Төлдің туу жолына дұрыс келмеуі




Презентация қосу
Төлдің туу
жолына дұрыс
келмеуі
Буаздық мерзімі аяқталып, жатыр ішіндегі өсіп – жетілген
тірі төлді, қағанақ қабықтары мен шарана суын сыртқа
сығып шығаратын физиологиялық құбылысты – туу үрдісі
деп атайды.
Ғалымдар туу актісінің басталу себебін түсіндіретін
бірнеше теорияларды ұсынды: төл үлкейген сон анасының
беретін қоректік затына тоймай аштықтан сыртқа
шығады екен немесе төл үлкейген соң жатырдың кілегей
қабығын, жатыр мойнын тепкілеп ондағы нерв
талшықтарын тітіркендіреді дем жатырдың жиырылуына
әкеліп соқтырады. Буаздықтың соңына қарай төл мен ана
организмін жалғастыра тұрған плацента өз қызметін
атқара алмай ыдырап құри бастайды, жатыр ішінен
қуылып шығады деген де теория бар.
Туу үрдісі төлді аналық малдың жыныс жолдарынан шығарудан
тұрады. Ұрықтың анасының жамбас саңылауына дұрыс және дұрыс
емес қарым қатынастарын сипаттау акушерлік практикада келесі
шартты терминдерді қолданады.
Қалып / жай, күй/ - ұрық денесінің ұзын бойының білігі анасы
денесінің ұзын бойы білігінің аралықтарына қатынасы.
Келесі қалыптарды ажыратады.
Ұзындығы бойын орналасқан / бойлай –дұрыс қалыпты/ - ұрықтың
бел омыртқасы анасының бел омыртқасына паралельді.
Көлденеңінен / дұрыс емес қалыпта/ - орналасқан ұрықтың бел
омыртқассы анасының құрсақ қабырғасының оң және сол
аралықтарында орналасқан және анасы денесінің білігіне тік
бұрышты болып келеді.
Вертикальді тік / тік / - дұрыс емес қалыпта орналасқан – ұрықтың
бел омыртқасы анасының бел омыртққасына перпендикулярлі
орналасқан.
Төлдің денесінде туу үрдісінің өтуіне кедергі
жасайтын үш белбеу бар: басы, кеудесі,
жамбасы. Төлдің кеудесі мен жамбасы
сығылғанда көлемін кішірейте алады, ал бас
сүйектері кішіреймейді. Дегенмен,
табиғаттың өзі туу үрдісін дұрыс өтуі үшін
жағдай жасаған, яғни жамбас қуысының кең
жерлеріне төлдің басының жалпақ жерлері
сәйкес келіп мал онша қиналмай – ақ туа береді.
Туу үрдісі дұрыс өтуі үшін төл туу жолдарында дұрыс жатуы
керек.
Төлдің жолдарында жатқандығын мына төмендегі
терминдермен сипаттайды: - төлдің келуі.
Төл жамбас қуысына басымен, не болмаса артқы аяқтармен
кіріп жатса, дұрыс келгені деп есептеледі.
Желкесімен, бүйірімен, жамбасымен келгені дұрыс емес; -
төлдің позициясы.
Төл жамбас қуысына арқасын анасының арқасына сәйкес
жоғары қаратып жатса, жоғарғы позиция деп есептелінеді.
Төл аударылып шалқасынан немесе бір бүйірілеп жатса
позициясы дұрыс келмеді - төлдің бойлығы.
Төл жамбас қуысына өзінінің ұзына бойы осімен кірсе ұзына
бойымен дұрыс келгені.
Ал арқасымен, қарнымен немесе бүйірімен келсе, онда төл
тігінен не болмаса көлденең жағдаймен теріс келген деп
атаймыз; - төлдің дене мүшелерінің орналасуы.
Бұл төлдің басымен келгенде алдыңғы аяқтарының
созылып жатуы, артымен келгенде алдыңғы аяқтарының
созылып жатқаны дене мүшелерінің созылып өзара дұрыс
орналаспауы болып саналады. Мойын бұралып, басы
қайырылып, аяқтары бүгіліп қалса, оны теріс орналаспауы
деп атайды.
Алғашқы кезде тек қана жатырдың әлсін – әлсін
жатырдың жиырылғанын байқаймыз. Жиырылу мерзімі
секундқа да жетпейтін уақыт алады, содан соң жатыр
қайтадан босап 15 – 20 минуттық үзілістен кейін тағы да
жиырылады. Осылай әлсін – әлсін жатырдың жиырылуын
кіші толғақ немесе туу актісінің басталуы дейміз.
Жатырдың әрбір жиырылуы оның ішкі қуысының таралуына
әкеліп соғады, жатыр қабырғасы қалыңдап, оның жалпы
аумағы кішірейе түседі. Соның нәтижесінде жатыр қуысы
ішіндегі қысымның күшеюіне байланысты жатыр мойны
біртіндепашыла береді, қағанақ қабықтары шарана суымен
қынап ішіне, одан әрі сарпайдан сыртқа жылжып бұлтиіп
шыға бастайды. Жатыр жиырылуы біртіндеп күшейе түседі.
Жатыр мойны түгелдей ашылып, оның диаметрі қынап
диаметрімен бірдей болған кезде қағанақ қабықтары
жарылып, шарана сулары сыртқа ағып төгіледі де, туу
жолдары төлдің жылжып өтуіне дайын болады. Осымен туу
актісінің бірінші сатысы аяқталады.Туу үрдісі басталмай
тұрғанда төл жатыр ішінде шалқалап аяқтары бүктеліп
жататын. Жатырдың жиырылуы әерімен төл біртіндеп
жамбас қуысына дұрысталып басымен, не артқы аяқтарымен
жоғары позицияда ұзына бойын түзеп, аяқтарын созып келеді.
Шарана сулар ағып төгілгенде соның
екпінімен төл сырғып келіп жамбас қуысына
кептеледі. Бұл туу үрдісінің екінші
сатысының басталуы. Енді кіші толғаққа
ащы толғақ қосылады, яғни тек қана жатыр
жиырылып қоймай, оған қосылып
диафрагма, қарын мен көк еттері
жиырылып төлді жамбас қуысынан сығып
шығаруға тырысады. Жатыр бұрынғыдай
әлсіз ғана емес үлкен күшпен жиырылып
төлді қысады, жиырылу уақыты 3 – 4 сек.
ғана жетеді.
Жиырылу арасындағы үзіліс қысқа мерзімді болса да, сол уақыттың өзі
бұзаудың плацента арқылы тыныстап, тұншықпай тұруына мүмкіндік
береді. Сондай күшпен сығылған төл алдымен басы, содан кейін кеудесі
өткен соң жамбасымен кептеліп біраз тұрады. Мал осы кезде біраз күш
жинап, тынығып алады да соңғы рет күшеніп төлді жамбас қуысынан
түгелдей сығып шығарады. Осымен туу актісінің екінші сатысы
аяқталады.
Мал тынышталып, бұзауын жалап жатады немесе тұрып кетеді.
Бірнеше минуттық үзілістен кейін жатыр қайтадан жиырыла
бастайды. Бұл туу актісінің соңғы үшінші сатысының басталуы. Толғақ
өте әлсіз, солай болса да қағанақ қабықтарының бөлініп түсуі үшін
осының өзі де жеткілікті.
Қалыпты жағдайда сиырлардың шуы 6 – 8 сағатта, кейде 12 сағаттың
ішінде бөлініп түседі. Биенің шуы 0,5 сағаттың ішінде, қой мен ешкі,
шошқаның шуы 3 сағаттың ішінде бөлініп түсуі керек.
Пайдаланған әдебиеттер:
«Қазақ энциклопедиясы» Алматы: 2007 ж.
Ұрықтану терминдерінің орысша-қазақша
түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақстан, №9
2006ж
М.Н.Жоланов «Ветеринариялық акушерлік,
гинекология және көбею биотехникасы» Алматы:
2011ж.
Ш.Қ.Қалтаев « Ауыл шаруашылық малдарының
көбеюі» Алматы, 2006ж
Назарларыңызға рахмет!!!

Орындаған: Қилашев Е.Ж
Тексерген: Ығиева А.С.
Тобы:ВМ-305

Ұқсас жұмыстар
Акушерлік құрал-саймандар
Туу патологиясы
Туу және туғаннан кейінгі кезең
Саулықтың буаздығының физиологиясы
Жаңа туған төл аурулары
Жас төлдің патологиялық аурулары
ЖАТЫРҒА ӘСЕР ЕТЕТІН ПРЕПАРАТТАР
Тақырып - бүкіл мәтіннің жаны
Буаздық патологиясының таралуы
Акабане ауруы
Пәндер