Жүрек қан тамырлар жүйесін кешендік емдеу әдістер
Презентация қосу
Жүрек қан
тамырлар жүйесін
кешендік емдеу
әдістер
Артериосклероз (Arteriosclerosis)
(гр. athrа — ботқа және sklrsіs — қатаю) — қан
тамырларының ішкі бетіне холестериннің сіңіп,
жиналып, түйін тәрізді шоғырланып
қалуы. Холестерин сіңіп қалған орын бастапқы
кезде сары жолақ дақ түрінде болса, келе-келе
қатайған түйінге айналады. Бұл түйіндер бір-
біріне қосылады. Соның салдарынан тамырдың ішкі
қабатында жаралар пайда болады, кальций
тұздары шөгіп, тамыры қатаяды, қан өтуі
қиындайды.
Атеросклероз денедегі ең ірі қан
тамыры — қолқада жиі пайда болады.
Атеросклероз салдарынан қолқаның жұқарған
жерлері қалталанып кеңиді (аневризма) де, басқа
органдардың қан тамырларын бекітіп тастайды.
Соның әсерінен кейде науқастың бірнеше минут
ішінде өліп кетуі мүмкін. Шажырқай
артериясының атеросклерозы ішектің өлі
еттенуіне, аяқ атеросклерозы аяқтың
гангренасына соқтырады. Атеросклероз жүрек
қыспасы (стенокардия), жүректің созылмалы
ишемиялық ауруы, жүрек инфарктінің негізгі
себебі болып есептеледі.
Артерияның әктеніп қатаюының өздігінeн пайда
болуы сирек кездеседі, егер кездессе, онда кәрі
малдарда ғана болады. Көп жағдайларда, ол дұрыс
азықтандырылмағандықтың салдарынан
организмдегі зат алмасуының бұзылуынан және
індетті құрт, жұқпалы емес басқа да аурулардың
асқынып, уыттың денеге таралуынан пайда
болады. Тамырдың қатаюына себепкер болатын
бірде-бір жағдай, тамырдың қызметіне көп уақыт
бойы ауыр салмақ түсіру (денеге артық күш түсіру,
көп мөлшерде құнарсыз қомақты азықпен
азықтандыру т.б.).
Дамуы
Атеросклероздың, яғни атеросклероздық
түймедақтың дамуы сатылы жүреді:
I бастапқы сатысы –
тамырлардың липоидозы немесе липидтік дақтар
мен жолақтардың пайда болуы.
ІІ сатысы – фиброздық – бұл сатыда коллаген және
дәнекерлік тін өсіп-өніп, "көпіршікті" жасушалар
мен холестериндік бөлшектерді қоршап, фиброздық
капсуланы түзеді.
ІІІ сатысы – күрделі және асқынғаннан
түймедақтардың пайда болу сатысы.
Артериосклероз, малдардың көпшілігінде баяу
дамиды. Азғындаудың алдыңғы кезінде тамырдың
ішкі қабатында (интима) май қату, жылтыр
шеміршектену (гиалин) және шіру (атероматоз)
процестсрі басымырақ болады да, сонан соң тамыр
кабырғаларына дәнекер ұлпалар (фиброзды) өсіп
кетеді (артериосклероз). Ауыр өткен жағдайда,
тіпті тамыр қабырғалары, кальций тұздарының
бөлініп шығуына байланысты, әктелініп кетеді.
Аталмыш өзгерістер тамыр қабырғаларының
серпімділігін көп төмендетіп, тесіктерін
тарылтып, қан айналымын қиындатады.
Ол артериядағы қысымды көтеріп,
жүректің, әсіресе сол карыншаның
жұмысын күшейтеді. Қайналымындағы
қатты ауытқулар сауыт (коронарлы)
артериясы, қолқа және ми тамырлары
әктелінгенде анық байқалады. Аталған
тамырлардың қабырғаларындағы азғындау
өте қатты болғанда, олар жарылып кетіп
малдарды аяқ асты өлтіреді немесе шала не
толық салдандырады.
Майда тамырлар жарылса, қан құйылады, ал оның
тигізетін зардабы көлемі мен жайылған жеріне
байланысты болады. Тамырлардың бәрі бірдей
дерттенбесе, олардың кей жерлері кеңейіп
(аневризм) кетеді де, сол кеңейген жерлері жарылып
өлім-жітімге әкеліп соқтыруы мүмкін. Мәселен,
жылқылар делафон - диозбен ауырғанда алдыңғы
шажыркай артериясы кеңейіп кетеді дe организмге
қаттырақ салмақ түскенде жарылып кетуі мүмкін
(кедергілерден карғығанда, тосыннан құлағанда,
денеге қатты салмақ түскенде).
Клиникалық көрінісі
Атеросклероздың клиникалық көрінісі патологиялық
үдерістің даму деңгейінен гөрі оның орналасқан аймағына
тәуелді. Кейде тәж артериясының жалғыз атеросклероздық
түймедағы өлімге әкеледі, ал шеттік артериялардың, кеуделік
немесе құрсақтық аортаның ауыр атеросклерозы білдіртпей
жүруі және малдың өмір сүру ұзақтығына айтарлықтай әсер
етпеуі де мүмкін.
Атеросклероз жайылмалы үдеріс бола тұра бір немесе бірнеше
аймақтың тамырларын басым зақымдайды. Түймедақтар
көбіне ірі тамырларда және аортаның тамырлар таралатын
аймақтарында орналасады. Атеросклерозға ең жиі
ұшырайтын тамырлар: аорта, тәж, ми, бүйрек, аяқтардың
және іш қуысының артериялары.
Атеросклероз диетотерапиясының басты принциптері.
Медикаменттік ем:
1. Статиндер - симвастатин, правастатин,
флувастатин, аторвастатин қолданылады.
2. Фибраттар - фенофибрат, безафибрат,
клофибрат.
3. Атеросклерозға шалдыққан малдарға
поливитаминдік терапияда жүргізген
тиімді.
4. Энтеросорбенттер.
Майда eритін В тобы витаминдерді (PP
витамині, В5 витамині ішке ірі және ұсақ
малға І кг дене массасына 0,4-0,8 мг, ал
бұлшық етке 0,2-0,6 мг).
Поливитаминдермен емдеу белок (нәруыз)
және май алмасуларын миокардта
жақсартып, бауырда, мида мегаболикалық
процестерді қалыптастырады, олардан В
тобы витаминдері және аскорбин
қышқылын қолданады.
Пайдаланылған әдебиттер:
1. «Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы»
оқулығы, 2005жыл.
2. «Малдың жұқпалы емес ішкі аурулары»,./Қожанов К.Н.
3. «Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және емдеу
техникалары»,. Қожанов К.Н.
4. Несіпбаев Т.,Жануарлар физиологиясы., Алматы -2012 ж.
5. Г.Е. Остоверхов, Д.Н.Лубоцкий, Ю.М. Бомаш “Курс
оперативной хирургии и топографической анатомии”.
6. Интернет желісі http//..
Назарларыңызға рахмет!!!
Орындаған: Қилашев Е.Ж
Тексерген: Билялов Е.Е
Тобы:ВМ-305
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz