Гангрена мен некроз: түрлері, морфогенезі және клиникалық маңызы


Slide 1

Гангрена

Slide 2

Гангрена (грек. gangraina - желінген язва, өрт ) . Бұл - тіндер мен органдардың некрозының қарқынды түрі. Сыртқы орта әсеріне тығыз байланысты және оның факторларына ұшырайды ( ауа термикалық әсер, ылғал, микроорганизмдер және т. б ) . Гангрена дененің сыртқы ортамен қатынастағы ашық бөліктерінде ғана емес ( тері, құйрық т. б ), сонымен қатар сыртқы ортамен байланыстағы ішкі органдарда да ( өкпе, асқазан-ішектердің түрлі бөліктері, жатыр ) пайда болады.

Slide 3

Гангренада тіндер бозғылтсұр, сұржасыл немесе күйген тіндер сияқты қара түске ие болады. Бұл гемоглабиннің ыдырау салдрынан сульфмедгемоглабиннің пайда болуымен, қан пигменттерінің және олардың темір сульфидіне айналуымен байланысты болады. Гангреноздық тіндердің аймақтарында белгілі шекаралары болмайды. Гангренаның құрғақ, дымқыл, газды түрлері бар.

Slide 4

Құрғақ гангрена ауа әсерінен өлі тіндердің қалыңдауы мен прогрессивті құрғауынан пайда болады. Ол күйік, үсік, инфекциялық аурулар ( лептоспироз, т. б ) кезінде туындайды. Өлі тіндер қатты қалыңдауы мен бүрісу кезінде мумий тінін еске түсіреді. Осы себептен құрғақ гангренаны мумификация деп те атайды. Мысал ретінде сиырдың патологиялық туу кезінде жатырдағы өлі төлді алуға болады.

Slide 5

Дымқыл гангрена. Гангренаның бұл түрі қан, лимфа және тіндік сұйықтығы көп тіндерде, органдарда кездеседі. Қан және лимфа айналымы бұзылған кезде пайда болады. Ылғалды ганренада демаркациялық аймақ болмайды, өлген тінге шірітуші микраоганизмдер әсерінен, сасық иісті(өкпе, ішек, жатыр), оқ тиген аймақтарда бұлшық еиттердің деструкциясымен өтетін, анаэробты бактериялар клостридий перфрингенс тобының бактериялары жұқтырылған аймақтарда, анаэробты гангрена кездеседі.

Slide 6

Газды гангрена. Травмаларда пайда болады және басқа да бұлшық еттер зақымдалғанда болатын жарақаттарда дамиды. Бұл кезде ісіген өлі тінде шекаралар анық байқалмайды.

Секвестр негізінен сүйек тіні үшін тән болып, некрозданған сүйек сорылып кетпейді, айналасында ірінді қабыну өрістейді, дәнекер тіннен түзілген қорап пайда болады. Секвестр соның ішінде бос жатады немесе осы аймақта жыланкөз арқылы ірің бөлініп шығып тұрады. Көбінесе секвестрді операция жасап алып тастайды.

Slide 7

Некроздың маңызы әр түрлі, ол некроздың қай ағзада болғанына, қаншалықты тез дамыганына, оның көлеміне байланысты. Майда некроз ошақтары із қалдырмай бітіп кетсе, ал көлемді некроз ошақтары организм үшін өте қауіпті. Жүрек инфаркты, ми инфаркты, ішек, аяқ гангренасы көптеген жағдайда ауру өлімінің бірден-бір себебі болады. Ауру осы сырқаттардың бастапқы күңцерінде өлмей қалганның өзінде оның қаддыратын зардаптарынан өмір бойы мүгедек болып қалады.

Slide 8

Некроз(грек. сөзінде nekros-өлі) тірі оганизмдегі жасуша мен тіннің тіршілігінің толығымен тоқтап өлуі.

Некроздың морфогенезі:

1. Паранекроз - некрозға ұқсас, бірақ қайтымды үрдіс.

2. Неробиоз - катаболикалық реакцияның анаболикалық реакциядан басымдылығымен өтетін, қайтымсыз ауыр дистрофиялық өзгеріс.

3. Некроз - жасуша өлімі.

4. Аутолиз - өлген жасушаның және макрофагтардың гидролиздеуші ферменттер әсерінен ыдырауы.

Slide 9

Некроздың микроскопиялық белгілері: ядро және цитоплазма өзгерісімен жүреді.

Ядрода: кариопикноз - хроматиннің конденсация нәтижесінде ядроның бүрісуі, кареорексис - ядроның бөшектерге бөлінуі, кареолизиз - гидролаздың белсенуінен ядроның кіруі.

Цитоплазма: плазмокоагуляция - белоктардың кагуляция және денатурациясы нәтижесінде цитоплазмада ашық қызыл түсті түйіршіктердің пайда болуы, плазморексис цитоплазманың бөлшектенуі, плазмолизис -гидролиздеуші фермент лизасоманың әсерінен, цитоплазманың еруі. Аралық тіндерді ретикулярлық, коллагендік, эластикалық талшықтарың ферменттер (коллагеназ, эластаз) әсерінен ГАГ-ң деполимеризациялануы (ыдырауы) -фибрин белогімен сібеленіп, фибринойдты некрозға айналады. Кейде тіннің ісіну және шырыштану нәтижесінде колликвациялық некроз дамиды. Бұл үрдістер фокальді және тотальді болуы мүмкін. Жасушалардың ыдырауы барысында нероз ошағында тіндік детриттер пайда болып, некроз маңында деморкациялық қабыну аймағы пайда болады.

Slide 10

Нерозданған тіндердің түсі, күйі, иісі өзгереді. М: мумификацияда тін құрғақ, тығыз, миомаляция, энцефаломаляцияда болжырап, еріп кетеді. Өлген тіннің түсіқанның дұрыс келмеуінен ашық сұр немесе ашық сарғыш түсті(бүйрек, көк бауыр, миокард) кейде қанмен сіңбелену нәтижесінде қоңыр қызыл түсті болады. Тері, ішек, жатырдағы некроз ошақтары лас қоңыр, сұр жасыл немесе қара түсті болады.

Slide 11

Жіктелуі: себебі, даму механизімі, клинико морфологиялық ерекшелігіне қарай бөлінеді.

Себебі: жарақаттық (физикалық әсердің тура әсері), токсикалық (бактерияның, химиялық уыттардың тура әсері) М. Сулемамен улану нефрондар нерозын, дифтериялық экзотоксин кардиомиоциттер некрозы. Трофоневротикалық (нервпен қамтамасыз етілуінің бұзылуы), аллергиялық (синсибилизацияланған организмде, инфекциялық аллергиялық, аутоиммунды ауруларда, фибринойдты некрозбен байқалады), қан тамырлық (тромбоз, эмболия, қан тамырлардың спазмы, коллатериалдардың жетіспеушілігі) түрлері бар. даму механизімі: тура некроз (жарақаттық, токсиндік, тура емес трофоневротикалық, аллергиялық, қан тамырлық)

Slide 12

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мурәлінов К. Л. Оперативті хирургия. (оқулық құрал) Алматы - 2006 ж 416 б

2. Б, К. Ілиясов. Ветеринариялық хирургия (оқулық) . Алматы. 2008 жыл.

3. Дұрманов Қ. Д., Жалпы хирургия, Алматы 2006 ж. 230 бет.

Slide 13

Назарларыңызға рахмет!!!

Орындаған: Қилашев Е. Ж

Тексерген: Ахметжанов О. Н

Тобы:ВМ-305


Ұқсас жұмыстар
Гангрена мен некроз: түрлері, даму механизмі және клинико-морфологиялық сипаттамасы
Некроз және оның асқынулары: құрғақ және ылғалды гангрена, ойылу, ойық жаралар және жыланкөз - клиникасы, классификациясы, профилактикасы және емдеу
Апоптоз пен некроз: клеткалық механизмдер мен морфологиялық түрлері
Қарасан (Gangrena emphysematosa): этиологиясы, клиникалық белгілері, патоморфологиясы және профилактикасы мен емі
Қол-аяқтардың қанайналымының бұзылыстары: облитерациялайтын артериялық аурулар, гангрена және трофикалық жаралар - клиникалық белгілері, диагностикасы және емі
Жасушалар мен тіндер патологиясы: зақымдану, дистрофия, некроз, гипертрофия, регенерация және трансплантация
Қарасан (Gangrena emphysematosa): этиологиясы, эпизоотологиясы, клиникалық белгілері және алдын алу шаралары
Витаминдер: түрлері, физиологиялық қызметі мен клиникалық маңызы
Биопсия: әдістері, түрлері және клиникалық-диагностикалық маңызы
Ісіну мен шемен: патогенезі, түрлері және клиникалық маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz