Сібір жарасы: қоздырғышы, патогенезі, клиникалық және патологоанатомиялық белгілері, диагностика мен алдын алу


Slide 1

БӨЖ

Тақырыбы:Сібір жарасы.

Орындаған: Қозыханов М

ВМ-305

Тексерген:Нуркенова М. К.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Slide 2

Сібір жарасы - малдың қанын қағындырып (септицимия), оның денесінде көптеген үлкенді - кішілі ісіктер барлық ағзаларын, әсіресе талағын зақымдайтын,

Вас. anthracis микробтары тудыратыын аса жұқпалы, жіті ауру. Бұл ауру антропозоонозды ауру болып табылады. Көршиқан шығып, септицемия түрінде өтетін адам мен жануарларға ортақ жұқпалы ауру. Құстан басқа малдың барлық түрі шалдығады.

Slide 3

Сібір жарасының белгілері

Спора сиырдың, қойдың, жылқының, шошқаның, түйенің, есектің организміне түсіп, сібір жарасының таяқшасын түзеді, содан кейін ол көбейеді, қан арқылы тарап, 1-3 күннен кейін ауру тудырады. Бұл ауру жануарларда, әдетте, ауыр түрде өтеді және көбінесе ішектің бұзылысымен басталады. Ішектің кебуі, қызудың көтерілуі байқалады. Зәр мен сүтте қан көрінеді. Екінші, үшінші күні мал өледі.

Slide 4 Slide 5

Сібір жарасының таралуы

Сібір жарасының таралуына үй жануарлары арасында қансорғыш буынаяқтылар себепші болады, бұлар - шыбындар, масалар. Жануардың терісінде, қоздырғыштың ену қақпасында қолмен ұстап қарағанда ыстық, тығыз, ауырсыну байқалатын карбункул және ісік пайда болады.

Slide 6

Сібір жарасының алдын алу

Сібір жарасының алдын алудың ең басты бағыты - ауыл шаруашылық жануарларын иммунизациялау . Үйде жеке мал болса, әр малды сібір жарасына қарсы егу керек. Егер сіз жануарлардан аурудың белгілерін байқасаңыз, дереу үйге ветеринар маманын шақырыңыз. Малды сою ветеринар қарап, жануардың денсаулығы туралы анықтама бергеннен кейін жүргізілу керек. Алдын-алу шараларынан сібір жаралы өлексенің көмілген жерді анықтау, тіркеу және залалсыздандыру; сібір жарасынан таза емес шаруашылық малдарын жекеден жыл сайынғы вакцинациялау іске асырылады.

Slide 7

Патогенезі және клиникалық белгілері

Жануарлардың сібір жарасымен зақымдануы алиментарлық жолмен болады, аэрогендік, жарақаттанған тері және кілегей қабаттар арқылы да болуы мүмкін. Ауру қансорғыш буынаяқтылар арқылы да жұғады. табылады. Індетке бейім келетін организмде қоздырғыш басында енген жерінде көбейеді, онда ол алдымен клеткалық, сосын жергілікті лимфа түйіндерінің тосқауылынан өтіп барып дамиды. Сібір жарасы спора түскен жерде оларға фагоциттермен, макрофагтармен ұсталады. Олардың ішінде спора күйіндегі қоздырғыш ұзаққа шыдайды. Осы клеткалардың көмегімен олар жануар ағзасының лимфа жүйесіне түсіп, сонда өсіп-дамиды. Лимфа түйіндерініңбарьерлік қызметін бұзғаннан кейін бациллдар көп мөлшерде қаннан табылады. Мал өлместен 6 сағат бұрын 84% бациллалар ұлпадан, ал өлген мезетте 72% табылады(енді олар қанда) . Әдетте мал өлер алдында жаппай септицемия көрініс табады

Slide 8

Паталогоанатомиялық өзгерістері.

Паталогоанатомиялық өзгерістері аурудың өту барысы мен көрініс формасына байланысты. Ауру баяу өткен ғұрлым, белгілеріанық білінеді (атипиялық және созылмалы өтуін есептемегенде) . Әсіресе жіті және жітілеу формасында паталогоанатомиялық өзгерістері тән болады. Өлексе өте үрілген, сіресуі болмайды, не әлсіз байқалады. Тек қойларда ғана мал өлгеннен бір сағат өткен соң сіресу болады және де 10-12сағат бойы сақталады. Табиғи саңылаулардан қанды көбікті сұйықтық, ал кейде қан ағады. Өлексенің іріп-шіруі, әсіресе жазғы мезгілде тез жүреді. Тері асты клетчаткасы нүктелік георрагияланған және сарғыштанған. Оның қантамырлары қанға толы. Сондықтан сібір жаралы өлекседен сыпырылған терінің ішкі жағы күрең-қызыл түсті. Мұндай іркілімдер өкпе плеврасынан, шажырқайдан, тілден және басқа жерлерден табылады. Сірлі қабаттары қанталап, көгерген. Қаны қою-шие түсті, қою, ұйымаған

Slide 9

Паталогоанатомиялық өзгерістері


Ұқсас жұмыстар
Түйнеме (Сібір жарасы): этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі, емі және алдын-алу шаралары
Сібір жарасы (Bacillus anthracis): қоздырғышы, эпизоотологиясы, клиникалық көрінісі, диагностикасы және емдеу
Сібір жарасы (Bacillus anthracis): қоздырғышы, эпизоотологиясы, клиникалық көрінісі және Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайы
Сібір жарасы (антракс): алдын-алу және ошақтағы күресу шаралары
Сібір жарасы: анықтамасы, этиологиясы, клиникалық көрінісі және емі
Ірі қара цистицеркозы: қоздырғышы, эпизоотологиясы, клиникалық белгілері, диагностика, ем және алдын алу шаралары
Жылқы мен торайлардың стронгилоидозы: қоздырғышы, клиникалық белгілері, диагностикасы және алдын алу
Қойдағы безгек: этиологиясы, патогенезі, клиникалық белгілері, емдеу және алдын алу
Парамфистоматоз: қоздырғышы, өмір циклі, клиникалық белгілері, диагностикасы және алдын алу мен емі
Жылқылардың вирустық артериті: қоздырғышы, клиникалық белгілері және алдын алу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz