерация деген 2 түрі белгілі.

Физиологиялық регенерация
дегеніміз қалыпты тіршілік жағдайларында ескірген не бұзылған құрылымдарының өліп қалып не түлеп түсіп отыруы және олардың қалпына келуі. Мысалы, шаянтәрізділер мен жәндіктердің қуыршақтары өздерінің қатты хитин қабатын тастап, түлеп өседі. Сол сияқты, жылаңдар да жылына бір рет түлеп отырады, құстардың қауырсыңдары түсіп, оның орнына жаңа қауырсындар пайда болады. Сүтқоректілер мен адамдар терісінің эпителий жасушаларының түлеп түсуі, ішектердің сілемейлі қабығының жасушаларының түлеуі т. б. осыған мысал бола алады. Қанның қызыл түйіршіктері - эритроциттер күніне 1 пайыз мөлшерінде ауысып отырады. Шаштың, тырнақтың өсуі, үй жануарларының түктерінің түлеуі т. б. физиологиялық регенерацияға мысал бола алады.

Репаративтік регенерация
дегеніміз әр түрлі патологиялық жағдайларда жойылған не жарақаттанған мүшелердің қалпына келуі болып табылады. Репаративтік регенерация әр түрлі жануарларда түрліше деңгейде байқалады. Қарапайым ағзалардың кез келген жасушаларынан жаңа дара өсіп дами алады. ІШаяңтәрізділер жойылған қол-аяқтарын, мұртшаларын, көздерін қалпына келтіре алады. Қосмекенділер жарақаттанған қол-аяқтарын, құйрығын және кейбір мүшелерін қалпына келтіреді. Сүтқоректілер мен адамдардың күрделі мүшелері толық қалпына келе алмайды, дегенмен бұл оларда репаративтік регенерациялану болмайды деген сөз емес. Сүтқоректілер мен адамдардың әр түрлі ұлпалары түрліше дәрежеде қалпына келеді, мысалы тері, сілемейлі қабық эпителийі жоғары дөрежеде регенерацияланса, дөнекер ұлпалар біршама төменгі дәрежеде, ал шеміршек және нерв үлпасы нашар регенерацияланады.


Регенерация процесі тіршіліктің әр түрлі құрылым деңгейлерінде байқалады - жүйелік, мүшелік, үлпалық, жасушалық және жасушаішілік. Олардың бәрінің негізі болып жасушаішілік құрылымдардың жаңаруы саналады. Жасушаішілік регенерацияның мынадай түрлері белгілі: молекулалық регенерация; органоидішілік регенерация; органоидтық регенерация - органоидтардың санының кебеюі. Жасушаішілік құрылымдардың қалпына келуі және олардың гиперплазиясы сүтқоректілер мен адамның барлық мүшелерінің регенерациялануының ең негізгі әмбебап формасы болып саналады. Ол жасушаның маңызды бір бөлігі өліп қалған жағдайда қалған органоидтардың көбеюі арқылы қалпына келуі не жасуша түгел өліп қалған жағдайда көрші жасушаның органоидтар санының көбеюі арқылы жүзеге асуы мүмкін.

Регенерацияның негізгі көзі туралы екі түрлі пікір айтылып жүр:
резерв жасушалар теориясы - маманданған ұлпалар мен мүшелерде жіктелмеген камбий жасушалары болады. Олардың актив белінуінің және жіктелуінің нәтижесінде мүшенің жарақаттанған не жойылған бөлігі қалпына келеді және толық қызметі қалыптасады;
маманданған ұлпалар мен мүшелерде жіктелмеген жасушалар болмайды, ал регенерация көзі болып патологиялық процесс жағдайларында мүшенің жоғары дәрежеде жіктелген жасушаларының қайтадан көбею қасиетіне ие болып бөлінуі, жіктелуі саналады.


Регенерация нәтижесі әр түрлі болуы мүмкін: 1) регенерация нөтижесінде жойылған не жарақаттанған мүше не ұлпа толық қалпына келеді, оны типтік регенерация немесе гомоморфоз деп атайды. 2) регенерация нәтижесінде жойылған мүшеден өзгеше бір мүше не бұрынғы мүше толық емес, жартылай қалыптасуы мүмкін. Оны гетероморфоз деп атайды. 3) кейде сүтқоректілер мен адамдарда регенерация нәтижесінде жарақаттанған мүше бетінде оған жат дәнекер ұлпа пайда болады да әрі қарай ол тыртық болып бітіседі. Оны типтік емес регенерация деп атайды.

Жойылған мүшелер бірнеше жолдармен қалпына келе алады: эпиморфоз, морфоллаксис, эндоморфоз.
Эпиморфоз - жойылған мүшенің жарасының бетінен жаңа мүшенің өсіп шығуы. Ол үшін жойылған мүшенің шамалы болса да қалдық ұлпалары сақталуы шарт, оны кулътя деп атайды. Алғаш ескі мүше ұлпасының жасушалары актив белінеді, содан кейін жіктеледі, ақырында ескі мүше пішініне, көлеміне сәйкес бұрынғы мүше қалыптасады.
Морфоллаксис - жойылған мүше ұлпаларының жасушалары бөлінбей қайта құрылып, езгеріп тұтас мүшеге айналады, бірақ ол бұрынғы мүшеге қарағанда кішкентай болады немесе басқа бір мүше қалыптасады.
Эндоморфоз - немесе регенерациялық гипертрофия деп мүше-лер ішіңде жүретін толық емес регенерацияны айтамыз. Бұл жолмен қалпына келгенде жаңа жасушалар пайда болмай, сақтал-ған жасушалар ұлғайып өсіп мүшенің бұрынғы көлемін қалыптастырады.

Минералды дистрофия
Аралас дистрофия кезінде күрделі белоктар- хромопротеидтер, нуклепротеидтер мен липопротеидтер және минералдардың алмасуы бұзылуы болады. Минералдар алмасуының бұзылуы минералдық дистрофиялар деп аталады.
Организмге түскен минералдық заттардың бірі болып, макроэламенттер: натрий, калий, фосфор, магний, хлор, темір жатады, ал микроэлементтерге: кобальт, мыс, марганец, қорғасын жатады. Ұлпадағы минералдық заттарды анықтаудың көптеген түрлері бар. Олар : гистоспектрография, ауторадиография т. б. Минералдық заттарды белоктан бөліп алғаннан кейін, гистохимиялық әдісті қолдану арқылы анықтайды.
Организмдегі минералдық дистрофия қайтымды немесе қайтымсыз болуы мүмкін. Қандайда болмасын қайтымдысы дұрыс азықтандырып, дұрыс күтімге байланысты.


Минералдар жасушалар мен тіндерді құратын элементтерді түзуге қатынасып, ферменттердің, гормандардың, витаминдердің, пигмпенттердің, белокты кешендердің құрамына кіреді. Олар - биокатализаторлар, сондықтан зат алмасу үдерісінің біразына қатынасып қышқыл - негіздік ортаны қажетті деңгейде ұстауды маңызды рөл атқарып, организмнің қалыпты тіршілігін қамтамасыз етуде де айтарлықтай орын алады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz